«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

Э.ғ.к. Омарова А.И., магистрант Утеулиев С.А.

 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

 

Көлік жүйесі ТМД елдерімен интеграциялау процестерінің деңгейіне және бірыңғай технологиялық процестерді жүзеге асыру дәрежесіне байланысты тасымалдау торабының ведомстволық шаруашылықтарының қуаттарын арттыруды үйлестіруде ресурстарды пайдалануды басқаруды жетілдіру факторы анықтауыш рөлін атқарады. Қуаттардың мұндай тепе-теңдігі еңбектің жоғары өнімділігін, көлік құралдарын өңдеу өнімділігінің шұғыл өсуін және жүктерді жеткізуді тездетуді қамтамасыз етеді.

Ақтау портында флотты, темір жол қозғалмалы тіркемесін және автомобиль көлігін өңдеудің уақтылы істелуін және жоғары сапасын қамтамасыз ететін барлық қызмет көрсетуші шаруашылықтар дамыған болуы керек. Кешендік дамуға кіретін инвестициялық ағымдар теңіз тасымал жұмыстарының өсу көлемдерін ғана емес, сонымен қатар Ақтау портының пайдалы іс-әрекетінің сапасына тәуелді басқа ведомстволардың тасымалдау жұмыстары көлемдерінің өсу үлесін де ескерулері қажет. Жүк тасымалдау кешендерінің, порт флотының, бункерлік базалардың, кіріс жолдарының және жөндеу шаруашылығының техникалық дамуының тиімді деңгейі тек порттың ғана емес, сонымен бірге тасымалдау флотының да, темір жолдың да жұмыс істеуінің талаптарына жауап беру керек.

Ақтау көлік торабының даму тепе-теңдігі мен кешендігін аймақтық-өндірістік кешендердің жұмыс істеу талаптарын ескере отырып жоспарлау қажет. Тасымалдау торабының көршілес элементтерінің қуаттарын арттыруға мұндай жолмен баруды тиімді деп санау керек, бұл жерде көлік кешені бойынша жүкті қайта өңдеудің және оның еңбек сыйымдылығының өсуі айқын ескеріледі.

Қазір қазақстандық экспорттық шикізат келесі негізгі маршруттарды қолданумен тасымалданады: Новороссийск порты арқылы Каспий құбырмен жіберу консорциумы (КҚК (КТК)) жүйесі бойынша – дүние жүзілік нарыққа қазақстандық мұнайды тасымалдаудың негізгі пункті, сонымен қатар құбыр арқылы Өзен – Атырау – Самара, Кенқияқ – Орск, Құмкөл – Шымкент, Павлодар – Омск, және тағы аралас темір жол – су – құбыр арқылы жөнелту маршруттары Ақтау – Махачкала – Новороссийск, Ақтау – Баку – Батуми және Ақтау – Нека.

Ақтау портынан қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау танкерлер арқылы ғана емес, сонымен бірге темір жол паромдарын қолдану арқылы да жүзеге асырылады. Мұнайдың бұл көлемдері «Petro Kazakhstan Overseas Servіces Іnc» және «СNPC – Ақтөбе мұнайгаз» Жаупкершілігі шектелген серіктестік мұнай өндіруші компанияларымен жеткізілетін болады. Темір жол паром жолы арқылы тасылатын мұнай экспортының жоспарланған көлемі жылына 150 мың тоннаға дейін жетеді.

Бәсекеге қабілетті тарифті жасау жағдайында тасымалдау үшін технологиялық жағдайлар жасау және қысқа мерзімді келешекте жүк жөнелтушілермен негізгі келісімдерге жету Жауапкершілігі шектелген серіктестік «ТШО» жүктерін тартуды және «Уральская сталь» компаниясының транзит өнімдерін қарастырады.

Ақтау көлік торабының дамуы – тиімді көліктік-экономикалық байланыстарын қалыптастыру мен тасымалдау құралдарына тиімді өңдеу жүргізудің қажетті шарты. Бұл даму бағыты жүктерді жеке тасымал түрлерімен жеткізудің технологиялық процестерінің ерекшеліктерімен және тасымалдау кәсіпорындарының клиенттерімен өзара қатынастарының қажеттіліктерімен қамтамасыз етілген.

Ақтау көлік торабы – көп функционалды, өндірістік қор құрылымы бойынша күрделі тасымалдау кәсіпорындарының кешені. Ол мұнайгаз және басқа өндірістік кешендерді шоғырландыру аймағында әр түрлі тасымал түрлерінің өзара қатынасының түйісуінде қалыптасады. Көлік торабының жұмыс істеу сипаты Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк ағымдарын көрсететін жұмыс көлемдерінің арақатысымен, сонымен қатар басқа мемлекеттер арасындағы экспорт-импорт тауар айналымымен анықталады.

Бағыттар бойынша жүк ағымдарының бір қалыпты еместігі теңіз тасымалына қатысты бірқатар сыртқы факторлармен қамтамасыз етілетіндіктен, ведомоствоаралық қатынастарды реттеудің шаруашылық механизмі тасымалдау торабында түйісетін тасымал түрлерінің өзара әрекетін айқын анықтауы керек. Тек осындай жағдайда ғана экономикалық шығындар мен әсерлер қолданылатын қорларға пропорциалы бөлінетін болады.

Көлік торабына кіретін аралас көлік түрлері кәсіпорындарының дамуының жеткіліксіз байланстылығы мен кешенділігінің бірқатар себептері мен шарттары бар. Факторларды үш топқа бөлуге болады: тарихи, экономикалық және ұйымдастырушылық.

Қазіргі жағдайларда экономикалық субъектілердің бәсекеге қабілеттігінің жоғары дәрежесін қамтамасыз ету Қазақстанның көлік жүйесінде Ақтау портын дамыту бойынша мақсатқа бағытталған шараларды жүргізбейінше мүмкін емес.

Ақтау теңіз сауда порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан және әр түрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнайды және мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдау үшін арналған Қазақстан Республикасының бірден-бір теңіз порты болып саналады.

Ақтау теңіз порты – ішкі порт, тасымалдаудың басым бөлігі мұнайды тасымалдау. Осылай, 1980 жылдардың басында мұнай тасымалдау көлемі жылына 7 млн. тонна шамасын құраған. Құрғақ жүктер тасымалы жылына 300 мың тоннадан аспады және негізінен жергілікті маңызы бар жүктерден құралды (тұз, қабыршақтар, көмір).

Ақтау портының бағытында тасылатын жүк базасымен қамтамасыз етілетін нарықтың негізгі субъектілері нарықтар ерекшеліктері салдарынан ірі компаниялар мен жүк құраушы кешендер (кәсіпорындар, комбинаттар) болып табылады. Осыған байланысты берілген мекемелердің іс-әрекеттерін тұрақты кешенді талдауды және жүк ағымдарының тұрақты мониторингін экспорттық-импорттық-бағытталушылық ретінде, транзиттік ретінде жүргізуді талап етеді.

Өндірілген тауарларды нарыққа жылжытудың төтеп берген кестесі жүк құраушы компаниялар мен кәсіпорындардың бұл мақсатта мамандандырылған трейдингтік және экспедиторлық ұйымдарды қолданғаны туралы куә болады. Сондықтан қолдағы бар жүк ағымын тұрақтандыру мақсатында және одан әрі ұлғайту мақсатында «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын ірі трейдингтік компаниялармен, атап айтқанда, ресейлік компаниялармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөледі, олар транзиттік жүкті қоса отырып, порттың негізгі жүк базасын қамтамасыз етеді.

Экономикалық факторлар мен өзара қарым-қатынас ерекшелігі Ақтау теңіз сауда портының келесі позицияларын анықтайды:

а) трейдингтік компанияларға қатысты, осы мекемелердің барлық кезеңдерде жүкті тиісті, уақтылы және сапалы тасымалдаудағы қызығушылығын ескере отырып, порт жүктердің тоқтаусыз және сапалы өңдеуін қамтамасыз ететін тұрақты кәсіпорын позициясына ие болады;

ә) экспедиторларға байланысты порт сату-сатып алу келісімі бойынша жеткізіп тұрушылық шарттарын қайта бағыттау бойынша шараларды жүзеге асыру жолымен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы және тасымалдау шарттарындағы экспедициялау арқылы тасымалдау маршрутының тартымдылығын көтеру шеңберінде өзара тиімді серіктестікті қамтамасыз етеді;

б) бәсекелес-порттарға байланысты, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны нарығының қалыптасқан конъюктурасына байланысты нарықтық үлесті ұстап қалу позициясы қолданылады, икемді тарифтік саясат есебінен немесе басқа маршруттардан қайта бағыттауға бет бұрған жүк ағымдарының агрессивтік позициясы есебінен оны біртіндеп ұлғайтып отыру керек;

в) көлік саласын бағыттап отыратын мемлекеттік реттеу ұйымдарына байланысты порт Каспийде стратегиялық мемлекеттік саясат жүргізуге, аралас тасымалдағы тасымалдау айналымының үлесін ұлғайтуға себепші болады.

Қазіргі уақытта ғылыми болжамдау Ақтау теңіз портының ғылыми-техникалық және экономикалық саясатын жасап шығарудың қажетті құралы болып табылады, басқарудың әр түрлі деңгейлерінде шешім қабылдау үшін мәліметтер дайындаудың маңызды құралы сияқты болады.

Ақтау теңіз портында жүктерді тасымалдауды дамытуды болжамдауда қажет:

-  тұтас көлік жүйесінің және оның барлық құрама бөліктерінің дамуының болжамдары мен гипотезасын жасап шығару;

-  тарифтік жүйені түп-түбірімен қайта қарау және тасымалдау тарифтерін бір ізге салу;

-  көліктің әрбір түрін тәуелсіз немесе көліктің басқа түрлерімен үйлестікте ең тиімді қолдану үшін техникалық және экономикалық көрсеткіштерді белгілеу;

-  жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды тасымалдаусыз және кідіріссіз дамыту мен қамтамасыз етудің техникалық және экономикалық алдын-ала жағдайларын жасау және жолдарын табу.

Экономикалық көрсеткiштер нәтижелерi мен оған әсер етушi факторлар арасындағы өзара байланыстарға талдау жасау ерекше мәнге ие. Өндiрiс үрдісiне қарай нәтиже шамасының өзгеру заңдылықтарын бiлу – стратегиялық жоспарлы басқарудың қажеттi шарты болып есептелiнедi.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ:

 

1.                        Транспортная стратегия Казахстана до 2020 года (проект). - Астана, 2004.-С-13-17.

2.                        Схема мероприятий по реконструкции порта Актау в связи с повыше­нием уровня Каспийского моря. - Баку: Каспморниипроект, 1992. - 156 с.

3.                        План расширения морского порта Актау в северном направлении, РГП «АММТП», 2006.-350 с.

4.                        ТЭО РГП АММТП «Расширение порта Актау в северном направле­нии», ТОО «Казгидро». - Алматы, 2007. - 450 с.