АҚТАУ АРНАЙЫ ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫЛЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ

 

Аға оқытушы Аншаева Д.И., магистрант Утеулиев С.А.

 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

 

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның негізгі стратегиялық мақсаты – жоғары іскерлік атаққа жету және Каспий өңіріндегі теңіз тасымалы нарығында озық позицияларды жоғары сапа, қауіпсіздік және көрсетілетін қызметтер өрісін кеңейту, біздің клиенттердің бар және күтілетін қажеттіліктерін қамтамасыз ету есебінен жеңіп алу болып табылады.

Ақтау портының 2007-2010 жылдары негізгі мақсаттары мыналар:

- ҚР су тасымал жүйесін дүние жүзілік тасымал жүйесіне интегралдауды қамтамасыз ету;

- ұйымның өсуі мен табыстылығын қамтамасыз ететін жоғары бәсеке қабілетті бизнес іс-әрекеттердегі барынша тиімді өндірістік кешенді құру;

-  экономикалық, технологиялық және ұйымдық ерекшеліктерін ескерумен жүктерді тасымалдау үшін Ақтау портын тартымды топ етіп қайта құру;

- Қазақстан үшін оның бірден-бір географиялық орналасуына қарай Ақтау портының стратегиялық рөлін күшейту;

- балама тасымалдау маршруттарын дамыту;

- Қазақстанның халықаралық саудасын қамтамасыз етуде Ақтау портын іс-әрекетін ұлғайту, барлық Еуразия өңіріндегі Қазақстанның экономикалық байланыстарына оң әсер ету.

Кез-келген жүктерді тасымалдау бойынша тұтынушыларға қызмет етулердің кең тізімін ұсынатын бәсекеге қабілетті ұйым ретіндегі «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

- жүк тасымалдау нарығын ұлғайту – жүк тасымалдауды күшейту және одан әрі ұлғайту Қазақстанның азиялық және еуропалық бағыттардағы нарықтық таралуын ұлғайтуға бағытталған;

- тарифтік саясатты қалыптастыру Ақтау портының бағыты бойынша жүк ағымдарын барынша ұлғайту мақсатында темір жол тасымалының тарифтік саясатымен өзара үйлесу мен кешендік мәселелерді шешуге бағытталған;

- өндірістік қор нарықтары мен Ақтау портының өзара әрекеттестігін ұлғайту, экспортерлармен және импортерлармен өз өнімдерін ең тәуір жабдықтаушыларда таңдау;

- инвестициялауға және күнделікті қаржылық міндеттерді шешу үшін бағытталған қосымша қаржылық қорларды жұмылдыру ережелерін жасап шығарумен қорытындыланатын Ақтау портының экономикалық саясатын қалыптастыру;

- өндірістік жүйенің, порт қызметтерін потенциалды тұтынушыға пайда болған мәселелерді шешуде осы жүйені қамтамасыз етуші өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның барлық элементтерін мақсатты бағыттаумен порттың маркетингтік стратегиясын қалыптастыру;

- ТМД-ғы және басқа да алыс шетел елдеріндегі (экспорт-импорт, транзит) жүк айналымдарындағы жағдайлардың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету үшін мәліметтер базасының негізіндегі жеке мәліметтік жүйенің бар болуында Каспий бассейнінде нағыз қазіргі замандық порт инфрақұрылымын құру;

- өндірістік шығындарды үйлестіруге және Еуропалық Қайта құру және даму банкі несиесі бойынша пайыздарды уақтылы төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін баламалы маршруттардағы транзиттік жүк айналымдарын тарту есебінен жүк айналымын ұлғайтуды өндірістік қуаттармен қатар ұлғайту.

Стратегиялық жоспарда Ақтау порты қамтамасыз ету керек:

- қазақстандық мұнай мен құрғақ жүктерді экспорттау бойынша негізгі теңіз бағытының статусын;

- халықаралық тасымалдау дәлізіне қазақстандық тасымал жүйесін интегралдауды;

- қызмет етулердің жаңа түрлерін ұйымдастыру үшін, атап айтсақ жүктерді уақытша сақтау қоймаларында сақтауды ұйымдастыру үшін қайта құру барысында құрылған порт инфрақұрылымын пайдалану, контейнерлік және астықтық терминалдарды пайдалану;

- қазіргі заманғы жоғары өнімді құрал-жабдықтарды пайдалану негізінде кемелер мен жүктерді өңдеудің халықаралық нормасына жету.

Қоршаған ортаны қорғау, еңбектің техникалық қауіпсіздігін қадағалау бойынша шаралар.

2010-2013 жылдарға ұйымның даму жоспары мен қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды бұдан былай орындаулар қарастырылды:

1) Табиғат қорғау құрал-жабдықтары үшін жуғыштар құрылысы – 10,0 млн. теңге;

2) Сұйық құрамында мұнай бар қалдықтар үшін кішкентай тазалау құрылыстарын салу – 5,0 млн. теңге;

3) Тез тұтанатын материалдар қоймасын салу – 7,0 млн. теңге;

4) Құбыр желілерін, ілмек арматураларды және өрт сөндіру құралдарын жөндеу – 10,0 млн. теңге.

5) Мұнай айлақтарына дамбаны бекітудегі жағалау жұмыстары – 4, 5, 9, 10 – 8,0 млн. теңге;

6) Баутино және Түпқараған шығанақтарының кеме қатынасы жолдарын зерттеу – 13,3 млн. теңге;

7) Экологиялық паспортты зерттеу – 10,0 млн. теңге;

8) Мұнай қалдықтарын жинағышты сатып алу – 118,8 млн. теңге;

9) Басқа экологиялық құрал-жабдықтар – 54,3 млн. теңге.

Қоршаған ортаны қорғауға және техника қауіпсіздігін сақтауға бұл шығындар әрекеттегі заңға сәйкес талаптар мен нормаларға сәйкес жоспарланған.

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2007-2012 жылдарға инвестициялық саясатының басымдылықтары мыналар болып табылады:

- өндірісті ұлғайту және модернизациялау;

- «Солтүстік бағытта портты ұлғайту» жобасын жүзеге асыру;

Инвестициялық бағдарлама келесі жобаларды кіргізеді:

1) ғимараттар мен құрылымдарды салу және қайта құру;

2) құрал-жабдықты модернизациялау және өндірісті ұлғайту;

3) порт территориясын солтүстік бағытта ұлғайту.

2010-2013 жылдарға инвестициялық бағдарламаның көлемі мен нәтижелері келесі бейнеде көрінеді.

2010 жылға «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны жеке меншік капиталына 1451,5 млн. теңге сомасындағы инвестиция жоспарланды, соның ішінде Ақтау порты бойынша – 1404,0 млн. теңге, Баутино бойынша – 47,5 млн. теңге.

Ғимараттар мен порттық құрылымдар салуға және қайта құруға 475,3 млн. теңге, жобалық-зерттеу жұмыстарын жүргізуге 72,5 млн. теңге, негізгі қорлар мен материалдық емес активтерді сатып алуға және негізгі құралдарды модернизациялауға 903,7 млн. теңге бағытталатын болады.

Қазіргі уақытта жұмыс істей бастаған порттың өндірістік қуаты жобадағыға жетті. Осыған байланысты инфрақұрылымды жетілдірумен қатар осы территория шеңберінде портты солтүстік бағытта ұлғайту мен одан әрі дамытудың мақсатқа сәйкестігі туындайды.

Осыған байланысты 2009 жылы «Портты солтүстік бағытта ұлғайту» жобасын жүзеге асыру үшін жалпы сома 7907,7 млн. теңгедегі жаңа займды тарту туралы мәселе талқыланған, оны жүзеге асыру мерзімі 2009-2012 жылдарға белгіленген. Бұл кезде 2009 жылы 1581,5 млн. теңгені, 2010 жылы 3163,1 млн. теңгені, сонымен қатар 2009-2012 жылдары – 3163,1 млн. теңгені меңгеру жоспарланған.

Үлкейтілген көрсеткіштер бойынша жобаның болжалды құны 20677,0 млн. теңгені құрайды. Бұл баға гидротехникалық және басқа порттық құрылымдар мен орналастыруларға кететін шығындарды ескереді және технологиялық бөлім мен (тасымалдау құрал-жабдықтары, трубопроводтар) мұнай базасын салуға кеткен шығындарды кіргізбейді.

Қазіргі уақытта «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағында 348 млн. АҚШ доллары сомасына үш зауыт салынып, 1163 жұмыс орны құрылған, сондай-ақ 9 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Жоғарыда баяндалған бағдарлама бойынша еркін экономикалық аймақ пен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны дамыту жоспарының нәтижесінде кәсіпорын жоғары іскерлік атаққа жетеді және Каспий өңіріндегі теңіз тасымалдау нарығында озық позицияны жеңіп алады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ:

 

1.     Транспорт Казахстана. Агентство РК по статистике. -Алматы. 2007.-С.42-70.

2.                                                 Экономика морского транспорта: учеб. пособие для вузов морского транспорта / Черкесов-Цыбизов А.А., Чекаловец В.И., Примачев Н.Т. и др. -М.: Транспорт, 2002. - 430 с.

3.                                                 План расширения морского порта Актау в северном направлении, РГП «АММТП», 2006.-350 с.

4.                                                 ТЭО РГП АММТП «Расширение порта Актау в северном направле­нии», ТОО «Казгидро». - Алматы, 2007. - 450 с.