э.ғ.к. Балабекова Д.Б., магистрант Ташбенбетов Т. М.

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан

 

ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

 

Зейнетақымен қамсыздандырудың қазақстандық моделі ашық және түсінікті болуы үшін, оны басқа елдердегі жүйелермен салыстыру қажет, себебі әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі бірегей болып табылады.

Зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы – бұл ел халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мемлекет өзінеде қалыптасқан экономикалық, саяси, моральдық, діни сенімдік және тағы басқа да, қоғамының даму ерекшеліктеріне байланысты өз азаматтарын әлеуметтік қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды. Мұндай тәсілдер мен әдістер әртүрлі себептерге байланысты әр мемлекетте өзгеше, бірақ жалпы бір мақсатты көздейді - өз азаматтарын барынша әлеуметтік қорғау мен өмір сүру деңгейінің лайықты болуын қамтамасыз ету.

Дамыған мемлекеттердің көбінде әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі үш қайнар көзі бар:

1.     Мемлекеттік зейнетақы жүйесі (әлеуметтік сақтандыру шеңберінде);

2.     Зейнетақы қорлары;

3.     Сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары.

Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі елдің барлық халқына немесе тек мемлекеттік жұмыскерлерге, қарулы күштерге, ал кейде теміржол қызметкерлеріне қызмет көрсетеді. Көптеген елдерде жасына, жұмыс қабілетін жоғалтуына байланысты халықтың басым бөлігін зейнетақымен қамсыздандыру компаниялардың, фирмалардың, кәсіпорындардың, халықаралық ұйымдардың зейнетақы қорларына жүктелген. Мұндай қорларды «жекеменшік» немесе «өндірістік» деп атайды. Сақтандыру компаниялары өз қызметтерінің бір түрі ретінде жеке және топтық зейнетақыны сақтандырумен айналысады.

Бір елдегі жекеменшік зейнетақы қорлары мен зейнетақыны сақтандырудың даму деңгейі, мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің халық мұқтаждығына қаншалықты жауап беретіндігімен тікелей байланысты. Жекеменшік зейнетақы қорлары негізінен АҚШ-та кең тараған, керісіншне, мемлекеттік жүйе жақсы дамыған елдерде аз кездеседі, мысалы, Скандинавия мен Австрияда.

Дамыған елдердегі зейнетақы төлеміне бөлінетін қаржының мөлшері орта есеппен алғанда жалпы ішкі өнімнің үлесі 10 пайызын құрайды. Өндірістік дамыған елдерде жеке түрде қаржыландырылатын зейнетақымен қамтамасыздандырудың бағдарламаларын мемлекеттік бағдарламалар толықтырады, олар көбінесе алдын-ала төленетін жарналардың жүйесіне негізделеді.

Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген реформалар Латвияда, Польшада, Венгрияда, Ресейде (ерікті түрі), Испанияда және Латын Америкасының 16 мемлекетінде жүріп жатыр. Ең алғашқылардың бірі және мінездемелі болғандықтан Латын Америкасының тәжірибесіне кеңінен тоқталайық.

Латын Америка елдеріндегі зейнетақы қорларының жалпы капиталы 134 млрд. АҚШ долларын құрайды. Негізгі үлесі Бразилия мен Чилиге келеді:

ـ          Бразилия – 60,29;

ـ          Чили – 23,26%;

ـ          Аргентина – 8,61%;

ـ          Мексика – 4,33%;

ـ          Колумбия – 1,58%;

ـ          Перу – 1,3%;

ـ          Уругвай – 0,28%;

ـ          Боливия – 0,25%;

ـ          Коста-Рика – 0,05%;

ـ          Сальвадор – 0,04%.

Зейнетақы реформасы барлық елдерде бір уақытта басталған жоқ. Бұл елдер бірінің тәжірибесін бірі ескере отырып, жаңа жүйеге күдікпен қарады. Алғашқы болып, 1981 жылы Чили бастаса, қалған елдер 90-шы жылдары жаппай зейнетақы жүйесін реформалауға бет бұрды. Сондықтан да, олар ерекше сипаттамаларға ие, мемлекеттің қатысуы да әртүрлі және көрсеткіштері де өзгеше.

 

Кесте 1 - Латын Америкасы елдеріндегі зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Чили

Перу

Колумбия

Аргентина

Боливия

Мексика

Сальвадор

1

2

3

4

5

6

7

8

Зейнетақы қорларының саны

9

5

8

15

2

14

5

Салымшылардың саны(млн. адам)

5,97

1,98

2,91

7,2009

0,47

13,83

0,57

Қорлардың жалпы капиталы, млрд.USD

31,14

1,74

2,11

11,53

0,33

5,80

0,57

Қорлар рентабельділігі (%) / ЖҰӨ (%)

11,3

40

5,14

5,52

- 1,61

12,30

3,5

-

0,01

5,62

1,53

-

-

Қызмет ету мерзімі (жыл)

22

10

9

9

6

6

5

*Алибаев А. «Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі», Алматы, 2011 ж

 

Зейнетақы қорларының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің  бірі елдің барлық қорларының зейнетақы активтерінің соммасының жалпы ұлттық өнімге қатынасы болып табылады. Келесі кестеде бұл көрсеткіштің өзгеру динамикасы мен 2015 жылға дейінгі перспективасы берілген.

Қорыта айтқанда, Латын Америкасындағы зейнетақы реформасы нәтижесінде, сол елдерде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың және жұмыс орындарының жаңа қайнар көздері пайда болды. Олар капитал нарығының дамуына, халық жинақтарының көбеюіне, жұмыссыздықтың азаюына және жалпы экономиканың нақты секторының өсуіне игі әсер етті. Бұл салымшылардың қартайғанда бүткіл еңбек өміріне сәйкес әділетті зейнетақы алуына мүмкндік жасайды.

Европа елдерінің зейнетақы жүйесі. Зейнетақының абсолюттік   шамасы евромен көрсетілген, 1 евро»$0.6

Австрия.ЖЗҚ түрі - міндетті   зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақыға  құқығы барлар - барлық жұмысшылар, кәсіпкерлер. Сонымен қатар мемлекет   жүйесінде ерікті түрде зейнетақымен сақтандыру бар. Каржы көздері:

-жұмысшылардан - 10.25% салыққа дейін

-жұмыс берушіден - 12.55% салыққа дейін

Зейнетке шығу жасы – 65, минималды зейнетақы (айына)-жалғыз бастыларға 1100 ЕВРО, жанұясы барларға 1565 ЕВРО, қосымша әрбір балаға  120 ЕВРО. Зейнетақыға салық салынады.

Бельгия. ЖЗҚ түрі - міндетті зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақыға құқығы барлар - барлық жұмысшылар. Каржы көздері:

-жұмысшылардан - 7.7% салыққа дейін

-жұмыс берушілерден - 8.86% салыққа дейін

-мемлекеттен - 20% зейнетақы сақтандыру қоры

Зейнетке шығу жасы – 60 – 65. Минималды зейнетақы (айына) – жалғыз бастыларға 1510 ЕВРО, жанұясы барларға 1640 ЕВРО. Зейнетке ерте шығу карастырылмаған. Зейнетақыға салық салынды.

Германия. ЖЗҚ түрі - міндетті зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақыға құқығы барлар - барлық жұмысшылар. Каржы көздері:

-жұмысшылардан - 9.6% салыққа дейін

-жұмыс берушілерден - 9.6% салыққа дейін

-зейнетақының 20 пайызын мемлекет жабады

Зейнетке шығу - 65 жаста. Минималды зейнетақы – бекітілмеген. Зейнетке ерте шығу 63 - 60 жаста, ол үшін соңғы жылда жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыс стажы 15 жылдан кем болмауы керек. Зейнетақыға салық салынады.

Греция. ЖЗҚ түрі - міндетті зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақыға құқығы барлар - барлық жұмысшылар. Қаржы көздері:

- жұмысшы 6,67% салыққа дейін

- жұмыскер үшін 13,13% салыққа дейін

Зейнетке шығу әйелдерге - 60 жас, ерлерге - 65 жас. Зейнетақы қорының дефицитін мемлекет жабады. Минималды зейнетақы (айына) - 55 ЕВРО. Зейнетке ерте шығу - еңбек стажы мен жұмыс түрлеріне байланысты әйелдерге - 53 жас, ерлерге -56 жас. Зейнетақыға салық салынады.

Дания. ЖЗҚ түрі - мемлекеттік зейнетақы + қосымша зейнетақы. Зейнетақыға құқығы барлар -  мемлекеттегі барлық тұрғындар, ал қосымша зейнетақыға барлық жұмысшылар. Каржы көздері:

Мемлекеттік зейнетақы бюджеттен, ал қосымша зейнетақы жұмысшы төлемдерінен қаржыландырылады.

- жұмысшы 17 ЕВРО айына

- жұмыс беруші 34 ЕВРО айына

Зейнетке шығу - 67 жаста. Минималды зейнетақы (айына) - мемлекеттік 950 ЕВРО, қосымша 290 ЕВРО. Қосымша зейнетақыға салық салынады.

Тұтынушы өз салымының құнсызданбауына көзі жететіндей (құнсыздану қаупі төмен) және аздаған құнсыздану сйяқты ерекшеліктерін есепке алын, дамыған елдердің жекеменшік зейнетақылық бағдарламаларын жалпылай жене бүтіндей сипаттайтын төрт негізгі белгілерін керсетуге болады:

1. Халықтың   жекеменшік   зейнетақы   бағдарламаларына өз бетімен қатысуы (жеке адам мемлекеттік зейнетақы бағдарламасының шегінде қалып, жекеменшік бағдарламаларға кірмеуге де мүмкіндігі бар).

2. Жекеменшік зейнетақы бағдарламалары мемлекеттік зейнетақының тек бір бөлігін ғана игеріп, көмекші рөлді атқарады.

3. Жекеменшік зейнетақы бағдарламасы екі фактормен ғана шектеледі: тұтынушының жеке тандауының шегі болады (жарнаның белгілі бір пайызынан артық емес); зейнетақы компанияларының қызметін тұтынушылардың сенімін қорғау мақсатымен мемлекет қадағалайды.

4. Барлық жекеменшік зейнетақы бағдарламалары маңызды салық жеңілдіктері арқылы жәрдем береді. Құнсыздану қаупі болған жағдайда мемлекет тұтынушылардың жекеменшік зейнетақы қорындағы жинақтарымен сәйкесетін индексті мемлекеттік облигациялар шығарады.

Европалық экономикалық одақтың кейбір елдеріндегі 65 жастан үлкендердің 15 жастан 64 жасқа дейінгі халықтағы үлесі мен мемлекеттің зейнетақымен қамсыздандыруға жұмсайтын шығынының ЖІӨ-дегі үлесі

Шығыс Европа елдерінің зейнетақы жүйесі. Енді Қазақстан сияқты экономиканы қайта жаңартуға, социализмнен қалған жүйеге әлеуметтік жағдай жасауға межбүр Шығыс Европа елдерінің зейнетақы жүйесіне тоқталайық.

Шығыс Еуропа елдерінің ішінде Польша, Венгрия, Чехия, Словакия елдерінің зейнетақы жүйелері ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл елдердің зейнетақы реформасының басты ерекшелігі - мемлекеттік модельді игеру. Бұл елдердің халқы қартаю тенденциясына үшыраған, сонымен бірге «әлеуметтік бағыну пропорциясы» деп аталатын өсім бар: еңбекке жарамсыз халықтың (зейнеткерлер, мүгедектер, балалар) еңбекке жарамдыларға қатынасы. Шығыс Еуропа елдерінің зейнетақы жүйесі қартайғанда міндетті түрде төленетін елеулі құн, орташа зейнетақының орташа еңбекақыларға байланысты жоғары пайызы мен зейнеткерлікке уақтылы шықпау қиындығын көрсетеді. Бұл жүйелердің айырмашылығы - қай мемлекет бұл мәселелерді қалай шешетіндігінде.

Бұл елдердің үкіметі «мемлекеттік зейнетақы» жүйесі күндердің күнінде жаңа демографиялық және экономикалық құрылымға сәйкес қызмет істеуін тоқтатады, сондықтан жинақ қорларына негізделген «жинақтаушы зейнетақы» моделі өмірге ауадай қажет деп отыр. Алайда, тек Венгрия мен Чехия ғана осы бағытта елеулі күш көрсетті.

Венгрия 2011 жылы зейнетақы реформасы үшін заң шығару саласын құрды. Қазіргі кезде бұл елде еңбекке жарамды халықтың 5 пайызын иемденген және өз активтерімен ЖІӨ-нің бірнеше пайызын жинаған 18-ге жуық қор жұмыс істейді. Қорлардың әлі дұрыс дамымағандығы өздерінің қол жетерлік пайдасынан тыс инвестициялық табыс бағдарламасын тиімді пайдаланбайды. Салымшылардың саны да көп емес.

Чехия Шығыс Еуропа елдерінің ішінде алғашқы болып зейнетақы жүйесінің реформасын қолға алған. Чехтық реформаның ерекшеліктеріне тоқталайық. Чехия мемлекеті алғашқы кезеңде зейнеткерлікке шығару талаптарын қатаң түрде жүргізді, тіпті ескі жүйеде бәрінен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер үлесіне жәрдемақы қосты. Зейнеткерлікке шығу жасы біртіндеп көтерілуде және 2012 жылға дейін ер адамдар 60 жаста, ал әйел адамдар 57-61 жас аралығында зейнеткерлікке шығатын болады. Нәтижесінде зейнеткерлер саны мейлінше жәй өсуде (жыл бойы 3 пайыз жуық). Осылайша, ЖІӨ-де зейнетақы үлесі айтарлықтай өзгеріссіз қалады.

Чехтық жүйенің кемшіліктері де аз емес. Мемлекет ақпарат алу мүмкіндігін шектейтіндіктен, бұл жекеменшік қорлар қызметі жайлы ақпарат алу үшін проблема. Мысалы, жеке зейнетақы қорларының пайдасын салыстыру мүмкін емес, өйткені, олар салым және пайда мөлшері жайлы ешқандай мәлімет бермейді. Зейнетақы қорларының қызметін реттейтін заң шығару саласының өзі әлсіз жұмыс істейді. Кейбір қорлар кейін зейнетақы төлеу үшін емес, қорларға берілетін басым, мүмкіншілік алу үшін және мемлекет жәрдемі арқылы инвестицияларды пайдасымен және кепілдемемен қайтарып алуды көздеп отыр. Арнайы салық салымдары мұндай қорларды акция мен облигация девидендтерінен түсетін табысты салықтан босатады. Қорды мемлекеттік тұрғыдан реттеу салымның  пайдасы мен сақталуына негізделмеген.

Зейнетақымен қамсыздандырудың Чехтық жүйесі шығыс Еуропа елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып, реформаны қолға алса да, болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін осы күнге дейін толығымен шеше алған жоқ. Оның үстіне зейнеткерлер қатары жылдан-жылға көбеюде. Мемлекеттік жүйеге көмекші ретінде құрылған жекеменшік зейнетақы қорлары зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде маңызды рөл атқармайтын болды.

Зейнетақы жүйесінің болашақта реформалануына кедергілер -жекеменшік зейнетақылық сақтандыруға халықтың сенім артпауы. Мүның екі факторы бар: қарапайым халықтың ұзақ мерзімді қаржы институттарына сенбеуі және мемлекет пен оның зейнетақысына халықтың үміт артуы. Чехиядағы зейнетақы жүйесінің екеуі де: мемлекеттік зейнетақы төлемі мен жекеменшік зейнетақы қорлары экономикадағы зейнетақы төлемдерін қаржыландыра алмайды. Бұл жүйенің ең басты тиімсіз кемшілігі - жекеменшік зейнетақы қорларының еркін жүйесін жасай тұра, мемлекет өзінің зейнетақы төлемлерінің жүйесін мүлдем өзгертпеуінде. Қазіргі чехтық зейнетақы жүйесінде елеулі өзгеріс болмаса, 2020 жылы ЖІӨ-нің 40% көлемінде зейнетақылық қарызға батады деген болжамдар бар.

Азия  елдеріндегі зейнетақы жүйесі. Азия елдерінде зейнетақы жүйесі мүлдем басқаша. Гонконгте кімнің пайдасы бекітілген күнелту минимумынан төмен болса, соған бюджеттен жәрдем ақша төленеді. 1988 ж кәсіпкерлер үшін   «жинақтаушы зейнетақы»  жүйесінің бір түрі бойынша персональды жүйе енгізілген, бірақ бұл жүйе бойынша төлем әлі жүргізілмеген. Мемлекет күнелту минимумынан жоғары қарт адамдарға әлеуметтік көмек береді.

Сингапурда бір ғана қор бар, ол - Орталық сақтау (резервный) қоры, мұнда жұмысшылар мен жеке кәсіпкерлер өзінің еңбекақы қорынан 25,5%, ал жұмыс беруші 17,5% қаржысын бөледі, кейін осы қор жұмысшы зейнеткерлікке шыққаннан кейін  өзінің еңбек жолында  төлеген  жарналарының  мөлшеріне сай ай сайын белгілі бір мөлшерде зейнетақысын төлейді. Қор мемлекет бақылауында болады, бірақ оның әлемдегі, қор нарықтарының операцияларына   қатысуға өзіндік құқығы бар. Зейнетақы төлемінен басқа қор әртүрлі себептермен алынған ауруларға байланысты жәрдемақы төлейді. Сингапурлық жүйе "жинақтаушы зейнетақы" жүйесіне ұқсас, дегенмен мұнда тек бір ғана орталық қор бар.

Осылайша, Азия елдеріндегі зейнетақы жүйесінің ерекшелігі сол, мемлекет уақтылы зейнетақы төлемін бекітпей-ақ, тек қартайғандарға аз ғана мөлшерде жәрдемақы төлеуге кепілдік береді, сондықтан да Азия елдеріндегі қарт адамдардың кедейленуі - шешімі жоқ меселелердің бірі болып отыр.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.     Карибджанова А.С. «Социальная защита населения», А.: Экономика, 2010 ж.

2.      Латыпова Е., Алибаев А. Ассоциация  пенсионных  фондов «Процесс перехода вкладчиков из ГНПФ в ННПФ вселяет оптимизм» // Панорама – 05.03.2009 ж.

3.      Тулеген А. «Диалектика пенсионной истории» // Assandi-Times (Алматы), №8(19), 28 ақпан 2010 ж.

4.      Четыркин Е. М. «Пенсионные  фонды:  зарубежный  опыт  для  отечественных  предприятий,  актуарные  расчеты», Мәскеу, 2009 ж.