ӘОЖ 356.78

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

 

                                        Оспанова Ж.С., Жанабай А.

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қ.

 

Елде тұрақты экономиканы қалыптастыру бұл ертеңгі ұрпаққа алаңсыз болашақ қамтамасыз ету деген сөз. Адамзат жаратылғаннан кейін жер бетінде өмір сүріп, тірі қалу үшін барша еңбектенеді. Қажырлы еңбек арқасында санасы өсіп, рухани байлығы артып, білімі толасты. Табиғаттың әр сайын пайдаланып, күнкөріс етті. Ертеде ол тек табиғаттың бір мүшесі болды, себебі ол табиғатқа зиянын тигізген жоқ, тек тіршілік ету үшін оны қорек етті, оған пана болды. Уақты өтіп, адамзат жаңа өркениетке өткен соң адам күшті, мықты, бәрінен асып түсетін ғажайыпқа, ғаламатқа ие болды. Ол – білім. Жоғары жетік ақыл-ой және білім мен қажырлы еңбектің арқасында адамзат табиғаттың қожайыны, билеушісі болды. Адам биік қала-шаһарлар салды, көлік, ұшақ, ракета, кемелер жасап шығарды, өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын құралдарды жасады. Бұл байлықты жасауға керек – жарақтың бәрі табиғаттан алды, алайда уақыт өтіп, бір күні бұл жер қойнауындағы байлық таусылып, сарқылып, жер үстіндегі кәусар ауа мен мөлдір судың ластану қаупі бар. Сондықтан, индустриалды елдер үшін шикізаттық өндірістен жаңа сервистік – технологиялық өндіріске көшу аса маңызды.

Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Елбасы айтқандай табиғи ресурстарға құнтты қарым-қатынасты орнату керек. Өндіріс сферасындағы кәсіпорындарға қалдықты шығару бойынша қатаң шаралар қою. Қоршаған ортаны ластау бойынша әр ай сайын үкіметтік органдарға есеп беруді талап ету, ай сайын олардың берген есебін тексеру арқылы тәуелсіз сараптама жүргізу. Қоршаған ортаны ластау бойынша бекітілген айыппұлдардың бағасын тазарту фильтрлардың бағасынан жоғары етіп қою. Елімізде жұмыс жасайтын шетел инвесторларымен келісімшартта тұрған кезде қоршаған оратын ластау бойынша жағдайларға аса көңіл бөлу. Әр облыстарда орналасқан кәсіпорындар шаруасын (нақты, қоршаған ортаны ластау бойынша) тексеретін мемлекеттік органдарға неғұрлым кең құзыреттілік беру.

Халықаралық тұрақты даму критерийлеріне өмір сүру ұзақтығы, өмір сапасы сияқты көрсеткіштер аса маңызды роль атқарады. Сондықтан, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін халық денсаулығына аса үлкен көңіл бөлу қажет.

Жамбыл облысының территориясы трансшекаралық өзендердің орналасқан аймағын алып жатыр. Шу-Талас гидрографиялық алабы, Қазақстан Республикасын су ресурстарымен қамтамасыз ететін, негізгі сегіз өзендердің бірі болып табылады, су өтімінің мөлшері аз болғанымен, су ресурстарын пайдалану, сақтау, тазарту және экологиялық су жіберу сұрақтарына маңызды көзқараспен қарауды талап етеді. Жамбыл облысы аумағына қарайтын Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігіндегі қоршаған ортаның табиғатын және ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін аталған су көздері болып келеді. Жамбыл облысы бойынша су ресурстарының сапасы мен пайдалану жағдайы келесідей сипатталады.

Шу-Талас алабында,  гидрографиялық тұрғыда 3 үлкен өзен (Шу, Талас және Аса), 242 кіші өзен (соңын ішінде Шу өзенінің алабы бойынша – 158, Талас өзенінің алабы бойынша – 20, Аса өзенінің алабы бойынша – 64), 35 көл, кешенді мақсатта салынған 3 үлкен су қоймасы (Шу өзенінде орналасқан Тасөткел су қоймасы, жобалық көлемі – 620 млн.м3, Аса өзенінің негізгі тармақтарының бірі болып саналатын Теріс өзенінде орналасқан Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы, көлемі – 158 млн.м3 және Аса өзенінің алабыі болып саналатын Шабақты өзенінде орналасқан Ынталы су қоймасы, көлемі – 30 млн.м3, көлемі 1 ден 10 млн.м3 дейін жететін 39 кіші су қойма (қосынды көлемі – 130,6 млн.м3) мен 164 тоған (барлық көлемі 72,2 млн.м3) бар. Жоғарыда аталған суаттардың барлығы (су қоймалары, көлдер, тоғандар) дерлік, өздерінің су ресурстарын басқа жақтан алады, яғни үлкен және кіші өзендердің ағыны келуімен, таулардағы су көздерінен еритін сулармен толысады.

Жамбыл облысындағы өзендердің 2010 жылғы көрсеткіштер бойынша, жалпы су алу көлемі 3124,02 млн.м3, соның ішінде: беттік 3065,78 млн.м3, халық шаруашылығына пайдаланған су көлемі 2116,59 млн.м3, сонын ішінде пайдаланған беттік су ресурстары 1801,2 млн.м3, құрады.

Облыс бойынша негізгі су пайдаланушы ауыл шаруашылығы болып табылады, облыс бойынша бұл салаға барлық судың 96% кетеді.

Су ресурстарын 2010 жылы бойынша ауыл шаруашылық саласына пайдалану. Есептік жылда ауыл шаруашылығына су алу көлемі 2987,55 млн.м3 құрады (соның ішінде беттік сулар 2895,13 млн.м3), ал 1938,02 млн.м3, су пайдаланылған (сонын ішінде беттік сулар 1935,6 млн.м3).

Алапта 231,38 мың.га суармалы жерден 2010 жылы тек 152,03 мың.га пайдаланылды. 79,35 мың.га жер қаржы мәселесіне байланысты пайдаланылған жоқ. 2010 жылы жерді суландыруға жоспарлап отырған 1769,9 млн.м3, судан тек 1075,48 млн.м3, су алынды. Суды аз пайдалану себебі жауын-шашын көп болған себебінен болды. Ауыл шаруашылық саласына су алу және пайдалану көрсеткіштері келесі кестеде көрсетілген.

Ауыл шаруашылық саласына су пайдалану және су алу .1996-2009 жылдар аралығында алапта жерді суландыру ауданы 225 мың.га. 131,81 мың га дейін немесе 42 % қысқарды. Жамбыл облысындағы Аса өзенінің алабы 35,63 тен 18,63 мың.га дейін немесе 42 %  қысқарды, ал су алу 346,1 млн.м3 тан 210,982 млн.м3 қа дейін немесе 39 % қысқарды.

Талас өзенінің алабында 64,05 мың.га-дан 35,81 мың.га-ға дейін немесе 44% қысқарды, ал су алу 592,2 млн.м3 тан 307,992 млн.м3 қа дейін немесе 48% қысқарды.

Шу өзенінің алабы 125,32 мың.га-дан 75,723 мың.га-ға дейін немесе 40% қысқарды, ал су алу 1201,7 млн.м3 581,951 млн.м3 қа дейін немесе 52% қысқарды.

Бүкіл алап бойынша 1996-2009 жылдар аралығында жерді суландыруға су алу 2176,2 млн.м3 тан 1111,398 млн.м3 қа дейін немесе 49%, ал суару аудандары 225 мың.га дан 131,81 мың.га дейін немесе 42% қысқарды.

Жамбыл облысы бойынша 2009 жылы 226,5 мың.га-дан 96,61 мың.га дейін немесе 26% қысқарды, фактілі түрде 129,89 мың.га жер суландырылды, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 30,117 мың.га азайған.

             Алап бойынша негізгі су пайдаланушылар ауыл шаруашылығы болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуіне байланысты, өнімділік төмен болғандықтан үлкен суармалы жерлер істен шығарылуда. 1997-2008 жылдар аралығында алап бойынша ауыл шаруашылығына су алу көлемі 3135,3 млн.м3 тан 2160,895 млн.м3 қа дейін немесе 31% азайды. Соның ішінде Жамбыл облысы бойынша 2885,82 млн.м3 тан 2039,422 млн.м3 қа дейін қысқарды

Аса өзенінің алабы бойынша ауыл шаруашылығына су алу көлемі 278,50 млн.м3 тан 211,644 млн.м3 қа дейін, Талас өзенінің алабы бойынша ауыл шаруашылығына су алу көлемі 668,60 млн.м3 тан 308,345 млн.м3 қа дейін, Шу өзенінің алабы бойынша 1908,6 млн.м3 тан 1519,433 млн.м3 қа дейін азайды. 1996-2008 жылдар аралығында алап бойынша суармалы егістікке су алу 2176,2 млн.м3 тан 1111,398 млн.м3 қа дейін немесе 49% қысқарды. Соның ішінде Жамбыл облысы бойынша 2140 млн.м3 тан 1100,925 млн.м3 қа дейін азайды.

Аса өзенінің алабы суармалы егістікке су алу көлемі 1996-2008 жылдар аралығында 346,1 млн.м3 тан 210,982 млн.м3 қа дейін, Талас өзенінің алабы бойынша [4] су алу көлемі 592,2 млн.м3 тан 307,992 млн.м3 қа дейін, Шу өзенінің алабы бойынша су алу көлемі 1237,8 млн.м3 тан 592,424 млн.м3 қа дейін қысқарды. Есептік 2009 жылы алап бойынша суармалы егістікке су алу көлемі 1111,398 млн.м3 құрады, яғни бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,298 млн.м3 қа көп. Жамбыл облысының көптеген аудандарында ауыл шаруашылық өнімдерін отырғызу кезінде агротехникалық шаралар ескерілмейді, сол себептен вегетациялық суару мерзімі кеш басталады және суару жоспарларынан қалып отырады. Суармалы егістікке берілетін су мөлшері тиімсіз пайдаланылады. Барлық аудандарда түнгі суару жоқ.

Облыс бойынша коллекторлы-сүзу сулары қайтара суаруға қолданбайды, олар негізінен су үнемдеуде үлкен орын алады. Облыс бойынша коллекторлы-сүзгіш сулардың тек 1,07 млн.м3 мөлшері ғана пайдаланылады.

                                                    

            Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.         Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006 жыл

2.         Қуатбаева А.Т. Жалпы экология – Алматы, 2008 жыл

3.         Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева Экология-Оқулық-Алматы, 2011 жыл