Қожахмет Қ., Бошақова Н.

Экономика, қаржы  және  халықаралық  сауда  қазақ  университеті,

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті

Автокөлік кешені ұғымы, оның құрылымы және ұлттық экономикадағы орны

Автокөлік кешені – ең кең тараған көлік кешені болып табылады. Автомобиль көлігі XIX ғасырдың соңында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жүк және жолаушы тасымалдау бойынша теміржолға бәсекелес бола бастады. Қазақстанда соңғы он жылда автокөлік кешені құрамындағы көлік инфрақұрылымы, аумақтық автожол желілері, көліктің экологиялық қауіпсіздігінің өсуі, автокөліктік тасымалдаудың кеңеюі қарқынды дамып келеді. Автомобиль көлігі көліктік қызмет көрсету саласында теміржол мен авиациалық көліктерді ығыстырып даму деңгейі жоғарылады. Республикада жыл сайын жеңіл және ауыр жүк автомобильдері өсіп, автокөлік инфрақұрылымының автожол желісін, қызмет көрсету салу халықаралық стандарттарға сәйкестелуде.

Автокөлік кешені саласының негізгі құжаттары болып «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған көлік инфрақұрылымның даму бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-ииновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналаған стратегиялық бағдарламасы, «Қазақстан-2020» стратегиялық даму бағдарламалары мен 2001 жылы 17 шілдедегі «Автомобильжолдары туралы» ҚР Заңы болып табылады. 

Автокөлік нарығы өзге көлік түрлерінің нарығына қарағанда бәсекеге қабілетті. Вагондардың жеткіліксіздігі автокөлік иелеріне тапсырысты ұлғайтады және автотасымалдауға жұмыс істейді. Жүк тасымалы (2012 жылы бұл көрсеткіш 25,3%) мен 90% жолаушыларды тасымалдау автокөлікке тиесілі. Сарапшылардың  болжамы бойынша автокөліктің жүкайналымы 2015 жылға қарай 32% дейін өсу болжануда. Автокөлік пен автожол Қазақстандағы көптеген аймақтардың негізгі қатынас жолы болып табылады. Қазақстан Республикасының авктокөлік кешенін автокөлік жүйесіне интеграциялануы белгіленген. Еліміз арқылы жүзеге асырылатын транзиттік ағын нәтижесінде Қазақстан тарапынан кедендік бақылаулар мен өтудегі үрдістің қиындықтары мен негізделмеген тоқтақтаулары туралы бірқатар мәселелер туындайды. Халықаралық қатаң бәсекелестікке негізделген автокөлік кешені секторын сипаттайтын транзитті тасымалдаға тарифтті реттеудің сәйкес келмеуі ең икемді мемлекеттің транзиттік тарифті саясатты қажет етеді. Аймақтық даму мн транзитттік  маршруттардың дамуы нәтижесінде технологиялары мен ресурстарының ауысуымен сиаптталатын логистикалық қызмет көрсетуде шетел провайдерлердің көп ағынын күтуге болады.

 Жүк автомобильдері барлық қашықтықтағы (5 мың  және одан жоғары) барлық жүктерді, тіпті бағалы жүктер мен тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдайды. Алыс магистралдік жүк тасымалын қуатты, жылдамдығы жоғары жүк машиналары атқарады. Бірақ автокөлік қымбат әрі экологиялық жағынан «лас» көлік түрі. Автомобиль көлігінің құралдары болып жеңіл, ауыр автомобильдермен автобустар болып табылады. Республикамызда жыл сайын жеңіл және ауыр автомобильдер көбейіп, автомобиль жолдары мен авто қызмет көрсету деңгейі дамуда, автокөлік кешені мен құрылымының халықаралық стадарттарға сәйкес келтіру шаралары қолданылып жатыр. Республикалық автокөлік құралдары  паркінде 4 млн  66 мың бірлік  шамасында, соның ішінде 3 млн 553, 8 мың жеңіл, 414 мың   жүк және арнайы автомобиль мен 98,4 мың автобус бар (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  2013 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтері  бойынша).

Автомобиль көлігінің жол тораптары болып автовокзалдар, автостанциялар, автотұрақтар мен жол түйістері табылады. Қатынас құралдарына автомобиль жолдары, тоннельдер, жол өтпелері, эстакадалар мен айналма жолдар жатады.

Автомобиль көлігінің жолдары темір жолдармен салыстырғанда тығыздығы  6 есе жоғары (1000 кв.км территорияға 30 км).

2012 жылы автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі 18,5 млрд. адам құраса, жолаушылар айналымы – 183 млрд. жолаушыны құрады. 2011 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда жолаушылар тасымалдау көлемінің өсуі 11%, ал жолаушылар айналымы бойынша 11,8% құрады. Жүк тасымалдау көлемі 2,7 млрд. тонна, жүк айналымы – 132 млрд. ткм құрады. 2011 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда жүк айналымының өсуі  9,3% құраған, жүк тасымалдау көлемі 9,8% төмендеген. Сарапшылардың болжамы бойынша 2015 жылға қарай автокөліктің жүк айналымы 32% дейін жоғарылайды деп болжауда.

Жүйелі қатынас бойынша 137 аса халықаралық (47  жеткізуші, 368 АКҚ, тозу 79%) және 254 облысаралық жүйелі жолаушылар маршруттары (100%) бар. Сонымен қатар Республикада 34 автовокзалдар (31 жеке меншік, 4 талаптарға сай емес) және 138 автостанция (100% жеке меншік, 72 талаптарңа сай емес). 

Автомобильдер паркі жоғары тозумен сипатталады. Қалалық маршрутта 10 486 автобус (26% тозу), қала маңы1552  автобус (41,5% тозу), аймақаралық 1040 автобус (35,7% тозу) және аймақаралық автобус (2835 % тозу) тіркелген.

Облыс аралық маршруттарда тариф 1км/4,2теңге, ал халықаралық маршруттарда 1км/5,3теңге.

11 облыста қала бойынша, облыс ішілік маршруттарда (Астана қ. Алматы қ. Ақмола, Алматы, Ақтөбе,БҚО, ШҚО, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар облыстары) тасымалдаушылардың шығындары қаржыландырылуда. Қазақстандағы автомобиль саласының негізгі бағыттарына халықаралық, республикаішілік жүк және жолаушыларды тасымалдау болып саналады. Қазіргі таңда еліміз халықаралық автотасымалдауға қатысты 11 халықаралық конвенция мен келісімге және автомобиль қатынасы жөнінде Жүк тасымалдау үшін жыл сайын Еуропа мен Азияның 44 елімен шамамен     126 мың дана көлемінде рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізіледі. Халықаралық автокөлікпен жүк тасымалдауды 250 жуық транспорттық компаниялар атқарады. (5000 АКҚ жуық). Автокөлікпен халықаралық қатынаста жүк тасымаланың көлемі 2012 жылы 124,6 млн.тоннаны құрады, соның ішінде 110 млн.тонна экспорт, 14,6 млн.тонна импорт.

Еуро стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу ескірген автомашиналарды кіргізуді шектеуге, қазақстандық автомобиль құрастырушы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, автокөліктердің сыртқа шығарылатын газдың улыллығын шектеу мақсатында,  шығарылатын және импортталатын отынның сапасын арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның ірі қалаларында автокөліктердегі зиянды заттардың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

 «Қазақстан аумағында айналымға шығарылған автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттарды шығаруына, оларға орнатылған іштен жанатын қозғалтқыштарға, сондай-ақ осы қозоғалтқыштарға арналған отынға қойылатын талаптар туралы Техникалық регламентті бекіту туралы» ҚР Үкіметінің  2007 жылғы 29 желтоқсанда № 1372 қаулысы, 2009 жылғы 15 шілдеден бастап автокөлік құралдары бойынша Еуро-2 экологиялықстандарты  енгізіліп, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап АКС  Еуро-3 экологиялық стандартына өткен болатын, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуро-4 экологиялық стандарттарын кезең-кезеңімен енгізуді көздейді. Аталмыш шаралар Қазақстанның ірі қалаларындағы экологиялық жағдайды жақсартуға, автокөлік тасымалы қауіпсіздігін жоғарылатуға және еліміздегі автомобиль паркін жаңартуға арналған жағдайлар жасауға бағытталған.

Жекешелендіру мен нарықтық тетіктерді енгізудің нәтижесінде Қазақстандағы көптеген жеке тасымалдаушылар автокөлік саласының иелеріне айналды: автокөлік қызметін көрсететін заңды және жеке тұлғалардың саны 150 мың данаға, жолаушы және жүк тасымалымен байланысты жұмыскерлердің саны 800 мың адамнан асып түседі.  Автокөлік құралдарын көптеген тасымалдаушыларға бөліп-бөліп жіберудің нәтижесінде автокөлік жұмысы туралы мәліметтер жинау тетігі жоқ, соның нәтижесінде жолаушы және жүк тасымалының жағдайына тиімді талдау жасау жолға қойылмаған.  

Қазіргі уақытта көлік-коммуникация кешеніндегі негізгі көрсеткіштерін арттыруға бағытталған 58 жоба, соның ішінде 28 жобасы автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңартылуы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде көлік саласы бойынша жалпы қосымша құнды (ЖҚҚ) 63% арттыруға септігін тигізеді. Қазақстанда көлік саласын бойынша 580 мың адам (экономикалық белсенді халықтың7%) жұмысбасты. Көлік саласы құрылымындағы жұмысшылардың 93% тұрақты жұмыс істейді. Ал 78% - 25-54 аралығындағы жұмысшылар. Саланың жалпы үлесінің 50% жалдамалыжұмысшылар. Яғни Қазақстанда көлік саласынғы жеке кәсіпкерлік-жеке тұлғалардың жоғары деңгейдегі жұмысбастылығы байқалады. Олардың негізгі бөлігі жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың үлесіне тиеді. Ескере кететін жайт жеке кәсіпкерлердің аталмыш қызметтері формальді емес. Жалақы деңгейі республикалық орташа жалақы деңгейінен жоғары.

Қазақстандағы соңғы он жылда жүк тасымалындағы әлеуметтік инфрақұрылымын қалыптастыруда мақсатында жол бойында жанар-жағар май бекеттері, қонақ үйлер, тамақтану орындары, қоймалар мен автожөндеу шеберханалары салынған. Алайда республикамыздың аумағының үлкендігіне байланысты инфрақұрылымның сапасы мен қарқындылығы төмен халықаралық стандарттарға сай емес.

Қазақстанда мемлекет автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдауды дамыту бойынша келесідей іс-шаралар кешенін  жүзеге асыруда:

-автокөлік құралдарымен жолаушыларды тасымалдаудың заңсыз әрекетін және рейдтік рексерістер жүргізілуі;

-автомобильмен  жолаушыларды тасымалдауды мемлекеттік тиімді тиімді бақылауын арттыу мақсатында ұсыныстар әзірлену;

-жолаушыларды тасымалдау нарығында заңсыз такси және  тасымалдаушылардыдың  үлесін  төмендету;

-жолаушыларды тасымалдау мен такси багаждарының тәртібін ұйымдастыру  және  қызметін  жетілдіру  жұмыстары  атқарылуда.