Экономикалық
ғалымдар /1. Банктер және банк жүйесі
Э.ғ.к. Джемпеисова Г.И.
Д. Серікбаев атындағы
Шығыс – Қазақстан
мемлкеттік техникалық
университет, Қазақстан
Интернет-банкингті
қолдану негізінде банк қызметін жетілдіру жолдары
Бүгінгі таңда Қазақстанда қаржы нарығының
барлық операциялары іске асырылатын
екі банкаралық төлем жүйелері құрылып,
тұрақты жұмыс істеуде:
- банкаралық ақша аударылымының
жүйесі;
- банкаралық
крилинг жүйесі.
Берілген төлем жүйелері функционалды
сипатымен ерекшеленеді, қауіп-қатерді
басқарғандағы тиімді механизмге ие болып отыр және
қаржы нарығының субъектілерінің дер кезінде төлем
жасау мен ақша аудару қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Бұл төлем жүйесінің операторы РБК
«Ұлттық
банктың
Қазақстандық Банкаралық Есептеу Орталығы» болып табылады.
Төлем жүйелері динамикалық өсу
үрдісіне ие. Соңғы 5 жыл ішінде төлем жүйелері
арқылы жүргізілген төлемдер көлемі 2,0 есеге, ал
олардың саны 1,2 есеге артты. 2012 жылда ғана төлем
жүйелері арқылы 30 млн. транзакциялар 188 трлн. тенгеге (немесе 1,3
трлн. АҚШ доллары )жүргізілді.
Бір күнде орташа есеппен төлем жүйелері
арқылы он мындай төлемдер
жүздеген миллиард тенгеге жетеді.
Қаржы ұйымы, мемлекеттік мекеме, кәсіпкерлік субъектісі
деңгейінде бүгінгі таңда ақша аудару және
төлемдік қызмет Қазақстанның қауіпсіз,
жоғары технологиялық банкаралық төлем жүйелері арқылы
іске асатынын айта кеткен жөн.
Тұрғындардың жаппай және
күнделікті төлемдеріне қызмет көрсету сферасындағы
бөлшек қолма-қол төлем сегментіне келсек, бұл
сектордағы негізгі құралдар болып мыналар табылады:
- төлем карточкалары;
- қолма-қол төлем жүйесі;
-қашықтықтан банктық қызмет
көрсету жүйесі (Интернет-банкинг, мобильді банкинг).
Қазіргі уақытта Қазақстанда 35
екінші деңгейдегі банктер мен «Казпочта» АҚ төлем карточкаларын
шығарады.
Қолданыстағы карточкалардың жалпы саны 8,4 млн. бірлік және 7,8
млн.артық азаматтар төлем карточкаларына ие. Төлем
карточкаларын қолдану арқылы жүргізілген транзакциялар
көлемі де серпімді өсуде.
Соңғы 5 жыл ішінде төлем карточкалары
арқылы жүргізілетін транзакциялар көлемі 2,7 есеге, ал саны 2 есеге өсті.
2012 жылғы транзакциялар көлемі 136 млн.
және 3,3 трлн.тенге сомасын (22,7 млр.АҚШ доллары)
құрайды.
Қазіргі уақытта төлем карточкаларына
қызмет көрсету желісі 25 мыңнан артық POS-терминалдар
(бір жыл ішінде 13,1% өсіммен), 7,5 мыңнан артық банкомат (9,3% өсіммен)
және 10,5 мыңнан артық саудалық
кәсіпорындарды(6,7% өсіммен)
қамтиды және тұрақты өсу тенденциясына ие.
Бірақ карточкалық операцияларының
көп бөлігін банкомат жүйелерінен қолма-қол
ақша алуға жатқызамыз (операциялардың жалпы
санының 81%). Оған қарамастан, 2010 жылы Қазақстандық
эмитенттердің төлем
карточкалары арқылы жүргізілген қолма-қол емес
төлемдер көлемі 411 млрд.тенгені құрады немесе
Қазақстандағы осы кезеңдегі бөлшек сауданың
жалпы көлемінің 14%
жуығы.
Сонымен бірге, соңғы жылдары ( 2005 жылдан
бері) қолма-қол емес төлемдердердің
қолма-қол ақша түсіру операцияларымен
салыстырғанда озық өсу қарқыны
байқалуда. Бұл
Қазақстанда төлем карточкалары жүйесінің
дамуының позитивті кезеңі болып табылады.
Төлем карточкалары нарығының және
басқа да Интернет-банкинг, мобильді банкинг арқылы
қолма-қол емес төлем жүргізудің
әдістерінің жеткілікті
әсерлі дамуына қарамастан, сегментті бөлшек саудада
саудалық мәмілелердің айтарлықтай бөлігі
қолма-қол ақшаның көмегімен жүзеге
асатынына назар аудармау мүмкін емес.
Қолма-қол емес төлемнің
Қазақстанның сауда аймағына ену дәрежесі
басқа дамыған елдермен салыстырғанда әлі де
төмен.
Бүгінгі таңда Қазақстанда
Интернет-банкингтің тез дамуына бөгет болатын көптеген
проблемалы сұрақтар бар.
Төлем карточкаларын қолдану арқылы
қолма-қол емес төлем жүргізуді қабылдаудағы
саудалық (сервистік) кәсіпорындарды толық емес қамту.
Төлем карточкалары қызметін
сауда және қызмет көрсету сферасындағы
кәсіпорындарда ортақ қызығушылық пен
стимулдың болмауы барлық карточкалық индустрияның
негізгі проблемасы болып табылады.
Төлем карточкаларын қолдану арқылы
қолма-қол емес төлем жүргізудің өсу
қарқынын арттыру үшін қажет:
- қолма-қол емес төлем жүргізуге
ауысуға және ашық жүйеде жұмыс жасауға
деген саудалық кәсіпорындардың
қызығушылықтарын арттыру:
- саудагерлер мен
тұтынушылардың төлем карточкаларын қолдануда
экономикалық ынталандыру ойлап табу. Бұл сұрақтың
шешілу жолы мемлекет жағынан
толық ынталандыру шараларын қабылдауды талап етеді.
Бұл шараларға ҚҚС-на жеңілдіктер, түрлі
салықтық шегерімдер, бөлшек сауда субъектілерін
салықтық тексерістен босату, белсенді қолданылатын
қолма-қол емес төлемдер және басқа да тиімді
шаралар (ұқсас шараларды жүзеге асырудың пайдалы
үлгілері әлемдік практикада қолданылуда, мысалы,
Оңтүстік Корея).
Ұлттық банк бірнеше рет еліміздің
Үкіметіне жоғары айтылғандай шараларды жүзеге асыру
жөнінде нақты ұсыныстарды бастама етті, бірақ,
бүгінгі таңға дейін бұл сұрақтар ашық
болып қала береді.
Бұл қаулы төлем карточкаларын
қабылдауды дамыту мен тұрғындардың бөлшек
төлемдерін қолма-қол емес негізге ауыстыруға
бағытталған. Алайда, берілген саудалық ұйымдардың
төлем карточкаларын қабылдауда тиісті бақылаудың
болмауынан бұл шара қандай да бір маңызды нәтиже берген
жоқ.
Электронды ақшаның отандық
жүйесін құрау, оның құрамында банктер де
тенгемен белгіленген электронды
ақша шығару мүмкіндігіне ие болады. Бұл қатынастың маңызды
мағынасы Қазақстан
Республикасының Парламенті Мәжілісінің
талқылауындағы заңды жобаны қабылдауды жылдамдату болып
табылады. Бұл заңды жоба
электронды ақша жүйесінің қызмет етуінің
құқықтық негізін белгілейді және елімізде
жалпы электронды, мобильді коммерцияның дамуына түрткі болады.
Төлем жүйелерінің ары қарай
дамып, әбден жетілуі Ұлттық Банктің стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Осы байланыста, жуық арада
Ұлттық Банк өз күшін жұмыс істейтін төлем
жүйелерінің тұрақтылығы мен әсерлілігін
арттыруға мүмкіндік туғызатын және бөлшек
қолма-қол емес сферасын кеңейтетін келесі төлем
жүйелерінің дамуының негізгі бағыттарын
жұмылдыруды жоспарлап отыр.
Жаңа төлем құралдары мен
инновация енгізу бөлігінде Ұлттық Банк қашықтықтан
төлем жүргізу жүйесінің барлық түрінен
(Интернет арқылы, автоматтандырылған құрылғылар
жүйесі, мобильді банкинг) қызмет көрсету үшін
құқықтық жағдайлар
құрылды. Бүгінгі
күні Қазақстанның барлық ірі банктері өз
клиенттеріне ақпараттық және транзакциялық
қызметтерін ұсынады.
Интернеттің тұрғындардың жаппай
қабатына енуі (2010 жылы Интернеттің ену дәрежесі 24%
құрады ) тұрғындардың бұл
тұрақты әрі тиімді әдісті қолдану арқылы
жүргізетін қолма-қол емес төлемдерінің
үлесін белсенді арттырмақ. Мобильді банкинг нарығы
қазір өзінің қалыптасу сатысында және біртіндеп айналым алуда.
Қазақстанның төлем
жүйелерінің операциялық тұрақтылығы мен
өндірістік тиімділігін арттыру мақсатымен өткен жылы
төлем жүйелерінің программалық-техникалық платформасын жетілдіру және
программалық қамтудың жаңа версиясына аудару
сәтті жүзеге асырылды. Бұл бағыт бойынша жұмысты
Ұлттық Банк жалғастыруда, себебі төлем
жүйелерінің аумағында
төлем жүйелерін жоғарғы техникалық
дәрежеде ұстау Ұлттық Банктың стратегиялық
міндеті болып табылады.
РМК «ҚБЕО»
екінші деңгейдегі банктерге халықтан «қолма қол»
төлемді қабылдау
режиміндегі жабдықтаушыларға төлем қабылдауды
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін халықтың
бөлшек төлемдерін өңдеу жүйесін енгізді. Берілген
бағытта қолма қол (онлайн) төлемдерді
оңтайландыратын екінші
дәрежедегі банктермен өзара
әрекеттесудегі функционалды ары
қарай кеңейту болжамдалған.
Бөлшек сегментте банкаралық
операцияларды жүргізудегі
қауіпсіздікті арттыру мен қауіп-қатерді кеміту
мақсатында халықтың
бөлшек электронды төлемдеріне орталықтандырылған
клирингті-есептік жүйені енгізу қарастырылады. Бұл дегеніміз электронды төлем арқылы банкаралық
төлем жүргізу үшін тиімді құрылым
ұйымдастыру, есептемелер Интернет, мобильді телефон, төлем
терминалдары жүййесі арқылы жүзеге асады.
Астана қаласында
еліміздің төлем жүйелерінің негізгі
компонеттерінің қызметінің үздіксіздігін
қамтамасыз ететін Ұлттық Банктың жаңа резервті
орталығын тұрғызу жұмысы жалғасуда.
Ұлттық Банк пен екінші дәрежедегі
банктер практикасын БАҚ-та түсіндірме жұмысынң
негізінде жалғастыруы қажет. Бірақ төлем
карточкаларының қолдану артықшылықтарын жария ету,
халықтың кең ауқымының арасында қолма-қол
төлем жүргізудің инновациялық әдістерін тарату
үшін сәйкес мемлекеттік органдар мен Үкіметтің белсенді
қолдауы қажет.
Банктік сапаны басқару жүйесінде банктік қызмет көрсету
сапасының клиенттердің талаптары мен үміттеріне сәйкес
келу қағидасына тіректенеді. Бұл жүйенің шегінде
сапаны басқару құрылымы анықталып, әдістері
дайындалады, қашықтықтан қызмет көрсетуге жауап
беретін бөлімшелердің қызметін жоспарлау іске асады,
сапаға уйрету бағдарламалары жүзеге асырылады.