Экономические науки/4.Инвестиционная деятельность и
фондовые рынки.
Бұхарбаева Ақмарал
Жетібайқызы
Статистика
мамандығының магистрі, Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЗІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан
Республикасында инвестиция көзін, оның ішінде отандық
инвестицияны тиімді пайдалануды жетілдіру мәселелерін қарастыру
болып табылады. Қазақстан Республикасының инвестициялық
қызметі туралы заңына сәйкес инвестициялық
қызметтерінің белгілі бір қаржыландыру көздері болатыны
белгілі.
Қазiр
елiмiз макроэкономикалық көрсеткiштердi салыстыру түрде болса
да тұрақтандырған кезде, экономикалық дамуға
қол жеткiзу жөнiнде шараларды жүзеге асыру аса маңызды
мiндетке айналып келедi. Ал, экономикалық даму тұжырымдамасы
экономиканың әр түрлi салаларына шетелдiк капиталды,
отандық жекеменшiк iскер топтардың капиталын көптеп тартуды
қажет етедi. Ол үшін мемлекет жекеменшiк кәсiпорындар
инвестицияларының тап өз елiмiзде қолданыс табуы үшін
экономикалық дамуға қажеттi қолайлы жағдайлар
туғызып отыруға мiндеттi. Инвестициялар - өндiрiстiк
потенциалды жаңа ғылыми-техникалық негiзiнде
құрып, әлемдiк нарықта елдердiң
бәсекелестiк позицияларын анықтайды. Сондағы көптеген
мемлекет үшін, әсiресе экономикалық және
әлеуметтiк дағдарыстан шығуға ұмтылып
жатқан елдер үшін, тiкелей, кұрделi қаржы, портфельдi
инвестициямен басқа активтер түріндегi шетел капиталын тарту
үлкен роль атқарады. Тақырыптың тағы бiр
маңыздылығы, қарастырылып отырған жаңа банк
қызметi мен өнiмдерi, оны басқару әдiстерi
Қазақстанның инвестициялық қызметінің
дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды
зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады.
Кәсіпорындардың экономикалық
және қаржылық тұрақтылығын және
әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың
бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі.
Қазақстан Республикасында нарықтық
қатынастарға көшкелі бері жүргізілген
экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының
негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың
құқықтық, қаржылық-экономикалық
және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық
және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай
өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте
құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды
және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею
үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы
кәсіпорындардың инвестициялық қызметін
ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне
себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі
олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы
нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы
шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар
барлық ұйымдық-құқықтық
кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық
тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек
жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын
көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары,
зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар,
сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын
тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды
кеңінен пайдаланатын болды [1. 254].
ҚР-ң
әрбір салалары бойынша инвестициялардың тартылу көздерін
келсек, мысалы қоғамның ең маңызды өндірісі
болып табылатын ауылшаруашылығы
мақсатында тартылған инвестиция көздері 2013
жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығына салынған
инвестициялар көлемі (салыстырмалы бағада) 2012 жылғы тиісті
кезеңмен салыстырғанда 38,8%-ға азайды. Ауыл
шаруашылығындағы инвестициялардың салым үлесі негізгі
капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде 1,2
пайыздық тармаққа азайып 1,6% құрады.
Ауыл шаруашылығының
негізгі капиталына салынған инвестициялар өткен
жылғы тиісті кезеңге нақты көлем индексі, %-бен
|
Саланың негізгі капиталына
салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым
көздері инвесторлардың меншікті қаражаты
(инвестициялардың жалпы көлемінен 79,4%) болып табылады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың
жалпы көлемінде едәуір салымы маусымдық дақылдарды
өсіруге (59,9%) және мал шаруашылығына (24%) келеді. |
|
Ауыл
шаруашылығының негізгі капиталына салынған
инвестициялардың нақты көлем индексі
өткен жылғы тиісті
кезеңге %-бен

2013 жылғы
қаңтарда
өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар
көлемі (салыстырмалы бағада) 2012 жылғы қаңтармен салыстырғанда
35%-ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібіне салу үлесі негізгі
капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде
14%-ды құрап, 2,8 пайыздық тармаққа өсті.
Саланың негізгі капиталына
салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері
инвесторлардың меншікті қаражаты
(59,2% инвестициялардың жалпы көлемінен) болып табылады.
Өңдеу
өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған
инвестициялардың едәуір үлесін (47,5%) негізінен металлургиялық өнеркәсіпке инвестиция салу есебінен
Павлодар және
Қарағанды облыстары алады.
Меншік нысандары бойынша негізгі капиталға
салынған инвестициялар
мың теңге
|
Көрсеткіштер |
2008ж |
2009ж |
2010ж |
2011ж |
2012ж |
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар, барлығы |
2420976 |
2824523 |
3392122 |
4210878 |
4585298 |
|
Оның ішінде: - мемлекеттік |
306439 |
385686 |
555830 |
813337 |
851452 |
|
- жеке |
1446878 |
1687784 |
1933319 |
2309392 |
2302747 |
|
- шетелдік |
667639 |
751053 |
902973 |
1094949 |
1426099 |
|
ЕСКЕРТУ – ҚР мәліметтері негізінде
құрастырылған |
|||||
Жоғарыдағы кесте
және сурет кескінінен көріп отырғанымыздай соңғы
жылдары ҚР-да негізгі
капиталға салынған инвестициялар көлемінің ішінде шетелден
тартылған инвестициялар артып отыр, яғни ол 123,1 пайызды
құрады. ҚР-ң жалпы территориясы бойынша
инвестицияның тартылу ауқымын төмендегі кесте
мәліметтерінен көруімізге болады (кесте - 3):
ҚР-ң
аймағындағы инвестиция көзін тарту деңгейі
млн. теңге
|
Көрсеткіштер |
2008ж |
2009ж |
2010ж |
2011ж |
2012ж |
|
Қазақстан
Республикасы |
2 420 976 |
2824 523 |
3 392 122 |
4 210 878 |
4 585 298 |
|
Ақмола |
38 189 |
44 059 |
103 070 |
142 549 |
149 532 |
|
Ақтөбе |
184 130 |
187 090 |
225 176 |
287 212 |
312 523 |
|
Алматы |
99 501 |
112 414 |
142 636 |
236 717 |
314 673 |
|
Атырау |
713 681 |
727 635 |
764 403 |
826 373 |
1 094 394 |
|
Батыс Қазақстан |
91 860 |
106 626 |
186 264 |
225 963 |
244 842 |
|
Жамбыл |
22 182 |
25 553 |
29 940 |
123 726 |
222 800 |
|
Қарағанды |
153 438 |
134 157 |
151 887 |
210 247 |
214 076 |
|
Қостанай |
56 074 |
63 831 |
96 419 |
108 694 |
122 204 |
|
Қызылорда |
61 471 |
66 455 |
102 934 |
172 339 |
171 034 |
|
Маңғыстау |
143 108 |
229 755 |
251 416 |
383 199 |
314 724 |
|
Оңтүстік Қазақстан |
64 939 |
84 542 |
127 175 |
203 213 |
319 043 |
|
Павлодар |
64 072 |
120 020 |
129 981 |
148 435 |
165 788 |
|
Солтүстік Қазақстан |
37 229 |
34 328 |
37 288 |
41 279 |
49 505 |
|
Шығыс Қазақстан |
82 197 |
116 054 |
126 537 |
161 376 |
139 228 |
|
Астана қаласы |
274 746 |
354 583 |
424 245 |
454 488 |
368 248 |
|
Алматы қаласы |
334 159 |
417 421 |
492 751 |
485 068 |
382 684 |
Негізгі
капиталға салынған инвестициялардың қаржыландыру
көздері
млн. теңге
|
Көрсеткіштер |
2008ж |
2009ж |
2010ж |
2011ж |
2012ж |
|
барлығы |
2 420 976 |
2824 523 |
3 392 122 |
4210878 |
4 585 298 |
|
соныңі шінде: |
|
|
|
|
|
|
республикалық бюджет |
231 687 |
308 537 |
433 405 |
604 711 |
712 441 |
|
жергілікті бюджет |
51 643 |
61670 |
102 984 |
183 590 |
154 892 |
|
меншікті қаражат |
1 357 856 |
1600 898 |
1 656 142 |
1706104 |
1 491 433 |
|
шетел инвестициялары |
578 377 |
569 407 |
622 512 |
1064839 |
1 697 493 |
|
қарыз қаражаты |
201 413 |
284 011 |
577 079 |
651 634 |
529 039 |
Жоғарыдағы кесте мәліметтерінен көріп
отырғанымыздай негізгі капиталға салынған инвестициялардың
қаржыландыру көздері шетел инвестициялары болып отырғанын
дәлелдейді. Мәселен, 2012жылы 2011 жылға қарсы шетелден
тартылған инвестиция көздері 1 697 493 мың
теңгеге артық болған. Одан кейінгі орынды меншікті
қаражат көзі болғаны көрініп тұр, ол 2012 жылы 2011
жылға қарағанда 1 491 433 мың теңгеге
артық болып отыр [3. 22.].
Стратегиялық
тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың дамуын,
техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін
анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған
соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты
кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық
жағдай қалыптасты. 2003жылы 8-қаңтарда
қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар
туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық
негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық
жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың
инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар,
әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:
-
ұлттық
экономиканың шикізат көздеріне бағытталғандығы;
-
өңдеуші
өнеркәсіптің өнімділік деңгейінің
төмендігі;
-
ішкі нарықтағы
тауарларға деген тұтынушылық сұраныстың
төмендігі;
-
өндірістік
және әлеуметтік инфрақұрылымның жете
дамымағандығы;
-
кәсіпорындардың
жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта
қалғандығы;
-
ғылыми-зерттеу
және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға
жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен
деңгейі және т.с.с.
Өкінішке орай, жалпы
ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың деңгейі төмен
болып қалып отыр – небәрі 19%. Еліміздегі инвестициялар
деңгейін екі есеге дейін арттыру қажет. Қазіргі кезде
инвестициялардың басым бөлігі (80%-ға дейін) негізінен
айналымдық қаражаттарға немесе қысқа мерзімді
негізгі құралдарға бағытталуда. Елден сыртқа
қарай капитал ағындары орын алуда. Осы орайда
кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ынталандыру
бірінші кезектегі мәселе болып отыр.
Қазақстандық
кәсіпорындардың халықаралық деңгейде
бәсекелестік қабілетін арттыратын маңызды фактор –
инновациялық жобаларға салынатын инвестицияларды ынталандыру болып
табылады. Елімізде инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін
инвестициялар тарту бойынша біршама тәжірибе жинақталған,
мысалға, Қарағанды, Екібастұз, Өскемен, Шымкент
қалаларында инновациялық сипаттағы жобалар іске
асырылған болатын. Айта кету керек, жаңа өндірістердің
басты ерекшілігі – бастапқы шикізат көзі ретінде техногендік
өнімдер, өнеркәсіптік тауарлар және өндірістік
қалдықтар қолданылды, ал негізгі шикізат көздері,
баршаға мәлім, экспортқа және басқа елдерге
жөнелтілуде [2.169].
Сонымен қатар,
қазіргі таңда Қазақстанда инновациялық
қызметтің қажетті инфрақұрылымының
жоқтығынан, инвестициялық жаңалық ашқан
кәсіпорындар бірқатар қиындықтарға тап
болады. Сол себепті жаңа
технологияны ойлап табудан, оны жүзеге асырып, өндіріске енгізуге
және өнімдер шығаруға дейін ұзақ
уақыт кетеді. Атап айтсақ, қаржы институттары, әдетте,
технологилық сипаттағы инвестициялық жобаларды тәуекел
деңгейінің жоғары болатындығына байланысты
қаржыландыруға құлықсыз. Сондай-ақ,
несиелерді кепілдендіруге жоғары талаптар қойылады,
ғылыми-зерттеу жұмыстарының құнын бағалау
механизмі жоқтың қасы, несиелердің мөлшерлемелік
деңгейі әлі де болса жоғары деңгейде қалып отыр.
Жоғарыда
айтылған мәселерді шешумен қатар, инвестициялар туралы
заңнаманы да жетілдіріп, инвестициялық белсенділікті арттыратын
жағдайлар жасау керек. «Инвестициялар туралы» жалғыз заң
еліміздегі инвестициялау және инвестициялық жобалау
мәселелерін шешуге жеткіліксіз. Атап айтқанда, тікелей,
қоржындық және ішкі инвестицияларды тарту арқылы
инвестициялық жобаларды тиімді құруға және
жүзеге асыруға кедергі болып тұрған келесі
жағдайларды айтуға болады:
-
заңнамалық
актілердің жетілмегендігі, шет елдік және отандық инвесторлар
үшін айырмашылықтардың орын алуы және жиі
өзгерістерге ұшырауы;
-
инвестициялық
жобаларды талдау және бағалау мамандарының төмен
біліктілігі және жауапкерсіздігі, олардың жиі алмастырылуы;
-
инвестициялық
жобалаудың әдістемелік негіздерінің жоқтығы;
бұл өз кезегінде шетелдік әдістемелердік отандық
экономикалық жағдайларына үйренісіп кетуіне біраз
бөгеттер жасады, нәтижесінде оларды қолданудың
тиімділігін төмендетіп жіберді.
Қазіргі таңда
кәсіорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуі
үшін аталған мәселелерді шешу қажет, атап
айтқанда келесі шараларды жүзеге асыру керек:
-
салықтық
жеңілдіктер мен инвестициялық преференцияларды тек жаңа
кәсіпорындарға жаңа өнімді өндіру барысында
ғана беру;
-
Қазақстан
Республикасының «Тікелей инвестицияларды қолдау туралы» Заңын
инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу
бойынша баптарын жетілдіру;
-
отандық және
шетелдік инвесторлардың құқықтарын
теңдестіру мақсатында жаңа «Инвестициялар туралы» заңды
жетілдіру;
-
«Құнды
қағаздар нарығындағы инвесторлардың
құқықтары мен мүдделерін қорғау
туралы» Заң қабылдау;
-
инвестициялық
жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша
әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау
үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен
қаржылық ақша ағындарын негізге алу;
-
инвестициялық
жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық
көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде экономикалық,
әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы факторларды
ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық
негіздерін анықтау барысында өндірістік шығындарын
толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да
қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;
-
инвестициялық
жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда
тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі,
инвестициялық жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып түзетулер енгізу;
-
инвестициялық
жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін
әзірлеу.
Аталған шаралардан
басқа инвестициялар және инвестициялық жобалау туралы
біртұтас заңдық және
нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек
айтқанда, Инвестициялық кодексті қалыптастыру қажет.
Бұл инвестициялық саясаттың және инвестициялық
жобалауды жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты
анықтауға мүмкіндік береді [3. 47].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А.Г.Ивасенко,
«Основные понятия фондового рынка» (портфельные инвестиций); уч.пособие. –
Москва: Вузовская книга. – Новосибирск: НГАЭиУ, 1997. – 254 б.
2. Идрисов
А.Б, «Планирование и анализ эффективности инвестиций», Москва, 1995. – 169 с.
3. Смаилов Ә.А, «Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық қызмет», стат. сборник. Алматы 2002. – 22 б, 47 б.