Экономикалық
ғалымдар /7. Есеп
және аудит
Э.ғ.к. Мадиярова Э.С.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс –
Қазақстан
мемлкеттік техникалық университет, Қазақстан
Экономикалық
теорияда «ұсталынған шығын», «жұмсалған
шығын», «шығыс» деген түсініктер кездеседі.
Шығындар
өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік
құнынан құрылады, яғни пайдаға салынатын
салықты есептеу мақсатында. Активтердің
(ақша қаражаттардың, басқада мүлік)
қатардан шығу салдарынан экономикалық пайда кемуіне
әкеледі және (немесе) міндеттемелердің пайда болуына,
бұл кәсіпорынның капитал көлемінің азаюына
себепші болады, сондықтан бухгалтерлiк
есептi есептеу мақсатында № 2 ҚЕҰС «кәсіпорын
шығыны» термині қолданылады. Өнiмнiң өзiндiк
құны – бұл өнімді
жасауға және сатуған кеткен шығындардың
ақшалай құны [1, б.5].
Бухгалтерлік
есептегі анықтамаларға сүйенер болсақ, шығындар
дегеніміз шығын ретінде танылмаған шаруашылық
қызметтегі ресурстарды пайдалану және аяқталмаған
өндіріс, дайын өнім, тиелген тауар құрамында
көрсетіледі [2, б.65]. Демек,
шығын, ресурстарды пайдаланудан түскен пайда болған кезде
ғана шығын деп танылады және шығын бухгалтерлік есепке
алу балансында есепке алынбайды, ол тауарларды (жұмыс, қызмет)
сатудан түскен пайда және
пайда мен шығын туралы есеп беруде есепке алынады.
Ұсталынған
шығын – жеткізушіге төленетін төлем, яғни кәсіпорын
жеткізушіге төлем ретінде немесе ресурс ретінде төленетін
төлем [3, б.10]. Келтірілген барлық
анықтамаларды ескере отырып ұсталынған шығын,
жұмсалған шығын және шығыс бір бірінен
айырмашылықтары жоқ. Бұл ұғымдар барлық
мәтін жұмыстарда кездеседі. Кәсіпорында шығынды
дұрыс есепке алу үшін түрлері бойынша жіктеу қажет.
Шығындар пайда болу көзідері, өнім түріне және
шығын түріне байланысты топтастырылады (кесте 1).
Кесте 1 - Шығындардың
жіктелуі
|
Жіктелу түрі |
Шығын бөлімдері |
|
Өндіріс процесінің экономикалық роліне байланысты |
Негізгі және үстеме |
|
Құрамы бойынша (біркелкілік) |
Бір элементті және комплексті |
|
Өзіндік құнның құрамына байланысты |
Тура және жанама |
|
Өнімді шығару көлеміне байланысты |
Ауыспалы және шартты тұрақты |
|
Пайда болу кезеңі бойынша |
Ағымды және бір уақытылы |
|
Өндіріс процесіне қатысу үлесі бойынша |
Өндірістік және коммерциялық |
|
Тиімділігі бойынша |
Өндірістік және өндірістік емес |
Тасымалдау көлемі мен сапаның жақсы болуы, сонымен
қатар, кәсіпорынның қаржылық тұрақты
болуын өндірістік процесті сауатты басқаруға байланысты.
Сондықтан шаруашылық операция құжаттарында ең
маңыздысы басқарушылық және бухгалтерлік есепті
дұрыс, үздіксіз және бір бірімен байланысты көрсету
керек. Шығындарды есепке алуды дұрыс ұйымдастыру
кәсіпорындағы материалды, еңбек ресурстарды және
қаржы ресурстарды тиімді пайдаланудың нақты бақылауын
және көрсетілген қызметтің нақты өзіндік
құнын есептеуге мүмкіндік береді [4, б.9].
Жолаушыларды тасымалдау жұмыстарын есепке алу келесі құжаттар арқылы
көрсетіледі:
1) жол бетшісінің журнал есебі;
2) жеңіл автокөліктердің жол бетшісі;
3) арнайы арналған автокөліктің жол бетшісі;
4) жеңіл автокөлік таксиінің жол бетшісі;
5) жүк тасымалдау автокөліктің жол бетшісі;
6) автобустың жол бетшісі;
7) жалпы қолдануға арналған автобустың жол бетшісі;
8) көліктік – тауар құжаттамасы.
Шамасы, бірінші топ – тура шығын, ал екінші – жанама шығын.
Тура шығынға жататын жолаушыларды тасымалдау және тасымалдау
қызметтерінің бағасы жатады. Жанама шығын
кәсіпорынның жалпы қызметі мен жүзеге асырылатын
тасымалдау қызметтерінің арасында таратылады [5, б.11].
Өзіндік құнды есепке алудың
нұсқаулығы:
- жолаушыларды тасымалдаумен байланысты шығындар;
- жалпы шаруашылық шығындар.
Тура шығындар туралы ақпараттар «Негізгі өндіріс» 8100
шотта көрсетіледі. Мұнда қосымша субшоттар ашылуы немесе
тасымалдау қызметі, жасалған жұмыс және
тасымалдаудың жеке қызметтері бойынша аналитикалық шот ашылуы
мүмкін.
Шығындарды есепке алу және жолаушыларды тасымалдау
қызметтері туралы 8100 «Негізгі өндіріс» есеп шотында
жүргізіледі. Бұл шот негізгі өндірістегі шығындар
туралы ақпартты жинақтауға, яғни тасымалдау
қызмет өндірісін толық ашуға арналған. 8100 шот
«Негізгі өндіріс» дебет бойынша тасымалдау қызметімен байланысты: ЖММ
шығыны, саймандар, жұмысшыларға еңбекақыларын
төлеудің тура шығындары көрсетіледі, сонымен
қатар, негізгі өндіріске қызмет көрсету мен
басқарумен байланысты жанама шығындар көрсетіледі. 8100 шот
«Негізгі өндіріс» кредитті бойынша тасымалдау қызметі
аяқталғаннан кейін нақты өзіндік
құнның суммасы көрсетіледі. 8100 шоттың
аналитикалық есебі шығынның түріне байланысты
жүргізіледі.
Шығындарды элементтері бойынша есепке алуда және жолаушыларды
тасымалдаудың өзіндік құнын есепке алғанда,
оларды шығындар баптары бойынша топтастыру қажет. Мұндай
баптар тізімдерін кәсіпорын өзі ұйымдастырады (кесте 2). Пайдаланған
шығындарды бухгалтерлік есепке алу үшін ашылған 8100
шотта «Негізгі өндіріс»
қосымша 8100 – 1 субшот «Тасымалдау» ашылады. Көмекші
қызметтің, яғни өндіру, шаруашылық және
қызметтің түріне байланысты қосымша шығындарды
бухгалтерлік есепке алу үшін келесі бухгалтерлік шоттар (субшоттар)
қолданылады:
8400 – 2 «Тиеу – түсіру
жұмыстары»;
8410 – 3 «Көлік – экспедициялық
операциялар».
Кесте 2 - Өнімнің, қызмет көрсету,
жұмыстың өзіндік құн шығындардың негізгі элементтері
|
Кәсіпорын
шығыны |
![]()
![]()
![]()
![]()
|
Элементтер бойынша өзіндік
құнға жататындар |
Аралас
шығындар |
Қаржылық
нәтижеген жататындар («Пайда мен шығын» шоты) |
Таза
пайда есебінде |
|
Материалдық
шығындар. Жалақыны төлеуге
кеткен шығындар. Әлеуметтік аударымдар. Негізгі
қорлардың амортизация сы. Басқада шығындар |
Несие бойынша пайыздар. Іс –
сапарға жұмсалған шығындар. Өкілдік
шығындар. Кадрларды дайындауға
кеткен шығындар. Жарнамаға кеткен
шығындар. Сақтау қорын
ұйымдастыруға кеткен шығын және т.б. |
Ішкі
жағдайларға байланысты
тұрып қалау себебінен жауапты адамның табылмау
нәтижесінде шығынның орнын толтыру. Соттық шығын
және арбитраждық шығын. Салынған немесе мойындалған
айыппұлдар, пени, шаруашылық келісімшартты бұзу салдарынан
төленетін айыппұлдар, сонымен қатар келісімшартты
бұзу салдарынан пайда болған шығынды өтеу. Төтенше жағдайлар
салдарынан пайда болған шығынның орнын толтыру. Өрт болу, авария
және басқада төтенше жағдайлар салдарынан пайда
болған шығынның орнын толтыру. |
«Аралас шығын»
нормасының үстіне қосылған төлемдер. Төлеу мерзімі өткен
қарыздардың пайыздардың төлемдері. Мәдени объектілерді
қамтамасыз етуге жұмсалған төлемдер. Әлеуметтік көмек,
сыйақы, қосымша демалысақылары, зейнетақыға
қосымша қосылатын төлемдер. |
Жанама шығынды белгілі бір қызмет түрінің
өзіндік құнына қосуға болмайды, сондықтан
олар жанама жолмен таратылады, яғни кәсіпорын тандаған
әдіске пропорционалды. Мысалы, пропорционалды тура шығындар
қызметтің өзіндік құнынан немесе шығындарды
есепке алу объектілеріне сәйкес жұмысшыларға төленетін жалақы суммасы немесе басқа
тәсілдер, яғни
кәсіпорынның есеп саясатында белгіленіп қойылған
әдісі арқылы құрылады [6, б.27].
Өзіндік құнды жіктеу бойынша жалпы шаруашылық
(үстеме) шығындар бөлінеді:
- персоналды басқаруға – ұйымдастыруға кеткен
шығындар;
- жалпы өндірістік шығындар;
- алымдар мен шегерімдер;
- өндірістік емес шығындар.
Жанама шығынның келесі түрін – тасымалдау
құнына есепке алынған өндірістік емес шығындарды
есепке алғанда реттеледі деп ойлауға болмайды. Оларға
жұмысшылардың күші, яғни жанармайсыз істейтін
жұмысқа төленетін төлемдер, жасалынуға келмейтін
саймандарды жаңаға ауыстыруға кеткен шығын, норма
бойынша шығынға жатқызылған материалдық
құндылықтардың нормадан тым көп болуы,
жұмысшы жарақат алуына байланысты төленетін төлемдер
және т.б. шығындар жатады [7, б.14].
Автомобильдік көлік тәжірибелерінде өзіндік
құнды анықтауда ауыспалы және тұрақты
шығындар қолданылады. Ауыспалы шығындарға
көліктің жалпы жүрген жолының өзгерісі жатады.
Оларға жанармайға, майлау материалдарына, техникалық
қызметтерге және көлік жөңдеуіне кеткен
шығындар мен амортизациялық шегерімдер жатады. Ауыспалы
шығындарға
көліктің жүру жолына тәуелді емес кейбір
шығын түрлеріде жатады, мысалы, гараж ішіндегі жанармайға
кеткен шығын, күнделікті қызмет көрсетулер, сүрту
материалдары, көлікті жөңдеуге кеткен шығын
бөлігі (мысалы, бояуға кеткен шығын) жатады.
Тұрақты
шығындарға көліктің жалпы жүрген жолына кеткен
шығындар жатпайды. Оларға 1 көліктің күніне
жұмыс істегені жоспарланады. Яғни, оларға үстеме
шығындар мен жүргізушілерге төленетін жалақылары
жатады.
Нақты өзіндік құн жыл соңында
анықталады. Ол үшін нақты шығынның жалпы
суммасынан майдың және басқада қайтарылатын
материалдың бағалары шегеріліп, автопарктың жұмыс
істеген километр санына бөлінеді.
«Өндірістік емес
шығынның» атауы өзі айтып тұрғандай
өндірістік шығындар шотында шығындарды есепке алғанда
методологиялық қателері болады. Сондықтан шығындарды
есепке алу үшін 7400 шот емес, 7470
шот қолданылады, өйткені шығындар бойынша ақпараттарды
өндірістік процеске қатысуы бойынша жалпы түрінде емес, жеке
жеке ақпараттар берілуі керек. Шығындарды тиімді
басқарудың зерттеу процесінде шығындарды есепке алу тізімі
құрастырылды. Жыл ішінде жұмыс істелінген автотранспорт қызметінің
өзіндік құны және жоспарланған жолаушыларды
тасымалдау саны мен километрдің нақты өзіндік
құны есептелгеннен кейін
шығындар баптарында нақты
есепке алынады.
Жолаушыларды тасымалдау түріне байланысты жалпы шығындар көлемін тура және оларға
қатысты жанама шығындардың қосындысы арқылы
анықталады. Көрсетілетін әрбір қызмет
түрінің қаржы нәтижелерін талдау арқылы
қандай пайда алғанын және тасымалдау қызметінің
қай түрін жүзеге асыруға болатынын
анықтауға болады. Сонымен қатар, жолаушыларды
тасымалдау қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындарының
есеп саясатында қабылданған барлық есепке алу
және шығындарды тарату әдістері бір жыл ішінде
өзгеріссіз қалады [8, б. 141].
Тасымалдау қызметінің өзіндік құнын
анықтауда шығын құрамы мен объектілердің
жіктелуіне мән берумен қатар, оларды есепке алу жолдарына
көңіл бөлу керек. Мұндай жағдайда – пайда мен
шығынды есепке алу құжаттардың нұсқаулықтары
қолданылады.
Алғашқы есепке алуды
ұйымдастыру. Алғашқы есепке алу өз уақытында
толық жеткілікті және сенімді ақпарат алуда маңызды
рөлді атқарады. Алғашқы есепке алу дұрыс есепке
алынса, бухгалтерлік есеп баптарының ары қарай дұрыс болуына
ықпалын тигізеді.
Жолаушыларды тасымалдау
қызметінің жұмыстарын есепке алудың негізгі
құжаттардың бірі жол бетшісі (путевой лист) болып саналады.
Кәсіпорындарда жол бетшісінің формасына қарай
қолданылады [9, б.18].
Кәсіпорындар жиі
қолданылатын сайман бөлшектерінің қорларын және
өздерінің қоймаларындағы материалдар көлемін
қысқарту мақсатында, қажетті материалдар мен
жөңдеуге қажетті саймандарды сатып алуға тырысады.
Бухгалтерлік есептің шоттар жоспарына сәйкес бөлшектер мен
материалдар қорлары 1310 шотта жүргізіледі. Қоймадағы
материалдар қорлары әр номенклатуралық нөмерге ашылатын
қоймадағы карточка арқылы есепке алынады. Карточкалық
жазбаларда, яғни материалдардың келіп түсуі, шығуы
бірінші құжат негізінде жүргізіледі (лимиттік картасы, тауар
құжаттамасы, міндетті құжаттар).
Көп жағдайларда
кәсіпорында бухгалтерлік есепте мемориалды – ордерлік формасы
қолданылады. Алғашқы құжаттарға: жол
бетшісі, тауар – көліктік құжаттар, лимиттік карта және
басқада сәйкес құжаттар, журналға тіркеледі,
содан кейін мемориальді ордерде есепке алынды. Жалпы нәтиже Бас
кітапқа жазылады. Бас кітап мемориалды ордерде, шоттардағы
жазуларды және есеп беру балансындағы жалпы мәліметтерді
көрсетуге арналған. Ол бір жылға ашылады.
Жолаушыларды тасымалдау қызмет
нәтижесіндегі шығындарын талдау нәтижелері және есепке
алу кезінде, негізгі жоспарлы – есепке алу құжаттарына: негізгі
құралдарды қабылдау мен есептен шығару актісі,
автотранспорттық көліктерді жөңдеу саймандары туралы
актісі, негізгі құралдардың істен шығу туралы актісі,
жолаушыларды тасымалдау көліктердің жол бетшісі, жол
бетшісінің қозғалысын есепке алатын журнал, жалпы ведомость,
дербес шоттар (өндірістік есеп беру), журнал – ордер № 10, Бас кітап.
Жолаушыларды тасымалдау қызмет нәтижесіндегі шығындарды
дұрыс есепке алу және оларды құжаттарда дұрыс
көрсету кәсіпорын үшін келенсіз жағдайлардан,
салық органымен болатын кейбір жағдайларда шешім табуға
оңай және табысқа салынатын салық туралы
сұраққа жауап табуға мүмкіндік береді.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Абрютина М.С., Грачев А.В. Анализ
финансово-хозяйственной деятельности предприятия. – М.: Дело и Сервис, 2007. –
272 с.
2. Аверчев И. В. – М.: Изд-во Эксмо, 2008. – 256 с.
3. Астахов В.П. Бухгалтерский (финансовый) учет. – М.: МЦФЭР,
2007. – 1070 с.
4. Балабанов И.Т. Фин. анализ и
планирование хозяйственного объекта. – М. : Финансы и статистика, 2008 – 275 с.
5. Барышников Н.П. Организация и методика
проведения общего аудита. М.: Информационно-издательский дом «ФИЛИНЪ», 2007. –
255 с.
6. Богатая, И.Н. Аудит. – Ростов н/Д:
Феникс, 2008. – 538 с.
7. Вахрушина М.А. Бухгалтерский
управленческий учет. – М.: ЗАО «Финстатинформ», 2007. – 533 с.
8. Герасименко Г.П. Финансовый анализ. – М.: ФБК-ПРЕСС, 2007. – 224 с.
9. Глушков И.Е. Бухгалтерский учет на
современном предприятии. – М.: Изд-во «Кнорус», 2006. – 659 с.