Магистрант
Ысқақов Р.С.
ҚР
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы,
Басқару институты,
Астана, Қазақстан
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ
НОРМАШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Адам қоғамы мыңдаған жыл
өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы
болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық
тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін,
тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келеді. Тарихқа көз жүгіртетін
болсақ, кезіндегі қоғам мен оның әрбір
қатысушысы немесе мемлекет пен адам арасындағы реттеушілік
қатынастарда аса маңызы болмаған қатынастар
қазіргі уақытта экономикалық, әлеуметтік және
саяси даму тенденцияларының әсерінен барлық
қатынастарды мемлекеттік аппарат арқылы
құқықтық реттеу өзекті және негізгі
мәселе.
Мемлекеттік
басқару – даму цивилизациясының саяси ұйымдастырылған
әлеуметтік феномені. Өз кезегінде, ХХ ғасыр бойында
өндірістік даму кезеңінен өте келе мемлекет тарапынан тиісті
реттеуді талап еткен нарықтық экономиканың өнімі
ретінде қалыптасқан мемлекеттік басқару институты
әрқашан өндірістік қоғамның дамуымен
тығыз байланыста болды.
Әдетте
«мемлекеттік басқару» ұғымын қоғамдық
қатынастарды мемлекеттік реттеу және ұйымдастырудың
ғылыми пәні немесе тәжірибелік саласы деп
қарастырсақ та, бұл мемлекеттік әсер етуді екі
деңгейге бөлуге болады: саяси басқару (неге және не
істеу қажет) және мемлекеттік басқару (ненің
көмегімен және қалай істеу қажет). Осылайша мемлекеттік
басқаруға бір сөзбен халықтың билігін
жүзеге асыруға бағытталған, қоғамдағы
әртүрлі қажеттіліктерді, талаптарды және сан алуан
іс-әрекеттерді ұйымдастыру, реттеу барысындағы оның
ерекше әлеуметтік қызметінен (функциясынан) туындайтын
мемлекеттің сот, атқарушы және заң шығарушы
билігін іске асыру жүзеге асырылатын әлеуметтік құбылыс
деуге болады.
Мемлекеттік басқару – мемлекеттің
(мемлекеттік аппаратты пайдалана отырып) қоғамдық
қатынастарды реттеуге, жақсартуға мақсатты
бағытталған әлеуметтік құбылыс [1, 5 б].
Мемлекеттік басқарудың сипаты әр елде
нақты тарихи уакыттағы дамуы мен конституциялық негіздерімен
айқындалады. Мемлекеттік басқару барлық билік
тармақтарын пайдалана отырып
мемлекеттік биліктің жүзеге асырылуымен және
оның барлық қоғамға тарауымен түсіндіріледі.
Мемлекеттік билікпен бекітілетін заңдар,
басқа да ережелер, нормалар, жалпыға міндетті
басқарушылық шешімдер мемлекеттің «күшімен» (авторитет)
қамтамасыз етіліп отырады. Мемлекеттік басқару процесі қоғамдық билік
субъектілерінің құқықтық нормалармен
реттелген мемлекеттік–биліктік құзыретті іске асыруымен
байланысқан ерікті және мақсатты іс-әрекет деуге
болады. Мемлекеттік басқару процесі қабылданған заңдар
мен саясаттың орындалуына бағытталған және бірінші
кезекте қажетті мемлекеттік бағдарламаларды қабыдау мен
оларды іске асыруға бағытталады. Мысалға, Қаржы
министрлігі парламент бекіткен бюджетке сәйкес қажетті трансферттер
мен қаржыларды тиісті мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы
мен қамтамасыз етуіне бөледі.
М.И. Абдуллаев норманы –
бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже десек, құқықтың жалпы әлеуметтік табиғаты әрине –
тарихи, адамның тума және ажырамас
құқықтарымен сабақтас ретінде қарастырады.
Бұл адамның құқықтары мен
бостандықтары құқықтың әлеуметтік
құндылық ретіндегі мәнін айқындайды. Сонымен
қатар, «норма» сөзі «нормашығармашылық»
терминінің құрамдас бөлігі бола тұра, бөл
қызметтің мақсатын айқындайды. Сондай-ақ, ол
«құқық – өркениеттің дамуымен
бағытталатын бостандықтың салыстырмалы бірдей көлемі
(масштабы), құқық субъективтік және объективтік
болса, қазіргі заманғы объективтік құқық
мемлекеттің (оның органдарының) нормашығармашылық
қызметінің негізінде құрылады» деген
көзқарасты ұстанады [2, 101 б]. Мемлекеттік басқарудағы
құқықтық реттеудің мәні мен
оның элементтерін ашу ең алдымен пәні мен мазмұнына
байланысынан тыс «құқықтық реттеу»
түсінігін жалпы түсінуге әкеледі. Әдетте реттеуде
«құқықтық», «заңнамалық»,
«нормативтік» және «заңдылық» түсініктері синоним
ретінде қолданылса да, бұл ретте,
құқықтық реттеу процесінің бірқатар
теориялық және практикалық аспектілеріне тоқтау
қажет. Өйткені қандай да бір қатынастар бойынша
құқықтық реттеуге арналған нормативтік
құқықтық актілердің көп болуы тиісті
немесе қажетті реттеу болып есептелмейді,
құқықтық реттеу белгілі бір бағытта белгілі
бір шешуді қажет ететін қоғамдық қатынастар,
өзара байланыстар туындаған кезде бастама алатын процесс және
ол әлеуметтік, нормативтік және практикалық
аспектілердің біртұтастығын қамтиды [3, 283 б].
Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудағы
құқықтық реттеудің мәнін және
рөлін мемлекеттік басқару процесінің мәнін ашумен
тікелей байланыстыруға болады. Себебі, мемлекеттік басқару процесін
- мемлекеттік билік субъектілерінің мемлекеттік-басқарушылық
құзіреттілігін іске асырумен байланысты мақсатты, саналы
және заңдық нормалармен регламенттелген іс-әрекеті
және бұл процесс ең алдымен мемлекеттің
қойған мақсаттары, оның халқының
мүдделерін қорғауға бағытталады [4, 40 б.].
Осылайша, құқықтық реттеу –
мемлекеттің қоғамдық қатынастарға заң
нормалары арқылы әсер ету процесі немесе нормативтік актілер
арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын,
орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру және ол
мемлекеттік басқарудың
әкімшіліқ-құқықтық әдісіне, ал
оның ішінде нормашығармашылық және
құқыққолданушылық қызметтеріне
негізделеді. Жалпы нормашығармашылық сөзі «норма» және
«шығармашылық» сөздерінен (ұғымдарынан)
тұрады. Біріншісі болмысына сәйкес нормашығармашылық
қызметінің бағытын (мақсатын) айқындайды. Осы
ретте, нормашығармашылықтың басқа қызметтерден
(актілерді жариялау, құқыққолдану,
ұйымдастырушылық қызмет және т.б.) айымашылығын
масатынан байқауға болады және бұндай нормаларды
жаратуға бағытталған бұндай қызмет
«құқыққа» әлеуметтік реттеуші ретінде «өмір»
береді және оны құқықтың түрлі
қайнар көздері ретінде ресімдейді.
Кейбір
авторлар нормашығармашылықты мемлекеттің белгісі немесе
фунциясы ретінде де қарастырады, себебі, барлық саяси
ұйымдардың ішінде мемлекет қана
нормашығармашылықты пайдалана отырып өзінің мемлекеттік
органдары арқылы мемлекеттің барлық аумағына тарайтын
бұйыру құбылысын жүргізеді.
Нормашығармашылықтың негізгі принциптері ретінде кейбір
еңбектерде гуманизм принципі қарастырылады.
Нормашығармашылықтағы гуманизм заңдар мен
заңға тәуәлді актілердің бостандық
және теңдік принципін сақтай отырып, қабылданған
актілерден көрініс алады.
Мемлекеттің нормашығармашылық
қызметі – ұлттық басымдылықтар, бағыттар мен
стратегияларды қалыптастыру және ұйымдастыру, оларды
құқықтық формаға (заңдар,
бағдарламалар, жобалар және т.б. түрінде) негіздеу.
Оның негізгі мақсаты – жүріс тұрыс ережелерінің
моделін құқықтық нормаларда бекіту.
Нормашығармашылық қызметтің басты субъектісі –
нормашығармашылық қызметін жүзеге асыратын барлық
деңгейдегі мемлекеттік органдар. Мемлекеттің
құқыққолданушылық қызметі бұл –
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тиісті саясат
пен мемлекеттің қоғамды басқару
іс-әрекетінің құқықтық
нысандағы түрі және бұл ретте,
құқықтық (нормалар, НҚА) құралдардың
қолданылуы.
Мемлекеттің бұл қызметінің
негізгі мақсаты – азаматтарды құқықтары мен
бостандықтарын, заңдылық пен қоғамдық
тәртіпті қамтамасыз ету. Осылайша, номашығармашылық
процестің барлық кезеңдегі негізгі екі аспектісіне
тоқтауға болады: қоғамдық жүріс-тұрыс
ережелерінің әлеуметтік ережелерін қалыптастыру және
одан әрі жетілдіру; мемлекеттік авторитеттің өсуі және
құқықтық дамуы нәтижесі ретінде мемлекеттік
құқықтық норма құраудың
қалыптасуы. Сонымен, нормашығармашылық – бұл
әлеуметтік-құқықтық негіздер мен
құндылықтарды қоғамда және мемлекетте
оларды кейіннен мемлекеттің заң актілерінде санкциялау арқылы
әзірлеу, қабылдау және бекіту процесі. Ю.Г. Арзамасов
нормашығармашылықты немесе нормашығармашылық
қызметті ең алдымен мемлекеттік қызметтің
құқық нормасын құру, қалыптастыру,
толықтыру және күшін жоюға бағытталған
ерекше түрі және оның негізгі функциясы нормативтік актілерді
құру (қалыптастыру), күшін жою, өзгерістер мен
толықтырулар енгізу деген сияқты басқа функциялары
қосымша сипатта келеді деп келтіреді. Осыдан,
нормашығармашылық – мемлекеттің, мемлекеттік
органдардың, лауазымды тұлғалардың нормативтік
актілерді қабылдау арқылы қоғамдық
қатынастарды реттеуге, жақсартуға бағытталған
ресми рәсімделген іс-әрекеті ретінде қарастырылады.
Сондықтан, мемлекттік басқарудағы нормашығарма-шылықты
үздіксіз және тұрақты негізде жетілдіру
қажеттілігі туындайды.
Әдебиеттер:
1 Глазунова Н.И., Государственное
управление: Учебник для вузов, - М.: Муниципальный центр, 2004. - С.5.
2 Абдуллаев М.И., Теория государства и
права. - М., 2004. – 410 с.
3 Атаманчук Г.В., Теория
государственного управления. Курс лекций. - М.:
Омега, 2005. - 580с.
4 Козбаненко В.А., Государственное управление: основы теории и организации. - М.: Статус, 2002. - 366 с.
Резюме
В статье рассматриваются теоретические основы
нормотворчества, а также раскрывается роль нормотворчества как средство
правового регулирования в государственном управлении.
Resume
Article shows theoretical basis of rule-making, as well as a rule-making role as legal regulation in public administration.