сыр сүлейлері шығармаларындағы имандылық иірімдері

 

Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ докторанты

қазақстан республикасы

 

         ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында жалпы адамзат қоғамында ғылым мен техникада индустриялды-иновациялық жағының басымдығымен көрінеді. Кейбір қоғамдарда білім берудің гуманитарлық саласы мүлде ақсап тұрған жайы бар екені мәлім. Дей тұрғанмен адамзат баласы өзінің рухани қасиеттермен сусындауын тоқтатпақ емес. Әр халық өз әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымы мен салт–дәстүрінен  еркін өрістей алатын күнге жеттік. 

         Бейбіт те бақуат күн кешіп отырып, елімізде   адам мәселесі    бірінші орынға  қойылып  және де  сол адам  мемлекетіміздің  басты байлығы болып тұрған кезде, адамды ең жоғары  байлық  ретінде  бағалайтын және оның  болашағына  аса мән берілетін, тарихы  рухани бай  қағамда  өмір сүріп отырып  оның  педагогиқалық  психологилық  жағынан  қалай жетіліп  жатқанына  мән  беріп оның қырларын зерттеп, зерделеп, келешек ұрпақтарға жеткізу біздің тікелей міндетіміз. Халқымыздың  тұлға мәселесіне қалай мән бергенін өз  шамамыз келгенше  сараптамай  сараламай   өте алмадық.

         Адамзат пайда болғалы бері, сан мыңдаған жылдар бойы адам баласын      тәрбиелеу  үйрету дағдыландыру алғашқы кезекке  қойылып келе жатқан  мәселелер.  Соның  ішінде кімді тәрбиелеу, кімді үйрету  деген сұрақтарда   заманамен қатар келеді.

         Адам  жарық дүние есігін  ашқан шақта  кім болады, өскесін кім  болады  және өмірде кім болып өтеді. Осы өмірде кім болып өтудің   мағнасы барма? Болса  қандай?

         Тұлға дегеніміз кім? Оны қалай қалыптастыруға болады, және  оған  қандай факторлар  әсер етеді. Деген сұрақтарға  шама шарқымыз келгенше  ізденіп  ойымызды білдіруге  және  ғылыми, педагогикалық  психологиялық  жағынан  ұсыныс жасауға осы     еңбегіміз арқылы  тырсып бақтық. 

         Жалпы жеке тұлға туралы  түсінік бере кетсек. Тұлға  дегеніміз  не, оның  адам  деген   ұғымнан   айырмашылығы     қандай?   Оның   дамуы  қалай өтеді?  Тұлғаның  дамуына  қандай күштер  әсер  етеді? Тұлғаның прогрессивті немес регрессивті қалыпта болуына қандай қоғамдық факторлар әсер етеді? Осы және басқа да сұрақтарға жауап табу барысында қазақ  ғүламаларының еңбектері мен даналық сөздеріне  сүйенбей кетуіміз қателік болатын  шығар. Өйткені  қазақты, қазақтан  артық  білетін ешкім жоқ сірә. «Адам баласының дамуы бір-бірімен өзара байланысты екі жағдайда-биологиялық және әлеуметтік салада жүзеге асады.

         Бала жарық дүнйеге келгенде биологиялық  тұрғыдан тірі жан иесі, яғни адам туды дейді. Бірақта ол «тұлға» деп аталмайды». Оған Абай Құнанбайұлының  «Адам  ата- анадан туғанда есті болмайды: естіп,   көріп, ұстап, татып,  ескерсе, дүниедегі  жақсы, жаманды таниды -  дағы, сондайдан  білгені, көргені көп болған адам  білімді болады.   Естілердің айтқан сөздерін  ескеріп жүрген кісі  өзі де есті болады.   Әр бір естілік  жеке өзі іске жарамайды.  Сол естілерден естіп білген  жақсы  нәрселерін  ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды,  соны адам десе  болады » [1.49-бет] деген сөзін ескерсек. Адам  тұлға  болып  қалыптасу  үшін,  туғанынан   көп  білген  көп көрген   жақсы  жаманды  таныған   білімді  болып  және  үлкендерден  тәрбие  алып, ақыл   кеңесін   тындап   соның өмірлік тажірбиесінде   іске асыра   алған   адам  ғана  тұлғалық сипатқа   ие болатынын  меңзейтін   сияқты.

         Абай   атамыздың   осындай    ойларын  Мағжан   Жумабаевтың  тәрбие  туралы айтқан  мына бір мазмұндағы пікірімен, ойымен: «Жер жүзіндегі  басқа жан  иелерімен  салыстырғанда  адам   баласы  туылғанда өте әлсіз, зағип,  осал  болып  туылады.  Адам   баласы  туылғанда  іңгәлаған айқайы мол  бір кесек  ет,   ақыл есі  жоқ, денесі  тым  әлсіз,  өсуі, ұлгаюы  тым  сараң, тым   шабан келеді.                                                                                                                              

Адам баласы   осылай өте әлсіз болып туып, аса  сараң  өсетіндіктен,  оның денесіне,  жанына   азық беріп, өсуіне  көмек  көрсетпей яғни   тәрбия   қылмай  болмайды», [2.6-бет]   деген   ойымен   сәйкесетінін   байқаймыз.   Демек тұлға болып  қалыптасу  үшін   жалпы  тәлім   тәрбиенің, ғылым  білімнің   атқаратын   ролінің   өте зор екендігі байқалады.  Сонымен  қатар    тұлғаның    қалыптасуында   тектік,  тума       қасиеттердің   де   орын   алатындығын  мынадай   қазақ   мақалдарынан   байқауға  болады.   Мысалы :

                        «Жаманнан   жақсы   туса   кемі  болмас,  

                          Жақсыдан    жаман   туса    емі  болмас. »

  Және   тәлім  тәрбие  көргеннен   де,  тұлғалық   қасиеттерін   қалыптасатынын   мынадай    қазақ   мақалынан   байқай аламыз :     

                         «Ата   көрген   оқ  жонар

                           Шеше  көрген   тон   пішер »

Демек дұрыс тәрбие берудің де баланың жетілуіндеегі алатын орны зор екендігін байқаймыз.  

         Жеке   тұлганың    қалыптастырудың  мақсат міндеттеріне  келетін  болсақ   оның   маңызы  өте  зор.   Қазақ   баласын   жас   кезінен   бастап  тұлға   болып   қалыптасуға   тәрбиелейді. Оны   бала    тәрбиесіне  бейім   өлең, жаңылтпаш,  мақал -  мәтел, ертегілер   арқылы   жеткізіп   отырғанын   көре   аламыз. Сонымен    қатар    оның   әлеуметтік   жағынан да    қарастырылып    қамтылғаны   да   мынадай   халық    мәтелдерінен   байқалады:

                         « Тең  - теңімен,  тезек   қабымен »,

 сонымен қатар әлеуметтік жағдайлардың әр қыйлы болуына байланысты,ойын баласының жалпы көңіл күйіне де байланысты мақалдар кездеседі:       

                        «Аш   бала,   тоқ   баламен    ойнамайды,

                          Тоқ    бала   аш   болам  деп   ойламайды ».

Дәл   осындай    тұлғаның   әлеуметтік   экономикалық    және    рухани  жағынан    тәрбиелейтін    мынадай    қазақ   ертегісін    мысалға    келтірейік:  

          Асан  мен  Усен. Асан   бай  баласы,   Усен   жарлы  баласы. Бұл  ертегіде    заман   ауысып   қиыншылық   басқа  түскен   кезде,   өмірден   алынған    тәжірбиенің, тәрбиенің     ақыл  білімнің   төзімділіктің    практикада   қолдану  арқылы   үлкен   жетістіктерге   жетуге   болатындығын    ертегі   кейіпкері     Усен   арқылы     айшықтап    дәлелдейді.  Сөйтіп   ақыл  білім,  өмірлік   тажірбие   арқылы   да   тұлғалық  қасиеттерді   сақтап қалуға  болатындығын    көрсетеді. Ата- ананың   тәрбиесінен   бөлек,  мектептерде де   баланың    тұлғалық   қасиеттерін    қалыптастыру   мақсатында    көптеген   педагогикалық  психологиялық   бағдарламалар   арқылы    іс  шаралар   ұйымдастырылып  жатады.  Мысалға алатын болсақ:  «Оқушылар   мен кім болам »  -  деген   тақырыпта   шығармалар  жазады.   Осындай   іс  шаралар    егеменді  еліміздің    айқын  болашағына    тіреу   болатын    тұлғаларды    қалыптастыруға    оң   әсерін   тигізеді  деп   айта   аламыз.       

                   «Жеке тұлғаның   дара ерекшеліктері    оның жас     ерекшеліктерімен   тығыз байланыста болады.  Жеке   тұлғаның   жас ерекшеліктері деп   белгілі бір   адамға тән   оның   мінез құлқындағы, ақыл ойындағы,    қабілетіндегі,   тагы басқа   басты   қасиеттерін    басқа  адамдардан   елеулі  айырмашылығын айтуға болады.  

                   Оқыту   мен  тәрбие  жұмыстарының   мақсатын,  мазмұнын жүзеге асыруды    қолданылатын формалармен   әдістерді таң дау,  көптеген   жағдайда   оқушылардың   жас және дара ерекшеліктеріне   байланысты өзгеріп отырады.  Сондықтан да   мұғалімнің   педагогикалық   әрекетін   нәтижелі   ұйымдастыру   шарттарының   бірі   -  балалардың   жас және  дара ерекшеліктерінің    даму заңдылықтарын  жете меңгеру  »[3.32-33-бет]

         Адамның   даму    заңдылықтарын   және  дара ерекшеліктерін   жете  меңгерген    халқымыздың   дара ұлдарының  бірі   Тлеуке   Күлекеұлының  жігіттік қасиеттерге берілген   мынадай  жыр   шумақтары бар:

                     «Бір   жігіт бар  - құр   жан ,

                       Бір   жігіт   бар  - тірі  жан .

                       Бір    жігіт  бар  -   жігіт  жан »[4.124-бет]     

Бұл   айтылған   өлең   шумақтар,  жоғарыда   келтірілген     адамның   даму   заңдылықтарымен   тұлғалық   ерекшеліктерімен  қасиеттерін   сипаттап  көрсетіп   тұр.  Тлеуке  Кулекеүлы    бұл   қасиеттерді   былай   деп   сипаттап   береді  :

 «Құржан  дейтін  жігіт   - кеудесінде  жаны бар,   еш  нәрсені   бітірмейді.

Тірі   жан  дейтін  -   бар  тапқанын  киім    мен   асқа  сатар,   жақын   көрген  досын             жатқа  сатар,  қызыл   белбеу,  шоңқима   етік,  үкі  тағып,  әркімді  бір   сықақ  қылар; 

         Жігіт жан  дейтін  жігіт   -  сегіз қырлы,   бір   сырлы   болар.

Жоғарыда келтірілген деректерден бөлек арнайы метебі қалыптасқан, дала философтары, дала педагогтары атанған  «Сыр сүлейлерінің»  де еңбектеріндегі адамның тұлға болып кемелденуіне мейлінше үлес қосатын қанатты сөздерін келтірсек исі қазаққа аты мәшкүр болған  дана дар деуге лайық,  шашының ұшынан башпайларына дейін халқының адал бола білген перзенті  ақын, жыршы, дін мен ділдің және этнопедагогиканың  білгірі,  кәсіби аудармашы, қазақтың жазба мәдениетіне айрықша үлес қосқан, алты алашқа аты мәлім болған бабамыз Тұрмағанбет Ізтілеуов атамыздың еңбектерінен де бір-екі ауыз мысалдарын келтірсек:  «Ер азамат белгісі -әрі мырза, әрі құл».[ 5.320-бет ] Тұрмағанбет Ізтілеуов атамыздың да Азаматта жомарттық пен имандылық деген қасиеттің қатар болуының маңызды екенін көрсетеді. «Ер жігіттің қадірін,жақыны білмес жат білер». «Жақсының аты шығады, жаманның үні шығады» деп келетін қанатты сөздерінен ер азаматтың мен-меншіл болуынан тыйып істеген жақсылығын жария қылмай момын болып жүруге шақырып тұр. Қандай жағдай болса да халқыңа жақын болуды меңзейді.Бұл мәселелер Қарасақал Ерімбет сүлейдің шығармаларында былай өрнектеледі:

                      « Қарсы жүр жанған отқа, қалма жолдан!

                             Бай- қайқы, молла –ғазим, сопы- ғафис,

                             Алладан бәй әмірсіз болмайды іс еш.

                             Тағдырда жазулы істің жоқ жазымы,

                             Көз жұмып тәуекелге, дарияны кеш !»  [8.70-б].

 Дана халқымызда бабаларымыздан  мынадай керемет аталы сөздер бар

«Тәуекел деген жел қайық, мінерсің де жетерсің .Уайым деген тұңғұйық, батарсың да кетерсің». Өсйеті де ,өнегесі де мол осы сөздермен  Қарасақал Ерімбет атамыздың «Көз жұмып тәуекелге, дарияны кеш» атты өлеңі жапсарласатын секілді.Менің ойымша Қарасақал Ерімбет аскеттік сипаттағы ақындардан көші ілгері.

Тұрмағанбет атамыз әйелдердің де тәлім-тәрбиесіне жете көңіл бөлген. Әйелге байланысты қанатты сөздері:

              «Еркек дауысты әйелде ұят жоқ,

                Әйел дауысты еркекте қайрат жоқ». Жалпы қазақ қоғамындағы «Қызға қырық үйден тиымының бірі болса керек. «Бой жеткен қыз күйеуден қорықпайды», «Ердің атын әйел шығарады,әйелдің атын отын шығарады» деп ерте тұрған әйелдің бір ісі артық екенін басқаша жеткізуге тырысқан сияқты. «Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ақындық қызметі ерте басталған, баспа жүзінде болмағанмен шығармалары қазақ арасына қолжазба түрінде тараған, сөйтіп қазақ әдебиетінің асау арнасына жаңа нәрлі бұлақ көзі қосылған.     Т.Ізтілеуов  творчествосы қазақтың өзі тұтас ақындарынан өзгеше боп қалыптасқан. Біздіңше, оның импровизация өз алдына, ақын- жыраулығы (шайыр) шығыс әдебиетінен алған әсері, өз алдына сөз етуге тұрарлық мол дүние.

         Импровизациясы жөнінде оның бастау бұлағын қазақтың жырау-ақындар поэзиясынан алса, жазба түріндегі туындылары қазақ, өзбек, шығыс  классикасымен суғарылған. Сондай-ақ Батыс, орыс әдебиетінен де хабарсыз емес. Творчествосынан кейінгі кезеңінде орыс, батыс классиктері еңбектерімен де шұғылданғаны байқалады.

         Тұрмағамбет – Абай Құнанбаев дәстүрін  мықтап дамытушылардың бірі. Ақын өзінің  1910 жылы жазған  « Абайды оқығанда » деген өлеңінде Абайға үн қосып, өнердің мәңгі жасайтынын Абайша түсінген, соған жауап  қатқандай.

                                 Артыңда атақты ердің қалса сөзі, 

                                 «Өлді » деп өкінбеймін оның өзі.

                                  Қисынсыз кедергінің керегі не,

                                «Базарлап » болғаннан соң қайтар кезі,- дес ,

А. Құнанбаев ;

                                «Өлді деуге сия ма, ойландаршы,

                                  Өлмейтұғын артыңда із қалдырған », -дейді .

         Бұл жолдардан Тұрмағамбеттің өлең өнеріне, Абай  поэзиясына қалаай қарағанын байқау  қиын емес. Сондықтан, ақын – жырау творчествосы кездейсоқ  құбылыс емес. Ең алдымен  ол өз топырағынан нәр алып тамыр тартқан, халық  творчествосымен  ақын, жырау, кдассик  жазушылары  (Абай т. б )  оған үлгі болған. Халық ақын- жыраулардың дәстүрлі түрлерін пайдаланып, оны  дамытқан .

         Шығармаларынан ақынның  өзіндік беті, стилі айқын көрінеді. Оны тұтас ақындарының ешқайсымен шатастыра алмайсыз. Өзінің Тұрмағамбет екенін бірден танытып, мен мұңдалап тұр. Ақынның поэзиясы халықтың ниеттегі, шыншыл сыршыл туындылар. Оның тұла бойы түгел адамгершіл ақ ниеттерге толы. Әділет, ар–ұят, иман – моралистік пікірлері қазіргі заман тілегіне үндес. Тұрмағамбет  Ізтілеуов – ХХ ғасырдағы  қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар, ерекшелігі бар ақын. Шығармаларының қамтитын мәселесі де кең. Ол өзінің ақындығын үгіт, насиқатқа құралған арнау өлеңдерден бастап, ағартушылық бағытқа келді, сонымен қатар кеңес заманының жаңа тұрмысын жырлаған шығармалары арқылы қазақ әдебиетіне үлесін қосқан. Сондықтан ақын –жыраудың творчествасын зерттеудің мәні зор. Тұрмағамбет Ізтілеуов твочествосы – кең раналы бай творчество. Оның осы күнге дейін  түгел жиналып, зерттеліп тиісті бағасын алған жоқ .»   [6. 10-11б]. 

Сонымен қатар ермен әйелге бірдей қатыстырып айтылатын да қанатты сөздерін көрсетуге болады:

         «Күліп сөйлеген ерден без,

         Жылап сөйлеген әйелден без». Сабырсыз әйелдің сөзінен безіп, жылтыңбай жеңіл мінезді еркектің сөзінен ер мінезді адамның қасиеттері аздау болатынын меңзейді..

         Осындай өлең шумақтарынан халқымыздың педагогикалық, психологиялық    тәжірбиеге  өте  бай екендігін  көреміз. Жеке   тұлғаны  қалыптастыруда халқымыздың    жасампаздығы одан  әрі  қарай  өрши түседі  деген оймен  қортынды  жасағымыз   келеді .                                                         

                        

 

 

               

                                               Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1.  А. Құнанбаев    Қара  сөздер    2007  ж

  2.  М. Жұмабаев   Педагогика   .

  3.  С. Ш. Әбенбаева   А .М  Құдиярова   Ж.Ә . Әбиев  Педагогика  2003 ж.

  4.  Бес ғасыр жырлайды   1-том 

  5.  Т.  Ізтілеуов  Шығармалары. 2-том Алматы. Жазушы 2007 ж.

  6.  Ұ.Жанбершиева Тал жібектей таза сөдің тарланы. Қызылорда. Тұмар. 2006-ж.