Аға оқытушы - Байзахова С.Ш.

ЕП-09-10к тобының студенті - Тұратаева А.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жалпы білім беретін орта мектептерде Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жолдары

 

Дүниежүзінде бәсекеге қабілетті ел болу үшін, бәсекелестік деңгейінде өнімдер өндіруге, бар байлықтың барған сайын құнды болуы, жаһандану үдерісінің талаптарына сай болуға шақырады. Ол талап мектепте оқушыларға кәсіптік бағдар беру ғана емес, нақтылы кәсіби  бағдарлау міндеті болып отыр. Қазақстан Республикасы 12 жылдыққа көшу бағдарламасының жалпы білім ІІІ сатысында  тереңдетілген кәсіби бағдарлы білім беріледі. Ол оқушыларды дара қабілеті мен өзіндік қызығуларына қарай негізделген кәсіпке даярлықты жүзеге асырады делінген [1].

Қазіргі егеменді еліміздің жағдайында кәсіпкерлік пен кәсіптік білімді жас ұрпаққа бере білуде, оларды мамандық даярлауда қазақстанның білім заңында айқындалып жазылды. Елбасының тікелей басшылығымен кіші кәсіпкерліктер, фермерлік шаруашылықтар құрылып, олардың әрқайсысының өздеріне маман даярлауға мүмкіндіктері бар. Демек, мұның өзі мектепте маман дайындау ісін жолға қоюды талап еткендік деп айтуға болады.

            Кәсіптік бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Ол экономикалық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, т.б. қатынастарды қамтиды. Кәсіптік бағыт беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл бағытта көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Көптеген ғалымдардың (Е.Климов, Н.Н. Захаровтың, С.Н. Чистякованың, А.Е. Голомштоктың, В.Д. Симоненко т.б.) еңбектерінде мектептегі кәсіптік бағдар жұмысының мазмұны, формалары мен әдістері қарастрылған [2].

            Қазақстан Республикасындағы бұл мәселеге арналған маңызды зерттеу жүргізгендер мен еңбек жазғандар қатарына бірқатар ғалымдарды Ж.Р. Башированы, М.Ә. Құдайқұловты, Қ.Бержановты, Ә.Мүслімовты, Д.Қ.Пошаевты, Н.Д. Дәулетовты, және т.б. айтуға болады [3].

Кәсіптік бағдар беру – еліміздің халық шаруашылығындағы, жекелеген салалардағы, экономикалық аймақтағы еңбек ресурстарын бөлу қажеттілігін қанағаттандыра отырып, әрбір тұлғаның жеке дара ерекшеліктерін ескеруді талап ететін, әрі жастарды таңдаған кәсібіне еркін және өз еркімен дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі [4].

            Сонымен зерттеудің көкейкестілігі бүгінгі таңда әлеуметтік сұранысқа айналып отырған, кәсіптік бағдар жұмысының тиімділігін арттырып, жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім беруді жүзеге асыруға байланысты болып отыр. Жалпы білім беретін орта мектептегі кәсіптік білім беру жұмысының тиімділігін арттыруда мұғалімнің және оқушылардың мақсатты бағытталған жұмысын жүзеге асыру шарттарын зерттеу мәселесі болып табылады.

Қоғамды жетілдіру жағдайында жастардың кәсіптік бағдары сапалы жаңа сатыға қойылуы тиіс. Ол келесілерге байланысты:

·      тұлғаның өмірлік жолын таңдауда кең мүмкіндіктер туады, ал қоғам осы таңдауды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды;

·      мамандықты таңдау ғылыми-техникалық төңкеріс, халықтың мәдени және жалпы білім деңгейінің өсуі (әсіресе жалпы орта білім беру мазмұнының өзгеруімен байланысты) сияқты факторлардың әсерінен қиындатылады;

·      қоғамның заманауи даму кезінде мамандықты таңдауға көбінесе қоғамдық-саяси идеалдар әсер етеді;

·      қоғам өзінің даму динамикасының әсерінен және өндірістің күрделенуінен кәсіби бағдар жұмыстарын тұлғаны қажетті және мүмкін болатын басқару үдерісі ретінде қарастырады;

·      әрбір адамға заманауи жағдайларда тікелей әсер ететін ақпараттық ағым үнемі өсіп тұрады.

Жастардың мамандық таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Солардың бірі – жалпы білім беретін мектептердегі оқытушының бағдар беру жұмысын жүргізуге дайындық деңгейі. Міне сондықтан болашақ педагогтардың кәсіптік бағдарының теориялық және тәжірибелік негіздерін оқып білуі маңызды орын алады.

Кәсіптік бағдар беруді басқарудағы жүйелік тұғыр – материалистік диалектика ережелерінің бірі. Ол біртұтас элементтерінің арасындағы объективті байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіптік бағдар беруді басқаруды жүйелік бағытпен жүзеге асыру оның пәнаралық аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді, мәселенің жүйелік, ұйымдастырушылық және тәртіптелінген бөлінуі мен шешілуіне жол ашады. Осы бағыттың негізінде кәсіптік бағдар берудің мақсаты, міндеттері, қызметтері, құрылымдары, осы үдерістің мазмұны, оқушыда кәсіби өзін-өзі тануды қалыптастыру бойынша іс-әрекеттердің түрлері анықталады [5].

Басқару – бұл жүйенің оңтайлы қызмет атқару мақсатында, оған мақсатты түрде ықпал ету.

 Кәсіптік бағдар беруді басқарудың тиімділігі туралы айтудың алдында оны біртұтас және жүйе ретінде қарастыру қажет.

Жүйелік тұғыр мыналарды болжайды:

а) үдерістің, пәннің құрылымын анықтау (жүйенің мақсаттарын шешу үшін қажетті және жеткілікті элементтер құрылымын талдау);

б) элементтердің ішкі ұйымдастырылуын зерттеу;

в) жүйетүзуші байланыстарды анықтау.

Еліміздегі кәсіптік бағдар беру – күрделі, динамикалық әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Оның мазмұны теориялық, сондай-ақ тәжірибелік сұрақтардың шешімін қамтиды. Бұл жүйенің қызмет атқаруының нәтижелілігі еліміздің халықшаруашылығы салаларын білікті мамандармен қамтамасыз ету деңгейімен анықталады.

Кәсіптік бағдар берудің әлеуметтік функциясы оқушылардың білімдерінің, шектеулердің, құндылықтардың нақтыланған жүйелерін игеру үдерісін қарастырады. Олар оқушыларға қоғамның тең құқықтық мүшесі ретінде өзінің әлеуметтік-кәсіптік қызметін жүзеге асыруға және де мемлекеттік қоғамдық қатынастарға сәйкес өзін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондықтан білім алушылардың кәсіптік бағдарларын бірінші қатарда қоғамның әлеуметтік тапсырысы ретінде қарастыру қажет, сонымен қатар, мемлекет үшін болашақ мамандар даярлауды жоспарлауға, оқушыларда тұлғалық және қоғамдық құнды бағдарлардың қалыптастыруының тұтастығы қажет.

Экономикалық функциясы жұмысшы күшінің сапалық құрамын жақсартуды, еңбек мазмұнына ұлдар мен қыздардың қанағаттануының жоғарылауын, кадрлар ағымдылығын төмендетуді, еңбектің кәсіби белсенділігі мен өнімділігінің артуын, жұмыс уақытын үнемдеуді білдіреді. Жалпы білім беретін мектептердегі бірыңғай тәрбиелік жүйеде кәсіптік бағдар жас өспірімдердің экономикалық ойлау қабілетінің қалыптасуына, еңбектің заманауи мәдениетінің біліктілігіне, ақылмен жұмсауына икемделуі тиіс. Оларда мамандық таңдауға және келешек білім алуына жағымды қатынасты қалыптастыру қажет. Бұл жерде берілген экономикасының аудан халықшаруашылығының дамуы үшін бірінші деңгейдегі маңызы бар мамандықты игеру қажеттігін ескеру керек.

Психологиялық-педагогикалық функциямұнда бәрінен бұрын оқушылардың мүмкіндіктерін, икемділіктерін, қызығушылықтарын анықтау және қалыптастыру басты болып табылады. Оларға бұл мамандықты таңдауға, тұлғаның жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін, оның әлеуетін, оқушылардың кәсіби өзіндік айқындалуын, тиімді басқару жолдары мен жағдайларын анықтау.

Медициналық-физиологиялық функция бұл қандайда бір кәсіби қызметті орындау үшін денсаулыққа қажетті және басқа да физиологиялық сапасына қойылатын талаптарды жүзеге асыру. Жалпы білім беру мектеп жағдайында білім алушылардың денсаулығында мүкісі бар оқушыларды дер кезінде анықтау аса маңызды, оларды кері әсер ететін мамандықтан сақтап қалу, қажет жағдайларда оқушылардың кәсіби жоспарларын олардың жұмсайтын энергия мүмкіндіктеріне барынша сәйкес келетіндей етіп түзу керек.

Қазіргі кезде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің алғашқы баспалдағы - жалпы білім беру мектебі.

Оқушыларға кәсіптік бағдар беруді басқарудағы маңызды рөлдердің бірі сынып жетекшісіне және ата-аналарға беріледі. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің негізгі бағыттары 1-суретте көрсетілген. Ата-аналармен өздерінің балаларына ықпал етудің тиімділігін жоғарылату үшін мектепте арнайы жұмыс жүргізу ұсынылады.

 

Сурет 1- Сынып жетекшісі іс-әрекетінің негізгі бағыттары

 

Әдебиеттер:

1.    Білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өтудің көкейкесті мәселелері. Қазақстан мектебі. -№ 11, 2001ж.

2.    Климов Е.А. Чистяков С.Н. Выбор профессии. М., 1988.

3.    Чистякова С.Н. Профессиональная ориентация школьников. М., 1994.

4.    Дүйсенбаев К.  Оқушылардың кәсіпті таңдау қабілеттерін дамытуды ұйымдастыру шаралары. Қазақ мұғалімі. 2006. -№ 34 (468).

5.    Баймолдаев Т.М. Менеджмент – басқару тәсілі, Алматы 2001.