Асетова Ж.Б., Медиева С.Х., Аналбекова
К.Т., Ниетуллаева Н.Н., Скакова А.К.
Е.А.Бөкетов атындағы
ҚарМУ
Бастауыш
мектепің «Өзін-өзі тану» сабағында дидактикалық
ойындарды пайдаланудың тиімділігі
Қазіргі
таңда қоғамның әлеуметтік-экономикалық
жағынан дамуы бар әлеуметтік сұраныс негізі жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді.
Оның бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне
лайықты, жан-жақты жетілген, белсенді іс-әрекеті мен
ғылыми саналы көзқарасын қалыптастыру, бойында
ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан
ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат
тәрбиелеп өсіру – білім беру жүйесінің және барша халықтың
міндеті. Бала бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып,
оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауда, білім
беру мен тәрбиелеуде жеке тұлғаны дамыту қатар
жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады.
Осыған байланысты бастауыш мектептегі білімнің мазмұнын
жетілдіруде кіші мектеп оқушыларының негізгі
іс-әрекеттерінің ретінде ойынды
тиімді пайдалану орынды.
Бастауыш
сынып оқушыларының негізгі іс-әрекеттерінің бір
түрі – ойын. Баланың
өмірі ойынға байланысты. Бала – ойынсыз өсіп өркендей
алмайды. Бұл- өмірдің заңдылығы. Ойын
баланың ақылын, дүнетанымын кеңейтеді,
мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. мәселен,
ойында ұнамды әдеттер: өзара қарым-қатынастар,
рухани-адамгершілік сезімдер дамиды. Еңбек ету барысында
ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты
қасиеттер қалыптасады.
Оқушы
тұлғасын қалыптастыру мен тәрбиелеу ойыннан басталады.
Оқушының құрбы-құрдастарымен
әртүрлі ойындар ойнауының өзі, жеке
тұлғалық қасиеттердің қалыптасуындағы
алғашқы баспалдағы болып саналады. Осыған орай М. Жұмабаев
баланың ойыны туралы: «Баланың қиялы, әсіресе, ойында
жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір
жұмыс. Ойнағанда да бала әсерлерімен пайдаланады.
Айналасында, тұрмыста нені көрсе, соны істейді. Мысалы,
қазақ баласы біреуі ат болып қашады, біреуі
құрық салады. Шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды.
Балшықтан мал, қуыршақтан қыз жасайды», - деп
ұлттық тұрмысымызға тән ойын үстіндегі бала
болымысын, психологиясын суреттейді.
«Жалғасын
тап» ойынында жасырылған мақал-мәтелдердің екінші
сыңарын табу арқылы оқушылар үлкенді сыйлауға,
мінез-құлықтарын жас кезден бастап
қадағалауға, адамгершілік іс-әрекеттерді орындауға
тәрбиеленеді. Тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары
мақал-мәтелдерді алдын-ала іріктеп, кеспе
қағаздарға жазып, оны оқушыларға тарату
арқылы ұйымдастырылады.
Мұндай
ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс
құрау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық ойлау
қабілеттерін тәрбиелейді. Оқушылардың рухани
дүниесін ізгілендіруге, рухани дамытуда дидактикалық ойындарды
кеңінен қолдануға болады. Себебі, дидактикалық
ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз
ойларын қысылып-қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі
оқушылардың жеке тұлғалық
қасиеттерінің дамуына, рухани жан-дүниесінің толысып
жетілуіне зор ықпал етеді.
Сондай-ақ
кіші мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқын
қалыптастырып, білімін дамытуда сахналық шығармалардың
эмоциялық әсері мол болады. Балалар сахнасында көбірек
пайдаланылатыны сахналық шығармалар: көркем
әңгіме, ертегі монолог, диалог,
тақпақ, жыр, айтыс, скетч, қысқа пьесалар.
Мәселен
қазіргі таңда білім беру саласындағы осындай
бүкіләлемдік өзгерістер аясында С.А. Назарбаеваның тұлғалық қасиеттерді
жетілдіруге бағытталған «Өзін - өзі тану» пәні бойынша ойын әдістерін
пайдалану олардың рухани мүмкіндіктері мен
тұлғалық қасиеттерін дамытуда көздейді.
Кейіптендіру
ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде
құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді
өздері орындауға талпынады. Бұл сабақта
психологиялық тренинг, санамақ айтқызу арқылы
кейіпкерлерді бөлу, ертегі мазмұнын модельдік суреттер пайдаланып
жүйелі әңгімелеу, ертегіні кейіптендіру, ертегі
мазмұнына сай жұмбақ шешкізу әдістерін қолдануға
болады.
Сондай-ақ
«Өзін-өзі тану» пәнінде мына сынды ойындарды: «Мен
құрбыларымды жақсы көремін», «Құнды қасиеттір беру», «Мұғалім
сөйлейді», «Кімде қандай қасиет бар», «Сүйіспеншілік»,
«Сәлемдесу», «Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып,
мадақтау», «Баға
беру», «Түспен ажырату»,
Ойын-пантомима, Жаттығу, «Саусақпен
көрсет» қолдану арқылы
оқушыларды еркін сөйлей білуге, айтайын деген ойын тез,
әрі жүйелі жеткізуге, ойлау қабілетін дамытуға,
жалпыадамзаттық және рухани – адамгерішілк
құндылықтардың мәнін түсінуге үйрете
аламыз. Ойын үстінде бала өзін батыл ұстап, айтайын деген
ойын еркін жеткізуге тырысады. Ойын сыныптағы оқушылардың
көбін қамтитындықтан, әр оқушы өзінің
ойлау қабілетін шыңдай түседі. Ол еркін әрі тез
ойлауға жаттықтыратындықтан, әркім өзінше ойлап,
айтуға мүмкіндік алады. Сөйтіп, жоғарыда аталған
ойын түрлері балаларды бір-біріне жақындастырады, олардың
рухани –адамгершілік құндылықтардың мәнін түснуіне
бірден-бір көмекші құрал.
Ойынның маңызын: «Ойын балалық шақтың
игілікті қимылы. Ойын әрекетінде бала тіршілігінің
тәрбиелік мәні зор екенін, қажыр-қайрат,
төзімділік, табандылық, өзін билеу, өздігінен істеу
еркі ойын үстінде дамып, жетіле түседі», - деп психологтар
А.Темірбеков пен С.Балаубаевтар өз еңбектерінде дәлелдей
түседі.
Әдебиеттер
тізімі:
1.
С.А. Назарбаева- автор
идеи предмета «Самопознание» Книги. Встречи, беседы, интервью.
2.
Г.М. Касымова Методы
преподавания курса «Самопознание» //«Самопознание»: Курс лекций,
семинаров-тренингов для вузов. – Алматы, 2003 . – с.41-46.
3. Абеуова И.А. и др. Методика преподавания предмета
«Самопознание»: учеб.-метод.пособие. – Алматы, 2007.