Сырбай Мәуленов поэзиясындағы
табиғат лирикасының көрінуі
Миркемелова Айнұр Білісбайқызы
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Практикалық лингвистика кафедрасыныңаға
оқытушысы, филология магистрі
Әлемдік поэзия өкілдерінің шығармашылығына назар салғанда олардың қай-қайсысының да соқпай өтпейтін нысанасы бар екенін көруге болады. Ол – табиғат. Лирикадағы табиғаттың суреттелуінің өзі түрлі бейнелеу тәсілдерімен жүзеге асатынына арғы-бергі кезеңдегі поэзиялық туындылардан көп мысалдар келтіруге болады. Адам мен табиғат – күллі өнер туындысының нысаны. Әсіресе сыршыл жанр лирикада жыл мезгілдері, уақыттың әрбір сәті түрлі тәсілмен жырланып, өзгеше бітімді көркем бейнеге айналды. Соның мысалы ретінде қазіргі лирикамыздағы түннің, іңірдің, кештің, таңның бейне (персонаж) дәрежесіне көтеріліп, кескінделуін сөз етсек, көп қырлы көркемдік әлемінің терең сырына қанығарымыз анық. Өнердің ең сезімтал түрі саналатын поэзиялық туындыларда басты нысан табиғат болса, табиғатқа телінетін адами әрекеттің де түбін мифологиялық ойлау жүйесінен іздейміз.
Мифологиялық
ойлау дәуіріне тән мифтік санада күллі табиғат тірі,
саналы рух түрінде қабылданды. Адам мен табиғат
тепе-тең, ойлау, қайғыру, қуану сияқты сезім
күйлері адамға тән екені сияқты табиғатқа
да тән деген сенім көркемдік ойлау жүйесіндегі бейнелі,
астарлы, ишаралы мәндерге негіз болғаны белгілі. Сондай-ақ
табиғат құбылысы мен адами көңіл-күйді
қатарластыра суреттейтін психологиялық егіздеу де
ұлттық фольклорлық мұралардан бастау алып, күні
бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасын
тапқан көркемдік тәсіл. “Ер Тарғын” жырындағы Тарғынның
“Күнді бұлт қоршайды” деп басталатын әйгілі монологы –
табиғат пен адам болмысын жарыстыра суреттеудің, яғни
психологиялық егіздеудің қайталанбас хас үлгісі.
Қазақ табиғат лирикасындағы
ізденістер мен жетістіктерді сөз етер болсақ, алдымен тіл мен
бейнелілік мәселесіне назар аударарымыз заңды. Поэтикалық
ойлау жүйесіндегі қалыптасқан дәстүрлі суреттемелердің
жаңа, соны көркемдікпен баюы жекелеген ақын
шығармашылығындағы ізденістермен тікелей байланысты.
Адам назарын аударатын және адам тіршілігімен етене
байланысты табиғаттың тылсым құпия сыры көп.
Адамзат жаралғалы, тіпті одан да бұрын жаратылған
заңғар, биік таулар мен шалқыған айдынды көлдер,
ширатылып аққан өзендер қай заманда да ақын
қиялын тербетіп, оның назарынан тыс қалмаған. Себебі
қай ақынды алмаңыз, ең алдымен өзі өскен
жердің табиғатын жырлап өткен. Сырбай да сол дәстүрді
жалғастырушы. Ол тек тау суретін жырлауға бір топ өлең
бағыштаған. “Көк таулар”, “Қаратау”, “Алатау”, “Таулар
күледі”, т.б. Бұл өлеңдері біріне-бірі
ұқсамайды, тақырыбы бір болса да, себебі, айтар ойы алуан
түрлі. Ақынға таудың тәкаппар биіктігі,
жықпыл-жықпыл тастары, асқар шыңдары, зеңгір
көкпен таласқан шоқылары рух береді, содан барып лирик
табиғатпен сырласып өзі де бір іштей тілегендей сыр төгеді.
Ақын тауды тура табиғи кейпін жырлаудан гөрі тауды фон етіп
алып өзінің сезім дүниесін, көңіл-күй
әлемінің тебіренісін осы фонға ұштастырып жібереді.
Табиғи көрініс те, ақын сезімі де ұштасып
өлең әлемінің терезесін айқара ашып жібергендей
болады. Бойды билеген сезім қуаты табиғат құбылысымен
астасып кетеді, кейде салыстырып жібергендей, кейде теңеп
отырғандай, енді бірде тебіреніс, толғаныс сәтіндей
қабылданады. Тауды жырлай отырып, түйдек-түйдек ой айтады,
философиялық топшылаулар жасап, адам психологиясына жарасымдылық
ұғымының эстетикалық мәнін сіңіріп
жібереді. Тау – қайсарлықтың,
қаһарлылықтың, биіктіктің, сонымен қатар
сұлулық пен кербездіктің, алыптықтың да символы
ретінде көрінеді. Жылдың әр мезгілінде тауды адам
психологиясына, көңіл-күйіне ықпал, әсері де
әрқилы, сондықтан лирикалық өлеңдерінде
тарлант талант табиғат құбылыстарын әр қырынан
жырлайды. Жай жырлап қана қоймай, ізденіп, бұрын ешкім айта
алмаған көркемдік әлеміне соны із салады.
Мұқағали терең халықтық поэзия
үрдісін бойына сіңірген ақын. Тау табиғатының
тылсым сырының ақын қиялын тербетіп, сезіміне ыстық
шоқ тастап, бойына қуат дарытып отыруы да сондықтан.
Ақын табиғаттың әсемдігін жырлай
отырып, өзінің табиғатқа деген қатынасын білдіріп
отырады:
Таулар күледі,
Төбесіне күн шыққанда.
Тастар күледі,
Төсіне көк қына гүл
шыққанда.
Ақын күледі,
Айлар бойы дірілдеп.
Жүрегінен жыр шыққанда [1,178].
С.Мәуленов
поэзиясының табиғатпен тұтастығы ақын
даналығының әрі ажырамас бөлшегі әрі адастырмас
өлшемі. Ол өзінің поэзиясына нәр мен қуатты
туған жер табиғатынан алады, сондықтан өзінің
сөзін де, жырын да соған арнайды.
Ақын
өлең жолдарынан табиғат құбылысының мінезін
сезесің, әрі сыршыл лирик өзінің сезімін де қоса
өреді. Ол үшін туған жердің көктемі ала бөтен ыстық.
Ақын
көктем тақырыбына әр алуан жыр арнады. Оның әрбір
өлеңі – жаңа бір дүниенің кілтін
ұстатқандай. Бірін-бірі қайталай бермейтін
көктемнің әр қилы суретін, көрінісін әр
алуан қырынан аша жырлайды. С.Мәуленовтің қай
өлеңін оқысаң да, үлкен эстетикалық
ләззатқа бөленіп, жан дүниең жадырап сала береді.
Далаға
жайып көк жібек,
Өзен
боп өзі дірілдеп,
Гүл
болып қызыл желбіреп,
Көктем
сұлу келеді,
Құшағын
жайып елжіреп.
Жыл
құсымен қиқулап,
Бұлағымен
бұрқылдап,
Көктем
сұлу келеді,
Балбыратып
денені,
Бойды
билеп, сиқырлап [1,33].
Немесе:
Қиқулап
жеткен көктемде
Құстар
толды көк көлге.
Бүр
жабысып бұтаққа,
Мал
жайылды бөктерге.
Құлайды
ойға қыраттан
Қош
айтысып, сыңсып қар.
Қанып
ішіп бұлақтан,
Жайған
жасыл бүршік тал [2,188].
Көз
алдыңа сиқырлы сұлу әлем елестейді. Ақын
өзге жан аңдай алмас сұлулықты байқайды. Сол
сұлулықты сұлу сөз, сұлу бейне, сұлу
өрнекпен кестелейді.
Табиғатты көркем туындыға тиек еткенде,
әрбір суреткер оған өзінің қарым-қатынасын,
кейде көзқарасын білдіріп отырады, сол арқылы адам
тағдырын, тіршілігін жырлауды белгілі деңгейде нысана етеді. Асып-тасудан
аулақ, дархан пейілді ақынның берекелі
ұстамдылығы, сабырлылығы жүріп өткен өмір
жолдарындағы ізі секілді өлеңдерінен де өз
өрнегімен өрнектеліп жатады. Ақынның “Табиғат пен
адам” атты өлеңіне назар аударайық:
Сөйлетсе
егер өзендерді,
Тіл берсе егер ормандарға,
Талай өткен кезеңдерді,
Айтар еді бар ғаламға [3,293].
Немесе:
Тасқын шайса, күнге қызып,
Желге
үстімді кептіремін.
Желмен
жайлап бірге жүріп,
Тау боп
биік көк тіредім.
Жоқ
ұштығы жол шегімнің,
Аспан
мен Жер – сол серігім.
Мен –
дүние өлшемімін,
Мен –
табиғат бөлшегімін [1,242] –
деп, Сырбай
тербегеніндей, әр ақын өзін табиғат-ананың бір
бөлшегімін деп санайды.
С.Мәуленов жырларындағы күтпеген жерден
көлденең шыға келетін соны образдылық – бейнелік
тосындық қазақ поэзиясының көркемдік
тәжірибесін байытты. Болмысты, табиғатты, т.т. басқалар
ауызға алмаған, “аңғармаған” қырынан таныту
– ақындық қырағылықтың, суреткерлік
мергендіктің жемісі. Мәселен: “Жазғы сурет” атты
өлеңіндегі:
Көк жүзінде дөңгеленген
кептердей,
Сүттей аппақ жарқырайды
жазғы ай.
Аспан беті ашық жатқан дәптердей,
Ал жұлдыздар соған түскен
жазудай.
...Жел қарғиды қарағайдан
секіріп,
Соның лебі – бұтақтардың
дірілі [2,191], –
деген жолдардағы
алғашқы шумақтағы әдемі көрініске
бәлендей таңдана қоймаймыз. Ал жел қарағайдан
қарғып секіргенде, бірден елең еткізеді. Гәп –
қимылда немесе қозғалыста емес. Мәселе желге “жан”
бітіп, қарғып желпінуінде.Егер алғашқы шумақта,
көзге елестерліктей нақты дәйек – суреттер салыстыру
арқылы сабақтасып, суреттер ұжымының ұясындай
әсер етсе, кейінгісінде бұтақтардың дірілінен
басқа “қолға ұстарлықтай” ештеңе жоқ.
Жел қарғып түскен де, кеткен де, жүрген де жоқ;
қарғиды – демек, жалғасып жатқан процесс. Сенбеске лаж
жоқ: дәлел – бұтақтардың дірілі. Ойнаған,
ойқастаған, жортқан, жортақтаған емес,
ағаштардың арасымен қарғиды. Бұрын-соңды
көрінбеген қозғалысты түйсікпен танып, ақылмен
шамалаймыз. Көзге көрнектеліп көрінбесе де,
көңілмен аулайтын көркемдік әлемі өзгеге
ұқсамайтын, өзгені еске салмайтын “біртуарлығымен”
жаңаша [4,459].
Келтірілген шумақтардағы ой, сезім,
табиғат, болмыс құбылыстарын көркемдік материал,
мазмұн, әрі бейнелік толғанысты жеткізуге қажетті
құрал ретінде пайдалану талабы жыл өткен сайын нығая
береді. Адам мен қоғам бойындағы құбылыстарды,
ерекшеліктерді ақын салыстыра, сабақтастыра жырлайды. Табиғат
әлемі – С.Мәуленов үшін сарқылмас эмоциялық
қуат, қанаттандырушы рух, түпсіз бейнелілік қазына.
С.Мәуленовтің табиғат лирикаларының
тақырыбы әр алуан, бояу нақышы, бейнелеу машықтары,
поэтикалық ізденістері де басқа ақындарға
ұқсай бермейді. С.Мәуленов қазақ поэзиясына
айрықша өнімді еңбек етіп, жемісті жырлар
қалдырған талант.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
4. Мәуленов C. Өлеңім –
өмірім менің. Жыр жинағы. –
Алматы: Санат, 4227.- 574 б.
4. Өлең өлкесі:
Қазақ табиғат лирикасының антологиясы.
(Құраст. Ж.Әскербекқызы). – Алматы: Жазушы, 4002. – 474
б.
3. Мәуленов C. Ақшамның
қызыл қанаты. Жыр кітабы. –Алматы: Жазушы, 4284. – 384 б.
4. Қазақ әдебиетінің
тарихы /кеңес дәуірі 4253-4220/. – Алматы. 4005.