Парламентаризм ұғымы және оның Қазақстан Республикасы Парламентімен арақатынасы
Магистрант МГТУ (Ақтау қ) Альжанов
Берик
ҚР Парламенті
– ҚР жоғары өкілді және
заң шығарушы органы.
Парламент – Республиканың заң шығару
қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді
органы болып табылады.
Конституциялық құқық институтының
бірі ретіндегі Парламент тарихы тым әріден басталады.
Мәселен, ағылшын Парламенті тіпті ХІІ-ХІІІ
ғасырлада пайда болған. Конституциялық
қоғамға басшлық жасаудың белгілі бір жүйесі
ретінде парламентаризм тарихы сонау буржуазиялық революция
кезеңдерінен бастау алады.
Парламент пен парламентаризм - өзара байланысты
ұғымдар, дегенмен бірдей емес екендігін айта кету керек.
Парламентаризм парламентсіз өмір сүре алмайды, ал парламент
парламентаризм элементтерінсіз өмір сүре алады. Кеңестік
парламенттер дәуірінде осылай болды. Парламентаризм элементтері ең алдымен
биліктерді бөлу, өкілдік және заңдылық болып
табылады.
Өкілдік принципі Қазақстан Республикасы
Парламентінің сайлау жолымен құрылатындығынан
көрінеді. Жалпы алғанда, парламентаризм конституциялық
құқық теориясында мемлекетте биліктерді бөлу принципіне
негізделген заң шығарушы билікті өкілдікті жүзеге асыру
тәжірибесі ретінде түсіндіріледі. Мұндай Парламенттің
болуы халықтық егемендікке арқау болатын мемлекет нысаны
ретіндегі демократия туралы сөз қозғауға
мүмкіндік береді.
Парламентаризмнің негізгі идеяларының
қазақстан топырағына тамыр салуына
Кеңес Одағының құлап,
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік және
егемендік алған соң ана мүмкіндік туды.
Қазіргі заманғы демократияның мызғымас бір бөлігі
ретіндегі басқарудың парламенттік нысаны мен парламентаризмді
ажырата білу қажет. Республикадағы парламентаризм нысандары мен
институттарын қалыптастыру барысында оларды басқарудың
президенттік жүйесімен қабаттастыра жүргізуге де
болатындығын айқын көрсетіп отыр.
Парламентті заң шығару қызметін жүзеге
асыратын орган деп тану Қазақстан
Республикасының барлық заңдары Парламенттің
қарауынан өтіп, қолдауын табуы керек дегенді білдіреді.
Дегенмен, Парламенттің ҚР заң шығарушы бірден-бір орган
емес екнін атап кету керек. Мұндай өкілеттіктер Президенте де,
Қазақстан халқында да бар. Соңғысы заңдарды
республикалық референдум жолымен қабылдайды.

ҚР Конституциясына сәйкес Парламент
тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан:
Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат
төте емес, жанама сайлау арқылы құралады.
Сенат депутаттарын сайлау тиісінше облыстың, ресубликалық
маңызы бар қаланың және Республика
астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының
бірлескен отырысында жүргізіледі. Сенаттың он бес депутатын
Республика Президенті тағайындайды.
Парламенттің құзыреті
ҚР Конституциясымен белгіленеді және оның сессияларында,
Палаталардың органдарының және депутаттарының
қыземітімен іске асырылады.
Конституция
Парламентке заң шығарушы өкілеттіктер берген.
Конституцияның 53-бабына сәйкес Парламент Палаталардың
бірлескен отырысында:
·
ҚР
Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер
мен толықтырулар енгізеді;
·
конституциялық
заңдар қабылдайды, оларға өзгертулер мен
толықтырулар енгізеді;
·
Республика Президентінің
қарсылығын туғызған заңдар немесе заң
баптары бойынша қайталап талқылау мен дауысқа салуды
өткізеді;
·
Президентке
әр палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің
дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін
береді.
Парламеттің
заң шығарушылық қызметі
тек бірлескен отырыстарда ғана емес, сондай-ақ
Палаталардың бөлек отырыстарында да, алдымен Мәжілісте, содан
кейін Сенатта талқылаудан өтіп, Парламентте заңды
қабылдау жолымен іске асырылады.
ҚР Конституциясы
Парламент қызметінің белгілі бір
нысанын белгілейді. Бұл қызметтің
құқықтық өрісіКонституцияның
63-бабының 3-тармағында жан-жақты баяндалған. Соған
сәйкес, Парламент аса маңызды қоғамдық
қатынастарды реттейтін төмендегідей негізгі мәселелер
бойынша заңдар шығаруға құқылы:
1) жеке және заңды тұлғалардың
құқық субъектілігіне, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына,
жеке және заңды тұлғалардың
міндеттемелері мен жауапкершілігіне;
2) меншік режиміне және өзге
де мүліктік құқықтарға;
3) мемлекеттік органдар және
басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
4) салық салуға,
алымдар мен басқа
да міндетті төлемдерді белгілеуге;
5) республикалық бюджетке;
6) сот құрылысы мен сотта іс
жүргізу мәселелеріне;
7) білім беруге, денсаулық
сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
8) кәсіпорындар мен олардың
мүлкін жекешелендіруге;
9) айналадағы ортаны
қорғауға;
10) Республиканың әкімшілік
аумақтық құрылысына;
11) Мемлекет қорғанысы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен
нормаларды белгілейтін заңдар.
Парламент өкілеттігінің
келесі бір кезеңі республикалық бюджетті және басқадай
қаржылық өкілеттіктер болып табылады. Республикалық
бюджет Палаталардың бөлек отырыстарында, алдымен Мәжілісте,
содан кейін Сенатта талқылаудан өтеді. Одан әрі Парламент
Палаталарының бірлескен отырысында республикалық бюджетті,
сондай-ақ Үкіметтің және республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің есептерін бекітеді. Сонымен қатар, Республика бюджетіне
өзгертулер мен толықтырулар енгізеді. Әрбір Палата
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге
қызметке тағайындайды.
Мемлекеттік құрылыс
саласындағы Парламент құзыреті:
·
соғыс
және бітім мәселелерін шешеді;
·
республикалық
референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
·
Республика
Конституциялық Кеңесінің Республикадағы
конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл
сайынғы жолдауын тындайды;
·
Республиканың
әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін
шешу тәртібін белгілейді;
·
Жергілікті
өкілді органдардың қызметін мерзімінен бұрын
тоқтату туралы мәселені шешеді;
·
Президенттің
кезекті сайлауын тағайындайды және т.б.
Парламент
биліктің соттық
тармағына қатысты өкілеттіктерге ие:
·
Парламент
Сенаты ҚР Президентінің ұсынуымен Республика
Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы
Сот Алқаларының төрағаларын және судьяларын
сайлайды және қызметтен босатады, олардың анттарын
қабылдайды.
·
ҚР
Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына екі
депутатты жібереді.
Парламент Мәжілісі Әділет біліктілік алқасының құрамына екі депутатты жібереді.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.«Қазақстан Республикасының
конституциялық құқығы». С.К.Амандықова.
Астана, 2011 жыл.
2.«Қазақстан Республикасының конституциялық
құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы,
2004 жыл.
3.«Қазақстан
Республикасының Конституциясы» Астана 2007 жыл.
4.«Салыстырмалы
құқықтану негздері »Табанов. Алматы, 2003 ж.