Набидуллина Т.С.
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық Университеті, Қазақстан
АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТОҒЫЗ
ҚАБАТТЫ 160 ПӘТЕРЛІ
ТҰРҒЫН
ҮЙ
Мемлекеттердің
экономикасын өркендетудің бағдарламасын жедел іске асыру,
материалдық өндірістің барлық сапасының дамуы
халық шаруашылығының белгілі нәтижеге жетуі де
күрделі құрылыстың қарқыны мен сапасына
байланысты. Қазіргі кезде күрделі құрылыстың
дамуы ұзақ жылдар бойы сыннан өткен, ғылыми
тұрғыдан зерттеліп дәлелденген бойынша жүзеге
асырылады. Елімізде көптеген мемлекеттік ірі кәсіпорын саласында
құрылыстың үлесі зор.
Күрделі
құрылысқа біздің республикада өте мол қаржы
жұмсалады. Бұл – қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі
қорлардың сапалық құрылымын одан әрі
жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске
қосып игеру.
Құрылыс
мерзімін елеулі түрде қысқартып, құнын
қамту құрылысшылар алдында қойылып отырған
маңызды міндет.
Бұл
міндеттерді ойдағыдай шешу үшін күрделі қаржыны шикізат
және еңбек шығынын азайту, құрылысты жоспарлау
мен ұйымдастыруды жақсарту, құрылыс өндірісі
технологиясын жетілдіру қажет.
Құрылыста азаматтық
тұрғын үйлер, қоғамдық үйлер,
өндiрiстiк объектілер, ауыл шаруашылық объектілер, ғимараттар және т.б салынады.
Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруда тиімді жолын
қарастыру керек.
Құрылыс жұмыстары,
дайындық жұмыстары- жер асты бөлігі (нөлдік цикл), жер
үсті бөлігі және әрлеу жұмыстары(сылақ,
бояу) болып кезеңдерге бөлінеді. Құрылыс
жұмыстарына - жер жұмыстары, бетондау, темірбетон элементтерін
жинақтау, әрлеу т.б.
жатады. Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына
және процестерге бөлінеді.
Жаңа
өндірістік кәсіпорындарды, тұрғын қоныстарды,
жекелеген ірі ғимараттар мен үймереттерді жасау белгілі
кезеңдермен іске асырылады.
- капиталды салымдарды жоспарлау;
- нысандарды тұрғызудың технико-экономикалық
есептеуін құрастырып
бекіту;
-
жобалық-смета құжатын
құрастыру;
- құрылыс-тұрғызу жұмыстарын жүргізіп,
нысанды іске қосу;
Жобаланған құрылыс ауданы 2.04-01-2001
ҚР «Құрылыс нормасы мен ережелеріне» сәйкес І
климаттық ауданға жатады.
Сыртқы ауаның тәуліктік ең
суық қысқы температурасы – 41
С.
1 м
жазық беттегі қар
жамылғысының салмағы - 1,8 кПа
Топырақтың қату тереңдігі – 1.7 м
Солтүстік-батыс бағыттағы жел
үстем болып табылады.
10м биік жер бетіндегі желдің қысымы – 0.38
кПа
Құрылыс телімі – Астана қаласы
ауданында орналасқан.
Инженерлік-геологиялық жағдай төмендегі
топырақтармен сипатталады:
1 қабат – топырақтық – өсімдік –
0,2 м
2 қабат – жеңіл балшық, қатты
құмдақ қабаты
қалыңдығы 1,8 – 3,0 м
3 қабат – орташа іріліктегі құм қабаты қалыңдығы 1,2
– 6,0 м
4 қабат – малтатасты құм қабаты
қалыңдығы – 0,5 – 3,7 м
5 қабат –тығыздалған пластикалық,
қатты саз қабаыт
қалыңдығы – 1,0 м
6 қабат – орташа ірілікті құм қабаты қалыңдығы 5,0
– 7,0 м
Іргетастың негізі ретінде сазды қабат
алынады. Физикалық – механикалық сипаттамасы: С= 18 кПа;
;
; Е=100/5 МПа
Топырақтың коррозиялық белсенділігі:
а) көміртекті болатта – жоғары, б) алюминийлі
кабель қабығында – орташа, в) қорғасынды кабель
қабығында – орташа. Топырақ тұзсыз.
Топырақтың бетондағы агрессиялылығының сипаты:
топырақтың портландцементті бетондардағы агрессивтілігі
төмен.
Бірінші қабатында кіріктірмелі әлеуметтік –
мәдени тұрмыстық орны
бар қаңқалы – тұтас құймалы 9 қабатты
тұрғын үй құрылысының техникалық
ерекшелігі (8000кв.м) (100 мектеп және 100 аурухана бағдарламасы
бойынша ипотекалық тұрғын үй) көрсетілген.
|
№ |
Негізгі мәліметтер мен
талаптардың тізімі |
Негізгі мәліметтер мен
талаптар |
|
1 |
Құрылыс түрі |
Жаңа құрылыс |
|
2 |
Жобалау сатысы |
Дипломдық жобалау |
|
3 |
Нұсқалық және
байқау өңдемесі бойынша талаптар |
Жобалық –
сметалық құжаттар
жасау үрдісінде келісім қажет. |
|
4 |
Негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштер, соның ішінде тұрғын үй мен
қоғамдық ғимараттардың, олардың
белгілеулері (қабаты, секциялар мен пәтер саны, сыйымдылығы)
|
Пәтердің жалпы ауданы
мемлекеттік бағдарлама бойынша 8000м2 Бірінші қабатта -
әлеуметтік мәдени тұрмыстық орын. |
|
5 |
Жобалаудың ерекше
жағдайлары |
Мемлекеттік мекемелермен келісім
(Санитарлық-эпидемиялық қадағалау, экология, ТЖ) жобаның сметалық бөлігі:
1-ші қабаттағы кіріктірме әлеуметтік мәдени
тұрмыс үшін және ақылы тұрғын үй
үшін сметаларды жеке-жеке есептеу. Әлеуметтік
мәдени тұрмыс пен ақылы тұрғын
үйдің ЖСҚ
бағасын мердігер жобалаушыдан сатып алады. Іргетас бөлігі, жабу
плитасы мен ғимаратты қоршау құрылымына кететін
шығындар сметада төмендегідей көрініс табады: Ақылы тұрғын
үй 12%-дан кем емес Әлеуметтік мәдени
тұрмыс 12%-дан кем емес |
|
6 |
Ғимараттың
архитектуралық-жобалық шешімдері мен блоктау шарттары, ғимаратты
өңдеудегі негізгі талаптар |
Тұрғын үйді блоктау
шарттары ҮСЖ мен бас жоспарға сәйкес қарастырылады;
ғимаратты өңдеу тігісі сөгілген силикатты кірпіш |
|
7 |
Технологиялық
құрылғылар үшін негізгі талаптар, яғни негізгі
параметрлер, техникалық және эксплуатациялық сипаттамалар,
сервистік қызмет көрсету |
ҚР «Құрылыс нормасы мен ережесіне» сәйкес вертикалды
коммуникация элементтері (лифтілер, қоқыстасығыш, пандус). |
|
8 |
Инженерлік құрал-саймандарға
қойылатын негізгі талаптар, негізгі параметрлер, техникалық
және эксплуатациялық сипаттамалары, сервистік қызмет
көрсету |
Жылыту орталықтандырылған
қосу нүктесі техникалық шартқа (ТУ)
сәйкес. Сумен
жабдықтаудың орталық нүктесі техникалық
шартқа сәйкес қосылған. Су тартқыш пен канализация ішкі желісін
пластикалық құбырдан жасауды қарастыру керек. Шойын
ванналар 1,7м; 2, 3 бөлмелі пәтерлер үшін
4-комфорттық, 1- бөлмелі пәтерлер үшін
2-комфорттық плиталар. |
|
9 |
Аз қамтылған
тұрғындар тобын өмірлік қажеттіліктермен
қамтамасыз ету бойынша талаптар |
Жобалау-сметалық
құжаттамасын өңдеу үдерісінде келісім
қажет |
|
10 |
Азаматтық
қорғаныстың инженерлік-техникалық
шараларын өңдеу бойынша, және төтенше
жағдайлардың алдын-алу бойынша,
қорғаныстық шаралар бойынша талаптар |
2.2-1-2001 ҚР «Құрылыс нормасы мен ережесіне» сәйкес |
|
11 |
Демонстрациялық
материалдардың орындалу қажеттілігі туралы талаптар,
олардың құрамы мен формасы. Жобалау және
құрылыс үдерісінде ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-құрылымдық жұмыстардың
орындалуы. Нысандағы экологиялық және
санитарлық-эпидемиялық жағдайлардың орындалуы. |
Мөлшерлік құжат |
|
12 |
Энергиямен жабдықтау талаптары |
Қоршағыш
құрылымының талап етілген термиялық кедергісі
ұсынылған мәндеріне дейін, энергиямен жабдықтау
қабырғаларды жылу ұстатқыш есебінен
қарастырылады. |
|
13 |
Негізгі сәулеттік –
жобалық шешім |
Техникалық қабат, ішкі су
ағары бар оралмалы жабын. |
|
14 |
Қабырғаларды жабу
материалдары мен құрылымы |
1. Қаңқалы – тұтас
құймалы -
пенополистеролмен жылытылған жеңіл бетонды
қабырғалар; -
тұтас құймалы –
темір бетонды тақталар. Аралықтар –
гипсокартон, терезелік блоктар – қос әйнекті. |
|
15 |
Едендер, пәтерді
өңдеу |
Едендер, ішкі өңдеулер
жалпыға бірдей серия бойынша. |
|
16 |
Қосымша талаптар |
Жобаны жасау бағасына
инженерлік ізденістерге кеткен шығындар кіреді. |
Қорыта
келгенде, жаңа құрылысқа алғашқы
тағайындалған жоба бойынша жаңа алаңдарда істейтін
кәсіпорын ғимарат пен үймерет құрылыстары
жүргізіледі. Құрылыс өндірісінің негізгі
бағыты болып материалды ресурстарды көп мәрте қолдану
өндірісін көтеру, өндірістің қолдануын азайту
көзделген. Бұның бәрін құрылыс
өндірісін автоматты басқару жүйесін қолдану
арқылы жүзеге асырылды. Ескі өндіріс тиімділігін көтеру
үшін оны жетілдіру, объектіні көтеру үшін оны жетілдіру.
Құрылыс ұйымдастырушының құрылыстың
және жұмыс өндірісінің шешімімен экономикалық
жобасын тиімді жолдарын анықтау негізінде нұсқаудың
негізіне қарайды.