Технические
науки/4.Транспорт
Т.ғ.к. Пернебеков С.С.,
т.ғ.к. Үсіпбаев Ү.А., оқытушы Сейдалиев Н.Т.,
СМ-11-1к2 тобының студенті
Абдулла М.П.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан
Автомобильдердің
сенімділік деңгейін арттыру мәселелері
Автомобильдердің
сенімділігінің деңгейін арттыру барысында оларды жасау
шығындарының көлемі артып, оларға техникалық
қызмет көрсету мен оларды жөндеу шығындары
төмендейді. Ал сенімділік деңгейі жеткіліксіз дәрежеде
болған жағдайларда, олардың сипаты керісінше болады.
Ғылыми прогресстің осы заманғы кезеңінде, автомобильдерді
белгіленген деңгейдегі сенімділікпен, соның ішінде аса жоғары
дәрежедегі сенімділікпен жасап шығаруға болады. Бірақ
мұндай қосымша шаралар мақсатында жұмсалатын шығындар
көлемі, бұл ретте күрт өсіп кетеді және
олардың мөлшері пайдалану кезіндегі шығындардың
төмендеуімен сәйкес келмейді [1].
Сенімділік,
түптеп келгенде, нысанды жасап шығару шығындарын оны
техникалық жарамды жағдайда ұстап тұруға
жұмсалатын шығындармен салыстыру арқылы бағаланады.
Бұл қатынас жиынтық шығындармен бір мезгілде, сенімділік
деңгейіне әсер етуші, басқа да көрсеткіштерді ескере
отырып, талданады және ол сенімділік деңгейі ретінде
қарастырылуы мүмкін. Ол қатынастың оңтайлы
шамасын таңдау үшін қандай да бір критерийді анықтау
қажет және сол критерий негізінде тиісті математикалық
қатынасты (жетекші функцияны) жасау керек.
Автомобильдердің сенімділігінің
сипаттамаларын оңтайландыру жұмыстарын ортақ көрсеткіш бойынша:
меншікті келтірілген шығындардың төменгі шамасы бойынша –
машиналарды жасау және оларды техникалық жарамды жағдайда
ұстау мақсатында жұмсалатын орташа меншікті
шығындардың төменгі жиынтық шамасы бойынша жүргізген
дұрыс [2]. Автомобильдердің сенімділік көрсеткіштерін
оңтайландырушы жетекші функция мынадай қатынас бойынша
анықталады:
(1)
мұндағы:
автомобильдерді сатып алу мен олардың
жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында
жұмсалатын меншікті шығындар;
автомобильдердің
құны (доңғалақтарсыз және есептен
шығару кезіндегі жою құнынсыз);
автомобильдердің
жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында
жұмсалатын орташа меншікті шығындар (барлық түрдегі
жөндеу жұмыстары үшін);
техникалық
қызмет көрсетуге жұмсалатын орташа меншікті шығындар;
автомобильдің ресурсы
немесе қызмет атқару мерзімі.
Автомобильдерді
сатып алу мен оларды техникалық жарамды жағдайда ұстау
мақсатында жұмсалатын меншікті шығындарының
өзгеру сипаты 1-суретте келтірілген. Суреттегі қисық
сызық (2) автомобильдердің сенімділігін, оларды аралық
мерзімдер үшін бағалау кезіндегі, қамтамасыз ету
мақсатындағы меншікті шығындарды бейнелейді, ал қисық
сызықтың астындағы 0-ден
tP-ге дейінгі
аралықтағы аудан көлемі - орын алған тоқтап
қалулар мен ақауларды, автомобильдерді жөндеу кезіндегі,
түзету мен оларға техникалық қызмет көрсету
мақсатында жұмсалған орташа меншікті шығындарды
көрсетеді.
Автомобильдердің
пайдалану мерзімінің басынан бергі барлық шығындарын
бейнелейтін,
және
функциялары келесі
теңдеулер көмегімен анықталуы мүмкін:
, (2)
(3)
мұндағы:
автомобильдердің
пайдалану жағдайларына тәуелді болатын, суреттегі қисық
сызықтың (2) көлбеулік бұрышы шамасымен
анықталатын және өлшем бірлігі теңге/сағат немесе
теңге/мың км болатын, коэффициент;
осы өндіріс орны тарапынан шығарылған автомобильдердің
сенімділік деңгейін анықтайтын дәреже көрсеткіші.
Қазіргі уақытта оның шамасы 1,5-2,0 аралығында
қабылданады [3].
1- пайдалану басынан бергі орташа
меншікті шығындар -
; 2- жұмыс істеу аралықтарындағы меншікті
пайдалану шығындары -
; 3- автомобильдерді сатып алуға жұмсалған
орташа меншікті шығындар -
; 4- орташа меншікті жиынтық шығындар -
.
1-сурет. Меншікті шығындарының
өзгеру сипаты
Автомобильдерді
сатып алуға жұмсалатын жиынтық орташа шығындар шамасы
олардың жұмыс істеу мерзімінің артуымен бір мезгілде
төмендеп, ал автомобильдердің сенімділігін қамтамасыз ету
мақсатында жұмсалатын шығындар мөлшерінің,
керісінше, артатындығына қарамастан, осы шығындардың
барлығының қосындысы төмен болатын жұмыс істеу
мерзімін анықтауға болады. Бұл жұмыс істеу
мерзімінің шамасы
, сонымен бір мезгілде, меншікті шығындардың
артуына алып келетін, ресурстың шектік шамасы да болып табылады:
(4)
Автомобильдердің
ресурс
аралығындағы сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында
жұмсалатын шығындардың жиынтық айнымалы шамасы
(5)
Бұл
есептеудің әдістемесі, мәндері автомобильдерді тәжірибелік
жолмен пайдалану кезінде анықталатын немесе болжанатын, бірқатар
коэффициенттерді анықтаумен және қолданумен тікелей
байланысты.
Аталған
ресурс аралығында пайдаланылуы мүмкін қосалқы
бөлшектердің құны мына формула көмегімен
анықталуы мүмкін:
(6)
мұндағы:
тәжірибелік коэффициент, ![]()
Аралық
меншікті шығындар
қосалқы
бөлшектерге жұмсалатын шығындардан
, ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалатын
шығындардан
, пайдалану материалдарына жұмсалатын шығындардан
және автомобильдердің жөндеу
жұмыстары кезіндегі бос тұру шығындарынан
құралады:
(7)
Сонымен
қатар, аралық меншікті шығындар
көлемін, жалпы
жұмыс уақытының функциясы ретінде, формула (2) бойынша аппроксимациялауға да болады.
Автомобильдердің
сенімділік сипаттамаларын оңтайландыру тек қана алға
қойылған мақсат қана болып қалмауы керек
және ол автомобильдерді пайдалану кезінде жұмсалатын жиынтық
шығындардың мөлшерін, автомобильдерді жасау мен оларды
пайдалану салалары арасындағы жасаушыларды қайта таратып бөлу
арқылы, төмендету үшін пайдаланылады.
Әдебиеттер
1.
Шейнин А.М. Закономерности влияния надежности машин на эффективность их
эксплуатации. – М.: Знание, 1987. - 54 с.
2.
Гнеденко Б.В., Беляев
Ю.К., Соловьев А.А. Математические методы в теории надежности. – М.: Наука, 1965. – 524 с.
3.
Шейнин А.М. Основные
принципы управления надежностью машин в эксплуатации.- М.: Знание, 1977.- 212 с.