Жазғы аналық
қызылша жапырақ тақтысы көлемінің
өсуінің өнімге байланыстылығы
Қонысбеков К., ауыл шаруашылығы ғылымдарының
кандидаты,
Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ
Талдықорған филиалы (Қазақстан)
Аналық
қызылшаны жазда жиілетіп егу әдісімен өсіру еңбек
күші мен қаржыны 2 есеге дейін үнемдеуге болатын
технологиялардың соны үлгілерінің бірі, осы технологияны
кеңінен пайдаланып қант қызылшасы тұқым
шаруашылығының экономикасын шұғыл көтеруге
болады. Жазда барынша жиі себіліп өсірілген ұсақ
тамыржемістердің биологиялық белсенділігі өте жоғары
болады, оларды тығыз отырғызып, агротехникалық күту
шараларын дұрыс қолданса сапасы жоғары мол тұқым
өнімін береді.
Ұсақ тамыржемістердің құрамында
құрғақ зат мөлшерімен есептегенде
қанттылығы жоғары болып келеді және олар қыста
жақсы сақталады.
Аналық
қызылша егістігі қосымша жер көлемін қажет етпейді,
оларды масақты-дәнді дақылдарды жинап алғаннан кейінгі
аңызға егуге болады. Сонымен бірге, масақты-дәнді
дақылдар қызылша дақылы үшін егістік алқапты
түрлі аурулар мен зиянкестерден сауықтыратын таптырмас
биологиялық фитосанитарлық құрал, алғы
дақыл болып есептеледі.
Бұл технология В.Ф.Зубенко [1] мен
Н.П.Давиденконың [2] деректері бойынша әр гектардан салмағы
10-50 граммдық және одан да жоғары 600-800 мың тамыржемістер
алуға мүмкіндік берді. Көшеттік тамыржемістердің
шығу коэффициенті 15-тен жоғары болған.
Ұсақ
тамыржемістерді өсірудегі басты
талап – қолайлы себу мерзімі мен қажетті өсу
қалыңдығын қалыптастыру.
Біздің
жағдайда, Қазақстанның
оңтүстік-шығысында Талдықорған
өңірінде қант қызылшасы тұқымдығына
пайдалану үшін ұсақ тамыржемістер алу мақсатында жазғы аналық
қызылша шілденің III онкүндігінде себілді.
Жаздық егістіктегі аналық қызылшаның
тамыржемістері күзде қазып алынып қоймада сақталды да,
көктемде егістік алқапқа отырғызылып, ары
қарай өсіріліп
тұқым алынды.
Жаздық аналық қызылша
қатараралығы 60см дәстүрлі әдіспен себілді.
Бақылау нұсқасы
ретінде көктемде қатараралығы 60см себілген аналық
қызылша алынды.
Өркендер
5-6 күннен кейін жер бетіне көктеп шыға бастады. Көктеп
шығуы мен өсімдік жиілігі жөнінен аса көп
айырмашылық байқалмады.
«Қос
құлақ», «төрт
құлақ» және үш жұп нағыз
жапырақ алу кезеңдері, тиісінше, 6-шы, 5-ші және 6-шы
күннен кейін пайда болды.
Зерттеу
жұмыстары жүргізілген 3 жылда да тамыз және
қыркүйек айларының метеорологиялық жағдайы
аналық қызылшаның өсіп-дамуына қолайлы болды.
«Қос
құлақ» кезеңдегі 100 өсімдіктің массасында
аса көп алшақтық
байқалған жоқ (1 кесте ).
Көп
жылдық тәжірибелерде аналық қызылшаны
қатараралығын 22,5см сепкенде өркендердің қалыңдығы 1 метрге 25-30
өсімдіктен, ал қатараралығын 45см сепкенде 30-35
өркеннен болуы керектігі анықталған. Біздің
тәжірибеде бұл көрсеткіш 3 жылда орташа алғанда
өсімдіктердің бастапқы жиілігі 1 метрге 28,2 өсімдіктен
құралды.
1 кесте-Себу мерзіміне
қарай аналық қызылша өркендерінің дамуы
(2010-2012жж.)
|
№ р/р |
Нұсқалар |
Өркендердің жиілігі |
100 өсімдік тің
массасы, г |
Тамыржегі- мен зақымдануы,% |
|
|
дана/ метр |
мың дана/га |
||||
|
1 |
Көктемгі аналық
қызылша |
13,2 |
220 |
49,5 |
11 |
|
2 |
Жаздық аналық қызылша |
28,2 |
470 |
52,7 |
9 |
Көктемгі мезгілде себілгендерге (11,0%)
қарағанда, жазғы мезгілдегілердің тамыржегі ауруымен
зақымдануы 2% төмендеді.
Дегенмен, тамыздың басындағы жоғарғы ауа температурасы
топырақ бетінің тез кеуіп, қабыршақтануына әкеп
соқтырып тамыржегі ауруының таралуына себепкер болды (9%).
И.И.Силаковтың [3] пайымдауынша
өсімдіктердің қалыңдығын жиілеткенде егістікте
қолайлы микроклимат пайда болып жапырақ аппаратының
фотосинтетикалық қызметі жаңа арнаға түсіп,
жанданады және тамыржемістерде құрғақ
заттардың көптеп түзілуіне және тағы басқа
қажетті қоспалардың жиналуына жақсы әсер етеді.
Өсімдіктің
өнімділігіне организмдегі жүретін барлық процесстердің
қосылған жиынтығы түрткі болады.
Өсімдіктердің өнімділігінің негізгі
көрсеткіштерінің бірі фотосинтез жұмысын реттейтін және
жапырақ тақтасының көлемін көрсететін
фотосинтетикалық аппаратының дамуы болып табылады.
Аналық
қызылшаның жапырақтары екі функцияны орындайды. Біріншісі,
өсімдік пен күн сәулесінің энергиясын байланыстыратын
«делдал», яғни жапырақтардың қызметінің
арқасында хлорофиллдер, көміртегілер және аскорбин
қышқылдары түзіледі, осыдан барып жапырақтарда
және тамыржемістерде құрғақ заттар жиналады.
Екіншісі,
көшетсіз өсімдіктің тамыржемістерінің бүршіктерін
ауаның төменгі температурасынан, яғни, суықтан
сақтайтын қорғаныш ретінде.
Жазғы
мезгілде жиілетіп себілген аналық қызылшаның
жапырақтарының өсу қарқынына бақылау
жасалғанда өсімдіктердің өсу-даму дәуірінің
белгілі бір кезеңдерінде жапырақ түзілу
үрдістерінің жеделдеуі және өте жоғары
тәуліктік өсім қосатындығы байқалды (кесте 2).
Біздің
тәжірибеде өсімдіктердің жапырақ тақтасының
ауданы метеорологиялық жағдайларға, ылғалмен
қамтамасыз етілу мөлшеріне байланысты әр жылдары
әрқалай болды.
Қазан
айының 1-не қарай өсімдіктерде, зерттеу жылдарында, шамамен
19-21 жапырақтан пайда болды және жапырақтар тақтасы
аудандарының барлық жиынтығы 2010жылы – 2463,4 см2,
2011жылы – 2707,0 см2, 2012жылы – 2607,9 см2
құрады.
«Қос
құлақ» кезеңінен бергі жапырақтар
тақтасының тәуліктік орта өсімі 31,14 см2/тәулік.
Өсу дәуірінің аяғына қарай, 21-23 жапырақ
алған кезде, жапырақтар тақтасының ауданы 2010 жылы –
2936,4 см2, 2011 жылы -
3070,0 см2 және 2012 жылы – 3175,0 см2
құраса, тәуліктік өсім, тиісінше, 47,3; 36,3 және
56,7 см2/тәулік болды.
Жапырақтар
тақтасы ауданының өсуі аналық қызылшаның
тамыржемістері мен жапырақтарының салмағының
көбеюіне және түптеп келгенде жарамды тамыржемістер
санының көтерілуіне ықпал етті.
Сонымен,
жапырақтар тақтасы көлемінің ұлғаюы мен
өсімдіктердің құрғақ массасының
өсуі тамыржемістер өнімінің құралуына тікелей
әсер етті, ал ассимиляциялық жапырақ тақтасы
көлемінің өсуінің тежелуі қызылшаның
өнімі мен қанттылығын төмендетті.
Пайдаланылған әдебиеттер
1
Зубенко В.Ф. и др. Использование мелких маточных
корнеплодов. //Ж. Сахарная свекла, 1981 - №8.-
С38-39
2
Давиденко Н. Влияние условий выращивания маточной свеклы
на повышение продуктивности и качества семян./ IV съезд генетиков и селекционеров
Украины,Киев,1981.-часть3. -С.174-176.
3
Силаков Н.И. О площади питания семенников и величине
маточных корней. //Ж. Сахарная свекла, 1977. - №3.- 31с.
Кесте 2- Жазғы егістіктегі аналық қызылша жапырақтарының тәуліктік
өсімі мен даму динамикасы (2010-2012жж)
|
№ р/с |
Көрсеткіштер
|
Себу
мерзімі |
Бақылау күндері |
||||||||
|
2010 |
2011 |
2012 |
|||||||||
|
20.09 |
01.10 |
20.10 |
20.09 |
01.10 |
20.10 |
20.09 |
01.10 |
20.10 |
|||
|
1 |
Жапырақтар
саны, дана |
Шілде, 3-ші
онкүндік |
- |
20 |
23 |
18 |
21 |
23 |
16 |
19 |
21 |
|
2 |
Жапырақтар
тақтасының ауданы, см2 |
Шілде, 3-ші
онкүндік |
- |
2463,4 |
2936,4 |
2216,0 |
2707,0 |
3070,0 |
2056,9 |
2607,9 |
3175,0 |
|
3 |
Жапырақ
тақтасының өсу динамикасы,см2 |
Шілде, 3-ші
онкүндік |
- |
2463,4 |
473,0 |
2216,0 |
491,0 |
363,0 |
2056,9 |
551,0 |
567,1 |
|
4 |
Тәуліктік орташа өсім, см2/тәулік |
Шілде, 3-ші
онкүндік |
- |
36,6 |
47,3 |
30,4 |
49,1 |
36,3 |
26,42 |
55,1 |
56,7 |