ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНДЕГІ
НЕСИЕЛІК САЯСАТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Астана қ. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ э.ғ.м., аға
оқытушы
Мұқашева Г.М., э.ғ.м., аға оқытушы Жакишева
Қ.М
Бүгінгі таңда банк саласы
шаруашылық өмірде маңызды орын алып, жалпы экономиканың
«қан айналыс жүйесіне» айналды. Несие жүйесі өндіріске
тура және өте күшті әсерін тигізетіндігін экономистер
ертеде айтқан. Қазір бүкіл әлем жұртшылығы
экономикалық дағдарыстың салдарынан пайда болған
мәселелердің зардабын сезінуде. Жаһандық дағдарыс
дауылы алпауыт мемлекеттерді де сезіледі.
Әлемдік
қаржылық дағдарыс қазақстандағы банктік
дағдарыс экономикадағы құрылымдық ауытқыма
нәтижесін, оның қаржылық секторындағы
банктердің соңғы жыл өсуге ұмтылуымен байланысты
және сәйкесінше, шетелдік қарызға алудың
сыртқы тәуекелін шоғырландыру және менеджмент
тәуекелінің төменгі деңгейімен ішкі экспанция
және несиелеудің жаппай дамуының ішкі тәуекелін,
банктер қызметін қажетті долларландыру, тиімділікті
қадағалау шараларының жетіспеуі, сонымен қатар
жүйедегі дағдарыстың алдын алатын немесе
болашақтағы олардың салдарын жеңілдететін механизмдердің
жоқтығын көрсетеді.
Бүгінде еліміздегі банк секторының
даму проблемалары мынадай болып отыр. Бұл проблемаларды талқылау келешектегі
еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) ену
туралы және алдыңғы қатардағы озық отыз
мемлекеттің қатарына ену туралы мәселеден туындайды. Елімізде
өндірістің немесе нақты сектордың қаржы
секторынан даму қарқыны жағынан көш артта қалып
отыр.
Коммерциялық банктердің меншікті
капиталының әлі де болса, жеткіліксіздігі немесе коммерциялық
банктердің капитализациялау дәрежесінің төмендігі банк
секторының қызметін тежеуші факторлардың бірі болып табылады.
Себебі, қазақстандық
коммерциялық банктердің көшбасшылары, «Forbes»
көрсеткіштері бойынша, 2012 жылы
капиталы көп деген «Казкоммерцбанк» пен «БТА Банк» өздерін
батыстың басты банктерімен салыстыруға болмайды. Өйткені
олардың капиталы өте аз. «Казкоммерцбанктің»
өзінің меншікті капиталы 450,72 млрд.теңге. «Халық
Банк» капиталы 282,65 млрд теңгені құрайды . Үшіншісі –
«БТА Банкі», оның капиталы -1227,85 млрд теңге.
2013 жылға Қазақстанда 38 банк
болса, Ресейде 956 банк бар. Біздің коммерциялық банктер секторын
сандық көрсеткіштері жағынан өте күрделі, керемет
деп айтуға болмайды. Ең үлкен үш банкіміздің
өзі Ресейдің бір банкіне жетпейді. Ресейлік бір ғана
Жинақ банкінің (Сбербанк) капиталы 9699 миллиард теңгені
құрайды. Ал енді, қазақстандық үш банкті
қоса алғанда, сондай-ақ, еліміздегі басқа да банктер –
Альфа, Еуразия, Нұрбанк, Центркредит банкілерінің меншікті
капиталдарын қоса алғанда 3000 миллиард теңгеге жетіп
жығылады.
Бірақ
қазақстандық коммерциялық банк секторына үлкен
шетелдік инвестициялар келіп, капиталын көбейтіп, банк капиталының
шоғырлана түсуіне үлкен қозғау салуы
ықтимал. Сонымен қатар банк
капиталын көрші мемлекеттерге экспорттау да етек алуы
заңдылық. Қазақстанның банк секторы сандық
көрсеткіші жағынан да, экономикалық қуаттылығы
жағынан да дамыған батыс мемлекеттерінің банктерінен әлі
де көп артта келеді. Ал енді біздегі 38 банктің ішіндегі проблемаларға келетін болсақ,
олардың капитализациялау дәрежесін көтеру күн
тәртібіндегі үлкен мәселе.
Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің активтері 2012
жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда банктік қарыздар
және «кері РЕПО» операциялары бабының 1167,6 млрд. теңгеге
немесе 11,2%-ға қолма-қол ақша, тазартылған
қымбат металлдар және корреспонденттік шоттар бабының 82,2
млрд. теңгеге немесе 5,9%-ға, сондай-ақ өзге
активтердің 185,2 млрд. теңгеге немесе 9,1%-ға
ұлғаюы есебінен 1052,4 млрд. теңгеге немесе 8,2 %-ға ұлғайып,
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13870,3
млрд. теңге болды. 2012 жылғы желтоқсанда ҚР екінші
деңгейдегі банктері активтерінің ұлғаюы 161,4 млрд. теңге
болды.

Сурет 1. ҚР банк секторының
активтері мен несие портфелінің динамикасы
Ескерту - ҚР ҰБ
мәліметтері негізінде құрастырылған
Соңғы үш жыл бойынша
несиелік нарықтың құрылымы мен динамикасын талдау
ҚР несиелік нарығының жағдай мен өсім
қарқынын көрсетеді. Қазіргі таңда
Қазақстан Республикасының несие нарығында, несиелік
ресурстармен қамтатамасыз етумен айналысатын әртүрлі
ұйымдар бар: инвестициялық банктер, екінші деңгейлі банктер
(ЕДБ), несие достастықтары, ломбардтар, ипотекалық компаниялар,
шағын несиелік ұйымдар т.б несиелік ұйымдар. Несие берумен
үкімет та айналысады, бірақ барлық несие ресурстарының
басым бөліктері банктерге тиесілі. Коммерциялық банктер
өзінің қызметін кеңейту мақсатында
клиенттердің қажеттілігіне
байланысты несиелерді ыңғайлы шарттармен ұсынады.
Ағымдағы жылдың
басынан басталған кезеңде Қазақстан
Республикасының банк секторын несиелеу құрылымында елеулі
өзгерістер болған жоқ, бұрынғыша, несие
портфелінің негізгі үлесін заңды тұлғаларға
берілген қарыздар алады (кесте 1).
Кесте 1 – Қазақстан Республикасының банк секторы несие портфелінің
құрылымы
|
Көрсеткіштің атауы |
01.01.2012 |
01.01.2013 |
||
|
Негізгі борыш сомасы, млрд.
теңге |
Үлесі, % |
Негізгі борыш сомасы, млрд.
теңге |
Үлесі, % |
|
|
Барлық несие портфелі |
10472,8 |
100,0 |
11656,6 |
100,0 |
|
Банкаралық қарыздар |
162,9 |
1,6 |
148,1 |
1,3 |
|
Заңды тұлғаларға
қарыздар |
6705,2 |
64,0 |
7049,7 |
60,5 |
|
Жеке тұлғаларға қарыздар Оның ішінде: |
2018,5 |
19,3 |
2530,4 |
21,7 |
|
Тұрғын үй салуға
және сатып алуға, оның ішінде |
873,5 |
8,3 |
934,7 |
8,0 |
|
-ипотекалық тұрғын үй қарыздары |
757,7 |
7,2 |
832,6 |
7,1 |
|
-тұтынушылық қарыздар |
1012,1 |
9,7 |
1446,3 |
12,4 |
|
- өзге де қарыздар |
132,9 |
1,3 |
149,4 |
1,3 |
|
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне
қарыздар |
1554,6 |
14,8 |
1870,7 |
16,0 |
|
«кері РЕПО» операциялары |
31,6 |
0,3 |
57,7 |
0,5 |
|
Ескерту
- ҚР ҰБ мәліметтері негізінде автормен
құрастырылған |
||||
ҚР банк секторының несие
портфелі жылдың басымен салыстырғанда 1183,8 млрд. теңгеге
немесе 11,3%-ға ұлғайып, есепті кезеңде 11656,6 млрд.
теңге болды.
Заңды
тұлғаларға қарыздар 344,5 млрд. теңгеге немесе
5,1%-ға ұлғайып, есепті кезеңде 7049,7 млрд теңге
болды. Жеке тұлғаларға қарыздар 511,9 млрд.
теңгеге немесе 25,4%-ға ұлғайып, есепті кезеңде
2530,4 млрд теңге болды. Шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілеріне қарыздар 1870,7 млрд. теңге болды. Екінші
деңгейдегі банктердің несие портфелінің
құрылымында ең көп үлесті заңды
тұлғаларға қарыздар алады – 60,5%, бұл орайда,
жеке тұлғаларға қарыздар үлесі – 21,7 %,
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар –
16,0%, кері «РЕПО» операциялары – 0,5 %.
Келесі үлкен мәселелердің бірі
ол банктердің кредиттік қызметі. Зерттеу нәтижелері бойынша,
жалпы алғанда зерттеліп отырған кезеңде кредит
нарығында түбегейлі өзгерістердің байқалмағанын
көрсетіп отыр. Кредит нарығы әлі де қарыз алушылар
тарапынан төлем жасауға қабілеттілік сұранысының
шектелуімен, қарыз алушылар тарапынан тұтынушылық кредиттерге
сұраныстың көрсетілумен, қаржылық емес сектор
тарапынан неғұрлым қалыпты сұраныспен, сондай-ақ
ұзақ мерзімді қорландырудың шектелуімен және
кредит портфелі сапасының төмен болуымен сипатталып отыр.
Банктердің
көпшілігі белсенді түрде бөлшек секторды кредиттегісі келеді,
ол нақты берілген кредиттердің өсуімен және қарыз
алушылардың тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың
артуымен расталады.
|
|
|
|
|
Сурет 2. Кредиттік
ресурстарға сұраныс
пен ұсыныстың өзгеруі, респонденттер %,
(жеке тұлғалар)
Дерек көзі: ҚРҰБ |
Тұтастай
алғанда 2013 жылғы 2-тоқсанда өткен тоқсанмен
салыстырғанда жеке тұлғалар тарапынан сұраныстың
айтарлықтай өскені байқалды: ипотекалық және
тұтынушылық кредиттерге деген сұраныстың артқанын
атап өткен банктердің үлесі тиісінше 23%-дан 36%-ға
дейін және 44%-дан 56%-ға дейін ұлғайды (2 сурет).
Тұтыну нарығының жоғары деңгейде белсенді болуы
аясында банктердің кредит саясаты өтінімдерді қарау
және клиенттерге қызмет көрсету процесін жылдамдату,
сондай-ақ қаржыландыру талаптарын жұмсарту жолымен клиенттік
базаны одан әрі өсіруге бағытталған. Бұл ретте
тұтыну кредиттері бойынша кредит саясатының жұмсарғанын
атап өткен банктердің саны аздап – 19%-дан 9%-ға дейін
қысқарды (3 сурет). Халықтың тарапынан ипотекалық
кредиттерге белсенділіктің артуына және тұтастай
алғанда тұрғын үй нарығының оң
конъюнктурасына қарамастан, банктердің кредиттік белсенділігі
ұстамды күйде қалып отыр, ол қарыз алушыларды
бағалау жүйесінің қатты болуымен, оның ішінде
бастапқы жарнаға қойылатын талаптардың жоғары
болуымен, клиенттердің төлем қабілеті мен кредит
қабілетінің мониторингінің
мұқият жүргізілуімен көрінеді. Банктердің
тарапынан қарыз алушыларға деген талаптардың жоғары
болуы ипотекалық өнімдер бойынша кредит саясатының аздап
қатаңдануында да көрініс тапты. Мысалы, 2-тоқсанда
банктердің 10%-ы ипотекалық кредиттер бойынша кредит
саясатын қатаңдатты, ал 1-тоқсанда оны жұмсартқан
болатын.
|
|
|
|
|
Сурет 3. Банктердің кредит
саясатының өзгеруі |
Дерек көзі:
ҚРҰБ
2013 жылғы 3-тоқсанда
банктер қарыз алушылардың тарапынан кредит өнімдеріне деген
сұранысының одан әрі өсуін және кредиттеу
нарығында бәсекелестіктің күшеюін күтуде. Банктер
бөлшек кредиттеу нарығындағы ұсыныс басқа
банктердің тарапынан бөлшек өнімді қайта қалпына
келтіру және жақсарту есебінен өседі деп болжайды. Жекелеген
банктер кредиттік тарихы жақсы қарыз алушылар мен
ұйымдардың қызметкерлері үшін тұтынушылық
кредиттеуді ынталандыруға бағытталған түрлі акцияларды
өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа кейбір банктер
ипотекалық кредиттеудің жеңілдік берілген жаңа
бағдарламаларын енгізуді жоспарлап отыр.
ҚҚК деректері бойынша
банктердің тұтынушылық кредиттеуі 2012 жылғы
2-тоқсандағы 11%-дан 3-тоқсандағы 13% дейін
өскендігін атап өтілді (4 сурет). Банктердің
көбінің (69%) деректері бойынша тұтыну қарыздарына
сұраныс өсті, бұл осы кредиттеу сегментінің жалпы
алғанда тартымдылығын көрсетеді.
Тұтынушылық
кредиттеуді кеңейту мақсатында банктер жарнамалық
компанияларды белсенді жүргізді,
атап айтқанда «жазғы каникулдар» және «комиссиясыз», олардың шарттары бойынша
тұтынушылық қарыздар
негізгі борыш бойынша 2 айға жеңілдік
кезеңмен және кредиттерді
ресімдеу және беру кезінде комиссияның жоқ болуымен берілді.
|
|
|
|
Сурет 4. Тұтынушылық
кредиттеуге сұраныстың және өсу
қарқынның өзгеруі
Дерек көзі:
ҚРҰБ
Кредиттеудің бөлшек
нарығында қарыз
алушының тәуекелдерін бағалау кезінде банктердің
көбі төлем қабілеттілігін бағалаудың көп
деңгейлік жүйесін қолдануды бастағандығын
атап өткен жөн. Банктер кредиттік бюро берген
ақпаратпен белсенді жұмыс
істейді. Әлеуетті қарыз алушылардың барлық кредиттік
өтінімдері кредит тарихының
бар болуы мен сапасына автоматты
түрде бағалаудан өтеді.
Сондықтан да,
Қазақстан Республикасында банк секторын дамыту жолдарын
қарастырып, оларды ұстану қажет. Осыған орай, 2015
жылға дейін және 2020 жылға дейін дамытуға
бағытталған стратегиялық мақсаттар
анықталған.
2015 жылға дейін:
1. халықтың
жинақтарын тартудың баламалы көздерін дамыту үшін
жағдайлар жасау;
2. халықтың
қаржылық сауаттылығын және инвестициялық
мәдениетін жоғарылату жөніндегі іс-шаралар сәтті іске
асыру;
3. мемлекеттік-жеке меншік
әріптестік тетіктерінің рөлі мен маңыздылығын
жоғарылату жөніндегі шаралар кешенінің іске асырылуын
қамтамасыз етіу.
2020 жылға дейін:
1. қаржы
ұйымдарының институционалдық базасын ұлғайту
және олардың инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру;
2. банк секторының
сыртқы міндеттемелерінің үлесі оның
міндеттемелерінің жиынтық көлемінде 30 %-тен астыртпау;
3. қаржы нарығы
қызметтердің кең спектрін ұсыну және инвесторлар
мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың арасында сенімді
болу.