Старший преподаватель, магистр учета и
аудита Айтманбетова Р.К.
Кызылординский государственный университет
им.Коркыт Ата, Казахстан
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелестік
елдерінің қатарына кіруі Стратегиясы туралы ҚР Президентінің
жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі – Қазақстан
экономикасын әрі қарай жаңарту және
диверсификациялаудың тұрақты экономикалық
өсудің негізгі ірге тасы ретінде көзделуі де жай емес.
Бұл стратегия Қазақстан экономикасының тек шикізат
бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес
сектордың дамуына көңіл бөлу қажеттігін айқындады.
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта
дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның
бағытын өзгерту жолында
республикамыздың 2003-2015 жылдарға арналған
индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік
секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды
жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Кеңес одағының тұсында қызмет етіп
отырған кейбір құрал-жабдықтардың отандық
өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі
қазақстандық өнімдердің әлемдік
нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері
ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ
бүгінгі отандық өндірістегі негізгі
құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі
құралдар. Өндірістік сектордағы
құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі
қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе
дәлелдеп берді.
Сонымен қатар Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық
экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне
инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық
дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы
және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын. Осы жерде кәсіпорындарды орта
және ұзақ мерзімді
қаржыландырудың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола
алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және
жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін
ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде
бұл құрал шағын және орта бизнестің
қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы
кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы
қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін
жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және
кеден бажынан босату сияқты шаралары бәсекеге қабілетті
өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Лизингтің дамуы үшін
қолайлы макроэкономикалық және нормативтік ахуалдың
болуы қажет. Экономикалық қатынастар тұрғысынан
алғанда лизинг бұл өндіріске капитал инвестициялауға
байланысты банктің қаржылық қызметтерінің біріне
жатады. Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы
2000 жылдан бастап қана белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтік
мәмілелердің басым бөлігі Қазақстандағы
ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған
агроазық-түлік бағдарламасы төңірегінде
үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен
құрылған лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі
кезде Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты
қаржы нарығының бір секторы қалыптасып дамып отыр десе
болады. Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні
лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең
бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті
заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты
жеңілдіктер жасалды.
Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің
лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік
операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің
дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі
Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік
компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің
еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі
әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы
бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады.
Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды
қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады.
Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің
экономикалық табиғаты жағынан ұлттық
экономикамыздың сауығуына және әрі қарай
өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан
халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің
шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны
нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет
түріне жатады.
Лизинг – шетелден елімізге
жоғарғы технологияларға ие
құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және
кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай
отырып, негізгі капиталға
инвестиция жұмсаудың балама көзі.
Біздің ойымызша, отандық банктердің лизингтік
компаниялары арқылы лизингті қаржыландырумен қатар банктер
өздерінің де лизингтік операцияларын дамытуға
көңіл аудару қажет.
Мұндай мәселелерді шешуде қазақстандық
коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту және
жетілдірудің маңыздылығы теориялық және
тәжірибелік тұрғыдан арта түседі.
Лизингтік компанияның өзін қаржыландыратын банктік
мекемелерге тәуелділігінің нәтижесінде банктік
капиталдың лизингтік бизнеске қатысуының жанама әдісі
пайда болады. Лизинг пен несие арасында айырмашылық бар. Несие беру
саласында инвестиция кез келген кәсіпкерлік іс-әрекетке
бағытталады, ал лизингте өндіріс іс-әрекетін дамытуға
бағытталады. Несиелік келісімді жасау барысында мақсатталған
қаражат шығынын бақылау қиындық туғызады,
ал лизингте жалға нақты бір мүлік беріледі.
Несиелік келісім жасау
барысында иемденетін мүлік кәсіпорын балансында тіркеледі, ал
лизингтік келісім жасау барысында иемденетін мүлік лизинг алушының
немесе лизинг берушінің балансында тіркеледі. Соңында несие
төлемі кәсіпорын пайдасынан алынған салық
төлемінен кейін қалған кірістен төленеді. Лизингтік
төлемдер өнімнің өзіндік құнына енеді
және ол салық төлемін азайтады. Қаржы лизингі кезінде
лизингтік төлемді төлеу келісім-шарт соңына дейін жүзеге
асады, тіпті ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі лизингке
алынған мүлікті моральды тозуға ұшыртады.
Қаржы лизингі
несиенің бір нысаны ретінде қарастырылады. Халықаралық
тәжірибеде қаржы лизингі – капиталды лизинг немесе лизингке
берілетін активтің толық өзін-өзі өтейтін лизинг
ретінде сипатталды. Қаржы лизингі жалгерлік, саудалық, несиелік
және өзге де экономикалық қатынастар жиынтығын
білдіреді. Бұл жерде қаржы лизингін несиенің нысаны ретінде,
яғни оның қызмет етуімен және басқарылу
ерекшелігімен байланысты несиелік қатынастар жиынтығы ретінде
қарастырамыз.
Қаржы
лизингінің несиелік қатынастары көп аспектілі және
кең мағыналы болып келеді.
Сурет 1 −
Қаржылық лизингтің несиелік аспектілерінің сипаты
Коммерциялық
банктер лизингтік фирмалармен несиелік қатынастарды ұйымдастыру
кезінде несиелеудің банкте қабылданған жалпы
тәртіптерін пайдалану арқылы жүзеге асырады. Сондықтан
да мұндай несиелік операцияларды клиенттерге несие беру бойынша қарапайым
активті операциялар ретінде де қарастыруы мүмкін. Бірақ
кейбір жағдайларда лизингтік компаниялар үшін несиені беру
және оны өтеудің ерекше механизмін жасауды да
қарастырады. Яғни, лизингтік компанияларға берілетін несиелер
бойынша баға белгілеудің және олардың төлем
қабілеттілігін
анықтаудың ерекше
қағидалары көрсетілуі мүмкін.
Бүгінгі
таңда біздің елімізде лизингтік операциялардың дамуы лизинг
шартымен пайдалануға беру мақсатында жабдықтарды сату
үшін қажетті ақша қаражаттарын жинақтау
мәселесіне келіп тірелуде. Ал, коммерциялық банктер
айналыстағы бос ақша қаражаттарын жинақтаумен
айналысатын мекемелердің бірі болып табылатындықтан, лизингтік
операцияларды банктік операциялардың бірі ретінде қарастыру
лизингтік бизнестің дамуы үшін тиімді әдістердің бірі
болып табылады.
Соңғы жылдарда
мемлекет банктердің нақты секторды, соның ішінде кіші бизнес
пен ауыл шаруашылығын несиелеу бойыша қызметін жандандыруға
бағытталған көптеген түрлі шаралар қабылдап отыр.
Бұл мәселелерді шешудегі салмақты үлес қаржылық
лизингке келеді, лизингтің арқасында кәсіпорындар, кепілдік
мүлігі болмаған жағдайда да, өндірісті техникалық
қайта қаруландыру үшін қажетті қаржылық және
материалдық көмекті ала алады.
Бірақ, екінші
деңгейлі банктер лизингтік мәмілелерді қаржыландыруда
әлі де болса, ынталанушылық байқалтпай отыр, мұны
бірнеше жағдайлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, банктер
өзінің несиелік саясатын ескеретін көп жоспарлы
қызметін атқарып отыр, оның құрамына
қаржылық лизинг мәселелері әрқашан кіре бермейді.
Қорытындыда
лизингті несиеге арзан айырбас еместігін айта кетуге болады. Айырмашылығы
негізгі құралдарды жаңартуда несиені пайдаланғаннан
гөрі тиімді болып саналады. Біздің ойымызша, кәсіпорын
үшін негізгі қорды лизинг арқылы, ал айналымды
кеңейтуді қысқа мерзімді, тәуекелі жоғары несие
арқылы қаржыландыру аса
қолайлы болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. ҚР 5 шілде 2000ж «Қаржы лизингі туралы»
заңы. – Алматы, 2010.
2.
Акиндинов А. "Лизинг в РК в самом начале становления", Экономика и
жизнь от 22.03.03. УЧ 12.
3
«Қазақстан Республикасындағы лизингтің дамуы» // Аль-
пари. №4. 2013.
4.
ҚР Салық кодексі 2009 ж. – Алматы, 2010.
5. «Лизингтік
қатынастарды басқару мәселелері» // Аль-пари. №4. 2013