Экономическая наука/ Финансовое отношение
Сейітжағыпарова
Ш.Ж.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің оқытушысы, э.ғ.магистрі
Инновациялық
инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудың шетелдік
тәжірибелері
Әлемнің
озық тәжірибелері көрсетіп отырғанындай,
инновациялық инфрақұрылымсыз инновациялық
қызметтің жүруі мүмкін емес. ҚР
Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды
қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасында
көрсетілгеніндей, индустриялық-инновациялық
инфрақұрылымды құру кәсіпорындарды, бірінші
кезекте шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды
ынталандырудың пәрменді тетіктерінің біріне жатады. Ол
инвестициялардың ағыны, технологиялар трансферті, басқару
дағдыларын жетілдіру үшін «терезе» болып табылады. Арнайы
экономикалық және индустриялық аймақтарды
құру шеңберінде жеке сектор үшін мемлекет жасайтын
жағдай ұйымдарға инфрақұрылымдық
ресурстарды тартуға, өз шығыстарын елеулі
қысқартуға, ал арнайы экономикалық аймақтар
жағдайында жеңілдік салықтық жеңілдіктерді
пайдалануға мүмкіндік береді.
Инновациялық инфрақұрылым ұлттық
инновациялық жүйенің маңызды бөлігі саналатыны
белгілі. Мәліметтерге көз жіберсек, инновациялық
инфрақұрылымды құру кезеңі ұзақ
уақытты алатынын байқаймыз. Мәселен, АҚШ, Германия,
Жапония сынды мемлекеттерде бұл кезең 10-15 жылға
теңеседі [1, б.112].
Негізінен инновациялық инфрақұрылым элементтері XX
ғасырдың 50-жылдары белсенді дами бастады. Бұл кезеңде
әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің
ұлттық экономикасында техникалық және
технологиялық факторлардың күшеюі байқалды
Барлық ғылыми парктердің қалыптасуын үш
модельге байланыстырады (1-сурет): американдық (АҚШ,
Ұлыбритания), жапондық (Жапония, Оңтүстік Корея
және т.б.) және аралас модель (Франция, Германия, Қытай,
Ресей және т.б.).
АҚШ-тың инновациялық даму жетістіктері ең алдымен
кең тармақты технопарктерге, технополистерге,
бизнес-инкубаторларға негізделген инновациялық
инфрақұрылымды құрумен байланысты. Олардың саны
мемлекетте 700-ден астам. Бұл елдің инновациялық
инфрақұрылымында технопарктер басты мәнге ие. Әлемдегі
бірінші технопаркті құрған АҚШ-тың Стэнфорд
университеті деп көрсетеді (50-жылдардың басы). Бүгінгі
күні оның аумағында 150 астам компаниялар орналасқан,
солардың ішінде IBM, Hewlett Packard және Lockheed сынды аты
әлемге әйгілі алпауыттар бар. Соңғы мәліметтер
бойынша АҚШ-та 160 астам технопарктер орналасқан, олар
әлемдегі барлық технопарктердің 30% құрайды.
Еуропада технопарктер тек 70-жылдардың басында ғана пайда бола
бастады [1, б.18; 2, б.36].
Американдық модельдің басты ерекшелігі ірі университет немесе
ғылыми-ізденушілік орталықтың жанынан ғылыми парк
үшін аумақтың берілуі. Бұл аумақта
ғылыми-ізденушілік және инновациялық қызметтерді
дамытуға қажетті барлық қызметтер кешені
көрсетілді, бірақ университет өзі оның
құрылуында тек көмекші роль атқарды, оның негізгі
функциясы болып жалгерге тиімді жағдайда жерді жалға беру саналады.
Инфрақұрылымның қалған бөлігі басқа
да қызығушылық білдірген субъектілер есебінен
қалыптасады, ал табыс тікелей құрылтайшыға келеді.
Ұлыбританияда технопарктердің құрылуы XX
ғасырдың 70-жылдары басталды, ол салыстырмалы түрде Батыс
Еуропа елдерінен бұрын болды.
Жапонияның ЖІӨ шағын инновациялық
кәсіпорындардың үлесі 52% (3 трлн доллар шамасында),
капиталды салымдарда - шамамен 40%, ел өнімінің барлық
экспортында – 15% жетеді. Онда негізгі роль мемлекетке жүктеледі,
оның айқын көрінісі - елдің кәсіпкерлік
жүйесі негізгі мемлекет тарапынан екі бағытта қолдау табады.
Біріншіден, олар мамандандырылған мемлекеттік мекемелер – шағын
инновациялық кәсіпорындар бойынша кеңесу комиссиялары, оларды
қолдаудың бас басқармасы, аймақтық
орталықтар, шағын аумақтық орталықтар,
мемлекеттік даму корпорациясы, Шағын инновациялық
кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық
кәсіпорындардың Жалпы жапондық аймақтық
орталық комитеті, жапондық және аймақтық сауда-өнеркәсіп
палаталары. Екіншіден, қаржылық кепіл және
қаржылық көмек. Оны 59 филиалы бар мемлекеттік қаржы
корпорациясы, ұлттық қаржы корпорациялары, сауда және
өнеркәсіп кооперациясының орталық банкі, шағын
инновациялық кәсіпорындардың несиелерін сақтандыру
корпорациялары, несиелерді сақтандырудың префектуралық
қоғамдары жүзеге асырады.

Ескерт – [3] дерек көзі негізінде дайындаған
автор
Жапонияда шағын инновациялық
кәсіпорындарға несие берудің арнайы механизмі – «жайлы
несиелер» кеңінен қолданылады. Бұл механизмнің
маңызы мынада: әдеттегі қарыз несиелері 4-8% шамасында болса,
шағын инновациялық кәсіпорындар үшін «жайлы
несиенің» пайыздық үстемесі соның жартысынан аспайды. Жапонияның ең ірі
технополисінің бірі – «Цукуба» технополисі. 1981 жылы Токиодан 35 миль
қашықтықта құрылған «Цукубада»
Жапонияның алдыңғы қатарлы 98 мемлекеттік
ғылыми-зерттеу лабороторияларының 30-ы орналасқан.
Ғылыми парктердің аралас моделінің негізгі өкілдері
Еуропа елдері болып саналады. Оның негізіне жергілікті ерекшеліктерді
ескере отырып құрылатын американдық модель алынады.
Еуропалық технопарктер американдықтар сынды ғылыми орталықтардың
аумағында немесе оларға жақын маңда орналасады, сонымен
бірге онда жапониялық технополистерге тән өз клиенттеріне
қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Батыс Еуропа
ғылыми парктеріне тән екі ерекшелік бар:
- шағын фирмаларды бір
ғимаратта орналастыру, соның нәтижесінде жаңа
техникалар мен технологияларды ұжымдық пайдалануға
мүмкіндік беріледі. Өйткені, әр кәсіпорын
құрал-жабдықтарды жеке сатып алса, оған 20-30
пайызға дейін қымбат түседі. Оған қоса, мұндай
орталықтарда біліктілігі жоғары мамандарды ұстауға
кететін шығындар да қысқарады;
- бірнеше құрылтайшылардың болуы - біршама күрделі
болғанымен, басқару механизмі тиімді болып келеді [4, б.31].
Еуропада алғашқы ғылыми парктер 70 жылдары
құрылды, құрылымы жағынан АҚШ-ғы
секілді олар да технопарктерге жатады. Ежелгілері Бельгиядағы «Левен-ла-Нев» және Францияның
Ницца қаласындағы «София Антиполис» технопарктері. Қазіргі
уақытта Батыс Еуропада 300-ге жуық технопарк қызмет етеді,
оның 120-ға жуығы Германияда, 40-тан астамы Ұлыбритания
мен Францияда орналасқан.
Ғылыми парктердің аралас моделі шеңберінде 80-ші
жылдардың ортасында жаңа индустриялды елдерде –
Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Малайзияда, Тайваньда, Қытайда
және басқа да елдерде инновациялық инфрақұрылым
элементтері дами бастады. Оларға үлгі ретінде АҚШ-ғы
«Силикондық алқап» пен «Цукуба» технополисі саналды. Бүгінгі
таңда Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі технопаркі
Тайбейден (Тайвань) 70 километр қашықтықтағы Синьчжу
ауданында орналасқан. Ол электрондық өнеркәсіптің
дамуына маманданған, оның аумағында академиялық білім
мен жартысынан көбі АҚШ-тың алдыңғы қатарлы
трансұлттық корпорацияларының филиалдары болып табылатын
100-ден астам өнеркәсіптік компаниялар орналасқан. Сингапурда
инновациялық инфрақұрылымды ауыл шаруашылығының
технологияларын дамытуға негізделген агропарктерді ұйымдастыру арқылы
(10 шақтысын) өркендету жоспарланып отыр. [3, б.34-35].
Мамандардың айтуы бойынша, жаңа индустриалды елдердің
ғылыми-техникалық дамуының жоғары қарқыны
инновациялық инфрақұрылым элементтерінің жедел дамуымен
байланысты.
Аралас модельмен дамытуды қолға алған мемлекеттер
арасында Польша да бар. Бұл ел өз инновациялық
инфрақұрылымын құрарда АҚШ, Батыс Еуропа
және Жапония тәжірибелеріне тиянақты зерттеу жасаған. Нәтижесінде,
1990 жылы бірінші инновациялық орталық – «Великопольска Бизнес
Инновэйшн Сентер, Инк.» қалыптасты. Қазіргі күні
бизнес-инкубаторлар мен инновациялық орталықтар елдің
барлық экономикалық аймақтарында бар. Инновациялық
орталықтардағы персоналдың орташа саны бір жобаға
шамамен 3-7 мың адамды құрайды, бастапқы
инвестициялардың орташа көлемі – 100 мың АҚШ доллары.
Бір инновациялық орталықтың орташа операциондық
шығындары – жылына 50 мың АҚШ доллары. Аталған
елдің инновациялық инфрақұрылымының дамуына
Еуропа Одағының тигізген ықпалы орасан, бұл одақ
арнайы бағдарламалар мен жобалар аясында қолдау жасаған.
Қытайдың инновациялық инфрақұрылымын
әртүрлі инновациялық орталықтар Ұлттық
ғылыми-техникалық парктермен бірлесе отырып
қалыптастырған. Олардың мақсаты болып мыналар саналады:
ғылыми және технологиялық жетістіктердің өнімдер
мен қызметтерге трансформациялау үрдісін ынталандыру; шағын
инновациялық кәсіпкерлікті дамыту; жаңа технологиялық
кәсіпорындарды құру; шағын инновациялық
кәсіпорындарға ғылыми-ізденушілік және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуде
қолдау көрсету; оларға қажетті ақпараттар
ұсыну; қаржыландыру мен саудада көмек беру; несиелерді
кепілдендіру; технологияларды бағалауда, халықаралық
келісім-шарттарды реттестіруде қызмет көрсету;
интеллектуалдық меншікті қорғау. Қытайдағы
инновациялық орталықтар жоғары және жаңа технологиялар
аясындағы жетістіктердің коммерциализациялануына негіз болып,
кәсіпкерлер мен университетер арасындағы көпірге айналды.
Қытайдағы инновациялық белсенділік жоғары
және жаңа технологияларды дамытудың «Алау» бағдарламасы
атанған ұлттық жоспары негізінде қарқын алды.
Бағдарламаның басты ерекшелігі жобаны жүзеге асырудың
барлық кезеңінде мемлекет өзі тікелей қатысып отырады.
Сондай-ақ бұл бағдарламаның негізгі міндеттерінің
бірі ретінде мемлекеттің барлық аймақтарында жоғары
технологиялар аясында индустриалды парктерді құру көзделді.
Жоғары және жаңа технологияларды дамытудың басты
мақсаттары болып ғылым мен өндірістің
қарым-қатынасын қалыптастыру және ғылым мен
технология жетістіктерін өндіріске беру үрдісін жеделдету саналады
[4, б.79].
Технологиялық бизнес-инкубаторларды құру мен дамытуда
белгілі бір жетістіктерге жеткен, елде инновациялық әлеуетті
қалыптастыра білген Израильдік тәжірибесі. Бұл мемлекет
негізгі табысты ғылыми әзірлемелердің патенттерін сатудан
алады (мемлекеттік табыс жылына орта есеппен 102 миллиард АҚШ долларын
құрайды), ал ЖІӨ құрылымында ғылыми сыйымды
салалар мен ғылыми зерттеулер өнімдері 70%-ға жуықтайды
[5, б.74]. Қазіргі уақытта Израильде 12 «даму аймақтарында»
26-дан астам технологиялық бизнес-инкубаторлар қызмет етеді.
Барлық аймақтар салықтық және кедендік
жеңілдіктерге, арзан тұрмыстық үйлерге ие.
Технологиялық бизнес-инкубаторлар қызметіне 2,5 мыңға
жуық ғалымдар, инженерлер және техниктер тартылған,
олардың 70%-ы сырттан келген иммигранттар болып табылады.
Статистика мәліметтеріне сүйенсек, инкубаторлардағы
клиент фирмалары 51%-ы инкубаторды тастап, өз бетінше бизнесін
жалғастырады. Технологиялық бизнес-инкубаторлар аясынан
шыққан 150 компанияның 30%-ы өз акцияларын әлемдік
қор биржаларында саудалаған, олардың акцияларын әлемнің
жоғары технология өндірісіндегі көшбасшылар – US Robotics,
Siemens, Boston Scientific сынды және басқа да алыптар сатып
алған. Бизнес-инкубаторлардың жүзеге асыратын жобалары
әрқашанда нарықта қажетті болып табылады.
Мәселен, 2008 жылы аяқталған 350 жобаның 60%-ы жеке
компаниялардың шеңберінде дамып жатыр.
Ресей тәжірибесіне келетін болсақ, бұл елдің
инновациялық дамуына жауапты ұйымдарға:
Өнеркәсіп, ғылым мен технология, Білім министрліктері,
Ресейдің технологиялық даму қоры,
Ғылыми-техникалық салада шағын кәсіпорындардың
дамуын қолдау қоры, ғылыми-техникалық дамудың
аймақтық қорлары жатады. Олардың негізгі міндеттеріне
инновациялық жобаларға қажетті несиелерді беру немесе
оған ықпал ету кіреді.
Қазіргі таңда Ресейде 40 мыңдай шағын
инновациялық кәсіпорындар қызмет жасайды. Оның
аймақтарында 70 жуық технологиялық парктер мен 40 шақты
инновациялық-технологиялық орталықтар әрекет етеді,
олардың құрамында бәсекеге қабілетті ғылыми
сыйымды өнімдерді дайындайтын және шығаратын жүздеген
шағын фирмалар бар [6].
Ресейдің мемлекеттік инновациялық саясатының
мақсаты болып тұрақты экономикалық дамуға,
инновациялық өнімдердің сыртқы және ішкі
нарықтарға шығуына, импорттық өнімдерді
жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті
отандық өнімдерді дайындау арқылы ығыстыруға
жағдай жасау саналады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Сулейменов Е.З., Васильева Н.В. Инновационная
деятельность в Республике Казахстан: Аналитический обзор. – Алматы: НЦ НТИ РК.
– 2006. - 112 б.
2. Могильный С.В. Формирование и развитие
инновационной инфраструктуры в Республике Казахстан: дисс. ... канд. экон. наук.
- Алматы, 2004. - 156 б.
3. Организация и деятельность бизнес-инкубаторов и технологических парков: методические рекомендации. – Алматы: КАБИЦ, 2002. - 124 б.
4. Национальные научно-технологические индустриальные парки Китая (по материалам брошюры «National science and technology industrial parks of China» Министерства науки и технологии КНР) // Инновации, 2002. - №7. - Б. 79-82.
5. В помощь предпринимателю. Методические рекомендации. - Астана: Республиканский информационно-выставочный центр по малому предпринимательству, 2002. - Б. 70-75.
6. Рекомендации парламентских слушаний «О законодательном обеспечении инновационной деятельности в Российской Федерации» // Инновации, 2002. - №5.