э.ғ.к. Тлеужанова Д.А., қаржы магистрі
Матайбаева Г.А.
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ,
Қазақстан Республикасы
Астана қ.
Қазақстан Республикасындағы
бюджетаралық қатынастар жағдайы
Әлеуметтік-экономикaлық
және шapуaшылық қызметтеp пpоцеcінде, мемлекет ішінде пaйдa
болғaн, қapжы aғынының жүргізілуі пpоцеcінде
пaйдa болғaн бюджеттік қaтынacтap көптеген бaйлaныcтapмен
cипaттaлaды және қаржы жүйесінің бapлық құpылымдық деңгейі мен
қapжылық қapым-қaтынac ныcaндapын қaмтиды.
Бюджетаралық қатынастарға жалпы
алғанда мыналар жатады:
- жеке әлеуметтiк және
экономикалық функцияларды орындау үшiн жауапкершiлiктi
республикалық және жергiлiктi деңгейлер арасында бөлу
және заңды тағайындауға негiзделген шығыстарды
бөлу;
- бюджеттiк жүйенiң әрбiр
деңгейiне бекiтiлген өкiлеттiлiктерге адекватты, шығындар шамасын негiздеу;
- барлық деңгейдегi бюджеттер
кiрiстерiнiң көздерiн заңдық бекiту және
анықтауды көздейтiн кiрiстердi бөлу;
- аумақтың жиынтық
қаржылық әлуетіне және шығыстардың
аумақтық құрылымына тәуелдi бюджетаралық қаржылық
ағындарды ұйымдастыру критерийлерiн заңды бекiту және
анықтауды көздейтiн, аймақтарды қолдау нысандары.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары сурет 1
Сурет 1. Бюджетаралық
қатынастарды реттеу нысандары
Бюджет процесінде
республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық
маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы
қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады [1].
Қалыптасқан бюджетаралық
қатынастардың мәнiн олардың ұйымдастырылу
тәртібін және ерекшелiктерiн зерттеу мынадай қорытынды
жасауға мүмкiндiк бередi: бюджетаралық қатынастар
қалыптасатын, бюджеттiк
жүйелер деңгейлерiне тәуелдi, оларды
деңгейаралық қатынастарға және бiр деңгей
бюджеттерi арасындағы қатынастарға бөлуге болады.
Бюджетаралық қатынастарды реттеуде салықтар екі
түрде қолданылуы мүмкін: 1) бөлу нормативтерін бекіту.
Қазіргі уақытта бюджет кодексіне сәйкес, облыстық
және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар)
бюджеттер арасында кірістерді
бөлу нормативтері қолданылады; 2) параллель салықтарды
енгізу. Кейбір шетелдерде жергілікті бюджеттерге қосымша салықтар
енгізу құқығы берілген, бірақ
Қазақстанда мұндай практика қолданылмайды.
Республикалық
немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары
тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге
берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады. Республикалық немесе облыстық
бюджеттерде бекітілген сома шегінде төмен тұрған бюджеттерден
жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік
алып қою болып табылады. Ал олардың соңғы 6
жылдағы жағдайы сурет 2 келтірілген.

Сурет 2. 2009 – 2014 ж.
бюджеттік алып қоюлар және субвенциялар динамикасы, млн. тенге
2009-2014 жылдap apaлығындaғы бюджеттік
cубвенциялap мен бюджеттік aлып қоюлap динaмикacын қapacтыpa
отыpып, субвенциялардың мөлшерінің қарқынды
жоғарылауын байқаймыз. Бұл жеpгілікті бюджеттен aқшa
қapaжaтын бөлетін доноp-облыcтapы aзaйып, aл pеcпубликaлық
бюджеттен тpaнфеpттеp aлaтын облыcтap көбеюі себебінен болды. жыл caйын
өздеpінің шығыcтapын жеpгілікті бюджеттен түcетін
кіpіcтеp еcебінен жaбa aлмaйтын
Қaзaқcтaн aумaқтapының caны көбейіп, және pеcпубликaлық бюджетке
тәуелді облыcтapдың деңгейі жоғapылaудa.
Зеpттеліп
отыpғaн кезең aғымындa бюджеттік aлып қоюлap болып
cипaттaлaтын өзгеpіccіз aймaқтap - Aлмaты қaлacы, Aтыpaу
және Мaңғыcтaу облыcтapы болып тaбылaды. Бұл
aймaқтapдың жеpгілікті бюджеттеpі бюджеттік пpофицит болып
aйқындaлaтындықтaн, оның aқшa қapaжaттapын
pеcпубликaлық бюджетке тapтуғa мүмкіндік беpіледі.
Қазiргi уақытта бюджеттердiң
үйлесімсіздігі проблемасы өзектi болып тұр. Ол сыртқы
қарызды барынша пайдалануды және әлемдiк тауарлық
және қаржылық рыноктардағы өзгерiстер салдарынан
қазақстандық экономиканың осалдылығының
жоғары деңгейiн шарттайды.
Республиканың
аумақтарындағы экономикалық қиындықтарды
жеңу бюджеттiк проблемаларды шешудi, кең масштабты
нарықтық реформаларды iске асыруды, аумақтардың
тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз етудi,
өндiрiлетiн өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн
және тұрғындардың хал-ахуалын жоғарылатуды талап
етедi.
Бюджетаралық қатынастар жүйесi сәйкес
деңгейде қызмет етуi үшiн, жергiлiктi деңгейде
сыртқы қаржылық бақылауды жетiлдiру бойынша жергiлiктi
өкiлеттi және атқарушы билiк органдарының жұмысын
күшейту қажет.
Сондықтан қазiргi кезде «Республикалық және
жергiлiктi бюджеттердiң орындалуына бақылау туралы»
заңға сәйкес жергiлiктi бюджеттердiң орындалуына
сыртқы бақылауды iске асыратын мәслихаттардың
ревизиялық комиссиясының мәртебесін нығайту туралы
мәселе қатаң тұр.
Сонымен
бюджетаралық қатынастарды реформалау, ең алдымен бүкiл
бюджеттiк үдерістің айқындығын қамтамасыз ету
бойынша жергiлiктi билiктердiң уәждемесін жоғарылатуға
бағытталуы, сонымен қатар, бюджеттiк қаражаттарды пайдалануға қаржылық
бақылауды iске асыратын, органдардың қызметiнiң
тиiмдiлiгiн жоғарылатумен жүргiзiледi. Мұның
барлығы, бюджеттiк ресурстарды
пайдалануды жоспарлау, қаржыландыру және бақылау
механизмдерiн қоса алғанда, мемлекеттiк қаржыларды
басқару жүйесiн әрi қарай жетiлдiрудi талап етедi [2].
Бюджеттiк жүйенi жетiлдiру сферасында маңызды
мәселелердiң бiрi шығындарды барынша азайту кезiнде
жоғары нәтижелiкке қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн
бюджеттiк қызмет механизмiн өңдеу болып табылады.
Бюджеттiк мiндеттемелердi шектеуге жергілікті құрылымдар
мәртебесімен байланысты мәселелердің реттелмегендiгi
әсер етеді.
Жергілікті құрылымдарды қалыптастыру кезiнде мыналарды
ескеру қажет:
- аумақтың инфрақұрылымдық бiрлiгiнің
қызметi үшін аумақтың бүкiл халқының
мүддесiне қажет әлеуметтiк қызмет объектiлерiн;
- жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың
қаржылық базасының жеткiлiктiлiгi өзiн-өзi
басқарушылық бiрлiктердiң субвенциясыз қызмет етуiн
қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi, жергiлiктi өндiрiстiк
және қаржы экономикалық әлуеттің болуын;
- кадрлардың мамандануына, қабылданатын шешімдердің
тиімділігіне байланысты мамандандырылған әлуеттің болуын;
- жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан
тәуелсiз, мемлекеттiк билiк субъектiлерi органдарына түсетiн,
муниципалдық құрылымдардың шығыс қажеттiлiктерi
және экономикалық даму деңгейiнде, экономикалық
әлует туралы нақты және толық статистикалық
ақпараттарды уақыттылы алу мүмкiндiгiнің болуын.
Осы жұмыстарды орындау, жергілікті құрылымдардың
аумағында шаруашылық қызметтiң бүкiл аспектiлерiн
сипаттайтын ағымдағы әлеуметтiк-экономикалық
жағдай туралы статистикалық есептеме және басқа
мәлiметтер көлемiн өңдеумен байланысты.
Бюджеттiк жүйенi орталықсыздандыруға
бағытталған шаралар үкiметтiң халыққа
жақындауға жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының экономикалық реформаларды жүргiзудегi
мүдделiлiгiн жоғарылатуға және аумақтағы
инвестициялық климатты жақсартуға бағытталды.
Бюджетаралық қатынастар реформасының мақсаты
экономикалық тиiмдiлiктi, бюджеттiк жауапкершiлiктi, әлеуметтiк
әдiлеттiлiктi жақсарту үшiн жағдайлар жасау болып
табылады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың оңтайлы
жүйесiн құрудың негiзгi мақсаты
тұрақты әлеуметтiк-экономикалық даму үшiн
жағдайлар құру болып табылады. Жергiлiктi
өзiн-өзi басқарудың кез-келген тәсiлi
бюджетаралық қатынастардың маңызды параметрлерiн
анықтайды – билiк деңгейлерi арасында шығыс
өкiлеттiктерiн бөлу, кiрiс көздерiн бекiту,
қаржылық көмектi бөлудегі қажеттiліктi бекiту.
Бюджетаралық қатынастардың маңызды мiндеттерiн шешуге
ең төмен бюджеттiк қамтамасыз етiлудi объективтi
теңестiру, салық базасын дамытуға және кiрiстердi
бюджетке шоғырландыруды күшейтуге ынталандыру – жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының тиiмдi жүйесiн
құрғанда ғана қол жеткiзуге болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4
желтоқсандағы N 95-IV Заңы «Қазақстан
Республикасының Бюджет Кодексі» (№189-V ҚРЗ 11.04.2014 ж. өзгерісте және толықтырулармен)
2. А.Абдугалимова,
А.Усумбаева Некоторые особенности
формирования межбюджетных отношений // Транзитная экономика. – 2006. -
№2. – Б. 77-79.