ӘЛЕУМЕТТІК-БАҒДАРЛЫ ЭКОНОМИКА
ЖАҒДАЙЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ
МУСАЕВА ГУЛЬШАТ ИСАЕВНА, Э.Ғ.М., АҒА
ОҚЫТУШЫ.
ҚОРҚЫТ
АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік
нарықтық шаруашылығы экономиканы мемлекеттік реттеудің
ықпалды шараларын қарастырады. Дегенмен, бұл шаралардың
тиімділігі, мемлекеттің экономикаға араласу деңгейі мен
оның қажеттілігі жөнінде экономистер өзара сөз
таластырғанымен, бұл мәселе көптеген өркениетті
нарықты дамыған елдерде тәжірибе жүзінде оң шешімін
тапты.
Экономикалық
реформа тәжірибесі мемлекеттің экономикалық ролі мен
нарық шаруашылығын қарсы
қоюдың ғылыми және тәжірибелік
тиімсіздігін дәлелдеп көрсетті. Экономикалық теория мен
тәжірибе мемлекеттің белсенді реттеуші ролінсіз тиімді жаңа
ҒТӨ-ге негізделген, әлеуметтік-бағдарлы
нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес екендігін
көрсетеді.
Еңбек
қатынастарын мемлекеттік реттеудің мақсаты
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету
және оларға материалдық қолдау көрсету,
мемлекеттің еңбек әлеуетінің біліктілігін арттыру
және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау мен еңбек
нарығын реттеу жөніндегі негізгі шаралар мен экономиканы дамыту саласындағы
шешімдерді үйлестіру болып табылады.
Осы орайда,
әлеуметтік-бағдарлы экономика жағдайында ӘЕҚ
құру үнемі жүргізіліп отырған
қоғамдық және мемлекеттік реттеу шаралары жүйесі
негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Әлеуметтік
еңбек қатынастары (ӘЕҚ) жүйесі қалыпты
жұмыс жасауы үшін жұмыспен қамту, еңбек
жағдайы мен ақы төлеу, демографиялық,
көші-қон саясаты және т.б. әлеуметтік еңбек
салаларының барлық бағыттарын қамтитын мемлекеттік
бағдарламалық-нормативтік реттемелеуді негізге ала отырып,
мемлекет, өңірлік, ұйымдық деңгейде
қарастыру және басқаруды қажет етеді.
Әлеуметтік-экономикалық
дамуға бағытталған еңбек және жұмыспен
қамту саласындағы мемлекеттік басқарудың
әдістемелік негізі ретінде экономикалық өсудің
еңбек теориясы ұсынылуы мүмкін.
Экономикалық
өсім әлеуметтік-экономикалық қоғамның
өркендеуінің материалдық негізін құрудың
мақсаты мен қағидасы ретінде қаралады. Осыдан келіп
қоғамның еңбекке жарамды адам капиталын барынша
пайдалану негізінде материалдық және интеллектуалдық өнімдердің өндірісін
бүкіл әлемдік дамыту және табыс әкелетін, тиімді
еңбек үшін жағдай жасау экономикалық
өсімнің еңбек теориясының негізгі көзін
анықтайды.
Көрсетілген
субьектілердің қызметі мен ролінің әртүрлігіне
қарамастан оларды өздерінің интеллектуалды еңбек
қызметі түрлерінің бәрімен
шұғылданатындығы біріктіріп тұрады.
Микроэкономика
субьектілерін экономикалық өсім мәселелерін шешуге тарту
олардың тиісті макроэкономикалық көрсеткіштердің
құрылуына әсер етуі себеп болып отыр. Атап айтсақ,
инфляция деңгейі, жұмыссыздық, бюджет тапшылығы,
мемлекет шығындары кәсіпорындар мен фирмалардың
экономикалық әрекетіне
байланысты болып табылады.
Экономикалық
өсімнің еңбек теориясы технология, мекеме, фирма, сала,
аймақ аясындағы еңбек қызметін ұйымдастыру
және ынталандыру мәселелерін жүйелі түрде шешу
негізінде интеллектуалды қамтамасыз етілуін алдыңғы
қатарға қояды, осы тұста жоғарғы
технологияларға мән бере отырып,
тиімді еңбекті ұйымдастырудың озық
үлгілерін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етудегі бәсекелескен еңбекке
қатысқандардың барлығының
шығармашылық белсенділіктерін мадақтау, экономикалық
және әлеуметтік қағидалардың тиімді бірлігіне,
сондай-ақ интеллектуалды еңбек табысы мен интеллектуалды
тауардың материалды тауармен салыстырмалы бағасын көтеруге
бағытталған инвестициялық саясат жүргізу орынды.
Мемлекеттің мынадай дәстүрлі қызмет түрлері бар
және олар сақталады:
-
меншік құқығын қорғау;
- кәсіпкерлік
еркіндігін қамтамасыз ету;
- іскерлік
белсенділікті, монополиялық бағытпен күресті ынталандыру;
-шаруашылық
саласында заңдылық- құқықтық
реттілікті қамтамасыз ету;
- қаржы
қатынасын реттеу;
- ұлттық
валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- еңбек пен
капитал арасындағы қарым-қатынасты реттеу;
- кеден
жүйесін реттеу;
- мемлекеттің
экономикалық қауіпсіздігін қолдау.
Еңбек нарығындағы
салыстырмалы теңдікке жету өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік
реттеудің белгілі есебінен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік
еңбек нарығының дамуына, ең алдымен жалақы
төлеуді реттеу, кәсіпкерлікті ынталандыру, оңтайлы
салық, бюджет, кредит саясатын жүзеге асыратын экономикалық
нарықтың көмегімен әсер етеді. Мемлекет
халықтың әлеуметтік қорғалуын жұмыссыздық
жағдайында әлеуметтік кепілдер беру арқылы қамтамасыз
етеді. Мемлекеттің әлеуметтік қызметіне, өзінің
табыс деңгейіне өз бетінше
әсер ете алмайтын (зейнеткерлер, мүгедектер, балалар)
қоғамның белгілі бір санатына ерекше қолдау
көрсетуді, еңбек жағдайын жақсартуды,
қоғамға қажетті инфрақұрлымды
құру кіреді [1, б. 29].
Еңбек
қатынастарын мемлекеттік реттеуге мемлекеттің жұмыс
берушілермен және жұмысшылармен өзара
қарым-қатынасы, еңбек иммиграциясы, ең төменгі
еңбекақы мен оның нормативтерін реттеу, шарттар мен мерзім
ұзақтықтылығы, жастардың жұмысқа
орналасуына көмек, әйелдердің, зейнеткерлік жастағы
тұлғалардың, шағын ұлт өкілдерінің
құқықтарын қорғау, жұмыссыздық
жағдайындағы мемлекеттік сақтандыру сияқты аспектілері
жатады. Мұндай реттеудің шетелдік тәжірибесіне
сүйену, дамыған елдердегі
мемлекеттердің саясаты мен еңбек мотивациясын белсендірудің,
жұмыс берушілер мен жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуының,
әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың негізгі
факторы ретінде қойылады. Осы орайда, еңбекке ақы төлеу
білім, кәсібилік, білікті кадрлармен қамтамасыз ету деңгейін
көтерудің маңызды факторы болып қала береді.
Еңбек
саласындағы мемлекеттік саясаттың қарқынды өсіп
отырған мәні экономикалық, ғылыми-технологиялық,
әлеуметтік сипаттағы бірқатар факторлармен негізделген. Олардың ішінде
толық жұмыс уақытымен қамтылған жоғары
жалақы төленетін жұмыс орындары санының
өсуінің тежелуі, тіптен, белсенді еңбек етуге жарамды
кезеңде және зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі
кезеңде табыстың тұрақсыздығы мен кедейшілік
шегінде болу қаупіне әкеліп соғатын ішінәра
жұмыспен қамтылу, сондай-ақ, уақытша жұмыспен
қамтудың жаңа түрлерінің кең таралуы
секілді факторлар бар.
Еңбек
нарығындағы сұраныстың құрлымындағы
өзгерістерге және қоғам алдындағы, жақын
жандары алдындағы азаматтардың жеке жауапкершілігінің өсу тенденциясына байланысты
халықтың әлеуметтік осал топтарының бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат
ерекше маңыздылыққа ие болады. АҚШ-да жұмыспен
қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру үшін оның
құрамына тек кәсіби білім беруді ғана емес, сонымен қатар, қосымша шаралар
кешенін, яғни кәсіби бағыт беруге байланысты кеңестер
өткізу, жұмыс іздеуде көмек көрсету, сондай-ақ
еңбек дағдыларын қалыптастыру мен әлеуметтік бейімдеу қажет деп санайды. Осы орайда
әлеуметтік осал топтарды еңбек нарығынан алыстатуға
қарсы шаралар жиынтығы өзінің тиімділігін көрсетті, егер жұмыс орындарын
құру сызбасы сәйкес кәсіби дайындықпен, негізгі
бөліммен, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық
мәселелерді шешумен ұштасатын болса тиімділік болады.
Еңбек жолында
ұзақ уақыт үзіліс болған және еңбек
нарығында қажетсіз
саналатын тұлғаларға қолдау көрсету
жастарға, әйелдерге, қарт жұмысшыларға,
мүгедектерге қатысты дифференцияланған шараларды
ұйғарады. Әлеуметтік көмектің жекеленген
шараларына ерекше мұқтаж жандарға қатысты
жыныстық және басқада ерекшеліктері мен факторлары бір
мезгілде есепке алынады.
Дамыған
елдерде мемлекет еңбек жағдайының және жалақы
төлеудің жарнамалық
нормаларының сақталуының, еңбек
қақтығыстарын шешудің, жұмыссыздарды
қолдаудың кепілі ретінде болады. Еңбек нарығында
өзгеріс жылдамдығы жұмысшыларды жалдау мен жұмыстан
шығару ережесінің орындалуын бақылаудың
дәстүрлі шараларымен қатар жұмыс күшін
жалдауға, сақтандыруға дайындау жүйесіне әсер ету
үдерістерін жетілдіруді талап етеді. Бұдан басқа жалпы білім
деңгейін колледж дәрежесіне жеткізу, дербес компьютер техникасын
(ДКТ) пайдалану дағдыларын дамыту, кәсіби даярлау саласындағы
әлеуметтік бағдарламалардың дамуына сәйкес үлес
қосқан жеке кәсіпкерлерді мадақтау. Жұмысшы
күшінің сипаттамасына қойылатын талаптардың
өзгеруіне кәсіби мамандық дағдыларын
қалыптастыру, меңгеру мен біліктілікті көтеру
жағдайлары ықпал ететіндігі сөзсіз.
Жұмыссыздық
мәселесі тек экономикалық цикл фазаларымен ғана емес, құрылымдық өзгеріске
де байланысты. Тұрақтылық пен жұмыспен қамту кепілдіктері деңгейінің
төмендеуі, еңбек мәнінің төмендеуі, еңбек
миграциясының күшейуі білім, кәсіби дайындық және
жұмысшыларды әлеуметтік
қамтамасыз ету саласында жаңа көзқарастарды талап етеді [2].
Мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық ауқаттылығын қолдау,
заңдарды орындауда сенімді кепілдіктер негізінде тұрақты
дамуын қамтамасыз ету үшін нарықтық, мемлекеттік және
қоғамдық реттеудің әртүрлі тетігінің
үйлесімдегі, серіктестіктегі, түрлі қоғамдық топтар
мен мемлекеттік институттар арқылы мемлекеттік сасясаттың
құрылуына негізгі азаматтардың белсенді
қатысуындағы ролін күшейту қажет. Бұл
стратегиялық бағытты жүзеге асыруда мемлекеттің
атқаратын қызмет шеңберін келесілер бойынша
анықтаған жөн:
- халықтың
өмір сүру деңгейінің тұрақты өсуін,
қоғамның ерекше маңызды
әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
-
тұлғаның құқық және
бостандық кепілдіктерін меншік және шаруашылық субьектілері
құқығын қамтамасыз ету;
-тұрақты
әлеуметтік-экономикалық даму және макроэкономикалық
жағдай құру негізінде нақты экономика секторының
тиімді өсуіне жағдай жасау;
-республика
экономикасының бәсекеге қабілеттік деңгейін
көтеруді қамтамасыз ететін жаңа және инновациялық
жобаларды қолдау;
-алыс және
жақын шетелдермен көпсалалы интеграциялық байланысты
дамытуға бағытталған белсенді сыртқы экономикалық
саясатты жүргізу;
- денсаулық
сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және туризм секілді басым
бағыттарын дамыту негізінде халықтың білімі мен
мәдениеті деңгейін көтеру;
-
халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтарына
қолдау көрсету;
-
қоршаған ортаны қорғау және экологиялық ахуалды жақсарту;
- мемлекеттің
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.