Қырықбаева Ж.М.,
Х.Досмухамедов атындағы АтМУ
Қазақ тілі теориясы және оқыту
технологиясы кафедрасының аға оқытушысы
Ныязбекова К.С., п.ғ.к.,
Абай атындағы
ҚазҰПУдың доценті
(Қазақстан,
Алматы)
Тіл үйренушілердің тілін мәтін
арқылы дамыту
Өзге тілді аудиторияларда
қазақ тілін жүргізу оқытушылардан көп
дайындықты талап етеді. Орыс тілді дәрісханаларда
қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар еңбегінің
табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі
мен қазақ тілінің арасындағы әр қилы
ұқсастықтарын, айырмашылықтарын есепке алып,
соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да,
тиімді болады. Соңдықтан қазақ тілі пәнінің
оқытушысы қазақ тілінің фонетикалық, лексика
грамматикалық материалдарын шәкірттеріне түсіндіргенде орысша
таза сөйлеуі керек және дыбыстарды анық айтып, сөз
ішіндегі екпіндерді дұрыс қоя біліу керек. Бұл оқытушыдан
екі тілді де жетік, жақсы білуді талап етеді.
Оқу тәрбие
жұмысының негізгі – сабақ. Соңдықтан, сабақ
тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты
және толыққанды болуы тиіс.
Ал,
сапалы сабақ оқу – тәрбие жұмысының
нәтижелі болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан
сабақтың үйымдастыру формаларын, сабақтың
құрылымын жетілдіріп, әртүрлі керекті, пайдалы
дидактикалық материалдармен толықтырып отырған жөн.
Сабақ үстінде студенттің жүйелі жұмыс істеуіне
мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай
нақтылы міндет қоя білу мұғалім шеберлігіне үлкен
сын.
Өйткені
студенттерді терең әрі
тиянақты біліммен қаруландыру, олардың шағармашылық
қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз
бетінше білімін толықтыруға дағдыландыру сияқты
күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады.
Бұл
әрбір оқытушыны жаңаша жұмыс істеуге, батыл
шығармашылық ізденістерге жетелейді. Қазіргі танда өз
пәнін терең білетін, әдістемелік шеберлігі
шыңдалған әрбір мұғалімнің негізгі
алға қойған міндеті – шәкірттерінің
ой-өрісін кеңейту, биік адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруға мән беруінде.
Өзге
тілді аудиторияларда оқытылатын
қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты –
студенттерге қазақ тілін меңгерту, туған
республикасының тұрмыс-тіршілігімен жан-жақты, терең
таныстыру.
Сабақ
өткізу оқыту барысында өткізілетін ең күрделі
жұмыс түрлерінің бірі – кітаппен жұмыс, яғни
кітаптағы жаттығулармен, мәтіндермен жұмыс.
Мәтінмен
жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әр түрлі
жұмыстардың толығырақ
айтсақ:
1)
дыбыстармен жұмыс (фонетика);
2)
сөдіктермен жұмыс (фонетика);
3)
Сөздік қорларын жетілдіру;
4)
Тіл дамыту;
5)
Ережемен жұмыс (грамматика);
6)
Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру;
осы сияқты жұмыстардың басын
біріктіретін күрделі жұмыстың түрі, оның
нәтижесі деуге болады. Яғни, мәтінмен жұмыс
жоғарыдағы айтылған сабақ кезеңдерін бір
жүйеге келтіреді. Мәтінмен жұмыс істегенде
әртүрлі әдіс – тәсілдер қолданылады. Бірақ,
сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты
студенттерге айқын болуы керек. Қазақ тілі сабағында
жүргізілетін басты жұмыстар шәкірттерді қазақша
сөйлетуге үйрету, сұраққа жауап бергізу,
өздерін бір-бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша
айтқызу, өз бетінше істеуге дағдыландыру.
Міне,
осыған арай оқулықтағы мәтіндер,
жаттығулар, өлең жұмбақтар: оқу, ауызша
әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық
тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс
сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап
беріледі.
Кітаптағы
мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс
істейтін студенттердің білім деңгейіне сай келуі керек. Осыған
байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдіспен
жүргізуге болады.
Мәтінмен
жұмыс істеу кезеңінде студенттерді жұмыс істеу
қабілеттеріне және білім деңгейлеріне қарай
топтарға бөліп, әр топқа лайықты тапсырма берген
ұтады. Мәтінмен жұмыс істеудің алғашқы
түрі: мәтінді дұрыс оқи білуге дағдыландыру. Ол
үшін қазақ тілінде оқудың төмендегідей
ерекшеліктерін меңгерткен жөн.
а) қазақ тіліне тән
дыбыстардың айтылуы, жазылулары;
ә) ол дыбыстарды айтылу және жазылу жағынан
бір-бірінен ажырата білу;
б) қазақ тілінде сөздерде дауыс
екпінінің соңғы буынға түсетініне баса
көңіл аударту;
в) «О» дыбысының қазақ тілінде
ешқандай өзгеріссіз болатынын орысша айтылуымен салыстыра
түсіндіру.
Ұстаз
қауымы пайдалынып жүрген мәтінді оқудың мынадай
түрлері бар:
1)
Дауыстап оқу. Бұл әдісті жүргізе отырып,
оқушының сөйлеу элементтерін қаншалықты
меңгергендерін байқауға болады. Дауыстап оқытудың
тағы бір тиімділігі оқушылар бірінің қатесін бірі естіп
және оны түзетеді. Дауыстап оқуға осындай міндет
қою керек.
2)
Іштей оқу. Бұл жұмыстың мақсаты
студенттердің шапшаң оқу дәрежесін анықтау.
Мысалы: оқытушы студенттерге іштен оқу үшін бір мәтін
беріп, қай жерге дейін оқу керектігін белгілейді. Әркім белгілеген
жерге келгенде кітаптарын жауып оқытушысына бітіргенін байқатады.
Осыған қарап ұстаз олардың оқу
шапшаңдықтарының мөлшерін өзіне белгілеп отырады.
3)
Араласып оқу. Кезекпен оқу.
4)
Буынға бөліп оқыту.
5)
Мәнерлеп оқу.
6)
Сөйлемді мазмұнына, айтылуына қарай дауыс
ырғағымен оқу.
7)
Сөйлемдегі сөздерге және сөз ішіндегі
дыбыстарға дауыс екпінін дұрыс түсіре оқу. Міне,
осындай тәсілдерді пайдалана отырып, дұрыс оқуға
дағдыландыруға және шапшаң оқуға
жаттықтыруға болады.
Студенттің шапшаң
және дұрыс оқу қабілетін тексеруде олардың
міндетті түрде бір минутта меңгеретін сөз немесе таңба
мөлшері бәрімізге белгілі. Атап айтқанда: Бастауыш
деңгейдегі студент үшін 300 сөз, 1000-1500 таңба мөлшерін
анықтауға болады. Студенттерді шапшаң оқуға
дағдыландыру керек. Дегенмен, олардың шапшаң оқуы,
толық түсініп оқыды деген сөз емес.
Соңдықтан мәтінмен жұмыс істеудің күрделі
түрі: түсініп оқу және тексеру әдістерін
тәжірибеден өткізіп көруді ұсынғымыз келеді.
Шапшаң оқуда көбінесе назар оқушының темпіне
аударылса, түсініп оқуда студенттің қандай
мөлшердегі мәтінді оқыса да, соның мазмұнын
қаншылықты түсінгені және соны қалай баяндап бере
алатындығы ескеріледі. Мәтінді оқытудағы түпкі
мақсат шәкірттің түсініп оқуы болуы керек.
Студенттің мәтінді түсіну қабілетін әртүрлі
әдіс-тәсілдер қолдана отырып анықтауға болады.
Бұл жерде айта кететін бір нәрсе: күнделікті сабақ
сайын мәтінді бір сөзін қалдырмай аударып, тек осындай
аударма жұмысымен шектелу пайдасыз. Ол студентті зеріктіріп, ынтасын
кемітіп, ойлану қабілетін тежейтін сияқты. Сол себепті әртүрлі
әдістер қолдана отырып тексерген жөн.
Мысалы:
мынандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1)
Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару.
2)
Оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу,
қазақ тілінде жеткізуге қиналса, орыс тілінде айтқызу.
3)
Мәтіннен оқытушының сұрағына дайын жауап
оқу.
4)
Берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлемдер арқылы айтып
беру.
5)
Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді теріп оқып,
орыс тіліне аудару немесе оқытушының мәтіннен аударған
орыс тіліндегі сөйлемдердің аудармасын мәтіннен тауып
оқу.
6)
Оқылған мәтінге тақырып қою.
7)
Сигналды карточкалар арқылы тексеру. Бұл жұмысты
жүргізе отырып, оқытушы оқылған мәтінді
барлық студенттің қалай түсінгенін біле алады.
8)
Үлестірмелі карточкалар арқылы да тексеруге болады.
Үлестірмелі карточкаларға мәтіннен түсінгенін
айтуға көмектесетін тірек сөздер жазылады.
Мысалы: оқытушы бірнеше
сөйлем оқиды, ол сөйлемдердің ішінде мәтіннің
мазмұнын білдіретін сөйлемдердің ретін студенттер белгілейді.
9)
Мәтіннің мазмұнына сай келетін суреттерді таңдап
алып, соларды пайдалана отырып, әңгіме құруға
болады. Бұл жұмысты өткізгенде суреттерге қарай
тапсырма беріледі немесе сұрақтар қойылады;
10)Үнтаспаға
жазылған мәтінді студенттерге тыңдатып, мазмұнын орыс
тілінде айтқызу.
11)Сөздіктерді
пайдалана отырып, өздерінше аударуға дағдыландыру.
12)Мәтінді
оқытушы өзі оқып болған соң, аудиторияға
мәтін бойынша қазақ тілінде сұрақ қояды.
Студенттер сұраққа орыс тілінде жазбаша жауап береді.
13)Студенттерге жоспар
құрғыза отырып. Тапсырма беру арқылы
түсінгендерін тексеруге болады.
Жоғарыда айтылған
мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын
әдістердің кейббіреулеріне мысалдар келтірейік.
Мысалы: І. «Абылай хан, Қазыбек бидің,
дипломатиялық ізгіліктері» мәтінімен төмендегідей
жұмыстарды жүргізуге болады.
1.
мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс;
2.
мәтіндегі мәнеріне келтіріп дауыстап оқу;
3.
мәтінге орай бірнеше сөйлемдер ұсынылып, студенттер
солардың ішінен берілген мазмұнға сәйкес келетін
сөйлемдердің астын сызады.
4.
мәтін бойынша сұраққа жауап береді.
5.
Мәтіннің мазмұнын баяндау;
Осындай әдістер пайдалану
арқылы студенттердің мәтінді түсінгені тексеріледі. Бірақ,
осы жоғарыда айтылған әдістердің бәрі
сөздік жұмыстарымен өте тығыз байланысты.
Соңдықтан мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті
түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен
тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің
аудармаларын студенттер міндетті түрде меңгерулері қажет.
Сонымен қатар
дыбыстық грамматикалық қайталаулар жүргізіліп
отырылғаны жөн.
Міне, сабақ үрдісінде
мәтінмен жүйелі жұмыс түрлерін жүргізіп
отырсақ, студенттің ой-өрісінің дамуына, терең
білім алуына мүмкіндік туғыза аламыз.