ӘОЖФ: 37.014.3

  Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жоғалады.                                                                              

                                                                                                                                              К.Д.Ушинский

 

Оқыту мен оқуда Ақпараттық - коммуникациялық технологияны

тиімді пайдалану әдістері

А. А. Мусабекова

г. Туркестан. №1 А. Байтурсынов жалпы орта мектебі

 

 «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтқандай мұғалім үнемі ізденіс үстінде болса, жалықпай еңбек етуді мақсат етіп қойса алынбайтын қамал жоқ. Елбасымыздың Жолдауында көрсеткендей бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін, әрбір ұстаз жан –жақты, ой өрісі дамыған болуы керек. Сол мақсатта ұйцмдастырылып отырған Кембридж бағдарламасын енгізілуі өте тиімді және жүйелі болғалы отыр.

Әрбір ұстаз жаңа кезеңнің мұғалімнің қызметіне сай болуы үшін педагогикалық үдерістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға қабілетті, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзін –өзі  реттей алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. Қазіргі талаптың басты міндеті – педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми әдәстемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс –тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларыныңбарлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады. Осы тарауда ұсынылған ақпараттар мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған. Мен өз сабақтарымда интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Бұл тақта арқылы оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетеді. Сөйтіп интербелсенді тақтаны жүйелі тиімді пайдалану оқу сапасының артуына ықпалын тигізеді. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп оқушылардың материалдарды жақсы түсінулеріне жетелейді. Сонымен қоса талдау жүргізуді басқара отырып пән мұғалімі оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауына жол сілтейді. Осыны басшылыққа ала отырып мен барлық оқушылардың интербелсенді тақтаға назарын аудартып, алдын ала дайындалған материалдарды жеңіл түсінулеріне ықпал жасай алдым.