Жакитова Т.К.

Ақсу ауданы, Құрақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қазақстан

Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді.

         1999 жылы маусымда ҚР Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері айқындалды. Бұл принциптерде барлық азаматтардың тең құқылығы айқындалған. Халықтың барлығы бірдей білім алу мүмкіндігі, жеке тұлғаның білім алуын ынталандыру және дарындылықты дамытуды қарастырады.

         Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» бағдарламасында “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы” Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлген.

         Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасаланып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әркетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Мектептегі оқу үрдісі оушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың белсенділігін, шығармашылық әрекетін  дамыта білу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.

Бастауыш сыныптағы Ана тілі пәнінен алфавиттің оқытуда ретін тану, білу, жазу, есте сақтау, оларды дауысты, дауыссыз, дыбыстарға бөлу барысында қиындықтар туындайды. Осы орайда, сабақты ұйымдастырудың тиімді жолын ұсынып отырмын:

Тақырыбы: Алфавит

Мақсаты: Алфавит ретін тану, білу, жазу, есте сақтау, оларды

дауысты,дауыссыз, дыбыстарға бөлу. Оқушылардың әріп пен дыбысты

ажырату, меңгеру қабілеттерін, шығармашылық ойын, қиял елестерін, сөздік

қорын дамыту. Елін қорғауға, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, ойлау шапшаңдығы, есте сақтау.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

Көрнекілік: Алфавит, суреттер, «Кім жылдам» ойыны.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

-         Қазақ тілінде қанша әріп бар?

Дыбыс қанша? Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

24 әріп бар. Дыбыстар екі топқа бөлінеді. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

«Кім жылдам» ойыны. Өтілген әріптерді қайталау мақсатында. Тақтаға ш, о, а әріптері ілінеді. Әр оқушы өзіне тиісті әріпке байланысты суретті алып, сол әріпке жапсырады.

Сонда кім жылдам екені белгілі болады.

1.       Ш әрпінен басталатын суреттің бірін алып, оған буындық, дыбыстық талдау жаса.

Шана, ша-на, шана   ш, н –дауыссыз дыбыс

                             а – дауысты дыбыс

2.     О  әрпі сөйлем құрау.

Отын лаулап жанды.

3.     А әрпіне ба йланысты суретте жоқ сөздер ойлап, тап, ата.

Асқабақ, Алатау.

Әріптер алфавит ретімен орналасқанын хабарлап, көрнекілік арқылы таныстырамын және оларды есте сақтау қажет екенін ескертемін.

А, Ә,Б, В, Г...

Дәптермен жұмыс.

Әріптерді алфавит ретімен жазба түрде жазу.

Оқулықпен жұмыс.

Әріптерді оқу. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бөліп оқу.

а, ә, і, ы, е, ё...

б, в, г, ғ, к, қ...

Оқушыларға  радио, теледидардан көретін (есту) ауа райын  еске түсіру.

Сұрақ-жауап:

Ауа райын қандай хабардан соң көресіңдер?

Онда не туралы айтылады?

Қай облыстарды атайды?

Ендеше сол облыстарды алфавит ретімен ата (ауызша)

1.     Алматы, Ақтау, Атырау, Астана, Ақтөбе.

2.     Жезқазған

3.     Көкшетау

4.     Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.

5.     Орал

6.     Өскемен

7.     Павлодар, Петропавл

8.     Семей

9.     Талдықорған

Біздің мекен-жайымыз: Алматы облысы, Талдықорған қаласы (облыс орталығы) Ақсу ауданы, Құрақсу ауылы.

«Кім не істейді? » сызба арқылы көрсету

Балықшы

Тігінші

Диқаншы  

Берілген сөздердің бірінші дыбысын өзгерту арқылы басқа сөз жаса

Бала-                                       Сөз-

Тарақ-                                    Құлақ-

Қорыту: Қима суреттерді құрастыру, атау, сөйлем құрау немесе дыбысты                  талдау.

Үйге:   Алфавит ретін жаттау, есте сақтау.

Бағалау.     

Ана тілі сабағында жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау әдістерін пайдалану шарт. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

2.     Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы.

3.     «Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003жыл.

4.     «Мектеп директоры» журналы, 2009 ж.

5.     «Мектеп директорының орынбасары», 2010 ж.