Тезекбаева А.С.

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі, Тараз, Қазақстан

 

ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША «ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ» ТУРАЛЫ САБАҚ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Технология пәні қәзіргі таңда  оқушылар  арасында  үлкен қызығушылық тудырып отыр.  Себебі,  әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасау арқылы оқушылар  жан-жақты ойланып,  шығармашылық қиялын іске қосады,  сол арқылы сұлулыққа, өнерге талпынады.  Ал  әу бастан «технология» - грек тілінен аударғанда  «өнер», «шебер»  дген ұғымға барып саяды. Қазақтың ұлттық дәстүрінің, мәдениетінің айшығы –ол ұлттық киімдер үлгісі болып табылатыны даусыз. Сол себептен біз қазақтың ұлттық  киімдері арқылы  оқушылардың танымдық  ойлау қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай  этнографиялық, эстетикалық талғамдарын дамытады, сол арқылы  ұлтсүйгіштікке,  халқына деген құрметін арттырып патриотттық  рухта тәрбиелей аламыз.  Біз осы бағытты нысанға ала отырып,  «Тәрбие  басы тал бесіктен» тағылымды еске ала  қазақтың ұлттық  болмыс-бітімін дәл  көрсететін ұлттық киімдер  жайында төменгі сынгып оқушылардан бастауды көздедік. Сонымен,  қазақтың ұлттық киімдері туралы төмендегі сабақ жоспары ұсынамыз.

  Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру , ұлттық киімдермен таныстыру.

Дамытушылық : Дұрыс сөйлей білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру Алған білімдерін іс- жүзінде көрсетуге ықпал ету, талғамдарын дамыта отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету, саусақ қимылдарының шеберлік жұмысын дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген қабілеті мен қызығушылығын арттыру.Іскерлікке, ұқыптылыққа,  баулу. Тиянақтылық   деңгейін көрсету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақтың тарихына, салт - дәстүріне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ,сарамандық сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, бейнелі ойлау

Сабақтың көрнекілігі : Кеспе қағаздар, плакат, бас киім түрлері, мата, ине  жіп,  қайшы т.б. 

Сабақтың барысы .

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу

2. Сыныптағы оқушыларды тексеру

3. Керекті құрал-жабдықты түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  (сұрақ-жауап)

1.                     Силуэт дегеніміз не?

2.                     Киім силуэтін қалай түсінеміз?

3.                     Стиль дегеніміз не?

4.                     Спорттық стильге қандай киімдер жатады?

5.                     Классиклақ киімдерге тоқтал.

ІІІ.Өткен тақырыпты  қорыту

              Сөзжұмбақ  (Кимешек )

 

 

 

 

 

 


Сұрақтары:

1) Қызды ұзатқанда киетін аса қымбат бас киім
2) Денені суықтан сақтайтын, жасанды жамылғы тұтыныс бұйымын ата
3) Өкшесіз жұмсақ аяққа жеңіл тігілетін қонышты аяқ киім
4) Түймелігі жоқ іш киім.
5) Ұзындығы тізеден сәл төмен болып келетін, жеңінің ұшы саусақ ұшын жабатын ұлттық киім.
6) Қай түліктің жүнінен шекпен тоқып, шуда жіп алынған
7) Қай түліктің түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналып, шәлі, шұлық тоқыған.

 

ІV.Жаңа сабаққа кіріспе

                                                              

 

                                        

 

 

                                                   

 

V.Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 


Қазақтың ұлттық киімдері де өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен, санымен осындай сан ғасырлық тарихтың иісін сақтаған, бедерін жеткізген. Қазақтың ұлттық киімдеріне қарап-ақ қазақтардың қандай халық болғанын айтқызбай немесе өзін көрмей білуге болады.

Қай ұлтта болмасын ұлттық киімдер жынысқа қарай маңызды үлкен екі топқа бөлінеді: ерлер киімі және әйелдер киімі. Ал, балалар киімі осы ересектер киімінің негізінен алынады. Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ,  қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді.— қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б.  Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады. Мысалға, шапан үлгісін алайық. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан бұлардың киім үлгісімен тігілу мәнеріне осы жағдайлар ықпал еткен. Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді. Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды. Жеңтүптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп атайды. Үш жүздің қайсысы болса да шалбарға ау қояды, қолтыққа қолтырмаш салады. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен ұлы жүзде, ал ең мол, үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі.

Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. 

Іштік киімдерге — көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей

Сырттық киімдерге — шапан, күпі, тон, шидем.

Сулық киімдерге — шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп,         сырттық жатады.

Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін.

 

          

         Әйелдер киімдері                             Ерлер киімдері

 

Сарамандық жұмыс.

Қамзол матасы: түкті пүліш, мақпал, барқыт, шұға, мауыты және т.б.

Қамзолдың түсі: Жас ерекшеліктеріне қарай біртүсті, шымқай қанық түстер таңдалады.

Қамзолдың өңіріне, етегіне зерлі оқалар, түрлі жылтырақтардан ою-өрнектер жүргізіледі. Қамзолдар түймеленбеген, ұсталар соққан әшекейлі күміс немесе асыл тастары бар түймелермен ілгектенген.

Қамзолды дайындау технологиясы

 

 

 

 

 

 


Қамзолдың сызбасын сызу үшін қосымша

өлшем алу қажет:

 

ü                     ЖМойо-жартылай мойын орамы.

ü                     ЖКо- жартылай кеуде орамы.

ü                     ЖБо- жартылай бел орамы

ü                     ЖМо-жартылай мықын орамы.

ü                     Арбұ-Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы

ü                     Ие-Иық ені

ü                     Бұ-Бұйым ұзындығы

 

ü                     Қамзолдың сызбасы.

 

vykroyka-mehovyh-jiletov_выкройки-меховых-жилетов

 

 

ü                     Алдыңғы бой

ü                     Артқы бой

 

 

VІ.Жаңа сабақты бекіту.

 

Қазақтың ұлттық киімдерінің әрқайсысының

атауларын жазып. Түсіндір.

 

1.

 

2.

 

3.

        6_kamzol                                  

 

             НЕ БІЛЕМІН?                                                   НЕ БІЛДІМ?             

 

                                             НЕ БІЛГІМ КЕЛЕДІ?

 

 

 

 


VІІ.ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ  (Қамзолдың сызбасын сызу ).

VІІІ.БАҒАЛАУ

Қортындылай келе осы сабақ арқылы  оқушыларға  қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат бере отырып, ұлттық киімдермен таныстырып өттім. Сонымен қатар ұлттық киімдер сызбаларына тоқталып қысқаша мағлұмат бердім.  Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып қазақтың ұлттық киімдерінің бірі қамзол дайындау технологиясымен танысып  қамзолдың сызбасын сызу үшін қосымша  өлшем ала отырып қамзол үлгісін жасап шығардық.