Филологиялық ғылым. Тіл, сөйлеу, сөйлеу байланысы

Алтаева Ж.А., Нығметова Б.Д.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «сұлулық» концептісінің ұлттық ерекшеліктері

 

Қазiргi таңда тiл бiлiмiндегi зерттеулердiң көбi негiзгi категория ретiнде концепт ұғымын алуда. Күштaeвa: «Концeпт пeн iшкi фоpмa» тepминдepiнiң мәнiн aжыpaтy қиын. Бұл тepминдep cөздepдiң aлғaшқы мaғынacын, ұлттық мәдeни тiлдiк құбылыcтың epeкшeлiгiн түciндipyдiң кiлтi болып тaбылaды. Олapдың aйыpмaшылқтapы caқтaлyы мeн қызмeтiндe. Cөздiң iшкi фоpмacы жоғaлып кeтe aлaды, aл концeпт әpқaшaн cөзбeн бipгe өмip cүpeдi. Cондықтaн концeпт тұpaқты дeп eceптeлiнeдi [1, 53].

Сөздік анықтамасының компоненттік талдауы әдісімен «сұлулық»  концептісімен байланысты үш тілдерінің мына лексикалық бірліктері атап көрсетілді: ағылшын тілінде: beauty, loveliness; beautiful, pretty, handsome; to beautify, to embellish, to adorn; ugly, homely, unattractive; қазақ тілінде: әдемі, тамаша, ғажайып; сұлулық, тартымды; әдемілену, елді аузына қарату; сиықсыз, тұрпатсыз, ұсқынсыз; орыс тілінде: красивый, прекрасный; красота, приятная наружность; красоваться, восхищать; некрасивый, безобразный, уродливый.

Фразеологизмдер мен тұрақты сөз тіркестерінде кездесетін адамның сыртқы келбеті туралы халықтық түсініктер осыған дейін де  лингвистикалық зерттеулердің нысаны болған. Үш тілдердің «сұлулық» концептісіне келесі фразеологизмдер мен тұрақты тіркестерді мысалға келтіруге болады. Қазақ тілінде: кең маңдай, қызыл жүз, қараса жан тоймас, аузың бал, қызыл гүл, ақ тісің кір шалмас, иісің – гүл аңқыған, нұрың – күн шалқыған, үлбіреген ақ етті, ашық жүзді, қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, торғындай толқын ұрып көз таңдайды [2, 55]. Орыс тілінде: пышет здоровьем, писаный красавчик, писаная красавица, божественная красота, хорошенький как картинка, чистый шедевр, демоническая красота. Ал ағылшын тілінде: graceful as a swan, as pretty as picture, as handsome as a young Greek god, as handsome as paint, as shining as star. Көріксіз келбетін суреттеген келесі тіркестер бар: Қазақ тілінде: өлім тәрізді қорқынышты, танауы, тұмсығы ұсқынсыз, не ұсқын, не келбет жоқ, пәле пәлемен, шайтан секілді. Орыс тіілінде: страшен как смертный грех; мордой, рылом не вышел; ни кожи, ни рожи; урод уродом; на черта похож, вырядиться как пугало. Ал ағылшын тілінде: ugly as a scarecrow, ugly as a toad, ugly as a dead monkey, ugly as sin.

Орыстың, қазақтың және ағылшынның «сұлулық» концептісімен байланысты мақал-мәтелдер де өте көп. Қазақ тілінде: Сырты бүтін, іші түтін; Жаның сұлу болса, тәнің де сұлу болады; Сұлулық бетте емес, жүректе; Сұлу, сұлу емес, сүйген сұлу. Ағылшын тілінде: Beauty is only skin-deep; Beauty dies and fades away, but ugly holds its own; Good fame is better than a good face; Handsome is as handsome does [3, 119]. Ал орыс тілінде: Красив тот, кто красиво поступает; Красиво поле снопами, а гумно-скирдой; Лицом красив, до сердцем спесив; Молодец красив, до на думу крив; Скромность красит человека; Красива пава перьем, а жена-мужем [4, 85].

Үш тілдің де классикалық афористикасында сұлулыққа қатысты келесі афоризмдер бар: Қазақ тілінде: «Бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс-тұрыстары да жинақы, ретті, әдепті болуға тиісті» (М.Жұмабаев). «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілің кесер едім» (А.Құнанбаев). «Жақсы тәрбие мен ақыл күші болып, екеуі біріккенде -бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады» (Әбунәсыр Әл Фараби). Ағылшын тілінде: «All that’s beautiful drifts away like the waters» (W.B. Yeats); «Beauty stands in the admiration only of week minds led captive» (J.Milton). Ал орыс тілінде: «Потребность красоты и творчества, воплощающего ее, - неразлучна с человеком, и без нее человек, может быть, и не захотел бы жить на свете» (Ф.М. Достоевский). «Красота спасет мир» (Ф.М. Достоевский). «Чтобы красоту создать, надо самому быть чистым душой» (М.И. Глинка).

Қорыта келе, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінің фразеологиялық сөз тіркестерін, мақал-мәтелдер мен афоризмдерін, талдай отыра,  мынадай қорытындыға келдік. Ұқсастықтары: Сұлулық жоғары адами құндылықтардың бірі деп танылады, теріс эстетикалық баға сипаттамаларына қарағанда, сұлулыққа көп көңіл бөлінеді, сұлулық басқа да жоғары құндылықтармен түйіндеседі (адамгершілік, ар-ұят, намыс), әйелдің сұлулығы алдамшы болуы мүмкін. Айырмшылықтары: Ағылшын жазушылары сұлулық пен көмексіздікті, сұлулық пен болымсыздықты тереңірек айтып кетеді, орыс жазушылары – сұлулық пен денсаулықты, сұлулық пен гармонияны, ал қазақ ойшылдары – сұлулық пен адамгершілікті тереңірек айтады.

 

Әдебиет:

1.     Күштаева М.Т. «Тары» концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны. Филол. ғыл. канд. автореф.- Алматы, 2005, 53 б.

2.     Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. Алматы, «Арыс» баспасы, 2007. 55 б.

3.     Савицкий В.М. Английская фразеология: проблемы моделирования, Самара: Изд-во Самарск, ун-та, 1993, 119 б.

4.     Сидоркова Г.Д. Пословицы и поговорки как речевые действия. Дис.. доктор фил. наук. Краснодар-1999, 85 б.