Қазақ ономопоэтикасы: этнолингвистикалық, когнитивтік, функционалдық зерттеулер
Қортабаева Гүлжамал
Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ
Шығыстану
факультетінің доценті, ф.ғ.к.
Сүлейменов
Мұхтар
Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ
Түркітану
мамандығының 2 курс магистранты
Абстракт. Ономастиканың дербес саласы ретінде қалыптасқан поэтикалық ономастика көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиетіндегі онимдердің қолданылуын зерттейді. Көркем шығармалар мәтіндеріндегі одан тыс басқа да мәтіндердегі барлық жалқы есімдердің қолданылу ерекшеліктерін әдеби ономастика зерттейді.
Түйін
сөздер. Ономапоэтика,
түркі ономастикасы, поэтонимдер,
сатира, юмор.
Тарих көкжиегіне көз
жіберсек, аталмыш ғылым саласы ғұламалар назарын ерте
аударған. Орта ғасырда, түркі тілдес халықтардың
әдебиет пен мәдениет, білім мен ғылымының
шарықтау шағында әл-Фараби (Х
ғ.), Әл-Бируни (Х-ХІ ғғ.), Дулати (Х ғ.), Бабыр
(ХІ), кейінірек ғалымдар В.В.Радлов, Н.Потанин. Ш.Уәлиханов,
А.Е.Алекторов, А.Н.Самойлович, Н.В.Катанов, А.Левшин еңбектерінен
құнды деректер табуға болады.
Белгілі орыс ономаст ғалымы В.А.
Никонов «Имя и общество» деп аталатын кітабында 40–50-жылдары
ономастикалық зерттеудің тоқырауға
ұшырағанын: жазушы
Л.В.Успенскийдің ЖқЕ-дер
туралы этюдтері ғана ономастика ғылымын серпілткенін, мұз көшкінінің
бұзылғанын, сөйтіп, 60-жылдары ғана бұл
ғылым саласында сілкініс пайда болғанын атап өтеді. Бұл
бұрынғы кеңестік ғылым жүйесінде болатын. Ал өткен ғасырдың 80-90-жылдарында
түркі халықтарының антропонимиясын зерттеу шындап
қолға алына бастады, Түркі ономастикасы бойынша халықаралық
ғылыми-теориялық
конференциялар (Фрунзе, Баку, Гулистан, Алматы т.б.) өте бастады.
Қазақ
жалқы есімдерін зерттеудегі қазіргі бағыттар
этнолингвистикалық, когнитивтік, функционалдық т.б. ғылыми
парадигма деңгейімен сипатталады.
Кейіпкерлер әдебиет әлемінде өмір сүретіндіктен,
әдебиетшілердің төл объектісі болғанымен,
лингвистердің де үлесіне тиетін кез келді. Қазіргі
уақытта қазақ тіл білімінде антропонимия өзіндік дербес пән ретінде
қалыптасу жолындағы жас та толыққанды ғылым саласы деуімізге толық
негіз бар.
Қазақ жалқы есімдерін зерттеудегі
қазіргі бағыттар этнолингвистикалық, когнитивтік,
функционалдық т.б. ғылыми парадигма деңгейімен
сипатталады. Кейіпкерлер әдебиет
әлемінде өмір сүретіндіктен, әдебиетшілердің
төл объектісі болғанымен, лингвистердің де үлесіне
тиетін кез келді. Қазіргі уақытта қазақ тіл білімінде
антропонимия өзіндік дербес пән
ретінде қалыптасу жолындағы жас та толыққанды ғылым саласы деуімізге толық
негіз бар.
Ономапоэтика немесе поэтикалық
ономастика
көркем әдеби туындылардағы жалқы есім атаулыны (адам есімі,
жер-су, аң-құс, өсімдік атаулары, планета аттары т.б.), олардың құрылым принципін,
мәнерін
(стиль),
мәтіндегі қолданысын зерттейтін,
оқырманның қабылдауы мен қаламгердің эстетикалық-идеялық
көзқарасын білдіретін, мақсатын айқындайтын ономастиканың бір тармағы.
Орыс
ономастикасының сөздігін түзіп шыққан
Н.В.Подольскаяның анықтамасы бойынша, «поэтикалық ономастика – көркем шығармадағы
атауыштық қана емес, кейіпкер аттары арқылы шығарманың
стилистикалық, идеологиялық, экспрессивтік жүгі,
әлеуметтік
мәнін, антропонимдердің
қалыптасу, қолдану ерекшеліктерін зерттейтін антропонимиканың
бір саласы» [1; 96].
Поэтонимдердің қызмет
ерекшеліктерін зерттеу В.И.Супрунның еңбегінде жан-жақты
баяндалып, ол негізгі үш қызметін атап көрсеткен: «1.
маңызды мәтін қызметі – басты кейіпкерді атау;
2.ономастикалық ая жасайды; 3.қосымша таным белгісі ретінде
қолданылады» [2; 8].
Көркем туындылардағы
кейіпкер аттары – лингвистикалық
тұрғыдан жалқы есімдер (ЖқЕ) функциялық қызметі жағынан
жалпы есімдерге (ЖпЕ)
қарама-қарсы. Оның себебі
ЖқЕ-дер
– лексикалық мағынаға ие, ал ЖпЕ-дер – атауыштық қасиетке ғана ие.
Олай болса, кейіпкер аттары ЖқЕ-нен
жасалғанымен, ЖпЕ-ге
ауысқанда, бастапқы ұғымынан, мәнінен айрылады. ЖқЕ-дің ЖпЕ-ден айырмашылығы
А.А.Белецкий, А.В.Суперанская, В.А.Никонов, В.И.Болотов, Ю.А.Карпенко,
Л.М.Щетинин, Т.Жанұзақов, Е.А.Керімбаевтардың
еңбектерінде жан-жақты баяндалған.
В.И.Болотов ЖқЕ мен ЖпЕ-дің мағыналарындағы
басты айырмашылық деп мынаны атап көрсетеді: «Жалқы есімдер
тұрғысында ең басты ретте энциклопедиялық
мағынаны айту керек, энциклопедиялық мағына деп біздер есім
денотаты туралы нақты ақпарат жиынтығын түсінеміз.
Жалпы есімнің тілдегі маңыздылығы
ұғымдық, семантикалық өріс арқылы
анықталады, бірақ маңыздылықтардың,
мағыналардың бірін экстралингвистикалық салаға
байланысты оны тілдік құралдар арқылы өзектендіріп
суреттеу қажет» [3; 333].
Проф.Т.Жанұзақтың айтуынша, «Жалқы
есім бойында денатативтік мағынаның басым екендігі, оның
есесіне сигнификат жоқтығы анық байқалады»[ 4; 9].
ЖқЕ-дің мәдени-ұлттық
табиғатына қатысты әртүрлі көзқарасты
талдай отырып, профессор Е.А.Керімбаев: «Әр халықтың
онимиясында мәдени-тарихи ақпарат жинақталған, қоғамның
мәдени тарихына байланысты жалқы есімнің ерекшеліктерін
және типологиялық ұлттық-мәдени ерекшеліктерін
зерттеудің маңыздылығын» [5;14] ұғындырады. Ертегі-аңыздардағы Қорқыт, Алдар көсе, Шығайбай, Қарабайлар,
Бейімбеттің Мырқымбайы,
Ілиястың Сұрпақпайы,
Ш.Смаханұлының Елпекбайы,
О.Әубәкіровтің Көди,
Сөдиі арқылы тарихи кезең, сол уақытта өткен
оқиғалар жайлы этнографиялық дерек бере алады.
Жалпы лингвистикада кейіпкер
аттарының көркем шығармада атқаратын қандай
рөлі бар, мән-мағынасы бар ма деген мәселе
төңірегінде біраз даулы мәселелер, пікірталастар бар. Ғалым А.М.Эмирова
ЖқЕ-ді «бұл бір жағынан, тілдік категорияға жататын
жүйенің ерекшелігін көрсететін белгі, екінші жағынан,
халықтың тұрмысын, нанымын, дінін, тарихын білдіретін спецификалық
лингвомәдени белгі» [6; 300-б],–деп қарастырады
Көркем туындының ауқымы, шеңбері,
өрісі кең болғандықтан, көп қырлы алмас
секілді асыл дүние деп, оның бір қыры – көркем
туындылардағы, яғни сатира мен юмор жанрындағы кейіпкер
аттарының тілдік табиғаты, жасалуы, лексикалық
құрамы, уәждік факторлары туралы сөз етпекшіміз.
Біздің жұмысымыздың
нысанын сатираның негізін жасаған, сын сардары Т.Қожакеевтің «Сықақталатын «сабаздың»
атын , фамилиясын ойната, құбылта атау сатиралық
туындыға ерекше әсер береді, оқушының айызын
қандырады. Өйткені, ол сатириктің кімді айтып, кімді
нысанаға алып отырғанын біле қояды» [7; 197],– деген
сөзі біздің де мақсатымызды нақтылай, бекіте, биіктете түседі.
Сықақшы
шығарманың тақырыбы мен идеясына, көркемдік
шеберлігіне ғана емес, сол шығарманың өне бойында,
бас-аяғында өмір сүретін кейіпкердің сыртқы
бітімі мен ішкі дүниесінің
үндесе аталуына үлкен мән береді.
Әр
халықтың сатирасы мен юморының табиғаты
әртүрлі. Ауыз әдебиетінен бастау алған
қазақ сатирасының пайда
болған кезінен
бастап, бүгінгі
күнге дейін небір даму
сатыларынан өтті,
тамырын тереңге жіберді.
Қазақ
ономастикасының дамуы, жан-жақты зерттелінуі құнды әрі бай
материалдарды мұқият жинауға байланысты екендігін академик
Ә.Т.Қайдар мен профессор Т.Ж.Жанұзақов: «Ең
бірінші талаптардың бірі – барлық бірліктерді жинау және
қағаз бетіне түсіру»,– деп атап көрсетеді [8;198].
Сондықтан ауыз әдебиетіндегі атының аталуы
ерекше (Алдар көсе, Бізбике,
Шығайбай, Тазша бала, Жезтырнақ, Желаяқ,
Қаңбақ шал, Жиренше т.б) персонаждардан бастап,
қазақ әдебиеті бойынша 100-ден астам
қаламгерлердің сатиралық-юморлық және
сатиралық емес туындыларын, қазақша басылымдарды және
«Ара» журналының (1956–2007) барлық нөмірін сүзіп,
бүгінгі қазақ әдебиетіндегі сатира мен юмор жанрында қолданылатын, есімі езу тартқызар, күлкілі, аты ерекше белгілі стильдік мақсатта
жұмсалған аттарды ғана есепке алдық, шамамен 2600-дей
онимдік бірлік анықталды.
Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін адам,
әдеби образ. Әдебиетте адамның бейнесін өзі өмір
сүрген дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен
бірге кейіпкердің тұлғасын, мінезін, іс-әрекетін, суреттеу
үшін қаламгер түрлі суреттеу тәсілдерін
қолданады. Солардың бірі – кейіпкерге ат беру. Әдеби
кейіпкерге ат беруді ұлы еңбек, өнер деп қарау керек,
өйткені көркем шығармада кездейсоқ аттардың болуы
мүмкін емес. Ұлы француз жазушысы В.Гюго: «Алдымен атты ойлап табу
керек. Ат табылған жерде сюжетті ойлап табу қиын емес»,–деген
сөзі көп нәрсені аңғартады.
Орыс
жазушысы Л.Успенский «Сен және сенің атың» кітабында: «Егер
Л.Толстойдың басына өзінің геройларының фамилияларын,
айталық, Ростовтың фамилиясын
Перепенияға өзгертер ойы келсе, «Соғыс пен
бейбітшіліктің» мықты ғимараты теңселген болар еді»
деген сөзін тек ғана жеңіл әзілге құрылған
деп санауға болмас. Шынында, Ростов, Облонский немесе Иртеньевке
Перепения, Чичиков немесе Плюшкин секілді фамилияларды беру, бейнелеп
айтқанда, миға сыймас дүниелер ғой. Ю.Тынянов
айтқандай, «Көркем шығармада
танымал емес есімдер жоқ. Шығармада аталған әр
есімнің өзі мағына».
Сонымен, кейіпкер
аттарын этнолингвистикалық аспект тұрғысынан, яғни
ұлттық көзқарас, ұлттық ерекшелік,
этномәдени, этнографиялық факторларды ескере отырып,
қазақтың рухани дүниесі мен ұлттық
болмысын қарастыра отырып,
жалқы есімдерді жүйелі зерттеу арқылы автордың ойы,
эстетикалық көзқарасын ашуға мүмкіндік береді.
Кейіпкер атын ойлап табу, атына заты сай ат беру – қаламгер шеберлігі.
Кейіпкерге ат қою қиын ба, ат көп, атау көп.
Бірақ «Евгений Онегинді» жазарда орыс ақыны А.С.Пушкин былай депті:
Я думал уж о форме
плана
И как героя назову,
Покамест моего романа
Я кончил первую
главу.
Жалқы
есімдер жалпы есімдерге
қарағанда, тарихтың әр кезеңіне байланысты
өткен оқиғалар жайлы
нақты да қызықты
дерек бере алады, өйткені тілдің тірек үш
тағанының бірі – «жер бетіндегі ескерткіші ономастика». Поэтикалық ономастиканың
басты мақсаты көркем туындыдағы кейіпкер аттарының,
яғни әдеби жалқы есімдердің қолданыс
заңдылығын, әр түрлі қызметін (идеологиялық,
стилистикалық, экспрессивтік) анықтау, автордың ойы мен
жанрлық көзқарасын ашуға мүмкіндік береді.
Резюме
В казахской ономастике
в качестве объекта исследования начинают рассматриваться имена собственные в
литературных произведениях, долгое время остававшиеся вне поля научного
обьекта, т.е. онимы, составляющие периферию онамастического пространства. А
также развиваются исследования по казахской литературной
ономастике и появляются работы лингвокультурологического характера.
Onomastіcs proper names іn fіctіon lіterature
as an object of research are begun to be consіdered. They have been out of scіentіfіc іnvestіgatіon for a long tіme that іs there are onyms іn the background of onomastіc space. Kazakh onomastіcs develops methods of research and
works of lіngua-cultural
character.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Подольская Н.В. Словарь русской ономастической терминологии. Москва, 1988. – 192
с.
2. Супрун В.И. Ономастические поле русского языка и его
художественного-эстетический потенциал.– Волгоград, 1997.– 48 с.
3. Болотов В.И. К вопросу о значении имен собственных //
Восточнославянская ономастика. – М:
Наука, 1974.– 263 с.
4.
Жанұзақ Т. Қазақ
ономастикасы. Атаулар сыры. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007.-524-б.
5. Керімбаев Е.А. Казахская ономастика в этнокультурном,номинативном
номинативном и функциональном аспектах. – Алматы, 1995. – 248с.
6. Эмирова А.М. Крымскотатарская ономастика как объект этнолингвистики // Мир языка. – Алматы, 1999.
– 293 с.
7. Қожакеев Т. Сатира негiздерi. Оқулық.– Алматы, «Санат»
баспасы, 1996. – 464 бет.
8. Кайдаров А.Т.,
Джанузаков Т.О.
Состояние и перспективы развития казахской ономастики // Вестник АН Каз ССР. – Алма-Ата, 1983. –№ 1