Магистрант Куразова К.И

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

ӘЛЕМНІҢ ТҮР-ТҮСТІК СУРЕТІНДЕГІ ӘМБЕБАПТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР

Түр-түсті зерттеуде бірнеше бағыттар қалыптасты, бірақ олардың негізгі кемшіліктері – жалпы концепцияның болмауы. Тереңірек ойланып, ой елегінен өткізіп қараса, түр-түстік лексамалар өздерінің құрамында әлемді тануда қолданылатын логикалық және сезімдіік әдістерде қиыстырады. Түр-түсті вейберальдық (сезімді бейнелі ойлау тәсілі) тәсіл деңгейіндегі вербальдық тәсілге ауыстыру үдерісі деп зерттеуге болады.

Барлық этностарда түр-түс әлемді тануға мүмкіншілік тудыратын, әлемді ойлау нәтижесінде түсіндіретін, бейнелейтін кодтардың бірі деп санауға болады. Түр-түсті лексемалар адамның басқа адамдарға, заттарға, құбылыстарға берген рухани-адамгершіліктік, эстетикалық, семиотикалық түрде қалыптасқан бағаларын білдіреді. Түр-түс әлемнің тілдік суретінің негізгі категориясы, сондықтан да түр-түсті қабылдау өзгешелігі туралы, түр-түстік универсалиялар, әлемнің тілдік суреті туралы айтуға болады.

Тіл білімінде түр-түстік лексиканы зерттеуде екі негізгі бағыт қалыптасты. Солардың ішінде: 1) тіл мен қоршаған ортаның арақатынасын әр халықтың түр-түстік кеңістікті көрініс беретін айырмашылықтарды зерттеуді бастапқы мәселе көретін бағдар; 2)  түр-түстік концептілерді және олардың құндылықтық толымын зерттеу бағдары.

Осындай топтарға қатысы бар зерттеушілердің назары келесі мәселеге – әр халықтың түр-түстік реңктерінің әртүрлі қабылдануы  аударылған. Ғалымдардың пайымдауынша, әр тілдің құрылымында түр-түсті білдіретін лексемалар бірдей болмайды, себебі әр халықтың танымдық қабілеті сәйкес емес. А. Вежбицкая көз арқылы қабылдаудың универсалияларын қарау барысында, келесі айырмашылықтары білдіреді: «адам көретін уақыт (күн) және көрмейтін уақыт бодады. Олардың арасында айырмашылықтар бар».

Ғалымдар түр-түстік үш физикалық параметрлерін атайды: түр-түстігі, көрнектілігі, қанықтығы. Осы көрсеткіштер түр-түстік кеңістікте үзіліссіз үдемелік сатыланушылықта көрсетіле беріледі.

А. Вежбицкаяның  ойынша, көк, көгілдір (орыс тілінде) – blue(англ.), blau (нем.), adi (япон.). Түр-түстер сейкес емес, өйткені олардың қолданылу аясы әр мәдениетте әртүрлі болады. Орыс мәдениетінде көк пен көгілдір түстері бір-бірінен ажыратылады, ал ағылшын тілінде осы түстер түрлі-түстерге боянбайды, ағылшындар көк (синий) және көгілдір  (голубой) түстерін айырмайды, бірақ ағылшындар да, орыстар да қоршаған ортаның бір затын – спектрдің бөлігін қабылдайды.

Э. Леннеберг кодтау және тану үдерстерінің сәйкестігін бірсыпыра эксперименттерді өткізу барысында анықтады. Эксперименттің нәтижесінде олар ағылшын және зуни тілдерінде түр-түстік спектрдің әртүрлі мүшеленетінін анықтады. Э. Леннеберг және Риверстың тұжырымдауынша, кейбір түр-түстік топтың арнайы аталымы болмаса, екінші тілдегі түр-түстердің арнайы түр-түстік аталымдары жүзеге асырылады. Осындай кей тілдерде кездесетін бөлшектенген атаулардың кездесуі түр-түсті қабылдайтын тетіктердің ерекшеліктермен байланысты болмайды, ұсақ, бөлшектенген түр-түстік аттардың пайда болу – мәдениеттің ықпалының нәтижесі болып табылады.

А. Вежбицкая фон (қоршау) мен байланысты универсалияны, яғни әмбебаптық түр-түстік категорияны сипаттайды. Осы категория көрермендік қабылдауды сипаттауда пайдаланытн референцияның іргелі құрылымдың элементі. «Көрермендік жалпы қабылдауды және түр-түсті қабылдауды сипаттау үшін латын пейзаждық  типтік бергілеріне сүйену ұстанымы әмбебаптық референцияалдық шеңбер ретінде қарастырылады: аспан (көк), жер (қара), шөп (жасыл), теңіз (қаракөк), қара көп дала (ақ)».

Келесі көрермендік универсалияға – әмбебаптық ұқсаты универсалиясы. Көрермендік әсерді жеткізу үшін адам бір нәрсенің түр-түсін басқа заттың түр – түсімен салғастырады. Осындай салғастыру нәтижесінде көбінесе туынды адьективтенген сөздер, сөз-тіркестер пайда болады, қараңыз: құмның түсіне тәрізді, вишняның түсінде қып-қызыл.

А.П. Васильевичтың сараптамасында шектеу сызығы ретінде түр-түстік аталымды тудыратын, оның негізі болатын заттарға сілтейді, қараңыз:

-       жансыз табиғат (күлдің түсі тәрізді, жер түсі, құмның түсіне тәрізді);

-       флора (қамыстың түсіндей, көк шөптей, жаңғақтың түсіндей);

-       фауна (малдардың атаулары – сұр тышқан тәрізді, түйенің түсіндей);

-       көк-өніс (бидай тәрізді, ақ құба, қызылшадай, алма мойын);

-       гүлдер (алқызыл, фиалка тәрізді, лилияның түсіндей);

-       ас-тамақ (сүттей ақ, балдай сап-сары, сары майдай);

-       асыл тастар (зұмраттай, маржандай тістер);адамның іс-әрекетінің өнімі (кірпіштей, сия тәрізді, алебастрдей ақ);

-       әр түрлі бояулар түсімен салыстыру (кармин тәрізді, охра тәрізді);

Күрделі этнологиясы бар түр-түстік сөздер: фернамбук, берлин лазурі, индиго, тициан қараңыз ағылшын тілінде  gold  (алтын), silver (күміс), ash-blond (күн түсті блондин), неміс тілінде (солып қалған раушангүлдің жапырағының түсіндей, camel (ашық қоңыр түсті), т.б.

Айтмағанбетова М.Б. келесі универсалияларды жіктейді: «макроақ», «макроқара». Олар күн мен түнді ажырататын белгілерге негізделген. А. Вежбицкаяның  «Адам заттарды түсін бір-бірінен айыра біледі. Бұл әмбебаптық заңдылық. Ол «жарық», «жалтыраған» заттарды айырады. Сонымен қоса, «қара қоңыр», жарықсыз, жалтырамайтын күңгірт түстерді де айырады. Адамның көрігіштік қабілеттілігі жарық кезінде де, қараңғы түскенде де жүзеге асырылады. Қара түсінің прототипі өте қара, қара түнек түн.

«Ақ» қараға қарама-қарсы түс, қараңыз: жейде қара болса да, жаны ақкөңіл, қара итті қанша жусаңда аппақ болмайды.

Қара түс қара түнек түнмен ассоциацияланады «Қараның универсалдық прототипі ретінде «қара түн» санауға болады», дейді А. Вежбицкая. «Қара түс» - қараңғы дүниемен байланысты, қараңыз black art – қара өнер; black as hell – тозақтай қап-қара; черным словом ругать (қара сөзді қолданып, ұрсу). Санасында «қара» түс аруақтардың о дүниесімен, зұлымдық әлемімен ассоциацияланады.

«Қара» аталымы «зұлымдық» архисемасына сүйенеді. Осы архисема мифтік ұстанымды – ақ (жарық) – қара (қараңғы) дүниелерді бөлу керегін іске асырады. «Ақ » пен «қара, қараңғы» оппозициясы құдай мен оған қарама-қарсы тұрған жын-шайтандардың дүниесін кеңейтпейді. Сондықтан да «қара» аталымы жағымсыз эмоционалды-экспрессивтік бағаны көрсетеді, мысалы, Француз тілінде «қара сөзінде» келесі мағыналар «түнерген», «жексұрын», «сарыуайым», ал «ченить» деген сөзінде «біргеуге жала жабу» мағыналары іске асырылады.

Ағылшын тілінде де «қара» сөзімен байланысты сөз тіркестерде «зұлымдық», «қатыгез», «мейірімсіз» мағыналары пайдаланады:

Thinks look black (жайғдай үмітсіз, үміт етуге болмайтынға айналды).

Black looks(түксиген көзқарастар);

He is not so black as he is painted (ол онша жаман емес);

Black art (қара магия)

Black as sin (бұлттан да қап-қара);

Black dog (көңіл-күйі жаман);

Black hang (ұрылар шайқасы);

To look black (қабағы түсіңкі);

Black money (қара ақша);

Every family has a black (әрбір отбасында қара қой бар).

«Қара» сөзінде орыс тілінде де жағымсыз баға көрсетіледі:

- көңіл-күйі жаман, қабағы түсіңкі, мұңды: қара көңіл-күй қара мұң, қара ойлар, қара жыл, бәрін қара түсте көру;

- ауыр: қара ауыр күндер, қара күн, өмірдегі қара кез, тарихтың қара мезгілдері, қара жұмыс.

Сонымен қоса, «қара» сөзінде жағымды ұғымдар да орын алады. Ш.Қ. Жарқынбекованың ойынша, «қара жер» деген түркесте жердің көшпелі үшін маңыздылығы, жердің қажеттілігі көрсетіледі.

 

Әдебиеттер:

1.   Абишева К.М.Сравнение как концепт и его лингвокогнитивная природа // Глобализация  и развитие современного общества. Материалы междунар. научно-практ. Конф. Кокшетау –Астана, 2009. С.69-72