Е.Тәжен
Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА
магистранты
Деректі фильмдердің біртұтастығы
Кинематограф –
бұл адамның ең керемет жетістігі, өнердің бір
саласы, кинематографияның техникалық негізде
қалыптасқан көркем шығармашылық түрі.
«Киноөнерінің» пайда болғанына бір ғасырдан енді асты.
Десек те, оны барлығы сүйіп көреді.
«Кино» грек сөзі, ол «қозғалыс» деген ұғымды
білдіреді[1] Кинематографияның техникалық
негізде қалыптасқан көркем шығармашылық
түрі. Демек, кино дегенде біз суретті қозғалысқа
келтіретін, физикалық құбылыстарға негізделген өнертапқыштық
тәсілдерді орындайтын, соны жүзеге асыратын ақпаратты
ойлауымыз керек. Нақтырақ айтқанда, кино –
шығармашылық емес, техникалық тұрғыдан
түсіндірілетін термин.
Киноөнердегі
ең маңызды орынды деректі фильмдер алады. Деректі фильмдер
қазіргі адамның бөлінбес бір бөлшегі.
Қызықты сұраққа жауапты іздеу үшін, мыңдаған кітаптың
парағын ақтармай, деректі фильмді бір қарап
шыққанның өзі жеткілікті. Деректі фильмдер
көрерменге шындықтың пердесін ашады, бұл жерде
қиял-ғажайып, ойдан шығарылған оқиғалар
мүлде көрініс алмайды. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.
Толстойдың мынадай бір сөзі бар: « Ресейде синематограф тек
орыстың өмірінің алуан түрлі ғана қалыптағы көрінісін бар
қалпында бейнелеуі қажет» [2] дегеніндей, кинолентадағы
өмір, өз өміріміздің көрінісі. Кино,
негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі,
мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің негізгі
және кең таралған түрі. Ол әдеби шығарма
желісі немесе арнайы жазылған сценарий бойынша актерлердің
қатысуымен жасалады.
Деректі киноға
тарихта, өмірде болған мәні зор оқиғаларды
баяндайтын фильмдер мен киножурналдар жатады.Кез келген қоғамда
деректі киноның орны ерекше. Себебі бұл кинолар-сол
қоғамның тарихы. Өткені мен бүгінін, мәдениеті,
салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын келешек
ұрпаққа қалдыру. Әр деректі кино бір
оқиғаның куәсі. Қазақ
киносы-қазақ тарихы. Өшпес із қалдырар мәдени
мұра. Ертенгі күнге бүгіннен естелік.
Мультипликациялық кино
суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып жасалады.
Ғылыми-көпшілік кино — жұртшылыққа жаратылыс пен
әлеуметтік құбылыстарды ұғындыратын, өнер
сырларымен таныстыратын фильмдер жиынтығы. Қазіргі заманда
жарнамалық кино өндірісі кең тарап отыр. Сондай-ақ кино
тарихында жалпы халыққа арналған фильмдермен қатар
эксперименттік фильмдер де түсіріледі. Фильм жасау, оны көпшілік
қауымға көрсету ісі шебер техниканы, қыруар
қаржыны талап етеді. Әсіресе, фильм түсіру, жасау әрі
оның көшірмелерін көбейтіп басып шығару аса
күрделі процесс. Фильмді
жасауға әр алуан мамандықтағы творчество
қызметкерлері: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші,
композитор қатысады. Сондай-ақ кино жасау ісіне техника
саласындағы мамандар, лаборанттар мен жұмысшылар да үлес
қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар
қолданылады. Кино өнері –
өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері,
эстетикалық заңдары мен шығармашылық
дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр
тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат
құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай-ақ кадрларды
үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино
өнерінің ақпараттық мүмкіндігін кеңейте
түсуде. Фильмді бірден миллиондаған адамдар көреді.
Көрермендер білімін толықтырып, эстетикалық ләззат
алады, тәлім-тәрбие – жақсыдан өнеге, жаманнан
сабақ алады.
Халыққа,
әсіресе жас буынға кітаптан гөрі телеэкранның
ықпалы зор. Бұл - дәлелдеуді қажет етпейтін
аксиомаға айналып барады. Қазіргі
көрермендердің өткен өмірімізге бір бойлап, тарихи
оқиғалардың шындығына жетіп, қызықты
тұлғалармен танысуға мүмкіндігі бар. Мұның
барлығы тек деректі фильмдердің арқасында. Әрбір
деректі фильмнің өзіне тән ерекше қасиеттері бар.
Яғни ол фильмге түс пен қайталанбас табиғат сыйлайды. Мұны
ертерек сезінген өзге елдер өз ұлтының ұлы
тұлғаларының өмірін телеэкран арқылы
көрерменге ұсынуды бізден бұрын қолға
алған. Оған адамзат тарихында өзіндік жол-жоба
көрсеткен әлемнің атақты адамдарының өмірі
мен қызметі туралы түсірілген түрлі деректі драмалар
дәлел. Біздің қазіргі
ғасырымызда телекөрермендерге
деректі фильмнің түрлі жанрлары көптеп
көрсетілуде. Әрбір деректі фильмнің мақсаты –
көрерменді фильмнің өн бойына бойлату.
Тұтынушының ақпаратты дұрыс қабылдауы, деректі
фильмдегі деректің мазмұны мен құрылыс сипаты, жасалуы мен пішіні, дыбыстық
әсерлері мен тағы басқа табиғи ерекшеліктерінің
ескерілуіне тәуелді болуы.
«Режиссер сахна,
экран арқылы адамдар санасына әсер етіп, қоғамға
ықпал етуді құптайды. Деректі фильм тарихи мәліметтерді
пайдалана отырып, қайраткер санап жүрген тұлғаның
шынайы болмысын, сондай-ақ, қоғамға лайықсыз деп,
тарихтың қалтарысына ығыстырып тастаған
қайраткерлігін дәлелдей алады. Режиссердің қолында осы
құрал бар. Бұл жеке тұлғаларға
қатысты, ал, қоғамдық деңгейде алатын
болсақ, бүгінгі күні елдің ішкі-сыртқы саясатында
ұрпаққа рух-беретіндей ресми деректі фильмдердің
қаншама сәті туды! Рас, көркем фильмдердің жөні
басқа. Бірақ, бәрібір нақты дерек пен
дәйектің орны бөлек»[3]. Расында да, дерек пен дәйектен
құралған деректі фильмдер ғана тарихтың
беттерінде қалады.
Деректі
фильмнің негізі - өмірде болған шынайы оқиғалар.
Деректі кино киношежіре және
құжаттық кино болып бөлінеді. Киношежіре материалдары
негізінде киножурналдар кино өнерінің бір түрі ретіндегі
деректі киноның қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Режиссердің фильмдеріне деген пікірлері төмендегіше:
«қазақ тарихында жазылмаған және ашылмай жатқан
мағұлматтардың деректі фильмге арқау болуы,
мәліметтерді сол заманды көрген кісілердің сөзі мен
фотоархивтің көмегімен жасағандығы фильмнің деректілігін
арттыра түседі. Бұл фильмдер қазақ халқының
тарихында болған маңызды кезеңдер мен
тұлғалардың шынайы бейнесін беруде және сол
арқылы болашақ өскелең ұрпақтың
санасына әсер етуде маңызды роль атқарады. Деректі
фильмдердің негізгі ерекшеліктерінің бірі осыда»[4].
Ал, сценарий
әдеби шығарма емес, жұмыс құжаты болып
есептеледі. Сценарий – фильмге қатысты бүкіл жоспарлар мен
іс-әрекеттердің негізі. Деректі фильмді жасау кезінде теория
нақты іспен қабыса, үйлесіп шендесе бермейді.
Қағаз бетінде тамаша бағаға ие болған, кереметтей
көрінген сценарий түсірілген материалдардың бастапқы
монтаждау кезінде-ақ түкке жарамай қалуы әбден
мүмкін.
Киноөнеріндегі
деректі фильмдердің табиғаты –
кәсіби-шығармашылық процесс, құрылымы
күрделі психологиялық құбылыс, уақытқа
және техникаға тәуелді тәсіл, ешнәрсесін
түзетуге болмайтын, сол күйінде, қаз-қалпында
айналымға түсетін қайталанбас әрекет, алып қосары
жоқ шынайы дүние.
Деректі кино –
кинематографтың бір көрінісі. Деректі фильм ұғымын
шынайы оқиғалар мен түрдің жиынтығынан
құралған киноленталар құрайды. Деректі кинолар
шынайы уақиғалардан құралған. Документалистер
барлық уақытта қызықты оқиға мен танымал
адамдардың өмір жолын көрсетуге талпынады.
Кинематографтың көрінісі деректі фильмдердің басқаша
атауы «ойналмайтын кино», ойналмайтын киноға қарсы фильм
көркем фильмдер. Алайда, «ойналмайтын кино» деп аталатын деректі
фильмнің ішінде де ойын болуы мүмкін. Яғни, документалист
деректі фильмнің басты кейіпкерлерінің қуаныш, ашу, ыза, реніш,
өкініш сезімнің түрлерін жасап алуы мүмкін.
Деректі фильмді
жасаушы көркем фильмді түсірушіден қарағанда
фильмнің сюжеттері мен фильм кейіпкерінің мінезін,
құрылысын ойлап тауып, диалог жазбайды, сонымен бірге актер, гримм
және декорация сияқты көркем фильмдегі басты бейнелер
қажет емес, себебі оның ақпараты, оның дерегі – шынайы
өмірдің өзі. Бұл өмір қоғамды
таңқалдыратын бір сәттік бейнелік сезімдерді, үлкен
ойлар мен шынайы сезімдерді сыйлайды,
документалист осы мезетті бақылап, көріп және дер кезінде
" камерамен" ұстап алу керек. Деректі киноның негізгі
мақсаты, көрменнің өзі байқамайтын деректі
фильмнің тұстарын тамашалауына мүмкіндік беру. Документалистер өткеннің
тарихында болған оқиғаларда шынайы тұлғаларды
сонымен бірге білікті орындаушыларды, тіпті актерлерді пайдалана отырып, сол
сәтті қайта жасауы мүмкін емес. "Қойылым
әдістеріндегі барлық дауласу мен
эстетикалық күдіктердің нәтижесінде,
әсерлі көрсеткіш береді, бұл фильм жасаушының да
шеберлігіне тәуелді болады. Бұның нәтижесінде дереті
фильмнің этикасына – бұл бәрінен де оның
шынайылығында. Эйзенштейннің өзі ««Броненосец «Потемкин»»
фильмін талдаушыларға мынадай жауап қайтарған еді: «Фильм действует, как драма,
но построен, как хроника»[5].
Деректі киноның
- ол күрделі жанр, ұзақ уақытқа созылған
дайындық және жұмыстың жемісі. Бұл уақыт
аралығында өмірлік деректердің негізінде
құралған сценарий. Деректі фильмнің
құрылымы сан-алуан: көрерменге дереті жеткізу үшін
түрлі түсірілімдер мен қойылымдар, табиғи және
интерьерлік түсірілім, архив бейне, фотоматериалдар және репортажды
түсірілім пайдаланылады. Режиссердің алдына қояр бір сауалы
ғана болады: Жиналған деректі көрерменге қалай жеткізу?
Басқа сөзбен айтсақ, режиссер өзінің өз
туындысын жеткізу үшін түрлі тәсілдерді іздейді.
Көрерменге жеткізу көпірі экран болып табылады. Фильмді
жасауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық
қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші,
композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл
атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы
мамандар да (инженерлер, техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес
қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар
қолданылады. Ал экран тілінің
элементтері: бейне, дыбыс, сөз, кадр, план, монтаж, ракрус, әуен.
Деректі фильмдер берілу пішіні әр түрлі болуы мүмкін:
батырдың әңгімелері, күнделікті жазбалар, бір күннің
оқиғасы және т.б.
Негізгі дайындықты фильм авторлары бейне мен дыбысқа
жұмсайды. Бірінші дыбысты "Әнші джаз" деген фильм 1927
жылы шықты. Сол кезден бері көп уақыт өтті.
Тәжірибе дыбыстың барлық нұсқаларын экранға
салды. Әр
нұсқаның өзінің атауы болады. Дыбыстар
үш санатқа бөлінеді: сөз, музыка, айғай-шу.
Әрбір санаттың өзінің топтастырылуы бар. Айталық,
сөзде төрт негізгі аспект: диалог, авторлық мәтін,
кадрдан тыс монолог немесе диалог, ішкі монолог»[6].
Әрқашан
фильм жасау тәжірибесінде таза көріністе осы әдістер
қолданыла бермейді. Анда-санда оның қосарлануына да жол берілуі мүмкін. Диалог
авторлық түсініктемемен,
тіркесті ішкі монологпен, түзу репликалармен және т.б.
жазылады.
Музыканы екі
түрде қабылдауға болады: кадрдағы музыка және
кадрдан тыс музыка. Әуен деректі фильмдерде түрлі мақсатпен
жұмсалуы мүмкін. Бірі – автордың идеясына негізделген
әуен, яғни іс-әрекетке тікелей байланысты болса, бірі - фильм кейіпкерінің сезімін
көрсету үшін қойылады. Әуен сонымен қатар,
көрерменнің көңіл-күйін көтеріп,
режиссерлік жұмыстардың бірталайын орындауы мүмкін.
Барлық
музыкалық композицияларды үшке бөлуге болады: көрнекті,
драматургиялық, көңіл-күй»[5]. Көрнекті
әуендер өз алдына ырғақ пен фильмнің
мазмұнын қайталаушы қатар. Көңіл-күй
әуендері көгілдір экран арқылы автордың бейнеленген
оқиғаларға қатысты эмоциноналдық, сезімдік
қатынасымен сипатталады. Драматургиялық әуендер
құрылымдық рөлі бойынша кадрдағы және
кадрдан тыс суреттер мен сөздердің мағынасын ашу үшін
жүреді.
Кәдімгі
бейнелеу қатарында оқиға кейіпкердің немесе
автрдың атынан болуы да мүмкін. Көгілдір экрандағы
әуен тәрізді, оның құрылымдық
мүмкіндіктері екі бағытта жүзеге асады: автордың
және кейіпкердің, объективті және субъективті сезім
білдірулер, көңіл-күй, оқиғаға немесе
басқа кейіпкерге жұмсалған бағыт. Бағытты
таңдау – режиссер, дыбыстық режиссер, композитор, компилятор
барлығы үшін жоспар бойынша алдыңғы орында.
Әрине, көбінесе көгілдір экранда әуен авторлық
бастаудың негізі болып табылады. Келесі режиссерлердің қолданысындағы дыбыстық
нәтиже - айғай-шулар. Олар екі санатқа бөлінеді: ілеспе
және фондық айғай-шулар».
Ілеспе
айғай-шулар. Осы атаудың өзі айқайдың басты
ерекшеліктерін айтады. Бірақ, мұны басқаша мінездеме
арқылы айтуға болады. Бәрінен де бұлардың
қатарына айқайдың біртекті немесе қайталама
түрлері жатады. Мысалы, көліктің есігінің жабылуы,
адамның қадамдарының дыбыстары, теңіз
толқынының соғысы, балғаның тарсылы және
т.б... .
Айғай-шулар
кинематографияда әр түрлі қызметтерді атқара береді,
оладың көмегемен түрлі көркемдік жағынан кездекен
жумыстарды шешуге болады. Олар мынандай міндеттерді атқарады:
1. Экрандық іс-қимыл кезінде шынайы
дыбыстық атмосфераны орнатады. Біз экраннан сөйлеп
тұрған адамды көріп, оның синхронды түрде
жеткізілген сөздерін естіген шақта, бұл – тікелей синхрон деп
айтамыз. Бұл уақытта біз көреміз және естиміз.
2. Дыбыстық
образдың жасалуы. Бұл функционалды қызмет ең
қиыны. Бұл жағдайдағы
айғай-шулар көрсетіліп
жатқан деректі көріністің мінезін ашып қоймай,
қосымша мағына да бейнелеуі тиіс, мәселен,
табиғаттың кәдімгі сұлулығының сипаты емес,
дыбыстық түрдегі жеткізілген жалпы мінезін көрсету.
3.
Күнделікті көңілдің қалпын таныту
құрылыстары. Айғай-шулар мен
деректі фильмдегі түрлі дыбыстар тек қана кадрдағы
бейненің шынайылығын ашып қоймай, көріп отырған
көрерменнің де эмоционалдық толғанысын және басты
кейіпкердің күйзелісі бірге көтеру немесе өзіндік
субъективті түрдегі көңіл күйінің
өзгерісіне әсер ету де жатады.
4. Драматургиялық айғай-шулар.
Қорқынышты фильмдер мен мистикалық кинолард а жиірек
қолданылатын түрлі айғай-шулар,
олар шығармадағы барлық кейіпкерлердің дыбыстарынан
олардың жасаған әркетін анықтап береді.
5. Оқиғаның символдық
құрылыстары. Қандай болмасын режиссердің алдында
мынадай мақсат болады. Ол фильмнің көркін ашатын ерекше
оқиғаны айқындата бейнелеу. Осы белгіні көрсету
мақсатында айғай-шуларды
қолданады. Олардың көмегі арқылы автор экранда
көрініс алған түрлі оқиғаларды ерекшелейді.
Айғай-шулардың
маңыздылығын мынадай сөйлемдер арқылы дәлелдеуге
болады: «Шумы — не придаток звуковых
фонограмм, не затычка для звуковых дыр и провалов, а богатое самостоятельное
выразительное средство. Нужно только творчески и умело им пользоваться. Иногда
шумы и звуки нужно выдумывать, конструировать и сочинять, как сочиняют
настоящую музыку». [5]
Мамандар тағы
бірнеше дыбыстарды атап көрсетеді: кідіріс және интершум. Былайша
айтқанда үзіліс те дыбыс, бұл – микофон арқылы
жазылған дыбыс. Мұндай дыбыстық ерекшелік деректі фильмдерде
белгілі бір сәтті ерекшелеу немесе айқындау мақсатында
қолданылады. Интершум – айқай, яғни, суретпен бірге бейнебаян
барысында жазылған дыбыс. Көбінесе мұндай дыбыстық
түр дыбыстық режиссерлер үшін кейіпкер тұрған
орынның қалпын көрсетуге пайдаланылады.
1.
Словарь
русского языка в четырех томах. –М.: Русский язык, 1986. 223с.
2.
Фрейлих
С. И. «Теория кино: от Эйзенштейна до Тарковского».- М., 1992.
3.
«Деректі
фильм-дағдарыстан дамуға»
Қ. Омаров Алтын орда
30.04.2009. №18 16-17б.
4.
Дертім-деректі экран
Қ. Омаров. Қазақстан-ZAMAN 17.03.2001. №11-12 15б.
5.
Соколов
«Монтаж: телевидение, кино, видео». – М., 2001.