з.ғ.к., доцент Кыздарбекова Б.Ж.

з.ғ.м., аға оқытушы Жумашева А.Т.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Қылмыстық құқықта шектеулі есі дұрыстықтың критерилері туралы сұрақтары

 

Шектеулі есі дұрыстық институты көптеген континентальді (романо-германдық) құқықтық отбасы мемлекеттерінің қылмыстық заңнамасына тән болып табылады. Бұл институтты енгізу қажеттілігі кеңінен клиникада және сарапшы тәжірибеде «шекаралық қалыптар» туралы ілімді енгізумен байланысты болды, олар өз кезегінде өзінің іс-әрекетінің сипатын ұғыну және қадағалау мүмкіндігін төмендетеді, бірақ есі дұрыс емес деп таңитын дәрежеде емес.  

1997 жылғы ҚР ҚК қабылдағанға дейін көрсетілген адамдар дені сау адамдармен тең қылмыстық жазаға тартылды. Сұрақтың бұл ретте шешілуі әрине, шарттыз, әділетті болмады, себебі біріншіден, ол кез келген психикалық сырқаттардың адамның интеллектуалды-ерікті сферасына әсер етуін ескермеді, ол өз кезегінде оның ойлау қабілетінің және ерігінің кемшілігін (аномалиясын) тудырады, екіншіден, жоғарыда аталған адамдарға жаза тағайындауда жан жақты «кінәлінің тұлғасын» ескеруге және оған адекватты жаза тағайындауға мүмкіндік бермеді. Әдебиеттерде әділетті пікірлер айтылды, оған сәйкес психикалық аномалиясы бар сотталғандарға қатысты жаза өзінің мақсатына жетпейді және қылмыстың қайталануына әкеледі[1;218].

Кеңестік қылмыстық заңнамада бұл түсінік қолданылмады, себебі көптеген заңгерлер мен психиатрлар «кемітілген» немесе «шектеулі» түсінігіне қарсы болды (Н. С. Таганцев және әйгілі психиатрлар -  В. X. Кандинский және В. П. Сербский).

Шектеулі есі дұрыстық институтының заң тұрғыда бекітілуіне көп мерзімге созылған сөзбен қағысу болды. Сонымен бірге, шектеулі есі дұрыстық мәселесін зертеумен айналысатын кейбір кеңестік криминалистер және психиатрлар қылмыстық құқықтың жеке дара институты ретінде кемітілген есі дұрыстықты таңудың қажеттігін алдыға тартқан. В.С. Трахтеров профессор жазған: «Кемітілген есі дұрыстықты бөлу қажетті, оған заңда ерекше бейнелеу беруі қажет» [2;78]. Л. Петрухина және И. Михайловскаяда заңда шектеулі (кемітілген) есі дұрыстық түсінігін анықтауды ұсынған [3]. Психикалық жағынан сау емес қылмыскерлерге арнайы медициналық сипаттағы шараларды жазамен бірге қолдану ұсыныстары болды [4]. Бұл ретте кемітілген есі дұрыстарға, психикалық аномалиялармен ауырады деп танылғандарға, шекаралық қалыптар тобына жататын адамдарға қатысты әсер етудің сипаты туралы сұраққа қатысты әр түрлі пікірлер туындады. Бұл пікірталастың нәтижесінде қылмыстық заңға кемітілген есі дұрыстық категориясы енгізілді. Бірақ оны қолдану нәтижесінде туындаған күрделі қателердің әсерінен, 1928 жылы бұл қылмыстық құқық институты қысқартылды. Кейінгі уақыт мезгілінде осы жағдайдан кейін «шектеулі есі дұрыстық» түсінігінің «ғылыми еместігі» туралы айтыла бастады.

Сонымен, КСРО қылмыстық заңнамасы бойынша, қоғамға қауіпті әрекет жасаған адам не есі дұрыс, не есі дұрыс емес деп танылады. Шекаралық психикалық қалыбы бар адамдарда өзінің әрекетін ұғынуы және оған ие болуы төмен болуы мүмкін, бірақ бұл субъектілердің қылмыс жасаудағы кінә дәрежесі, психикалық дені сау адамдардың кінә дәрежесінен төмен бола алмайды.

КСРО қылмыс құқықтың дамуыныңы кейінгі деңгейлерінде шектеулі есі дұрыстық түсінігі үзілді кесілді жоққа шығарылмады. Ең алдымен, бұл психикалық дамудағы аномалиялар (шекаралық қалыптар) атты зерттеулердің жетістікке шетуімен байланысты болды.

Шектеулі есі дұрыстықты орнататын нормаларды енгізудің басты «жақтайтын» дәйек, ол арқылы толығымен құқықтың негізгі басты принциптерін жүзеге асыруға болады (субъективті жүктеу принципі, жауаптылықты жеке даралығы, әділеттілік). Бұл категорияның қарсыластарының басты негізінің мәні: бұл түсініктің нақты белгілерін және критерилерін табу қиын; шектеулі есі дұрыстықтың шекарасы әлсіз көрсетілген; «жүктеуге қабілеттілік» тек қана есі дұрыстық немесе есі дұрыстық емес болуы мүмкін; жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде психикалық жағынан кемшіліктердің болуын есепке алу жеткілікті; кемітілген есі дұрыстық категориясының болуы қателерге және теріс пайдалануға әкелуі мүмкін; кемітілген есі дұрыстықты таңу қатаң жазалау шараларын қолдануды қажет ететін жауыз қылмыскерлердің жазасын азайтады; шектеулі есі дұрыс деп танылған адам дені сау қылмыскерлермен салыстырғанда жазасың өтеуде жақсы жағдайларда, шарттарда болуы мүмкін; кемітілген есі дұрыстықты таңу тиімсіз себебі, оны кез келген адамға, тіпті дені сау адамға да көшіруге болады, кемітілген есі дұрыстық психиканың сырқатты бұзылыстарының механикалық талдануына әкелуі мүмкін [5;245]. Кейбір криминалистердің көзқарасы бойынша, «заңға қасақана есі дұрыстық түсінігін енгізу кінә және қылмыстық жауаптылық принциптеріне қарама-қайшы келер еді, және адамның кінәлігін анықтауға мүмкіндік бермес еді. Олардың пікірі бойынша, кінә бөлінбейді және бөлшектенбейді және қылмыскер не жартылай немесе кемітілген кінәлі бола алмайды. Адамды жартылай кінәлі деп таңу, оны белгісіз жағдайға қалдырар еді, ал қылмыстық жауаптылық нақты және айқын негіздерден айырылады» [6;378]. Сонымен қатар олар психикалық аномалиялары бар адамдарға жазамен бірге медициналық сипаттағы арнайы шаралардың қолдануын жоққа шығармады.

Созылған айтыстың нәтижесінде шектеулі есі дұрыстық сұрағын реттейтін норма 1991 жылы КСР Одағының Негізгі қылмыстық заңнамасында бекітілді (15 бабы). Бұл сұрақ тек 1997 жылы ҚР ҚК қабылдануымен шешілді, 17 бап бойынша: «1. Қылмыс жасаған кезiнде психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауiптілігiн толық көлемiнде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есi дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

2. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдетушi мән-жай ретiнде ескередi және ол осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн негiз бола алады.

Соттық тәжірибе көрсеткендей, ҚР ҚК 17 бабының нормаларын қолдану туралы эксперттік шешімдердің ішінде тұлғаның бұзылуы маңызды орынға ие. Көптеген жағдайларда психикалық бұзылыстардың көріну дәрежесі айқын емес, осыған байланысты, олар «мінез-құлықтың психопатиялық белгісі» ретінде тіркеледі. Бұл санаттағы адамдардың есі дұрыстығы, әдетте, күмән тудырмайды. Осыған қоса, атап өту қажет, зерттелушілердің көптеген бөлігі не бірінші, не екінші топқа жатқызылмайды. Тұлғаның бұзылысының енді бір ерекшелігі ол интеллектінің сақталуы барысында өзінің әрекетін реттеу қабілетінің төмендеуі. Ю. Н. Аргунованың мәліметтері бойынша, 1996 жылы РФ ҚК қабылдағаннан кейін тоғыз ай аралығында сот психиатриялық сарапшы коммиссиясы қылмыс жасаған үшін айыпты адамдарға ҚК 22 бабын қолдану туралы 140 қорытындыны шығарған (ҚР ҚК 17 бабы). Оның ішінде 10 зерттелушіге психопатия диагнозы қойылды [7].

ҚР ҚК 17 бабының мазмұнында «психикалық бұзылыстар» термині есі дұрыстықты жоққа шығармайтын, нақты психикалық ауытқудың формасын көрсетпейді. Сондықтан қазіргі таңда көптеген ғалымдар оған толыққанды сипат беру үшін, осы ауытқулардың толық тізімін анықтау үшін әрекет жасауда [8;278]. Бұл көзқараспен келісу қиын, себебі, шектеулі есі дұрыстықтың медициналық критериін құрайтын психикалық бұзылыстар, әрдайым нақтыланып, мүмкін ҚК 17 бабын қолдану тәжірибесіне сай толықтырылып отырылады. Сондықтан, есі дұрыс еместіктің медициналық критериін құрайтын қалыптарға жетпейтін психикалық бұзылыстардың үлгі ретінде тізімін құраумен шектелу қажет, - бұл шизофрения, эпилепсия, маниакалды-депрессивті психоз және т.б. Оларға психопатияны, дебильді дәрежесіндегі олигофрения, реактивті қалыптар, тұрақты ремиссия қалыбындағы шизофрения және т.б. жатқызуға болады.

Сонымен, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бұрыңғы қылмыстық заңңамамен салыстырғанда, белгілі бір дәрежеде адамның құқыққа қарсы мінез-құлқын, психикалық бұзылыстарды саралайды, және қылмыстық құқықтың нормаларын жүзеге асыруда есепке алады.

Бірақ, қолданыстағы Қазақстан Республикасының ҚК шектеулі есі дұрыстық категориясын ресмилендірседе, оның концептуальды негізі ҚР ҚК 17 бабының заңи мәтінінің шекарасынан шығып кеткен.

Шектеулі есі дұрыстық концепциясы өзінің бір текті еместігі және теоретикалық жағынан толығымен жүзеге асырылмауы салдарынан қазіргі уақытқа дейін дискуссиялы болып табылады. Бұл мәселеге қатысты қызығушылық бірнеше салада байқалынады (қылмыстық құқықта, криминологияда, сот психиатриясында, психологияда және т.б.), әрбір саланың көзқарасы шектеулі есі дұрыстықтың нормативті параметрлерін анықтау үшін бірдей маңызды.

Қылмыстық құқық теориясында шектеулі есі дұрыстықтың формуласы құрылуы қажет. Ол үшін ҚР ҚК 17 бабының және шектеулі есі дұрыстық институты бейнелеу тапқан шетел мемлекеттерінің ұқсас ҚК нормаларына салыстырмалы талдау жасау қажет. Ол бірінші жағынан оны құрайтын критерилерді көрсетіп шектеулі есі дұрыстықтың формуласын сипаттауға мүмкіндік береді. В. С. Трахтеровтың жазулары бойынша, «кемітілген есі дұрыстықтың формуласы «аралас» атты тәсілмен құрылуы қажет және бірінші жағынан психопатиялық қалыптарға нұсқаулар мазмұнында болуы қажет, және екінші жағынан психикалық қалыптардың күрделі бұзылыстары» [2;74]. Берілген пікірмен келіспеу қиын болады.  Шектеулі есі дұрыстық сұрағында қазіргі таңда негізгі мәселе ол «көлемді шара» анықтау, яғни ҚР ҚК 17 бабы бойынша, адам қылмыс жасау барысында қабілетті болмаған «өзiнiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне есеп бере алмаған және (немесе) оған ие бола алмаған». Қолданыстағы ҚК қабылдауға дейін және кейінде, зерттеушілер бірнеше қайтара, бұл не шара және оғы қалай анықтауға болады деген сұрақтар көтерілді. Шектеулі есі дұрыстық қалыбы тағайындалатын шара заңды формулада мазмұндалған критерилер негізінде анықталады – «Қылмыс жасаған кезiнде психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауiптілігiн толық көлемiнде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған адам қылмыстық». Бірақ ғылымда, біз атап өткендей, шектеулі есі дұрыстықтың нақты формуласы құрылмаған. Мысалы, әдебиеттегі айтылған көзқарастар бойынша, шектеулі есі дұрыстық есі дұрыстық пен есі дұрыс еместіктің аралық қалыбы болып табылады. Бірақ бұл авторлар сонымен қатар, шектеулі есі дұрыстық есі дұрыстыққа іргелес және сәйкес, сондықтан оның заңды және медициналық критериі анықталған [9]. Шектеулі есі дұрыстықтың құқықтық табиғаты туралы айтар болсақ, ол есі дұрыстық пен есі дұрыстық еместіктің аралық бөлігі емес, есі дұрыстықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

Шектеулі есі дұрыстықтың заңды критериі ҚР ҚК 17 бабының 1 бөлімінде құрастырылған «өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауiптілігiн толық көлемiнде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған». Яғни қылмыс жасаған кезде адамда шектеулі есі дұрыстық қалыбы анықталған жағдайда ең маңыздысы ол қылмыстық жауаптылыққа тартудың заңдылығын және мүмкіндігін белгілеу. Басқаша айтқанда, адамның есі дұрыс еместігі жоққа шығарылуы қажет.

Шектеулі есі дұрыстықтың заңды критериінде интеллектуалды және еріктік белгілері бар. Атап өту қажет, кейбір ғалымдардың пікірінше, шектеулі есі дұырстықтың заңи критериі тек қана интеллектуалды және еріктік белгілерден ғана тұрмайды, сонымен қатар эмоционалды белгісі бар. Белгілі болғандай, эмоционалды белгі есі дұрыстық пен есі дұрыстық еместіктің заңды (психологиялық) критериінде жеке мәні жоқ. Күрделі эмоционалды бұзылыстар интеллектінің немесе еріктің (немесе оның біреуінің бір уақытта) бұзылысымен байланысты, нәтижесінде есі дұрыс еместіктің заңды критериінің интеллектуалды немесе (және) еріктік белгісі пайда болады. Бірақ, адамның шектеулі есі дұрыс қалыбында жасалған қылмыстарда эмоционалды белгі басқа мағынаға ие. Сот-психиатрлық тәжірибе көрсеткендей, көптеген психикалық бұзылыстар маңызды эмоционалды әрекеттің өзгерістерімен қатар жүреді. Бұл сырқаттармен ауыратын адамдардың эмоциясы тұрақсыз болып табылады, олардың қызу эмоционалды күйзелісі азын-аулақ себептен пайда болады және оны тудырған сыртқы тітіркендіргішке сәйкес келмейді. Бұл сырқаттардың симптоматикасы эмоцмоналды реакцияның және интеллектуалды әрекеттің арасындағы сәйкессіздікке әкеледі, және сырқаттардың жүріс-тұрысын адекватты емес эмоционалды реакциялармен анықтайды [10;75]. Атап өту қажет, жағдайды, қоршаған әлемді қалыпты қабылдау мүмкіндігін бұзатын жоғары интенсивті психо-эмоциялар, адамның ерігінің немесе санасының бұзылысын айтарлықтай тудырмайды. Психотикалық емес деңгейдің патологиясымен әсерленген адамның психикасының эмоциясы белгілі бір дәрежеде оның жасаған әрекетінің сипатын саналы сезіну мүмкіндігінің жартылай жоғалуына әкелуі мүмкін. Осыдан қорытынды жасауға болады, эмоционалды белгіні шектеулі есі дұрыстықтың психологиялық критериін бірден бір құраушы ретінде қарастыруға болады. Бұл «шара» түсінігін анықтау сұрағында дифференциалды тұрғыда талдауға мүмкіндік береді, яғни адам қылмыс жасау барысында өзінің iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) саналы ұғына алмаған не оған ие бола алмаған.

Әдебиеттерде келесі пікірлер келтірілген, физиологиялық аффект адамды шектеулі есі дұрыс деп таңудың медициналық негізі бола алады [11]. Бірақ бұл екі категорияны біріктіруге не араластыруға болмайды – физиологиялық аффект және шектеулі есі дұрыстық. Бір жағынан, олардың ұқсастығын атап өту қажет, оның мәні, қылмысты жасау мезгілінде субъектінің мінез – құлқына әсер ететін психологиялық және психикалық факторлардың әсер етуінің көрінісі болып табылады. Бұған қосарымыз, келтірілген жағдайларда субъектінің саналы сферасы төмендейді және оның ерік сферасы жекелей бұзылады. Екінші жағынан, қарастырылып отырған категориялардың айырмашылығы айқын. Олардың айырмашылығы, бірініші жағынан, субъектінің саналы және ерік әрекетіне әсер ету дәрежесі, сонымен қатар осы әсердің пайда болу себебін анықтаумен байланысты.

Физиологиялық аффектінің негізінде эмоциялар жатыр, олар адамның психикалық қасиетінің эмоционалдығының нәтижесі болып табылады. Олар, өзінің қарқындылығының дәрежесіне байланысты емес, психикалық аномалия ретінде қарастырылмайды. Шектеулі есі дұрыстықтың негізінде психикалық әрекеттің бұзылуын тудырған психикалық аномалиялар жатыр. Атап өту қажет, шектеулі есі дұрыстық қылмыстың субъектісінің белгісі болып табылады, ал физиологиялық аффект қылмыс құрамының субъективті жағын сипаттайды. Шектеулі есі дұрыстық және физиологиялық аффект қалыбында жасалған қылмыстық әрекеттердің құқықтық нәтижелері. Қылмыс субъектісінің шектеулі есі дұрыстығы қылмыстық жауаптылықтан босатудың негізі болып табылмайды. ҚР ҚК 17 бабының 2 бөліміне сәйкес адамды шектеулі есі дұрыс деп таңу сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдетушi мән-жай ретiнде ескередi және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн негiз бола алады. ҚК 17 бабының 2 бөлімінің мәтініне сәйкес, шектеулі есі дұрыс деп танылған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану соттың міндеті емес, құқық болып табылады. Физиологиялық аффектіде қылмыс жасаған субъекті жалпы негіздерде қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бірақ ҚР ҚК 53 бабының 1 бөлімінің «и» тарауына сәйкес, жазаны жеңiлдететiн мән-жайларға жәбiрленушiнiң күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат iс-әрекетiнен жасалған қылмыстар жатады. Берілген жағдай ҚК 98 бабында және ҚК 108 бабында бекітілген, қасақана кісі өлтіру және қатты жан күйзелісінiң (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Заңда медициналық критерий «психикалық бұзылыстар» терминімен анықталады, ол адамның қылмыс жасау барысында субъектінің психикасының және санасының бұзылысына көрсетеді. Шектеулі есі дұрыстықтың медициналық критериі есі дұрыс еместіктің медициналық критериймен бірқатар ұқсастықтары бар: а) созылмалы психикалық   ауыру, б) уақытша психикалық бұзылулар, в) кемақылдылық, г) басқа да психиканың сырқатты жағдайлары. Бұл психиканың бұзылыстары қоғамдық қауіпті әрекет жасаған адамды есі дұрыс емес деп таңуға, сонымен қатар шектеулі есі дұрыс деп таңуға негіз бола алады. Мысалы, шизофренияда, адам толығымен өзінің iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауiптілігiн толық көлемiнде ұғына алмауы не оған ие бола алмауы, яғни бұл мүмкіндік толығымен жоғалмауы мүмкін, ал тек белгілі бір дәрежеде әлсірейді. Дебильді деңгейлі кемақылдылықпен ауыратын адамдарды көптеген жағдайда сот шектеулі есі дұрыс деп таниды. Шектеулі есі дұрыстықта нормадан кейбір психикалық ауытқулар адамды қылмыс жасау мезгілінде өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауiптілігiн толық көлемiнде ұғына алмауы не оған ие бола алмауы мүмкіндігінен тек жартылай айырады. Бұл критериге созылмалы немесе уақытша психикалық әрекеттің бұзылуын жатқызуға болады (психотикалық деңгейдегі емес), олар ақылдың жетіспеушілігінен, аффективті, еріктік бұзылыстардан немесе психикалық әрекеттің әр түрлі аномалияларынан көрінуі мүмкін. Оның дәрежесі және деңгейі адамның қылмыс жасау барысында бағалануы қажет.

Сонымен, «психикалық бұзылыстар» түсінігі, ҚР ҚК 17 бабының мағынасы тұрғысынан шекаралық атты қалыптарды, және психикалық сырқаттардың деңгейіне жетпейтін психикалық дамудың аномалиясын толығымен қамтиды.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.  Антонян Ю.М., Гульдан В. В. Криминальная патопсихология. - М., 1991. - 245 с.

2.  Трахтеров В. С. Уменьшенная вменяемость в советском уголовном праве // Право и жизнь. - 1925.- № 9-10.- С. 72-77 /  http://www.prlib.ru/

3.   цит. с работы Хомовского А.А. О проблемах правоведения и психиатрии / http://www.law.edu.ru/

4.  Шахриманьян И.К. К вопросу о так называемой уменьшенной вменяемости // Вестник ЛГУ. -  1961. - № 23. - С. 175; Крахмальников Л., Ной И. О профилактике преступлений психопатов // Сб. научных работ. Саратов. 1961. - Вып. 3. - С. 260-263.

5.  Антонян Ю. М., Гульдан В. В. Криминальная патопсихология. - М.: Наука, 1991. - 245 с.

6.  Курс советского уголовного права. Часть общая. Т. 1. Изд-во ЛГУ. - 1968. -  648с.

7.  Аргунова Ю. Н. Преступность ограниченно вменяемых лиц. // Независимый психиатрический журнал. - 1998. - № 3. - С. 56-59.

8.  Курс уголовного права: Общая часть. Учебник для вузов. -  Т. 1: Учение о преступлении / Под ред. Н. Ф. Кузнецовой, И. М. Тяжковой. - М.: Зерцало, 1999. - 512 с.

9.  Антонян Ю. М., Бородин С. В. Преступное поведение и психические аномалии. - М.: Спарк, 1998. - 207 с.; Козаченко И. Я, Сухарев Е. А, Гусев Е. П. Проблема уменьшенной вменяемости. - Екатеринбург: Уральская государственная юридическая академия, 1993. - 33 с.; Уголовный закон. Опыт теоретического моделирования / Под ред. В. Н. Кудрявцева. - М.: Наука, 1987. - 279 с.

10.    Матвеев В. Ф. Учебное пособие по психиатрии. - М.: «Медицина», 1975. - 351 с.

11.    Первомайский В.Б. Физиологический аффект: норма или патология? / http://www.psychiatry.ua/books/