Ж. Ордабай, А. Джакишева, Ж. Өзбекова, Р.Т.Турекельдиева

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӨСІРІЛЕТІН СUCUMIS SATIVUS

ФИТОФАГТАРЫ МЕН ЭНТОМОФАГТАРЫ

 

 

Қияр – ежелгі көкөністік өсімдіктік, әлемнің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД-да 220мың га жерде өсіріледі. Ашық жердегі өнімділігі 100-120 ц/га, қорғаулыт жерде орташа есеппен 16-20кг/м², ал 50-60кг/м² мүмкін өнімділік. Қазақстанда қиярды шамамен 15 мың гектар жерде өсіреді. Негізгі егістік - Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда, Жамбыл  облыстарында. Үй маңында барлық қияр егістігінің 77,8% орналасқан.

Қиярдың көк түйнегінде сұрпына байланысты 0,5-1,4% ақуыз, 1,5-3,7% қанттар, 10-15% С дәрумені, әртүрлі минералды заттар және 96,8% су болады. 

Қияр топырақ пен ауаның температурасы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды. Тамыр жүйесі топыраққа небары 25-30 см, ал жан жағына 50 см тереңдейді. Сабағы төселеп өседі, мұртты; мұрттарымен тірегіштерге оратылады да, ол тік осе алады. Қиярдың гүлдері бунақденелілермен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлді тозаңдатусыз жеміәс байлайтын партенокарптық сұрыптар бар. Оларға Зозуля буданы, Московский тепличный буданыжәнет.б. жатады[1]. 

Қияр - қысқа күннің өсімдігі. Соған қарамай жекелеген сұрыптары күннің ұзақтығынан әртүрлі әсер алады. Ашық жердің сұрыптары - Муромский 36, Вязниковский 37, Неросимый 40 және т.б. – 11-12 сағат күнде жоғары өнім береді, ал жылыжай сұрыптары – Клинский, Многоплодный – 9-10 сағ. қысқа күнде жемісті жақсы салады.

Қияр жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13ºС өне бастайды. Топырақтың температурасы 10ºС төмен болса, олар шіриді (көктемде салқын топыраққа сепкенде өскіндердің сирек болуы осымен түсіндіріледі.) Жылылық төмен болса, қиярдың өсуі тоқтайды, Сондықтан салқын жылдары өнім күрт төмендейді. Тым жоғары температурада жеміс салуына қолайсыз: 35ºС гүлдердің тозаңдары ұрықтана алмайды да жеміс байланбайды; 40ºС өсімдіктің өсуі жалпы тоқтайды[2].

Қиярдан мол және де экологиялық таза өнім алуға оның аурулары мен зиянкестері кері әсерін тигізеді.

     Облысымызда қиярдың кеңінен таралған ауруы - Erysiphe cichoracearum D. Тексерілгені  - 0,005 мың га, заладанғаны – 0,001 мың га. Таралуы -  4 %, дамуы – 0,04 %.  2013 жылы Erysiphe cichoracearum D ауруының белгілері Қордай ауданында қияр алқабында анықталған. 2014 жылы бұл ауданда аурудың белгілері тіркелмеді. Жуалы ауданында 0,005 мың га жеке секторда қияр дақылының өсіп-дамуы, пісуі кезеңінде басқа да аурулары (бактериоз, жалған ақ ұнтақ, ақ ұнтақ) анықталды.

         2009 жылы жер көлемінің 10%-ында, 2010 жылы  жер көлемінің 66%-ында анықталса,  2012 жылы Шақпақата а/о жеке секторда қияр дақылында переноспороз ауруының алғашқы белгілері тіркелді. Аурудың таралуы 5%, дамуы 0,05%-ды құрады. Шілде айында Қарасаз а/о жеке секторда аурудың таралуы байқалды. Таралуы 7%, дамуы 0,07%-ды құрады. 2013 жылы шілде айының 3-ші онкүндігінде жеке секторда анықталды. Аурудың таралуы төмен дәрежеде анықталды.  Таралуы 6%, дамуы 0,06%-ды құрады.

         2014 жылы тамыз айының соңында Мыңбұлақ а/о жеке секторында байқалды. Тамыз айының соңында түнгі ауа температурасының күрт төмендеуі жалған ақ ұнтақ ауруының дамып таралуына қолайлы жағдай туғызылды. Басқа аудандарда аурудың белгілері байқалған жоқ.

Қиярдың Erysiphe cichoracearum Dауруының таралу мен дамуы, мың га

Аудан аттары

Тексерілгені, мың га

Зақымдал

ғаны,

мың га

Оның ішінде дәреже бойынша, мың га

Таралуы,

%

Дамуы, %

Төмен

Орташа

Жоғары

Жуалы

0,005

0,001

0,001

 

 

4

0,04

Барлығы

0,005

0,001

0,001

 

 

4

0,04

 

         Өсімдіктің жер бетіндегі мүшелердің залалдануының жемістері нашар қалыптасады және олардың сапасы төмендейді. Жапырақтарда кейін түсі қоңыр болатын бұрышты, қара жасыл түсті, майлы дақтар пайда болады. Зақымданған ұлпа үгіліп жапырақ тесіліп, қурап қалады. Дақтардан сұйықтық (шырыш) жиі ағады. Олар кеткенде қабыршақ пайда болады. Жемістер мен сабақтарда жаралар дамиды. Аурудың дамуына жоғары ылғалдылық пен температура және су тамшыларының болуы қолайлы. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, тұқымда сақталады.

Облыс көлемінде Pseudomonas lachrymans E.Sm.ауруына тексерілгені 0,04 мың га, оның ішінде Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінде ауруға 0,04 мың га  тексеріліп, залалданғаны 0,012 мың га, төмен дәрежеде таралуы 3%, дамуы 0,03% маусым айының 10-жұддызында қиярдың Pseudomonas lachrymans E.Sm.ауруларының алғашқы белгілері анықталды.

2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда ауа-райының жауын-шашын аз болса да, осы дақылды еккен шаруалардың дұрыс суғармауына байланысты аурудың белгілері қайта анықталды.

 

Қиярдың Pseudomonas lachrymans E.Sm.ауруының таралу мен дамуы, мың га

 

Аудан аттары

Тексерілгені, мың га

Зақымдал

ғаны,

мың га

Оның ішінде дәреже бойынша, мың га

Таралуы,

%

Дамуы, %

Төмен

Орташа

Жоғары

Байзақ

0,04

0,012

0,012

 

 

3

0,03

Барлығы

0,04

0,012

0,012

 

 

3

0,03

 

Қиярға жазғы тексеру жұмыстары Қонаев ауылдық округінің тұрғындардың жеке бақшаларына қияр алқабында Tetranychus urticae Koch 0,001 мың.га анықталды, қоныстанған  пайызы-5, қонысталған орташа балы-0,05.

 

№ р/с

Аудан аттары

Тексерілгені

Қоныстанғаны

барлығы

о.і. дәрежесі бойынша

төмен

орташа

жоғары

1

Шу

0,25

0,001

0,001

 

 

 

Барлығы

0,25

0,001

0,001

 

 

 

Қорыта келгенде, қияр алқабындааурудың  дамуы және  таралуы ауа-райына және агротехникалық  шаралардың  жүргізілуіне, зиянкестердің дамуымен таралуы көктем-жаз айларының ауа-райына (құрғақ, ыстық, жауын-шашынсыз болған жағдайда) байланысты.

 

Әдебиет

1.        Агрономия негіздері: оқулық. - Астана: Фолиант, 2007. - 276 б.

2.        Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов. энцикл.Бас ред., 1990