Избасханова Қ. С.

Абай атындағы ҚҰПУ-ң 2 курс магистранты

 

Биологияны оқыту процесіндегі пәнаралық байланыстың түрлері

            

Білім беру қазіргі ғылымының, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріспен қоғамдық дамудың жаңару процесіне  тікілей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту прогресіне пәнаралық байланыс ерекше көкейтесті орын алып отыр және педагогикалық маңызға ие болуда.

 Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан  идеясының өзіндік даму тарихы бар. Мәселен, XVI ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері: Я. А. Коменский (1592-1670 ж.ж. Д.Локк (1632-1704 ж.ж.) И.Ф. Гербарт (1776-1841 ж.ж.) Ж.Ж.Руссо (1712-1778), И.Г.Песталоций (1746-1827 ж.ж.) өздері өмір сүрген замандардан бері педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа аса назар аударған.

Прогресшіл педагогтар білім беру ісіндегі схоластикаға қарсы күресе отырып, шәкірттерге табиғат құбылыстарының өзара байланысы жөнінде көзқарастарын қалыптастырудың маңызды екендігін атап айтты. Мысалы Я. Коменский «Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек» деп жазды.

       Пәнаралық байланыс бүгінгі күнде де оқыту жүйесінің басты проблемасына айналуда.

       Пәнаралық байланыс ұғым өз ішінде мынадай үш бөліктен тұрады: байланыс құрамы мен тақырыптары және пәндік хабарламалардың обьектілері.

       Байланыс амалы, құралы. Бұл пәннен екінші пәнге және басқаларына хабар беру амалы мен құралдары. Ал хабар кез-келген теориялық жаңалық деп түсіндіріледі. Байланыс амалдарын таңдау әртүрлі жағдайлармен шешіледі: білім деңгейіне, көрнекі құралдарды, техникалық оқу құралдарын, әртүрлі жабдықтарды қамтамасыз етумен анықталады.

      Байланыстың бағыттылығы: хабардың  кейбір мәліметтерінің бір пәннен екінші пәнге беріп отыру бағыты. Жоғарыдағы аталған пәнаралық байланыс ұғымның  үш бөліктерінің құндылығы мынада: аталған құрылымның әртүрлі жағдайда болуы, мәселен, ілеспелі, жалғаспалы, бірге болатын байланыстар сонымен қатар кезектесіп отыратын байланыс, алдын ала жүретін байланыстар.

      Сөйтіп, пәнаралық байланыс-маңызды дидактикалық-әдістемелік категория және оқыту жүйесінің бір проблемасы ретінде танылады.

       Білімді меңгеру процесі ертерек алынған біліммен кейінгі білім арасындағы байланыс болып табылады.

       Ғылымдар жүйесін пәнаралық байланыс негізінде қарастыра отырып, ол әрбір ғылымға жататын жекеленген арнайы түсініктермен қатар, бірнеше ғылымға ортақ түсініктер алынады.

       Ғылымның барлық салалары қоғамның жаңа талаптарына бағыт алуы тиіс. Ғылыми білім беруге осы тұрғыдан қарауымыз қажет. Бұл барлық педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде «мәселеге пәнаралық тұрғыдан қарау» деген термин жиі қолданылатын көреміз. Кейбір авторлар оны «Пәнаралық байланыс» деген ұғымның баламасы ретінде қолданады. Ал кейбіреулері оқыту қағидасы деген ұғымның  баламасы ретінде қолданады. Ал кейбіреулері оқыту қағидасы деген ұғымға дейін апарып, мағынасын кеңейтіп жібереді.

         «Мәселеге пәнаралық тұрғыдан келу» деген терминдерді екі немесе одан да көп әртүрлі өзара әсерін белгілеу үшін қолданған орынды. Өйткені олар қарапайым идеялар алмасудан өзара интеграция жасауға дейінгі жолдарды өтуі мүмкін. Мұндай пәнаралық байланыс мәселеге болып отырған жағдай да оны жан-жақты қарастыру барасында керекті философ, психолог, педагог еңбектерін талқылады.

          Мұнда философ  Б.М. Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әртүрлі пәндердің өзара әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған. Б.М. Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жақ әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. Пәнаралық байланыс проблемасы бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәжірибеде қолданып келгенін көрсетіп, ал қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді. Сонымен  ғылымның зерттеулерінде бір ғылым тек «тиісті пәнмен ғана емес қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалған /1/.

           Пәнаралық байланыстың педагогикалық тағы бір аса маңызды міндеті ғалымдардың бір-бірінен бөлшектенбей ғылыми білімнің бір жүйеге топтасуын, басқаша айтқанда интеграциялану тенденциясын жоғары дәрежеге көтеру.

           Пәнаралық байланыс білім мен тәрбие міндеттерін шешуде ерекше роль атқарады. Мектептегі білімдер жүйесі өздерінің мазмұны жағынан комплексті. Олардың мәні және меңгерілуі пәнаралық деңгейде жүзеге асуы тиіс. Мәселеге тек осылай келгенде ғана шәкірттерде ақиқат дүние біртұтас жүйе екен деген түсінік қалыптасады. Бұл жүйеде барлық элементтерді біріне-бірі ықпал жасайтындығын, процестер өздерімен –өздері туындап жататындығын мұғалім білуі керек.

            Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жагдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс-жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамда тәрбиелеуге мүмкіндік береді; Қазіргі кезде оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге жағдай жасайды.

            Көптеген педагогтер мен психологтардың пікірлеріне қарағанда, оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен бірліктерді, бейімдіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауы олардың білімдерін жүйеге келтіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады,  таным қызметіне шығармашылық сипат береді.

             Белгілі психолог Ю.А. Самарин өзінің «Ақыл-ой психологиясының

     очерктері» деген еңбегінде былай деп жазады» «Диалектикалық тұрғыдан ойлай білу дегеніміз» әр құбылыс басқаларымен байланысы көп, түрлі фактілердің өзара ықпалы, қайшылықтары мен дамуы барынша күрделі екендігін көре білу деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс-адам баласы ақыл-ойының жоғары деңгейі /2/.

             Ол бұған қоса диалектикалық тұрғыдан ойлау, құбылыстары оның барлық байланыстар мен жанама түрлерін көре білу бірден күтпеген жерден пайда болмайды. Ол қасиет бірте –бірте барған сайын күрделене беретін қиындығын меңгеру барысында қалыптасады  деп  дәлелдейді. Ю. А. Самариннің позициясы бойынша пәнаралық байланысқа диалектикалық заңдылық  деп қарау керек.  Пәнаралық байланыс әр шәкірттің санасын өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Мысалы ойлайтын адам табиғаттағы білімділік дарытумен қатар олардың неғұрлым көп жүйедегі басқа құбылыстармен өзара байланысын байқауы керек.

              Кейбір ғалым зерттеушілер пәнаралық байланысты дидактикалық шарттар, оқыту мазмұнының құралы десе, ал келесі бір ғалымдар оны дидактикалық қағидалар деп есептейді. Біздер бұл анықтамалардың қай-қайсысын болса да, толық әрі дәл емес деген көзқарастамыз.

               Пәнаралық байланыс-ол білімнің мазмұнына ғана қатысты емес, оның ықпалы оқыту процесінің барлық құрамды бөліктерімен  байланысты.

                Пәнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ, себебі оның педагогикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан туындайды, ол білімнің тұтастай жүйесінің оның бөліктерінің,  атап айтқана табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы айқын түсініктердің өзара байланысын білдіреді.

               Пәнаралық байаныс бүгінгі күнде де оқыту жүйесінің басты проблемасына айналуда. Пәнаралық байланыс ұғым өз ішінде мынадай үш бөліктен тұрады: байланыс құрамы мен тақырыптары және пәндік хабарламалардың обьектілері.

              Байланыс амалы, құралы. Бұл пәннен екінші пәнге және басқаларына хабар беру амалы мен құралдары. Ал хабар кез-келген теориялық жаңалық деп түсіндіріледі. Байланыс амалдарын таңдау әртүрлі жағдайлармен шешіледі: білім деңгейіне, көрнекі құралдарды, техникалық оқу құралдарын, әртүрлі жабдықтарды қамтамасыз етумен анықталады.

              Байланыстың бағыттылығы: хабардың  кейбір мәліметтерінің бір пәннен екінші пәнге беріп отыру бағыты. Жоғарыдағы аталған пәнаралық байланыс ұғымның  үш бөліктерінің құндылығы мынады: аталған құрылымның әртүрлі жағдайда болуы, мәселен, ілеспелі, жалғаспалы, бірге болатын байланыстар сонымен қатар кезектесіп отыратын байланыс, алдын ала жүретін байланыстар.

            Сөйтіп, пәнаралық байланыс-маңызды дидактикалық-әдістемелік категория және оқыту жүйесінің бір проблемасы ретінде танылады.

            Білімді меңгеру процесі ертерек алынған біліммен кейінгі білім арасындағы байланыс болып табылады.

            Ғылымдар жүйессін пәнаралық байланыс негізінде қарастыра отырып, ол әрбір ғылымға жататын жекеленген арнайы түсініктермен қатар, бірнеше ғылымға ортақ түсініктер алынады.

Әдебиеттер:

1.     Б.М.Кедров: путь жизни и вектор мысли. – «ВФ», 1994, № 4.

2.       Самарин Ю. А. Очерки психологии ума. —М., 1962. —504 с.