Джакишева А., Сүгірбекова Б., Турекельдиева Р.Т.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
ҚЫРЫҚҚАБАТ ЭНТОМОФАГЫ
PIERIS RAPAE L.ТАРАЛУЫ
Егеменді еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ету бағытында ауылшаруашылық өнімдерін өсіріп, сапалы
өнім алу, сақтау, егу технологиясын сақтау,
өсімдіктерді зиянды және аса қауіпті ағзалардан,
аурулардан және арамшөптерден қорғау басты
мақсат.
Облыстың
барлық аудандарында зиянды және ерекше қауіпті организмдердің, өсімдік
ауруларының, арамшөптердің фенологиясын, ошақтарын
анықтап, таралуына және даму динамикасын бақылап, дер кезінде
болжамдар жасалынады.Фитосанитарлық мониторинг жұмыстары ерте
көктемде, ақпан айының 2-ші жартысынан басталды.
Энтомофагтардың таралуы ауа-райы жағдайына тікелей байланысты[1].
2014 жылдың күз айлары 2013 жылдың күзімен
салыстырғанда ауа температурасы
жоғары, жауын-шашынсыз құрғақ болды.
Сондықтан күзде себілген егіннің алғашқы өскіні тек қараша айының
2-ші онкүндігінің сонында байқалды.
2014 жылдың қыс айлары 2013 жылдың қысымен
салыстырғанда ауа температурасы аязды, қар жамылғысы
қалың болды.
Көктем
мен жаз айларында аудандардың ауа-райына келер болсақ, барлық
аудандарда күн ашық, жылы, ыстық, бұлтты, алабұлтты,
жаңбырлы болды. Тіпті 14-15 шілде
аралығында күн бұлттанып жаңбыр жауды, жауын-шашын
мөлшері 15-20 мм болды.Жалпы Жамбыл облысы бойынша 2013-2014
жылдардың ауа-райы төменде келтірілгендей зиянкестер
ошағының көбеюі, олардың таралуына өте
қолайлы болды.

Жамбыл облысының
барлық аудандарда көкөніс дақылдары өсіріледі.
Көкөніс дақылдарына
арнайы және көпқоректі зиянкестер зиянын келтіреді. Зиянкестерді анықтау жұмыстары ерте көктемде басталып,
қыркүйек айында
аяқталды.
Тексеру жұмыстары барысында қырыққабат
алқаптарында қырыққабаттың арнайы зиянкестері
анықталды: қырыққабат биті,
қырыққабат күйесінің жұлдызқұрттары,
қырыққабат ақ көбелегінің
жұлдызқұрттары және ұлулар.
Қырыққабат
ақ көбелегі(Pіerіs brassіcae) – қырыққабат
және қырыққабат
зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы
55–60 мм, қанатының үстіңгі жағы ақ,
астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш,
алдыңғы қанаттарының жоғарғы
бұрышында орақ тәріздес қара
жолақ және екі қара нүктесі бар. Жылына 2–4
ұрпақ беріп көбейеді.
Қуыршақтары қыстайды, сәуір-мамырда көбелек шығады. Жұмытқаларын топтап (15–200)
қырыққабат жапырағыныңастыңғы бетіне
салады.
Қырыққабат ақ көбелегі
1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер
тұқымдасы өсімдіктерінің
жапырақтарына салады. Жұмыртқадан жаңа
шыққан жұлдызқұрттар(ұзындығы 40–
45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен,
кейінірек өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып,
дараланып қоректенеді. Қырыққабат
ақкөбелегінің жұлдызқұрты өскен
кезде, ағашқа, дуалға немесе үйдің қабырғасына
өрмелеп шығады. Осы жерде оның сыртқы жамылғысы
түсіп, қуыршаққа айналады. Қуыршақтан
шыққан көбелектің кішкене жұмсақ
қанаттары болады. Ол қанаттары қатайып, жазылғанша
бірнеше сағат бір жерде отырады[2].
Зақымданған өсімдіктің өсуі
төмендеп, алатын өнім азаяды.
Қырыққабат
ақ көбелегінің дамып-таралуын анықтау жұмыстары
жеке сектордағы қырыққабат егістігінде жүргізілді.
Облыс көлемінде
көкөніс алқаптарында зиянкестердің даму динамикасын
және түр құрамын, санын анықтауға 2,145
мың га тексерілді, қоныстанғаны 0,243 мың га. Тексеру жұмыстарының
нәтижесінде қырыққабат ақ
көбелегінің
жұлдызқұрттары анықталды. Алғаш
көбелектерінің ұшуы Байзақ ауданында наурыз
айының 17-ші жұлдызы күні тіркелді.Жаппай ұшуы сәуір айының 2-ші онкүндігі,
шағылысуы сәуір айының 3-ші
онкүндігінің соңы және
көбелектерінің айқышгүлділі арамшөптерге
жұмыртқа салуы мамыр айының бірінші және екінші онкүндігінен бастап байқалды, ал
мамыр айының үшінші онкүндігінде бірінші ұрпақ
жұлдызқұрттарының бірең-сараң туылуы
анықталды. Маусым айының бірінші онкүндігінде
жұлдызқұрттар қуыршақтанып, маусым айының
2-ші онкүндігінде қырыққабат
ақ көбелегінің ұшуы және шағылысуы
анықталды, бірең-сараң жұмыртқалауы тіркелді.
Тамыз айының 16-шы жұлдызында екінші ұрпақ
жұлдызқұрттардың алғаш туылып, ерте егілген
қырыққабат өскіндерінде қоректенуі
анықталды. Жұлдызқұрттардың қоныстану
тығыздығы 1 шаршы метрге орташа
саны 0,4-3 данадан келді.
Байзақ
ауданы ерте егілген көкөніс зиянкестер кешенін анықтау
үшін жүргізілген көктемгі тексеру жұмыстары
нәтижесінде қырыққабат дақылының
қырыққабат ақ көбелегі
жұлдызқұрттарымен зақымдалғаны анықталды.
Тексеру жұмыстары 0,9 мың гектарда танаптардан шахмат ретімен
орналасқан 10-20 жерінен 5 өсімдіктен 50-100 өсімдік
визуальді қарау арқылы жүргізіліп, қоныстануы 0,017
мың гектарда анықталды. 1 өсімдікте төмен саны 0,3-0,7
данадан кездессе, жоғары саны 1-4 данадан кесдесті. Бұл
көрсеткіш былтырғы 2013 жылғы көрсеткішпен
салыстырғанда төмен болғаны байқалды. Себебі,2014
жылдың ауа-райы ылғалды, көктем мезгілінің созылмалы
болуына және егілген дақылдың көлеміне де байланысты
болды.
Жуалы ауданында көбелектердің ұшуының басталуы сәуір
айының екінші онкүндігінде тіркелді. Жаппай ұшуы,
шағылысуы және жұмыртқа салуы сәуір айының
екінші жартысында байқалды. Биылғы жылы көктем мезгілі
салқын болғандықтан көбелектерінің ұшуы
былтырғы жылмен салыстырғанда 10-15 күнге кеш болды.
Қырыққабатта жұлдызқұрттарының туылуы
мамыр айының бірінші онкүндігінде анықталды, 1
өсімдікке тығыздығы 0,5-1 жұлдызқұртты
құрады. Қуыршақтануы мамыр айының үшінші
онкүндігінде тіркелді. Мамыр айының аяғында және маусым
айының басында жаңа ұрпақ көбелектерінің
ұшуы байқалды. Екінші ұрпақ көбелектерінің
ұшуы шілде айының аяғында тіркелді, саны 0,05-2
дана/өсімдікке болды. Үшінші ұрпақ
көбелектерінің ұшуы қыркүйек айының 1-ші
онкүндігінде анықталды. 15 қыркүйек күні ересек
жастағы жұлдызқұрттары
қырыққабаттың жапырағының шетінен кеміріп
жептөмен дәрежеде зиян келтіруі байқалды. Өсімдікті
зақымдау 0,01%-ға жетті.
|
|
|
|
|
|
|
||
|
№ р/с |
Аудан аттары |
Тексерілгені, мың га |
Қоныстанғаны |
||||
|
барлығы, мың га |
о.і.
дәрежесібойынша |
||||||
|
төмен, мың га |
орташа |
жоғары |
|||||
|
1. 1 |
Байзақ |
0,9 |
0,067 |
0,067 |
|
|
|
|
2. 2 |
Жамбыл |
0,35 |
0,012 |
0,012 |
|
|
|
|
3. 3 |
Қордай |
0,2 |
0,12 |
0,12 |
|
|
|
|
4. 4 |
Жуалы |
0,04 |
0,02 |
0,02 |
|
|
|
|
5. 5 |
Меркі |
0,03 |
0,02 |
0,02 |
|
|
|
|
6. 6 |
Т.Рысқұлов |
0,015 |
0,003 |
0,003 |
|
|
|
|
7. 7 |
Талас |
0,2 |
|
|
|
|
|
|
8.
8 |
Сарысу |
0,11 |
|
|
|
|
|
|
9.
9 |
Шу |
0,25 |
0,001 |
0,001 |
|
|
|
|
10.
0 |
Мойынқұм |
0,05 |
|
|
|
|
|
|
|
2,145 |
0,243 |
0,243 |
|
|
||
Қорыта келгенде
қырыққабат ақ көбелегінің даму фенологиясы:
Ø
Көбелегінің ұшуы -18сәуір;
Ø
Жаппай ұшуы - сәуір айының 2-ші онкүндігі ,
Ø
Шағылысу, жұмыртқа салу - сәуір айының 2-ші
онкүндігі, 3-ші онкүндігінің басы
Ø
Жұлдызқұрттарының туылуы – 13 мамыр,
Ø
Қуыршақтануы – 3 маусым,
Ø
1-ұрпақ көбелектерінің ұшуы – 13маусым,
Ø
Шағылысу, жұмыртқа салу – 17-20 маусым.
Ø
Жұлдызқұрттарының туылуы – 29 маусым
Ø
қуыршақтануы-19 шілде;
Ø
ІІ ұрпақ көбелектерінің ұшуы,
жұмыртқалауы - тамыз
айының басы, тамыз айының 1
онкүндігі;
Ø
Жұлдызқұрттарының туылуы 16 тамыз
Ø
қуыршақтануы- 5 қыркүйек;
Ø
3 - ұрпақ көбелектерінің ұшуы- 18
қыркуйек;
Ø
Шағылысу,жұмыртқалау- 21 қыркүйек;
Ø
3 - ұрпақ
жұлдызқұрттарының шығуы – 29 қыркүйек;
Ø
қуыршақтануы –қазан айының 1 –жартысы.
Әдебиет:
1. М.Ә
Ысқақов «Көкөніс шаруашылығы практикумы», Астана
-2004ж.
2. Қ. К. Әрінов
және т.б. «Өсімдік шаруашылығы», Алматы-2011ж.