Р.Т.Турекельдиева, Ж.Т.Өзбекова, А.Д. Кайнарбаева

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖӘНДІКТЕРДІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ (бал арасы мысалында)

 

Жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады. Топырақ астынан ін қазып (көңқоңыз), оны қопсыту арқылы топырақ түзуге қатысатын жәндіктердің пайдасы өте зор. Көптеген жәндіктер (қанқыз, құмырсқа, шаншар және т.б.) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды. Бал аралары адамға бал және балаусыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Жібек көбелектері жібек алу үшін өсіріледі. Кейбір елдерде жәндіктерді (шегірткені) тағам ретінде пайдаланады. Далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктердің шірінділерін, жануарлардың нәжістерін қорек ретінде пайдаланатын жәндіктер өт көп. Жәндіктер биосферадағы қоректік байланыс торына қатысып, балықтарға, қосмекенділерге, жорғалаушыларға, құстар мен сүтқоректілерге жем болады.

Буынаяқтылар типіне жататын көп жасушалы омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі денесі бар, көкірек және құрсақ бөлімдеріне айқын бөлінген, денесінен кертпе бунақтар көзге бірден түседі. Жәндіктердің барлығы 6 аяқты, басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысы көздері мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл, қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығып, құрсағында көбею мүшелері орналасады.Жәндіктер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады. Жәндіктердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді: тура даму (қанатсыз жәндіктер), шала түрленіп даму (ақпа, инелік, дәуіт, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала) толық түрленіп даму (қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, түкті аралар, бал аралары т.б). Жәндіктердің ауыз мүшелерінің құрылысы да сан алуан: сүзуші (шыбын), шаншып сорушы (маса),кеміруші(тарақан), кеміріп жалаушы(бал арасы), түтік тәрізді ауызбен сорушы(көбелек) ауыздар болады. Ұрықтанған жұмыртқадан ересек жәндік ұқсас жас жәндіктер шығып, тек денесі өссе және жыныстық жағынан ғана толысып дамыса, тура даму деп аталады[1].

Адам өміріне пайдалы жәндіктердің бірі - бал арасы. Бал арасы (латынша Apis millifera) - жарғаққанаттылар отрядына жататын бунақдене.Ұзындығы 1-1,5см.Бұл өте пайдалы, үйірімен топтанып ұшатын бунақдене.Бір семьяда бір ұрғашы,бірнеше жүз еркек бал ара,жүз мыңға дейін жұмысшы бал ара болады.Бұлардың бәрі бір ұяда мекендейді.Ұрғашы бал ара күн сайын 1000-2000 жұмыртқа салады. Жыл өткен сайын жұмыртқалауы кемиді.Сондықтан 1-2 жылдан соң оларды жас бал аралармен алмастырып отырады.Небәрі 5-6 жыл өмір сүреді. Еркек бал ара шірне жинамайды, ұя тазаламайды. Тек ашық күндері ұшып ойнайды. Оның аяғында гүл шірнесін жинайтын «кәрзеңкесі» де болмайды. Жыныс қабілеті 3-4 аптада жетіледі. Ұрғашы бал араға жанасқан соң ол бірден өледі. Ұрғашы балара секілді еркек бал ара да тек омарташының балымен қоректенеді. Еркек бал ара небәрі 3 айға жуық өмір сүреді.Жұмысшы бал ара жыныс қабілеті жетілмегендіктен шағылыспайды,сондықтан 30-35 күн өмір сүреді. Бұлар 3-4 күндігінен бастап-ақ дернәсілдерін қоректендіреді, ұрғашы бал араны күтеді. Сондай-ақ алысқа ұшып, «барлаушылық» қызметін атқарады,гүл шірнесін жинайды, балауыз бөліп ұя салады және ұяларын қорғайды[2].

Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықты бал деп атайды. Және де бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат – балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.

Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.

Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қарақұмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.

Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқурай (малина) балы ақтүстіболады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады[3].

Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз ақуыз, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза және т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сондай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады. Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, ақуызбен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды[4].

Дана қазақ халқы «Бірінші байлық-денсаулық» деген екен. Денсаулығымыз мықты болу үшін  «Мысқылдап кірген ауруды» балмен емдеп шығаруға болады. Дертке дауа болатын ара балы денсаулығымызды сақтауға көмектеседі.

 

Әдебиет:

1.       Қайымов Қ.Биология және техника. Алматы.  Қайнар.1985 ж.

2.       Қаратаев М.Қ.  Қазақ Совет энциклопедиясы. 2-том Алматы. 1973ж.

3.       Сыбанбеков Қ.  Биология ғажайыптары. Алматы. Қайнар. 1973 ж.

4.       Жануарлар әлемінде. Алматы. 1992ж.