Х.ғ.к., Дәрмағамбет К.Х., 1 магистранттар  Исмаилов Ғ.Б.1,                          Жақсылықов Е.А.11

                     1Қорқыт ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университеті

                               11Қазан Федеральды   университеті                              

             

                Мұнай шламдары  және оның  қасиеттері.

 

Мұнай шламдары   қоршаған ортаның  барлық  компоненттерінің –жер беті және жер асты суларының, топырақты-өсімдікті жамылғының, атмосфералық ауаның ең қауіпті ластағыштары болып табылады.Олар  мұнайөнімдері мен судың механикалық қоспасы (минералды және органикалық текті) болып табылады. Негізінен шламдар ауыр мұнай қалдықтары  болып табылады, олардың құрамында (масса бойынша ) 10-56% мұнайөнімдері, 30-85% су, 1,3-46% қатты қоспалар бар. Мұнай шламдарының  құрамына  кіретін   механикалық  қоспалары   негізінен  қатты  құмды және сазды бөлшектерден, өндірістік  шаңдар, кокс  пен  күйеден, коррозия өнімдерінен, темір кар­бонаты мен сульфидтерден, элементар күкірттен тұрады. Көпкомпонентті күрделі дисперсті жүйенің бұзылуға  тұрақтылығы  айтарлықтай өседі, оларды өңдеу мен қайта кәдеге жарату қиын міндеттердің бірі болып табылады. Пайда болу тегі бойынша  мұнайшламдары  шартты түрде физикалық қасиеттері бойынша топтарға  бөлінеді :

- өндіруші мекемелерде мұнай дайындаудағы қалдықтар;

- мұнай резервуарын  тазалаудағы қалдықтар;

-бұрғылау жұмыстары өндірісінде қолданылатын  мұнай құрамды жуу сұйықтары ;

- ұңғымаларды сынау мен жөндеу кезіндегі қалдықтар;

- мұнай өндіру мен тасымалдаудағы  апаттық төгілулер;

Мұнайқалдықтарын түзілу әдісі бойынша бөледі:

·  мұнай  өңдеу шламдары

·  бұрғылау шламдары

·  аулағыш мұнайлар

Бұрғылауда және өндіруде түзілетін  қатты қалдықтар құрамына мұнай төгінділерімен ластанған құм,бұрғылау ерітінділері,бұрғылау шламы кіреді. Қолданылған  бұрғылау ерітінділері  немесе бұрғылау шламында  өсімдіктер мен балықтар үшін  улы органикалық  компоненттер мен тұздар болады.  Бұрғылау  ерітінділері  немесе шламның  шығарылуы өсімдіктер мен жер беті суларына теріс  әсер етеді. 

Бұрғылау шламдарының ластаушы әсері  қоршаған ортаға айтарлықтай. Бұрғылау ерітінділері  мен шламдары   ерітіндінің көлемінен пайызбен  мынадай фазалық  құрам арқылы  сипатталады: су — 75-90, қатты фаза —11-25, мұнай және мұнай өнімдері — 7-14. Бұл ерітіндінің оттегіге  химиялық  қажеттілігі  1000-8000 мг/л,  сулы  фазасының  минералдануы   1,5-3 г/л, рН = 7,8-8,2;  Амбарлардағы  су атмосфералық жауын-шашындармен сұйылтылады. Сұйылту нәтижесінде  оның минералдануы  төмендеп   хлоридтер   7 мен 10г/ л дейін  [4], ал жалпы  минералдануы  1 ден 16 г/ л болады.

Бұрғылау шламының  фракциялық   құрамы және  ұңғыны                                      бұрғылағанда сулы ортадағы  тұну жылдамдығы

Бөлшек өлшемі, мкм

Салмағы бойынша , %

Тұну жылдамдығы см/с

<44

38.7

0.05

44-62

4.2

0.20

62-88

3.2

0.39

88-125

4.2

0.77

125-149

1.5

1.2

149-177

1.9

1.7

177-250

3.8

2.6

250-420

7.6

4.8

420-840

15.1

8.7

>840

19.7

10.7

 

 

                                      Литература.

 

1. Булатов А.И., Макаренко П.П., Проселков Ю.М. Буровые промывочные и тампонажные растворы. ‑ М.: Недра, 1999.

 2. Рябоконь С.А. Утяжелители для буровых растворов и технология их применения. – М.: Недра, 1981.

         3.Смыков В.В., Смыков Ю.В., Ториков А.И. О проблеме утилизации нефтесодержащих отходов // Нефтяное хозяйство. - 2005. - № 3. - с.30.