Р.Т.
Турекельдиева, Р.З.Тулепова, А.Джакишева, Ж.Узбекова
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ФИТОФАГТАР МЕН ЭНТОМОФАГТАРДЫҢ КӨКӨНІС
ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТРАНСПИРАЦИЯ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫНА
ӘСЕРІ
Қазақстанда
ауылшаруашылығы өндірісіне зиянды ағзалардан келіп
жатқан зиян аз емес. Зиянды ағзалардың таралуы мен дамуын
және зияндылығын шектеу үшін арнайы химиялық
препараттаркеңінен қолданылады. Көкөніс
шаруашылығына келсек, олардың 1 тонна өнімін өндіруге орта
есеппен 4,5 доллардың химиялық препараты жұмсалады екен.
Препараттарды
кеңінен қолданудың қоршаған ортаға
тигізетін кері әсері біріншіден, агроценоз немесе фитоценозда зиянды
ағзалармен қатар пайдалы жәндіктер, аң мен
құстар, өсімдік мүшелерінде және топырақта
неше түрлі микроағзалар, дөңгелек құрттар
және т.б. тіршілік етеді. Өңделген шабындықтар мен
жайылымдарда мал бағылады, ара бал жинайды, жиналған өсімдік өнімі
малдың жем-шөбіне, адамның азық-түлігіне
пайдаланылады. Химикаттардың табиғатта таралуы өсімдіктерден
басталып, қоршаған ортаның ауасымен қатар,
топырақ пен суға шайылып, жан-жануарлар мен адамға кеп
тіреледі[1].
Көкөніс дақылдарын зиянды
ағзалардан қорғау үшін ғылыми негізделген,
жан-жақты сынақтан өткен кешенді жүйе өндіріске
кеңінен ендірілуде. Ол негізінен карантиндік, агротехникалық
және биологиялық шаралар топтамасынан тұрады.
Еліміз егемендік алғаннан кейін
көптеген алыс-жақын шет елдермен байланыс нығайып, тауар
айналымы, соның ішінде көкөніс дақылдарының
тұқымы мен түйнектері, көшеттері елімізге көптеп
келуде. Олармен бірге бұрын республикада кездеспейтін қатерлі
зиянкестер мен ауру қоздырғыштар және арамшөп
тұқымдары кездейсоқ тасымалданып, фитосанитарлық
ақуалды ушықтыруы мүмкін.
Белгілі бір жағдайы жасалған жер учаскелері бар адамдар
үшін көкөніс өсіру жақсы кәсіп болуы
әбден мүмкін. Қазіргі кезде бұл өнімдердің
нарығы өте кең, көкөніс дақылдарын тек
қарапайым тұтынушылар ғана емес, түрлі
өндірістің өкілдері, базарлар мен супермаркеттер де сатып
алады. Көкөніс дақылдарын тек жаңа піскен күйінде
ғана сатып қоймайды, оларды маринадтайды, мұздатады,
сондықтан да қазіргі уақытта көкөніс
дақылдарын өсіру секілді бизнес идеясы – бұрынғыдан да
өзекті.
Бүгінгі
күнде көкөніс шаруашылығының негізгі міндеті
Қазақстанда 1 тұрғынға 126-135 кг көкөніс
өнімдерін өндіру. Ондағы негізгі мақсат
тұрғындарды табиғи-климаттық және аймақ
ерекшелігіне қарамай жыл бойына
сапалы, құнарлы көкөніс өнімдерімен
қамтамасыз ету. Өкінішке орай, микроклимат пен аймақтың
экологиялық жағдайы,дұрыс агротехникалық шара
қолданбау, зиянкестердің жинақталуы мен аурулардың
таралуына әкеліп соқтырады. Оларға тиімді шара
қолданылмаса, өнімнің 60-90 пайызы төмендейді[2].
Өсімдік
қорғауға кеткен шығын улы химикаттарды пайдалауды
арттырудың арқасында болып отырды. Ал ол дақылдың
биологиялық ерекшеліктерін еш ескермеді. Әсіресе, транспирация
үрдісі. Мүмкіндігінше көкөніс дақылдарының
вегетация кезеңдері, жеміс беру кезеңінде химикат беруді
анағұрлым қысқарту, ол дақылдың
физиологиялық ерекшеліктеріне орасан зор кедергі келтіреді[3].
Көкөніс
дақылдарына екі жылдық зерттеулер жүргізу нәтижесінде,
аурулардың 12 (қырыққабат күйесі, ақ
ұнтақ, бактериялық
теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз,қияр бактериозы және т.б.), зиянкестердің 18 (картоп
қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо
қоңызы, темекі трипсі, кенелер және т.б.) түрі анықталды. Анықталған
фитофагтар мен энтомофагтардың көкөніс
дақылдарының транспирация қарқындылығына әсері зерттелді.
Транспирация
қарқындылығы вегетацияның барлық кезеңінде
әр түрлі жағдайда болды. Көпшілігінде ең жоғарғы
көрсеткіш жаз айының ортасында ауа мен топырақ
ылғалдылығының жоғары дәрежеге жеткен кезінде
байқалады. 2014 жылғы мамыр айындағы нәтижелерге талдау
жасайтын болсақ, ең жоғарғы транспирация (27,7 г/м2.с);
пияз (31,1 г/м2.с); қырыққабат (31,1 г/м2.с)
болған. Күндізгі су транспирациядың жоғарғы
көрсеткіш түс мезгілінде, кешкі уақытқа қарай
қайтадан төмендей бастаған. Мысалы: сәбіз
таңертеңгі уақытта транспирация 19,9 г/м2.с болса
, түскі мезгілде 45,1 г/м2.с, кешкісін 14,6г/м2.с.
Ал картоп таңертең 13,6 г/м2.с, түскі мезгілде
53,1 г/м2.с, кешке 14,8 г/м2.с нәтижесін
көрсеткен. Яғни, көпшілігінде өсімдіктердің
транспирация қарқындылығы түскі мерзімде артып,
ең жоғарғы көрсеткіш көрсеткен. Тек қияр
таңертеңгі транспирация 47,8 г/м2.с болса, түсте
бұл көрсеткіш 26 г/м2.с дейін, кешкісін 6,24 г/м2.с
дейін төмендеген. Мұндай құбылыс топырақ
ылғалдылығының мөлшеріне тікелей байланысты.
Маусым
айындағы нәтижелерде көп жағдайда транспирация
қарқындылығы 12 мен 14 сағат аралығында
жоғары да, таңертеңгі, кешкі мезгілде аз. Ең жоғарғы көрсеткіш
түс мезгіліне сәйкес келеді. Таңертеңгі уақытта
транспирация қарқындылығы 3-7 г/м2.с
аралығында болса, кешкі мезгілде 13-51 г/м2.с
аралығында, ал жоғарғы көрсеткіш 59 г/м2.с
дейін жеткен. Мұндай ауытқушылық суды жұмсау мен сору
күшінің қабілеттілігінің әр түрлілігінде.
Транспирация артуы ауа температурасының артуына тікелей байланысты.
Өсімдік денесін қызып кетуден сақтау үшін транспирация
қарқындылығын арттырады. Транспирация аз болған
қияр (3,37-15,5-13 г/м2 с),
картоп (6,04-26,4-25 г/м2 с), қызанақ (3,02-31,2-29,513 г/м2 с).
Таңертеңгі уақытта сәбіз 41 г/м2 с,
түскі мезгілде 59 г/м2 с, кешкісін 51 г/м2 с
болған. Бұл барлық түрлердің ішіндегі ең
үлкені. Бұлай болу себебі, вегетацияның басында осы
түрдің үнемі сумен қамтамасыздығы болып
тұрған. Өсімдік су тапшылығына ұшырамаған.
Су транспирациялаудың түскі, кешкі шамалары бір-біріне жуық,
өйткені күтім де өсімдік айрықша орын алады. Мысалы:
қызанақ 31,2-29,5 г/м2с, қырыққабат
42-41 г/м2 с, картоп 26,4-25
г/м2 с, бұрыш 29-27 г/м2 с. Екі мезгілдегі айырма
небәрі 1,0-1,2 тең. Бұдан шығатын қорытынды
топырақ ылғалдылығы жеткілікті мөлшерде болып,
ластанбаған ортаның су транспирациялауға қолайлы
жағдай жасап, өсімдік қанша мөлшерде су
қабылдаса, артық мөлшерін буландырып отыруға
ешқандай кедергінің жоқ екенін білдіреді. Ал
таңертеңгі аз транспирация топырақтың түнгі
салқынның әсерінен тоңазып, тамыр жүйесі
осының салдарынан суды сору қабілеті нашарлайды да, су
жетіспеушілігі пайда болады. Өсімдік денесінде су аз болған
жағдайда транспирация үрдісі де баяулайды, яғни су режимі
қалыпты жағдайда жұмыс істейді.
Шілде
айындағы таңертеңгі уақытта қызанақ
пен картоп транспирация
қарқындылығы 10 г/м2.с болса,
қырыққабат мен бұрыш 12 г/м2.с, түскі
мезгілде барлық түрлердің транспирация
қарқындылығы өскен (18-43 г/м2.с). Тек
қияр транспирациялау көрсеткіші таңертеңнен кешке
қарай артып отырған (8-18-27 г/м2.с).
Жоғарғы көрсеткіш көбісінде түскі сағат
бірге сәйкес келеді. Таңертеңгі уақытта зерттелінген
түрдің көпшілігінде транспирация 3,02-7,41 г/м2 с
болса, сәбіз 11 г/м2с болып, одан кейін де транспирация
деңгейі жоғары болған. Жалпы осы айдағы транспирация
көрсеткішінің орташа шамасы (10,9-50,3 г/м2.с). Осы
айдағы ауа температурасының жоғары болуы транспирацияға
да өз әсерін тигізді, өйткені түскі
уақыттағы үлкен көрсеткіш, бұрыш 43 г/м2 с, ал кешкісін сәбіз 10% айырма
болған. Бұл айда құрғақшылық жиі
болып тұратындықтан, ауа ылғалдылығы төмен
болады. Осыған байланысты зерттелінген түрлердің көпшілігінде
транспирация қарқындылығы аз болады. Оған дәлел
мына түрлер: қызанақ 17,6 г/м2 с картоп 16,6 г/м2
с қияр 17,3 г/м2 с қырыққабат 20,3 г/м2с.
Таңертеңгі транспирация мен түскі транспирация
арасындағы айырмашылық үлкен емес. Мысалы, пияз
таңертеңгі транспирация 23 г/м2 с көрсетсе, түскі
транспирация 26,6 г/м2 с. Екі арадағы айырмашылық-+ 3,3.
Ал сәбіз таңертеңгі транспирация
қарқындылығы 11 г/м2 с болса, түсте 40 г/м2с дейін көтерілген.
Яғни әр түрдің жапырақ жасушасынан
транспирацияланған судың мөлшері де әр түрлі
болады. Таңертеңгі және түскі уақыттағы
транспирация шамасын салыстырар болсақ, кейбір түрлерде картоп,
қызылша, қырыққабат 2-2,5 есеге дейін артқан. Ал
мына өсімдіктерде кешкі транспирация шамасы жоғарлаған:
қияр, қызылша.
Тамыз, қыркүйек
айындағы таңертеңгі уақытта транспирация
қарқындылығы (22-67 г/м2.с) аралығында
болса, түскі мезгілде (16-48 г/м2.с) көрсеткен. Бұл түскі мезгілдегі төмен
көрсеткіш ауа ылғалдылығы мен температураның шамасына
тікелей байланыстылығында, өйткені ауа ылғалдылығы 61 %
тен 47% -ке дейін төмендеп, ауа температурасы 320ден 220
дейін азайған. Осы
сыртқы орта факторлардың әсерінен тамыз айындағы
көрсеткіштерде жоғарғы көрсеткіш таңертеңгі
мезгілге сәйкес келді. Қыркүйек айындағы
нәтижелерде онша алшақтық жоқ. Су транспирацияның
орташа көрсеткіші 12-29 г/м2с аралығында. Әсіресе
ең төмен транспирация сәбіз байқалады. Ал
қырыққабатпен мәндері бір-біріне жуық.
Таңертең 33-40 г/м2сболса, түсте 16-16,7 г/м2.с,
ал кешкісін 26,3-29,6 г/м2.с болған. Бұдан шығатын
қорытынды ауа температурасының 22-310 аралығында,
топырақтағы ылғалдылық мөлшерінін азайған
кезінде сәбіз транспирация қырыққабатпен
бұрышқа қарағанда аз. Осы вегетациялық
кезеңнің барысында транспирация қарқындылығы
әртүрлі дәрежеде болды. Вегетацияның бас кезінде
ең үлкен көрсеткіш пияз (47 г/м2.с) болса, вегетация
ортасында сәбіз (69 г/м2.с), вегетация соңында
картоп (45,6 г/м2.с) болған.
Екі айдағы нәтижелерді салыстырар
болсақ, қызанақ, сәбіз транспирация деңгейлері
шамалас (15 г/м2.с; 18 г/м2.с); картоп екі айдағы транспирация
қарқындылығының арасындағы айырма үлкен.
Тамыздағы транспирация қыркүйектен 1,3 есе артық. Пияз тамыз айындағы ең
жоғары көрсеткішсі 40 г/м2.с-ты
көрсетсе, қыркүйек айында төмендеп 27 г/м2.с
дейін болған. Қияр үлкен ауытқу байқалған.
Мәселен тамызда күндізгі транспирация 21 г/м2 с болса,
қыркүйекте 35 г/м2 с –ге дейін жеткен. Ал басқа
түрлердің транспирация қарқындылығының екі
айдағы өзгерістері 1,2-1,3. Осыдан шығатын қорытынды
әр айдағы экологиялық факторлардың, антропогенді
өзгерістердің ауытқушылығы транспирация
қарқындылығына да өз әсерін тигізеді.
Әдебиет
1. М.Қ. Бейсебеков. Дәрілікпрепараттардыиммобилизациялау. Алматы:
Қазақуниверситеті, 2006.-167 бет.
2. Қ.Ш. Жаңабаев., С.С. Арыстанғұлов. Агрономия негіздері. Астана: Фолиант, 2007.-352 бет.
3. Қ. Әрінов, А. Нағымтаевжәнет.б. Агрономия
негіздері. Астана: Фолиант, 2007.-276 бет.