Ж.Б.Жунусова, Ш.Д.Жайлаубаева,
Б.Қуантқан
Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті,
Қазақстан
КӘСІПОРЫННЫҢ
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан
Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» Жолдауында елімізді жан-жақты
жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты
басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде
қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану,
сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар
қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық
экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат,
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін
толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы
тұрғыда өндірісті дамытуға және филиалдар
ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге
мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге
бағытталған бизнесті ұйымдастыру болып табылады [1].
Қазіргі
таңдағы экономиканы дамытудың алғы шарттары негізі
инновацияларды кеңінен енгізу, елдің халықаралық
еңбек бөлінісіне белсенді қатысуы бәсекеге
қабілетті экономиканы қалыптастырудың негізі болып табылады.
Еліміз бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту бойынша реформаларды
жан-жақты жүргізу, әлеуметтік бағдарланған
қоғамды қалыптастыру жөніндегі шараларды біртіндеп
жүзеге асыру арқылы «алдымен экономика, одан кейін саясат»
ұстанымын басшылыққа ала отырып бәсекеге
қабілетті экономиканы құруда белсенді жұмыстар
атқаруда. Бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін
қажетті институционалдық құрылымдар
құрылған. Қабылданған заңнамалық
және нормативтік актілер, үкімет шешімдері бәсекеге
қабілеттілікті дамытудың құқықтық
негіздерін қалыптастырды. Олар инвесторлардың қызметі
үшін құқықтық кепілдіктер орнатуға
мүмкіндік берді. БК құру, СЭҚ қатысушыларды
тіркеу жәе экспортқа шығарылатын өнімді лицензиялау
тәртібі айтарлықтай жеңілдетілген. Мұның
барлығы экспорт пен импорт құрылымының біршама жақсаруына
оң ықпал етті.
Жалпы,
кәсіпорынның бәсекелік қабілеті – оның
бәсекелес кәсіпорындармен салыстырса технология, тәжірибелік
іскерлігі, персоналдардың білімі, стратегиялық және
ағымды жоспарлау, сапа, коммуникация сынды артықшылықтарымен
ерекшеленуін білдіреді.
Халықаралық
тәжірибеде, кәсіпорынның бәсекелік қабілеті
төмендегі факторлармен анықталады:
– өнім
сапасының нарықтық және нақты
тұтынушылардың талабына сай болуымен;
– сатып
алуға, жеткізуге кеткен шығындармен;
–
тұтынушыларға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен;
–
кәсіпорынның нарығындағы беделімен және сенімді
әріптес болатындығы туралы дәлелімен.
Кәсіпорынның
бәсекелік қабілеті негізгі үш факторларға тәуелді
(Сурет 1):
1. міндет –
өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынының
оның функционалдық мүмкіндіктерін, сол арқылы осы
өнімді тұтынушылар тобын анықтайды;
2.
жоғары сапа – бағалық емес бәсекеде үлкен
мәнге ие. Сондықтан, сапаны өнімнің бәсекелік
қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде
қарастыруға болады;
3. баға
– тауар құнының ақшалай көрінісі. Өнімге
деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен
құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы
бағаны төмендетеді, ал керісінше нарықтағы
сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан
әлде қайда жоғары болады. Нарықтық экономика
жағдайында баға объективті экономикалық
заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына
сай қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен
баға өнімнің бәсекелік қабілетінің кепілі
болады [2].
Көп
функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар
өнім бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар
үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет.

Сурет 1 – Бәсеке
қабілеттіліктің үш факторы арасындағы байланыс
Кәсіпорының
бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесі
факторлардың жоғарылату жолдары қарастырылуы тиіс. Бұл
факторлар өнімді зерттеуде өзіндік сипаттары бойынша 4 топқа
бөліп қарастырылады:
Бірінші топ -
өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның
сапа жүйесін жетілдіру;
Екінші топ -
өнімнің бағасын қалыптастыру немесе баға саясатын
реттеу;
Үшінші
топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорын
маркетингті жүйесін жеьілдіру;
Төртінші
топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету
немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.
Тәуелсіз
қазақ елі әлемдегі дамыған елдердің
қатарынан лайықты орын алу үшін, отандық
кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға, олардың әлемдік нарықта да бәсекеге
түсе алатындай жоғары сапалы өнімдер өндіруіне
жағдай жасауға, озық технологияларды енгізуге және
қызмет тиімділігін арттыруға назар аударылуы тиіс.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1
Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазакстан халқына жолдауы:
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». - Астана, 2007. -
70 б.
2
Альжанова А.З., Успанова Ж.Н.
Компанияның бәсеке қабілеттілігі
және оған әсер етуші факторлар // Материал за 11-а
международна научна практична конференция, «Найновите научни постижение», -
2015. Том 2. Икономики. София.