АГРАРЛЫҚ НАРЫҚТЫ РЕТТЕУДІҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

 

А.К.Жолдыбаева, Кошербаев К.Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Тараз қ.

 

Әлемдік қаржы дағдарысына төтеп беру  мүмкіндігі әрбір мемлекеттің экономика салаларында жүргізіліп отырған ішкі саясаттың төңірегінде ұйымдастырылып отырған іс-шаралар ман бағдарламаларға байланысты. Әрине соның бірі агроөнеркәсіп кешенін дамыту, соның ішінде агроөнеркәсіп кешенін жетілдіру мемлекеттің бүгінде жүргізіп отырған бұл бағыттағы саясатына ҚР Президентінің 2012 жылдың қаңтар айында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ҚР Президентінің халыққа жолдауында  орын алған болатын. Онда ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуін ескере отырып, саланы қаржыландыру мәселелері қозғалған. Яғни, нарықтың заңдылықтарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықта тиімді орналастыру жолдарын ғылыми түрде негіздеудің маңызы көрсетілген [1].

Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталадыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасты.

Қазақстан Республикасының тұрғындарының 50 пайыздан астамы ауыл тұрғындары екендігі белгілі. Сол себептен еліміздің экономикалық дамуында аграрлық сектордың дамуы басымды орынға ие болып отыр. Сонымен қатар бірінші қажеттіліктегі тұтыну өнімдерінің 70 пайыздан астамы ауыл шаруашылығы шикізатынан жасалады немесе бұл өнеркәсіпті шикізаттармен, ал халықты азық – түлікпен қамтамасыз ететін сала.

Елімізде қуатты ауыл шаруашылығы секторы болуының айрықша маңызы бар, мұның өзі оған ілесе жүретін салаларды: минералды тыңайтқыштар, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, оның ар жағында технологиялық желі бойынша басқа да салаларды мықтап көтеруге мүмкіндік береді. Демек, мұның ел экономикасы үшін беретін сан алуан тиімділігі орасан зор.

Ауыл шаруашылығы салалары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үрдісінде әр түрлі өндірістік – экономикалық байланыстарды жүзеге асырады:

-        мақсатты байланыстар – соңғы өнімдерді жүзеге асыру қағидасы бойынша салаларды біріктіретін байланыстар;

-        ресурсты (өнімді, қорды құрушы, еңбек) байланыстар, ауыл шаруашылығының өндірістік қызметін қамтамасыз етуге бағытталады;

-        ақпарттарттық байланыстар – кешеннің соңғы өнімін жүзеге асыратын салалардың қызметіне елеулі әсер ететін байланыстар жатады;

-        ұйымдастырушылық байланыстар – жоспарлау және ұйымдастыру органдарымен байланыстар жатады.

Ауылды өркендетудің басты факторы – ауыл шаруашылығын тұрақты, әрі серпінді дамыту және оның экономикасын осы заманғы нарық қағидалары негізінде шапшаң ілгерілету болып табылады.

Агралық сектордың экономикалық өсуге қосқан үлесін оның ішкі және сыртқы нарыққа өнімдерді әкелуінен, оған қатысуынан, экономиканың басқа салаларында өндірілген ресурстарды тұтынушы ретінде болуынан, ауыл шаруашылық емес салалардың өнеркәсібінің даму деңгейінен көреміз.

Ауыл шаруашылығы салаларының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін аймақтық ауыл шаруашылығы кешендеріне үлкен көңіл бөлу қажет [2].

Аймақтық ауыл шаруашылық кешендері халық шаруашылығына бағытталған ауыл шаруашылық кешендерін жүйесін құрап, экономикалық, аймақтық және тағы басқа

жағдайларды ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және жүзеге асыру бойынша және ауыл шаруашылығында қызмет көрсету бойынша жұмыстарымен айналысатын технологиялық, экономикалық және ұйымдастыру бағытында біріккен кәсіпорындардың жиынтығын құрайды. Аймақтық ауыл шаруашылық кешендерінің негізгі қызметтеріне ауылдың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында азық – түлік өнімдерін өндіру мен жүзеге асыру жатады. Олардың қалыптасуының негізгі ерекшеліктеріне еңбектің аймақтық бөлісітірілуі қажет.

Қазіргі кезде азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін қолайлы даму жағдайы деп үй шаруашылығы секторында өндірістің өсуін және оның ұсақ тауарлы шаруашылыққа айналуын айтуға болады. Мұның өзі – еліміздің көпшілік аймағында халықтың өзін – өзі қамтамасыз етуді жақсартады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын бір мезгілде жаппай ұсақтау егін және мал шаруашылығында қалыптасқан дәстүрлі технологиялық процесстерге елеулі нұқсан келтірді.

Сол кездегі бұл шара бәсекелестіктің өсуіне, еңбекке ынтаның артуына жәрдемдеседі деп күтілген еді. Керісінше, кері процесстердің белең алуына өндірістің құлдырауына, өнімді – сақтау, өңдеу және сату салаларында монополист – делдалдардың пайда болуына апарып соқтырды. Ауыл еңбеккерлері жерді сенімді пайдалану үшін республикамыздың Ата заңымызға сәйкес жерді ұзақ мерзімге жалға немесе өмірлік мұрагерлікке беру өте тиімді екенін түсініп 2005 жылдан бастап оны іске асыруда. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де мүдделерін қорғауға бағытталуы керек.

Аграрлық нарықты реттеудің басты бағыттары болып табылатындар:

-        ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің табыстарын қолдау және нарықтық бағаларды қалыптастыру;

-        нарықтық инфрақұрылымның дамуына әрекет ету;

-        салалық және сала ішілік айырбастардың негізгі қатынастарын реттеу;

-        азық – түлік нарығында қалыпты бәсеке ортасының болуына жағдай жасау, ауыл шаруашылық өніміне бағаларды және аграрлық өндірістің салыстырмалы тұрақты деңгейін ұстап тұру;

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық өндірушілерін мемлекеттік қолдау қабылданатын

шешімдердің деңгейіне сай мемлекеттік бюджет, аймақтық бюджет және жергілікті бюджет қорының есебінен жүргізіледі. Тікелей мемлекеттік қолдау ең алдымен ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін ынталандыруға бағытталуы керек және оның механизмдерінің ауыл шаруашылық өндірушілері үшін ұйымдастырылуы қажет.

Ауыл шаруашылығында экономикалық қарым – қатынастарды реттеу үшін кепілдікті сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бұл жағдайда шикізатты өңдеп, дайын өнімді алғаннан кейін тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс соммасы арасындағы айырмашылықты кепілдік баға бойынша төлеу керек.

Ауыл шаруашылығы мен оған қатысты салаларды реттеу жүйесінің маңызды элементі мемлекеттік бағдарламалар болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама агроөнеркәсіпті дамытудың жалпы ұлттық міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттің өзара байланысқан шаралары мен істер жүйесін көрсетеді. Бағдарламалар өз мазмұны бойынша сан түрлі болуы мүмкін:

-        агроөнеркәсіптің жекелеген салалары мен сфераларының проблемаларын шешуге бағытталған салалық және азық – түліктік;

-        агроөнеркәсіпті мемлекеттік реттеудің негізгі қызметтерін іске асыруға бағытталған функционалды(инвестициялық, әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық және т.б.);

-        мемлекеттің жекелеген облыстар мен аймақтардың агроөнеркәсіптік өндірісі дамуына әсер етуінің кешендер шараларын сақтайтын аймақтық.

Бағдарламалар кешенді сипатта болуы мүмкін. Мемлекеттік бағдарламаларды жасау мен орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі мен ауыл шаруашылығының облыстық басқармасына жүктеледі. Бағдарламаға қатысушылардың экономикалық мүддесі оларды іске асыруда қамтамасыз етіледі:

-        бағдарлама шараларын мақсатты бюджеттік қаржыландыру;

-        бағдарламаға қатысушыларға жеңілдетілген салық салу;

-        жеңілдетілген мемлекеттік несие беру;

-                еркін және бекітілген бағалар бойынша белгілі бір қағидаларда ауыл шаруашылығы шикізаты мен оның өңделген өнімдерін мақсатты сатып алудың кепілін енгізу; 

-        ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нарықтық конъюнктурасына әсер ету үшін бекітілген немесе реттелетін кепілдік бағалар бойынша тұрақты немесе маусымдық мемлекеттік кепілдік операцияларды іске асыру;

-        тауар өндірушілердің басым категорияларына мақсатты орнын толтыру төлемдерін төлеуді, сонымен қатар бағдарлама жағдайларын бұзбағаны үшін бағаларға үстеме баға қоюды іске асыру үшін есептік кепілдетілгенмемлекеттік бағаларды орнату [3].

Нарық жағдайындағы мемлекеттік реттеу экономикалық әдістермен жүзеге асырылады. Мемлекет нарықтың қалыптасуына оның қалыпты қызмет атқаруына қолдау көрсетуі керек, шаруашылық қызметтегі субьектілерге нарықтық бәсеке жағдайындағы жұмысқа үйренісулеріне көмектесуі қажет, қалыпты бәсекелестік ортаны ұстап, салалық айырбас пен табыстардың негізгі қатынастарын реттеп жетекші бағыттарды анықтауы қажет [4].

   Мемлекеттік азық-түлік саясатының маңызды элементтері -өндірушіден тұтынушыға дейін ауыл шаруашылығы өнімдерінің өте тиімді және тез жеткізілуін қамтамасыз ету. Осы мақсатта азық-түлікті және ауыл шаруашылығы шикізатын өткізу жүйесін құру, көтерме сауда

азық-түлік нарықтарын қалыптастыру қажет. Мүлікті мемлекет меншігінен ажырату және жекешелендіру барысында   жіберілген   қателіктер   мен   олқылықтар   азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы шикізаттарының тұтынушыға дейінгі қозғалысының қалыптасқан жүйесіне де білгілі әсерін тигізді. Аймақаралық көтерме және бөлшек сауда орындарының инфрақұрылымдық объектілері қараусыз қалдырылды, көпшілік жағдайда ақысыз-бұлсыз таратылып жіберілді. Қазіргі кезде елдің азық-түлік, әсіресе жеміс-жидек, бақша өнімдерінен гөрі өнеркәсіп тауарлары саудасымен басым шүғылданып кеткені міне осымен түсіндіріледі.

 

Қолданылған әдебиеттер

1         «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ҚР Президентінің халыққа жолдауы, Егемен Қазақстан, 27.01.2012

2         Абдикулова П.Ж. Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру. // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы: № 2 (42), 2004. 119 – 121 беттер.

3. Акежанов Н.З. Аграрный сектор: принципы государственного регулирования. // Хабаршы, № 5. 2011.

4. Байдильдина А. Продовольственная безопасность – приоритеты развития сельского хозяйства. Журнал Поиск №3, 2011 ж., 38-41 бет