Муратова Д.Б.,
э.ғ.к., доцент м.а.; Жалалова Н.М. , «Қаржы» магистрі, аға
оқытушы; Досанбаева А.Р.,
магистрант
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті , Қазақстан
ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан экономикасының аса
жоғары деңгейде халықаралық тауар нарықтарына
және капитал нарықтарына бірігуіне байланысты, 2007 жылы
басталған әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстанның
банктік секторына және әлеуметтік - әкономикалық
жағдайына кері әсер етті.
Ел экономикасының турбуленттілігі жағдайында
макроэкономикадағы және қаржы секторындағы
жағдайды ескере отырып, Банкке ұзақ мерзімді даму
көрсеткіштерін нақтылап алу қажет. Осы мақсатпен Банкте
негізгі стратегиялық мақсаттарды, Банк қызметі
тиімділігінің шешуші көрсеткіштерін және мақсатқа
жету жөніндегі іс-шаралар тізбесін белгілейтін 2010-2015 жылдарға
арналған Ұзақ мерзімді стратегия әзірленді және
бекітілді.
Жұртшылықтың экономикалық
жағынан белсенді бөлігіне шаққандағы
тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне
қатысушылардың үлесін 6% дейін (600 мыңға
жуық тұрғын үй құрылыс жинақ шарты)
көтеру және 2015 жылдың соңына қарай меншікті
капитал тиімділігінің көрсеткішін 10% дейін көтеру жолымен
Банктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру Банктің Негізгі
стратегиялық мақсаты болып табылады.
Негізгі стратегиялық мақсатқа жету
үшін Банктің 2010-2015 жылдар аралығындағы
дамуының мынадай бағыттарын жүзеге асыру көзделген:
қаржылық, маркетингілік, операциялық және корпоративтік
стратегиялар.
Қаржылық стратегия. Қызмет пайдасының өсуі
және Банктің меншікті капиталының тиімділік
көрсеткішінің 10% дейін жетуі 2015 жылға дейінгі негізгі
қаржылық мақсаттар болып табылады.
Банктің маркетингілік стратегиясы бүкіл
Қазақстан бойынша жұртшылықтың қажеттілігін
қанағаттандыруға бағытталған Банк үшін
сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және тиімді
өнімді ұсынуды көздейді. Маркетингілік стратегияны
жүзеге асыру үшін Банкті мынадай бағыттар бойынша дамыту
көзделеді:
• тұрғын үй құрылыс
жинақтарының өнімін өзіндік құнын
бағалау және оңтайландыру, жаңа қызметтерді
әзірлеу және енгізу жолымен дамыту;
• филиалдық және агенттік желіні желіге
басқа банктердің банкоматтарын қосу,
Банк агенттерінің жұмыс тиімділігін арттыру
және өтімді ынталандыру арқылы дамыту;
• Банк жайлы жұртшылықтың
хабардарлық деңгейін көтеру және оны жоғары
деңгейде ұстап тұру үшін
жарнамалық-түсініктемелік қызметті жүргізу.
Көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру Банкке
тұрғын үй салуға және сатып алуға кредит
беру бойынша өзінің нарықтық үлесін көтеру
мақсатында негізгі, аралық және алдын ала тұрғын
үй заемдарын беруді біртіндеп өсіруді қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Банкке жұртшылықтың
екінші деңгейлі банктердегі депозиттер нарығында өз
позициясын нығайту мүмкіндігін беретін халықтың
тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне
салымдарының жағымды өсу қарқынын сақтап
қалу күтіледі.
Банк дамуының Операциялық стратегиясы
ұзақ мерзімді маркетингілік және қаржылық
мақсаттарды бизнес-үрдістерді уақтылы жоспарлау,
тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру
және Банктің оңтайлы ұйымдастыру құрылымын
дамыту жолымен жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге
бағытталған. Банктің қызметкерлер құрамын
дамыту стратегиясының басты мақсаты біліктілігі жоғары
қызметкерлер қалыптастыру болып табылады. Банктік қызметте
жоғары нәтижелілікке қол жеткізуге ықпал ететін Банк
қызметкерлерінің өз әлеуеттік мүмкіндіктерін
жүзеге асырулары үшін қажетті жағдай жасау
мақсатындағы іс-шаралар көрсетілген мақсатқа
жетуге бағытталған.
Осы мақсаттарға жету үшін Банкте
мынадай іс-шараларды жүргізу көзделген:
1) қызметкерлердің біліктілігін
үздіксіз көтеру;
2) қызметкерлерді ынталандыру жүйесінің
тиімділігін арттыру;
3) қызметкерлерді жұмысқа
мақсатты қабылдауды қамтамасыз ету;
4) корпоративтік ойлауды тәрбиелеу және
корпоративтік рухты нығайту;
5)
Банкте жас мамандармен жұмысты жетілдіру;
6)
Банктің басшы құрамының резервін құру
және олармен белсенді жұмыс жүргізу.
Кадр
саясатының жоғарыда көрсетілген іс-шараларын жүзеге
асыру Банкке кадрлар тұрақсыздығы және Банк
қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру сияқты
тиімділіктің шешуші көрсеткіштерін (теңгерімделген
көрсеткіштер) жақсартуға мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді стратегия аясында Банктің негізгі
стратегиялық көрсеткіштерінің орындалуына тиісті мониторинг
жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Банктегі
теңгерімделген көрсеткіштер жүйесін енгізу бойынша
ұйымдастыру жұмыстары басталды.
Қазақстан
экономикасының тұрғын үй секторына байланысты
инвестициялық процесстің жандана түсуі, ол секторға
бюджеттен тыс қаражаттардың бағытталуымен сипатталады.
Тұрғын үй секторына бюджеттен тыс қаражаттардың
тарту ондағы экономикалық өсуге алып келеді .
Қаржы операторы ретінде екінші
деңгейдегі банктер немесе заемдық операцияларды жүзеге
асыратын ұйымдар бола алады. Қаржы операторлары да
өзінің меншікті қаражаты мен заемдық қаражатын
тұрғын үй құрылысына бағыттайды.
Әдебиет:
1.
ҚР –ның Президенті
Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы.
3-ақпан, 2011 жыл.
2.
Б.Көшенова «Ақша , несие,банктер». Оқу
құраллы. Экономика, 2000 ж.
3.
С.Б. Мақыш,
А.Ә. Ілияс "Банк ісі " Алматы.
Қазақ университеті, 2004 ж.