Муратова Д.Б. ,
э.ғ.к., доцент м.а., Аташева Д.О., э.ғ.к., доцент м.а., Досанбаева
А.Р., магистрант
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ҚР-ДА
ҚҰРЫЛЫС ҚАРАЖАТТАРЫН
ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ
Халықтың тарапынан сұранысты ынталандыру және
несиеге деген қолжетімділікті арттыру үшін табысы әр
түрлі топтардың арасында пайыз мөлшерлемелеріне қатысты
мемлекеттік реттеуді қолдану
қажет.
Біздің мемлекетіміз
үшін де үшін құрылыс
қаражаттарын жинақтау жүйесін дамытудың мынадай
тиімділіктері болады:
1. Құрылыс жинақ
жүйесінің мемлекет үшін тартымдылығы — жүйе
қатаң мақсатты және тұрғын үй
құрылымының едәуір бөлігі халықтың
инвестициясы есебінен жедел дамиды да, жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыратын,
инфляциялық процессті тоқтатады.
2.
Қаражат жинау кезінде
құрылыс жинақ салым
иелерін мемлекеттік қолдау көрсету меншікті капиталдар
үлесін ұлғайтуға және елдің ішінде
қаражат жинақтау үшін тиімді экономикалық жағдай
жасауға мүмкіндік береді. Субсидия бөлуге байланысты бюджет
шығыстары тұрғын үй құрылысы және
құрылыс материалдарын шығаруға байланысты
қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке
тұлғалардан бюджетке түсетін салык түрінде өтеледі.
3. Алғашқы жылдары
құрылыс жинақ жүйесі бойынша салымға
тартылған қаражаттар,
сондай-ақ кейіннен уақытша мемлекеттік бағалы
қағаздарға орналастырылып, елдің бюджетін
инвестициялауға мүмкіндік береді.
4.
Құрылыс жинақтары капитал нарығы шектеулі жүйе
ретінде, оның ішінде қаржыландыру процесі мен капитал жинау процесі
қатар жүреді.
5.
Өзінің
қайта
қаржыландырушы
құрылыс
жинақтары жүйесінің негізінде, ол жалпы капитал
нарығына біршама дәрежеде тәуслсіз.
6. Сыйақы мөлшері
көтеріліп, ал жылжымайтын мүліктің баға түскен
жағдайда, құрылыс жинақ жүйесі бойынша
қаржыландыру тұрақтандыру факторы болады, себебі ол капитал
нарығындағы ауытқуларға тәуелсіз.
7.
Құрылыс жинақ жүйесі
бойынша салымдар, сол сияқты оларға
төленетін мемлекеттік субсидия еуропа елдерінің тәжірибесі
көрсеткендей, басқа да жеке және занды тұлғалар
депозиттеріне карағанда біршама сақтандырылған. Бұл
көбіне құрылыс жинақ жүйесі бойынша халық
қаражаттарының тәуекелі ең төмен болып келетін
операцияларға, соның ішінде мемлекеттің бағалы
қағаздарына орналасуымен, сол сияқты берілетін
құрылыс жинақ ссудаларының жылжымайтын мүлікпен
қамтамасыз етілуі және кепіл құнының 50%- нен
аспауымен ерекшеленеді.
Бюджеттен бөлінетін қаражат
құрылыс жинақ салым иелеріне сыйақы түрінде
тұрғын үй аясына инвестициялауға бағытталады.
Тұрғын үй
құрылысын қаржыландыруға жұмсалатын
қаражаттар (жинақ + банктің сыйақысы + мемлекеттік
сыйақы + несие) салым иелері мен құрылысты, жөндеуді, тұрғын
үйді қайта құру, сондай-ақ отандық
өндірістің құрылыс материалдарын жабдықтауды
жүзеге асырушы ұйымдар арасындағы контракт негізіне
қолма-қолсыз — ақша формасында аударылатын болады. Бұл
есеп-айырысудың нақтылығын, нәтижесінде елдің бюджетіне
уақытылы салықты төлеуді және басқа да міндетті
төлемдерді төлеуді қамтамасыз етеді.
Тұрғын үй аясын
дамытуға бөлінетін сыйақы қорлану фазасы
уақытында мемлекеттің бағалы қағаздарға
орналастырылады. Несиелеу фазасы басталған уақытта бөлінетін қаражат
массасы (жинақ + банктің сыйақысы + мемлекеттік сыйақы
+ несие) тұрғын үй аясында бағытталады.
Құрылыс жинақ
жүйесін енгізудің бастапқы кезеңінде бөлінген
бюджет қаражаттарын салым иелеріне уақытылы сыйақы
төлеу мақсатында арнайы депозиттік шотта орналастырылуы тиіс.
Жыл сайын төленетін сыйақы
мөлшерінен басқа қаражаттардың зиян шекпеуін
қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің бағалы
қағаздарына жұмсалады.Құрылыс жинақ
жүйесінің дамуының пайдасына шығатын ең
маңызды фактор, бұл аталған жүйенің
инфляцияға қарсы сипатын білдіреді.
Сонымен қатар, аталған
жүйе халықтың барлығына бірдей бағытталып, табысы
төмен азаматтардың жанұялық бюджетіне ауыртпалық
салмай, тұрғын үй алуға мүмкіндік береді.
Бұл жағдай Үкіметке ең басты әлеуметтік мәселелері
- елдің тұрғындарын тұрғын үймен
қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
Жаңа
экономикалық жағдайларда құрылыс жинақ
жүйесін енгізу тұрғын үй нарығын дамытуға
серпіліс беріп, жалпы елдің экономикасының өсуіне
қолдау болады. Бұдан басқа да, бұл сектордың
дамуы бәсекелестік қабілетті құрылыс
компаниялардың көбеюіне, сондай-ақ отандық
құрылыс материалын өндірушілердің ұлғаюына
мүмкіндік береді. Нәтижесінде қосымша жұмыс орындары
ашылады. Ішкі инвестициясының өсуіне қолайлы экономикалык
жағдай жасай отырып, мемлекет қымбат тұратын
тұрғын үй салу міндеттемесінен босайды.
Құрылыс жинақ
жүйесінің дамуының пайдасына шығатын ең
маңызды фактор, бұл аталған жүйенің
инфляцияға қарсы сипатын білдіреді.
Сонымен қатар, аталған
жүйе халықтың барлығына бірдей бағытталып, табысы
төмен азаматтардың жанұялық бюджетіне ауыртпалық
салмай, тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Бұл
жағдай Үкіметке ең басты әлеуметтік мәселелері —
елдің тұрғындарын тұрғын үймен
қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
Үкіметтің алдында
тұрған бүгінгі күнгі өзекті міндеті — бұл
елдің жаңа астанасы Астанада республикалық және
қалалық бюджетке көп ауыртпалық салмай, барлық
талаптардьг ескере отырып, әрі қарай тұрғын үйді
жаңарту және салу болып табылады.
Құрылыс жинақ
жүйесін сәтті енгізу ішкі жинақтар есебінен бұл
сұрақты шешуге мүмкіндік берді.
Міне осындай тиімділіктері бар
бүгінгі құрылыс жинақ жүйесіне арналған
мсмлекеттің көмегі жеткіліксіз, яғни мемлекет сыйақы
берерде тиімділікті тек бір жағынан қарамай, жоғарыда
келтірілген сызбадағыдай жан жақтылығын ескерсе онда, ол
сыйақының бірнеше есе болып бюджетке қайтарылатына көз
жеткізу қиын емес.
Сондықтан, біздің ойымызша,
мемлекеттің құрылыс жинақ жүйесін дамытуды
қолдауы мына бағыттарда жүзеге асырылған дұрыс:
- бюджеттен бөлінентін
сыйақы мөлшерін қайта қарау және оны
тұрғын үй құнының 10% көлемінде
бекіту;
- мемлекеттік бюджет
саласында жұмыс жасайтын қызметкерлерге
құрылыс жинақ жүйесі бойынша бастапқы салым
мөлшерін азайту 10% дейін;
- бастапқы салым жинау мерзімін 1
жылға дейін қысқарту;
- несиелеу мерзімін ұзарту
кемінде 30 жылға және одан жоғары мерзімге;
- несиені қайтару барысында жас
обасыларға, соның ішінде
олардың дүниеге сәби әкелетіндеріне әр келген
сәби үшін несиенің 20% шегеру механизмін қолдану;
-
салымдардың
құнсыздандырылуын
алдын алу мақсатында
құрылыс-жинақтары бойынша индексациялау механизмін енгізу;
-халықтың
табысынан несие төлеу шығындарын салықтан босату;
- тұрғын үй
бағасын
төмендету
мақсатында
тұрғын үй
құрылысын жүргізуші
компанияларға салынатын кейбір
салық түрлері
бойынша жеңілдіктер жасау,
айталық
қосылған
құн салығынан және кеден бажы және т.с.с.
құрылыс материалдарының бағасына ықпал ететін
салықтардың мөлшерлемесін азайту;
- мемлекеттік тұрғын
үй құрылыс облигацияларын шығарып, оларды ішкі
және сыртқы нарықтарды орналастыру арқылы
құрылыс саласына инвестиция тарту мәселесін шешу.