Экономические науки/7.Учет и аудит
Э.ғ.к., доцент
Ахметова А.А., магистр Сағынаева М.С.
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Казахстан
Негізгі құралдарды есепте мойындау және
бағалау
Негізгі
құралдар өткен жағдайдың нәтижесінде ұйымдармен
бақыланатын, одан ұйым болашақта экономикалық пайда
күтетін ресурсты көрсетеді. Негізгі құралдар,
ұзақ мерзімді активтерге бекітілген болашақ
экономикалық пайда - ұйымның эквивалентіне немесе
ақшаның тікелей не жанама ағымына тікелей кіретін потенциал.
Негізгі құралдар ұйымың операциялық
қызметінің бір бөлігі болуы да мүмкін. Ол сонымен
қатар ақшадағы конверция формасын немесе, мысалы, альтернативті өндірілген процестер
өндіріс шығынын төмендеткен секілді, олардың
эквивалентін немесе ақшаның шетке кетуін тоқтататын
мүмкіндігін қабылдайды.
Әдетте
ұйымдар өздерінің ақша айналымдарын кеңейте
отырып өз активтерін өнім өндіруге (жұмыс,
қызмет) жұмсайды. Ұйымдардың басқа да
ресурстарының маңыздылығының арқасында
ұйымдар үшін ақша өте маңызды актив болып
саналады [1, 40 б.].
Негізгі
құралдарды пайдалану деңгейіне байланысты есепте
пайдаланудағы, пайдаланудан тыс және қодағы деп
бөледі. Пайдалану тәртібіне қарай өндірістк және
өндірістік емес (әкімшілік, әлеуметтік саладағы негізгі
құралдар және т.б.). Сонымен қатар, бухгалтерлік есепте
негізгі құралдар меншікті, яғни ұйымның
меншігіндегі, жалдағы, яғни ақылы уақытша
пайдаланудағы болып бөлінеді.
Негізгі
құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір
жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар,
құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар,
компьютерлер, көлік құралдары жатады.
Негізгі
құралдар өндірістік және өндірістік емес
бағытта болуы мүмкін.
Өндірістік емес бағытқа – негізгі қызметпен байланысы
жоқ негізгі құралдар жатады.
Өндірістік
бағыты бойынша - негізгі қызметті жүзеге асырумен және
нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды
жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік
бағыттағы негізгі құралдарға банктің
дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (кар-тиналар,
вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің
маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын
тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар
өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе
есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге
аударады [2, 216 б.].
Негізгі
құралдар есебінің бірлігі болып мүліктік объект,
яғни өзінің барлық құрылымдары мен
құрылғылары бар аяқталған құрылыс,
заттар немесе заттардың кешені саналады. Мүліктік объектілер жай
(бірліктік) және бірнеше заттардан тұратын күрделі болып
бөлінеді. Бір негізгі құралдар объектісінің екіншісінен
айырмашылығы олардың атқаратын қызметтеріне және
әртүрлі пайдалану мерзіміне байланысты болады.
Кей
жағдайларда активтердің кейбір түрлерін, мысалы шаблондарды,
құрылғылар мен штамптарды біріктіріп, негізгі
құралдардың жалпы құнына қосуға
болады.
Сонымен
қатар қызмет көрсетудегі қосалқы бөлшектер
мен құрылғыларды тауарлық-материалдық
шығындар ретінде есептеп, оларды пайдалану уақытына байланысты
есептен шығарады. Егер ұйым ірі қосалқы бөлшектер
мен агрегаттарды бір мерзімнен артық пайдаланатын болса, онда оларды
негізгі құралдар ретінде жіктеуге болады. Ал егер ірі
қосалқы бөлшектер мен агрегаттар тек бір объектіге ғана
қызмет көрсетіп және олардың пайдалану мерзімі ретсіз
болатын болса, олар негізгі құралдардың бөлек объектісі
болып саналып және олардың пайдалану мерзімінен аспайтын
уақытқа тозу есептеледі.
Белгілі бір
жағдайларда активтерге байланысты жалпы шығындардың сомасын
құрамдас бөліктерге бөліп, әрбір бөлімді
бөлек есептеу қажет болады. Бұл осы объектінің
құрамдас бөліктерінің пайдалану мерзімі
әртүрлі болса немесе әрбір бөліктерді пайдаланудан
пайда әртүрлі бағыттар бойынша алынатын болса және
тозуды есептеу нормалары мен әдістері әртүрлі болған
жағдайда қажет болады. Мысалы, самалет және
оның қозғалқыштары, егер олардың пайдалану
мерзімдері әртүрлі болатын болса, бөлек тозатын активтер
ретінде есепте көрсетілуі керек.
Негізгі
құралдар есебінің негізгі элементі болып олардың
мойындалуы, яғни бухгалтерлік балансқа енгзізу үшін негізгі
құралдар объектісін есепке қабылдауды білдіреді. Негізгі
құралдарға қатысты активтерді мойындаудың жылпы
шарттары қолданылады. Олар бір уақытта екі шарттың орындалуын
қарастырады:
- осы
активтермен байланысты ұйым болашақта экономикалық табыс
алатыны жөнінде жоғары сенімнің болуы;
-
активтердің бастапқы құнын бағалау сенімділігі
[3, 67 б.].
Ұйымның
экономикалық табыс алу деңгейінің
ықтималдылығын
бағалау оларды алғашқы мойындау сәтіндегі
фактілерді есепке ала отырып, жүргізлуі керек.
Объектілерді
сатып алу кезінде олардың бастапқы құндарының
сенімді бағалануы берілетін объектілердің
құндарының негізінде анықталады. Объектілерді
ұйымның өз күшімен салу кезінде оларды сенімді
бағалау үшін құрылыс процесінде материалдарды сатып
алу, еңбек ақы төлеу және басқа да
операциялардың негзінде жүргізілуі мүмкін.
Есепте
және есеп беруде негізгі
құралдарды көрсету үшін бағалаудың келесі
түрлері қолданылады: бастапқы құн, дұрыс
құн, баланстық құн, ағымдағы
құн, орын толтыру құны, амортизациялық
құн.
Негізгі
құралдар объектісін мойындау кезінде олардың бастапқы
құндары есепке алыну қажет. Төлем арқылы сатып алнған негізгі
құралдардың бастапқы құны импорттық
кеден баждарын және сатып алу үшін орны толтырылмаған
салықтарды, соымен қатар объектіні жұмыс жағдайына
келтіру үшін қажетті шығындарды қоса
алғандағы сатып алу бағасынан тұрады.
Ұйымның
өзі дайындаған негізгі құралдардың бастапқы
құндарына құрылыспен байланысты барлық
жұмсалған шығындар, яғни материалдар, еңбек
ақы, үстеме шығындардың үлесі, архитекторлар мен
заңгерлерге төлемдер, құрылыс кезіндегі
сақтандыру шығындары енгізіледі. Мұндай жағдайда
құрылыс объектісін салу үшін несие пайыздары олардың
бастапқы құндарына енгізіледі.
Жерді,
ғимараттар мен құрылыс жайларды олардың
әрбіреуінің бағыты бойынша пайдалану мақсаты үшін
бір бүтін ретінде сатып алу кезінде осы объектілердің
бастапқы құндарын бөлу қажет, себебі
ғимараттар мен құрылыс жайлар шектеулі пайдалану мерзіміне ие
бола отырып, тозуға ұшырайды. Жер амортизацияланбайды, себебі оның
құны төмендемейді деп есептелінеді және өндіріс
процесі кезінде тозбайды. Егер осындай жағдайда пайдалануға тек жер
арналған болып, ал ғимараттар мен құрылыс-жайлар
жойылуға жататын болса, онда құн арасындағы бөлу
жүргізілмейді және сатып алынған объекті болып жер саналады.
Жою (снос, ығыстыру) бойынша шығындар жою кезінде объектіні
тұтастай немесе оның бөліктерін сатудан түскен
түсімдерді шегеріп тастағанда жердің бастапқы
құнымен есептеледі.
Негізгі
құралдар объектісінің бастапқы құны былай
анықталады:
-
құрылытайшылардың жарғылық қорға
салым ретінде салған негізгі құралдары –
құрылытайшылар арасындағы келісілген баға бойынша;
- негізгі
құралдарды ұйымның өзі дайындаса немесе
төлем арқылы сатып алынса – нақты жұмсалған
шығындардың сомасы бойынша;
- негізгі
құраладрды заңда немесе жеке тұлғалардан
әншейін алған кезде- эксперттік жолмен немесе қабылдау
тапсыру актісінің мәліметі бойынша.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕРІ
1
ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың
тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы» 29.10.2002
жылғы № 542 бұйрығы.
2
№1 «Қаржылық есептілік: дайындау мен ұсыну» ҚЕХС.
3
ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет
туралы» Заңы (15.01.01
жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса).