Жетимекова Гаухар Женисовна, Аманжанова Айгерим Какембаевна

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,

Қарағанды қаласы, Қазақстан

Білім беру жүйесінде электрондық анықтамалық сөздік құру мүмкіндіктері

 

Түйіндеме

Бұл мақалада электрондық сөздіктер, олардың түрлері, қолданылуы қарастырылған. Электрондық сөздіктердің маңыздылығы, тиімділігі көрсетілген. Медицина саласы бойынша болашақ мамандарды даярлауда электрондық сөздіктің қажеттілігі жайлы айтылған.

 

Кілтті сөздер: электрондық сөздік, аудармашылар, онлайн сөздіктер, технологиялар,

 

Аннотация

В статье рассматриваются виды электронных словарей и возможность их применения. А также важность и эффективность электронных словарей, и применение их при подготовке специалистов в области медицины.

 

Ключевые слова: электронный словарь, переводчики, онлайн словарь, технологий.

 

Уақыт өте келе технологияның дамуы күнделікті өмірімізге аз әсерін тигізіп жатқан жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын кез келген істе жақсы нәтижеге жету үшін біраз уақыт кетіріп, аздаған қиындық тудыратын. Қазіргі таңда компьютердің және тағы басқа техниканың дамуымен өте тиімді, әрі жылдам нәтижеге жету мүмкін болды. Кез келген мәліметтермен алмасу, тапсырыс беру, тіпті компьютердің көмегімен білім алу қазір таңқаларлық жәйт емес екені баршамызға мәлім. Бүгінгі күнде адамзат баласының танымдық қабілеттерінің қарқынды дамыған уақыты. Қазіргі заман үлгісіне сай жұмыскер жоғарғы профессионалды жағынан өзін өзі көрсете білуі керек.

Еліміз күн сайын өркендеп, дамыған елдер қатарына қосылуға ұмтылуда. Уақыт өте келе технологияның дамуы күнделікті өмірімізге аз әсерін тигізіп жатқан жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын кез келген істе жақсы нәтижеге жету үшін біраз уақыт кетіріп, аздаған қиындық тудыратын. Қазіргі таңда компьютердің және тағы басқа техниканың дамуымен өте тиімді, әрі жылдам нәтижеге жету мүмкін болды. Бүгінгі күнде адамзат баласының танымдық қабілеттерінің қарқынды дамыған уақыты. Өміріміздегі таңғажайыптардың қатарына – компьютердің және ақпараттық технологиялардың пайда болуы мен дамуы жатады. Қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазақстан Республикасы Білім жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес азаматтарымыздың әр түрлі деңгейде білім алуы үшін оларды бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге жол ашады. Осыған сәйкес білім алушылардың жұмысын оңтайландыруға көмектесетін құралдарды құру маңызды мәселелердің бірі болады.

Білім деген сөздің оқушылардың оқылатын пән туралы түсінігі, көзқарасы, мағыналылығы, қоғам мен табиғат заңдары бағытталған педагогикалық процесс нәтижесінде есте сақталып шоғырланатын, өзіндік қалыптасу өмірлік астарланады. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Осы орайда ақпараттық технологияның ХХІ ғасырда білім беру жүйесіне енгізген жаңалығы электрондық сөздік болып табылады.

Электрондық сөздік – компьютердегі немесе басқа электрондық құрылғыдағы сөздік болып табылады.

Мәтiннiң аудармасы бiр тiлден басқа тілге шет тiлiнiң зерттеуiнде ғана қажеттi болмайды. Керекті сөздік пен таныс аудармашы қолда болмаса не істеуге болады. Кез келген әлем тілдерінің ағылшын, неміс, француз, орыс, итальян, испан және басқа тез аударудың функциялары өздеріне электрондық сөздіктерді алады. Онлайн аудармашының көмегімен кез келген сөзді, мәтінді немесе кейде нақты уақыт тәртібіндегі сайттың бетін оңай аударады. Онлайн аудармашымен қиын емес сөзді аударғанда аудару бюросы қажет емес. Мәтіндерінің электрондық онлайн аудармашысы тегін және әрбіреуге кіруге рұқсат.

Онлайн сөздіктердің қазіргі таңда көптеген нұсқалары бар. Мұндай аудармашылар сөздерді және мәтіндерді шексіз тілдерге аударады, дегенмен өте бағалы артықшылықтарға ие болады - аударманың онлайн аударманың жылдамдығы дәлдiгі.

Электрондық сөздіктердің артықшылықтарына: сөзтізбенің кең көлемі, ақпаратты іздеудің жылдамдығы мен ыңғайлылығы, сөздің дыбыстық және графикалық суреті (иллюстрация), сөз жайында мәліметтердің толығуы мен жаңару мүмкіндігі, сөз мағынасын жан-жақты ашу мүмкіндігі, т.б. жатқызуға болады. Онлайн-сөздік – интернетте орналасқан электрондық сөздік. Онлайн-сөздіктер көптеп таралуда. Оларды көптеген іздестіру порталдары (yandex.ru, rambler.ru, mail.ru) өздеріне орналастырады. «Онлайн-сөздік» – белгілі сайттан жұмыс жасайтын, сіз тегін қолдана алатын сөздік.

Қағаз сөздіктер өз дәуірінде өркениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқаны белгілі. Дегенмен, адам зияткерлігі мен техника дамыған сайын сөздіктің жаңа форматына да сұраныс туып отыр. Бүгінгі күн көзқарасымен қарасақ, қағаз сөздіктерді пайдаланғанда төмендегідей кемшілік жақтары бар: сөз мағынасын іздеуге көп уақыт кетеді, көлемі жағынан шектеулі, кейін сөздікке өзгеріс енгізіп, өңдеп, жаңарта алмаушылық, жаңа сөздерді дер кезінде енгізе алмаушылық, қашықтық жағдайында тез ақпарат алмасу мүмкіндігінің болмауы және т.б.

Ал ғаламтор желісінде электрондық сөздіктерді пайдалану ақпарат алмасу қашықтығын жояды, қабылдайтын ақпарат көлемі бірнеше мәрте артады, деректерді мол көлемде сақтай алады, көшіру, өңдеу, жаңарту мүмкіндіктері бар сөздер дыбысталады, қажет деген ақпаратпен толыққанды танысу барынша тез жүзеге асады, тіл тұтынушының сөздік жасауға қатыса алады, тіл үйренушілер осы сөздіктердің көмегіне арқа сүйеп, тілді тез үйреніп, меңгере алады, жаңа сөздер сол уақытта енеді. Бір сөзбен айтқанда, электрондық сөздіктің ақпараттық әлеуеті зор, электрондық сөздік – әртүрлі себептермен қағаз сөздіктерге енбей қалған көптеген мәліметтер ене алатын ерекше лексикографиялық нысан болып табылады.

Электрондық сөздіктің құрылымы көптеген сұраныстарды қанағаттандыруы қажет, себебі сөздіктің бұл түрі компьютер қолданушыға ғана арналады.

Үлкен орыс-қазақ, қазақ-орыс онлайн сөздіктерді корпоративті желілерде жұмыскерлерді бірдей орыс-қазақ сөздіктеріндегі мекеме сатысына сай терминдермен қамтамассыз етіп қолдануға болады. Жүйе жаңа бағыттағы Web-технология негізінде өңделген, серверде программа орындалғаннан кейін, сөздіктер желідегі кез-келген компьютерден кіруге рұқсат болады. Жұмыскерлер веб-браузер арқылы кез-келген уақытта және кез-келген компьютерден жүйеге кіре алады, сөз және сөз тіркестерінінің аудармасын тез арада табады, сонымен қатар жаттығуларды орындай отырып, қазақ тілінінің қорындағы сөздерді үйренуге болады. Онлайн аудармашылардың және сөздіктердің қазіргі таңда көптеген нұсқалары бар. Мұндай аудармашылар сөздерді және мәтіндерді шексіз тілдерге аударады, дегенмен өте бағалы артықшылықтарға ие болады - аударманың онлайн аударманың жылдамдығы дәлдiгі. Бұл сөздіктің негізгі артықшылығы, сөзді іздестіргенде оның тек аудармасы ғана емес, сонымен қатар берілген сөздің анықтамасы көрсетіледі.

Электронды сөздіктердің "қағаз сөздіктерден" айырмашылығы сөздің толық лексикалық базасын ашып көрсете алады, және оңай ізделеді. Одан басқа, компанияларда көптеген құжаттар компьютерде дайындалады, сәйкесінше, керек сөзді кітаптан іздемей-ақ компьютерден іздеу ыңғайлырақ.

Ғылыми-техникалық дамудың жетістігі әртүрлі қызмет саласында адам мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру зияткерлік үдерісті автоматтандыруға, ең бастысы түрлі сипаттағы ақпараттарды жасау мен таратуға, пайдалануға негізделеді.

Электронды терминдік орталық: Мамандардың ұжымдық жұмыс ұйымы, портал құрамындағы сервис ретінде белгілі бір ғылым саласының, техника, өндіріс, өнер саласы, сәйкес ұғым жүйесімен байланысты қоғамдық қызмет саласының терминдер жиынтығын жасау мақсатында жазба деректерді жинау мен құрылымдауға бағытталған.

sozdik.kz.

Орысша-қазақша және қазақша-орысша онлайн сөздік жобасы. Ғаламторда 2000 жылдан бері бар. 2002 жылдан бастап ол sozdik.kz адресіне орнатылған. Онлайн сөздіктің айрықша өзектілігі күнделікті өмірде де, іс-қағаздар жүргізу ісінде де қазақ тілінің жаңа сапада ерекше маңызға ие бола бастауына байланысты соңғы уақытта арта түсті [1].

Сөздікте екіжақты аударма іске асырылған. Қазіргі уақытта сөздікте аударманың әрбір бағыты бойынша 60000 астам сөздік тармақтары бар. Қазақ тіліндегі 3000 сөздік мақала дыбыстандырылған.

AJAX технологиясының енгізілуі сөздің аудармасын жылдам алуға мүмкіндік береді. Виртуалдық пернетақта қазақ тілінің ерекше әріптерін енгізуге мүмкіндік береді.

Бірнеше жылдық жұмыс үдерісінде сөздік қор қайта өңделді және толықтырылды, бағдарламалық код толығымен өзгертілді, сондай-ақ сайттың әрлендірілуі де өзгертілді.

Сөздіктің жаңа нұсқасымен жұмыс істеу ыңғайлы және жанға жайлы.

Пайдаланушылардың көптеген өтініштері бойынша, sozdik.kz сөздігінің қазақ тілінде нұсқасы құрастырылды.

2010 жылдың 30 қыркүйегінде sozdik.kz орысша-қазақша онлайн сөздіктің бағдарламалық бөлігін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Негізгі тармақтары:

- сөздіктегі сөз тіркестерін іздеу іске асырылды (енді сөз тіркестері «көмек» тізімнен көрінеді);

- пайдаланушы аударма бағытын шатастырып алған жағдайлар үшін, іздеу механизмі өзгертілді. Енді сөздер кері бағытта да автоматты түрде ізделіп, табылған жағдайда, аудармасы беріледі;

- ұқсас сөздерді ұсыну механизмі жақсартылды: сөз табылмаған жағдайда, аударманың әрбір бағыты үшін жеке тізім түрінде ұқсас сөздер ұсынылады;

- сөздік тармақтарды шығару коды оптимизацияланды;

- sozdik.kz жобасының сөздік қорын жетілдіру және толықтыру жұмыстары жалғастырылып жатыр.

Бір тәуліктің ішінде sozdik.kz веб-сайтына 3000–6000 айрықша пайдаланушылар кіріп, 20000–60000 сөздік тармақтардың аудармаларын сұратады. Соңғы тәуліктегі келім туралы ақпаратты sozdik.kz сайтының сол жақ төменгі бұрышынан көруге болады.

sozdik.kz келушілер – бұл аударма қызметі немесе қазақ және шетел тілдерін үйренуге қызығушылық танытатын адамдар.

Пайдаланушы нұсқаулығы

Онлайн сөздікті пайдаланудың бірнеше қарапайым ережесі бар:

1 Аударманың бағытын бақылап отырыңыз. sozdik.kz сөздігінің жаңа нұсқасында аударманың бағыты автоматты түрде анықталмады. Сөзді қазақ тілінен аударатын болсаңыз, «тілінен» тізімінде Қазақ тілін орнату қажет. Бұл жағдайда, «тілге» тізімінде автоматты түрде Орыс тілі орнатылады. Дәл осы­лай, егер Сіз сөзді орыс тілінен аударатын болсаңыз, «тілінен» тізімінде Орыс тілінің орнатылғанына көз жеткізуіңіз қажет. Ескерту: қазақ тіліне тән ерекше әріптерді енгізу кезінде, сөздік Сіздің қазақ тіліндегі сөзді аударуды қалайтыныңызды «түсініп», «тілінен» тізімінде Қазақ тілін автоматты түрде орнатады. Егер Сіз сонда да аударма бағытын шатастырып, сөз табылмаған жағдайда, сөздік аударма бағытын кері өзгертіп, сөз табылған жағдайда оның аудармасын береді.

2 sozdik.kz жол басы сөздік болып табылады, бірақ аудармашы емес. Сөздік бір сөзді немесе сөз тіркесін аудара алады, ал аудармашы сөздерді де, еркін мәтінді де аудара алады. Сөздік тармақ осы сөздің сөйлемше және сөйлем түрінде қолдану мысалдарынан тұруы мүмкін. Мысалы, егер Сіз керемет сөзін енгізген болсаңыз, сөзді қолданудың келесідей үлгілерінен тұратын сөздік тармақ пайда болады: дүниенің кереметі, техниканың кереметі, керемет ақын, керемет үлкен және т. б. Сондай-ақ, сөздік керемет ақын, керемет үлкен сөз тіркестері мен өзге тіркестердің жеке мысалдарын ұсынады.

3 sozdik.kz сөздігі енгізілген сөздің морфологиясын есепке алмайды. Сол себепті, сөздерді әдеттегі қағаз сөздіктен іздеу кезіндегі сияқты, аудару қажет сөзді алдымен дұрыс қалыпқа өзгерту қажет. Кейбір ережелер естеріңізде болсын: зат есім үшін, әдетте, атау септігі мен жекеше түрді қолдану қажет. Осылайша, певец сөзінің аудармасы табылса, певца, певцов, певцы сөздерінің аудармалары табылмайды. Көп жағдайда сын есімдерді жекеше түрде ертегіндегі зат есімдер үшін қолданылатын түрде алу қажет. Мысал үшін, красивый сөзі табылатын болса, красивого, красивая, красивое, красивые сөздерінің табылмайтыны сөзсіз. Етістік үшін инфинитивті қолдану қажет.

4 Сөзді/сөз тіркесін іздеу кезінде, «Сөз» ұяшығына осы сөздің/сөз тіркесінің бірінші әріптерін енгізуді бастаңыз. Әріптердің енгізілуіне қарай, сөздік Сізге «көмектесе бастайды» – алаңның төменгі бөлігінде Сіз енгізген әріптерден басталатын сөз/сөз тіркесінің 10 нұсқасы көрсетіледі. Бұл сөздіктің ішінде бар сөздер. Осы «көмекті» міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

5 «Сөз» ұяшығына сөздерді қатесіз енгізуге кеңес береміз. Бәлкім, сіз іздеген сөз сөздікте бар, алайда сіз оны қате енгізген боларсыз. Сөзді теру кезінде бір әрпін қате жазған болсаңыз, сөздік ары қарай өтіп, аудармасын табуға болатын, жазылуы жағынан ұқсас сөздерді көрсетеді. Мысал үшін, орыс тілінен қазақ тіліне аудару кезінде, қате жазылған карова сөзі, әрине, сөздіктен табыла қоймас, алайда сөздік Сізге дұрыс жазылған корова сөзін ұсынады, ал оны басу арқылы сөздік тармағына көшуге болады.

Kaz Dictionary электрондық сөздік

Сөздік бағдарламасы қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздік болып табылады. Бағдарламада орысшадан қазақшаға және керісінше сөздер мен сөз тіркестердің ыңғайлы іздеу жүйесі бар. Сөздікте 170000 аса сөздер бар. Kaz Dictionary бағдарламасы WinTranslate аспаптық пакетінің құрамына енеді [2].

Негізгі сипаттамалары:

- сөздікте 170000 аса сөздер мен сөз тіркестер бар;

- сөздер мен сөзтіркестер орыс тілінен қазақ тіліне және керісінше аударылады;

- сөздер мен сөз тіркестерді бір тілден екіншіге аударған кезде синонимдер қатары беріледі;

- сөздер мен сөз тіркестерді аударған кезде көпшілік жағдайда сөздердің талқылауы, сондай-ақ аударылатын сөздің пайдаланылу мысалдары беріледі;

- сөздік жаңа сөздер мен сөз тіркестермен толықтырыла алады;

- айырбас буферінде сөзді аудару мүмкіндігі.

Сөздік құрамы

KazDictionary қойылған соң осы аттас қалтада мынадай құраластар қойылады:

- cөздік қолданбасы;

- cөздік анықтамасы(қазақ тілінде);

- cөздік анықтамасы (орыс тілінде).

izet аудармашысы.

«Тілмаш» компьютер аудармашысының жаңа версиясы. Ол "Изет" фирмасының өнімдер бөлімінің компьютерлік программаларын қазақ тілінде қолдап, жалғастырады. Бірінші версиясымен салыстырғанда  көбірек өңделген және көптеген мүмкіндіктері бар. Мәтінді аяғына дейін оқыса, бұл программада жаңадан не істеуге болатынын көруге болады. Бұл өңдеулер жұмыста өте қажет болады [3].

Жаңа версияда программаның аударылатын мәтінді көрсететін және оның аудармасы екі терезелі қолданушы интерфейсінде сақталынған. Бірақ ол бұрынғыға қарағанда әдемірек және жаңарырақ болды. Мәтін терезесін керекті өлшемге дейін үлкейтуге, шрифтің өлшемі мен гарнитурасын өзгертуге, мәтіннің масштабын үлкейтіп, кішірейтуге, келесі ашылғанға дейін мәтін және оның аудармасын сақтауға, сонымен қатар терезедегілерді баспаға беруге болады.

«Тілмаш» тез арада терілген мәтіннің сөздікте табылмаған немесе қатемен шыққан сөздердін қатесін түзеуге мүмкіндік береді. Қазақ тілінің қатесі қалай тексерілсе, орыс тілінде де солай тексеріледі. Microsoft Word терезесінде мәтінді аудару механизмі жақсартылған. Мәтін абзацтары кестеде, тізімдерде форматтары еш өзгертусіз аударылады.

Аудармашы сөздігінде 20000 мыңнан астам жаңа сөздер еңгізілген. Ё әрпі бар орыс тілінің сөздерін аударуға мүмкіндік бар. Синтаксистік талдау ережелерінің үлкен саны қосылған. Жалпылай алғанда мұның бәрі аудару сапасын жақсартты.

ABBYY Lingvo.

ABBYY-ның ресейлiк серiктестiгi орыс - қазақ және қазақ - орыс сөздiктерiнде болатын қазақстандықтар үшiн ABBYY Lingvoнiң электрондық аудармашысының шығарылымы туралы «Интерфакс» жариялады.Серiктестiк ұялы телефондардың қолданушылары үшiн ұқсас электрондық сөздiктiң болжамын босатуға жоспарлауда.

ABBYY-нің генерал директоры Григорий Липич жариялағандай, жаңа версияда жеті сөздік және қазақ тілінің жаңа үлгідегі сөйлесу сөздіктері қосылған. Қазақстан үшін жасалынған арнайы 80мың экономикалық терминдерден және қазақ тілінде түсіндірілімдерінен тұратын версияларында үлкен сөздіктердің бар болуы жобалануда. Бұлардан басқа, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде басуға мүмкіндік беретін пернетақта орнатылған. Барлық документация және республикадағы мемлекеттік мекемелердегі іс жүргізу 2010 жылдан бері қазақ тіліне аударылған, on-line сөздігі талап етілетін болады. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 15 миллионнан астам, 130 ұлттағы халық тұрады. Мемлекеттік мекемелерде қазақ тілімен қатар орыс тілі тең дәрежеде қолданылады.

Атап айту керек, ABBYY Lingvo электрондық сөздіктері сөйлемді түгелдей аудармайды. Бірақ аударуға мүмкіндік береді. Жаңа сөздерді үйрену үшін Lingvo Tutor қосымша программасы бар болады. Сонымен қатар кейбір сөйлемдер неміс, ағылшын, француз тілдерінде үйренуші айту кезінде қате жібермеу үшін маман дикторлармен жарияланған. Қазіргі таңда ABBYY Lingvo сөздіктерінің көптілді версиялары 11 тілді қамтиды, олар: орыс, украин, ағылшын, неміс, француз, испан, итальян, түрік, латын, қытай және португал тілдері. Мұнымен қоса енді қазақ тілін қосса да болады.

 

Әдебиеттер тізімі

1 Электрон. ресурс. Қатынау режимі:http://lingvo.abbyyonline.com/ru

2 Электрон. ресурс. Қатынау режимі:http://til.gov.kz

3 Электрон. ресурс. Қатынау режимі:http://sozdik.kz

 

Summary

G. ZH. ZHETIMEKOVA,  A.K. AMANZHANOVA

 

The Karaganda State University of the name of academician E.A. Buketov

 

Possibilities of development of the elktronny reference dictionary in an education system

 

In article types of electronic dictionaries and possibility of their application are considered. And also importance and efficiency of electronic dictionaries, and their application at training of specialists in the field of medicine.

 

Keywords: electronic dictionary, translators, online dictionary, technologies.

 

Возможности разработки элктронного справочного словаря в системе образования

 

Аннотация

В статье рассматриваются виды электронных словарей и возможность их применения. А также важность и эффективность электронных словарей, и применение их при подготовке специалистов в области медицины.

 

Ключевые слова: электронный словарь, переводчики, онлайн словарь, технологий.