Ташай Қайсар
Қазығұлұлы
Жәңгір хан атындағы
Батыс Қазақстан
аграрлық техникалық
университетінің аға
оқытушысы
Қазақстандағы
ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
Қазақстан тарихындағы
ақтаңдақ беттердің бірі ауыл шаруашылығын
күштеп ұжымдастырумен байланысты. Кеңес өкіметі
жүргізген саясатты академик М.Қозыбаев талдай келе «Патша жасап
үлгермеген отаршылдықтың сорақысын Кеңес
империясы жасады». Кеңестік отарлық большевиктік жүргізген
саясат отаршылдықтың шыңы болды. Міне,осындай ащы тарихи
шындықты еліміздің әрбір азаматы білуі керек.
Коммунистік
партияның XY съезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы
жарияланды. Қазақстанда бұл шешімді қолдап,
жан-жақты жүргізуге кірісті.
Қоғамымыз
бүгін басынан өткізіп отырған қиындықтар сонау
20-30 жылдардан бастау алады. Өмірдегі барлық
құбылыстардай саясаттың да өз түп төркіні,
сабақтастық байланысы бар. Қазақ Өлкелік
Комитетін 1925-1933 жылдары
басқарған, іс жүзінде осы мезгілде
Қазақстанның жеке дара
әміршісіне айналған
Ф.И.Голощекиннің
ұстанған саяси бағытын тура түсіну үшін
оған тарихи тұрғыдан қарау орынды болар еді.
Түптеп келгенде, мәселе Қазақстандағы социалистік
құрылыстың өзіндік жолдары мен әдістеріне келіп
тірелетіндіктен, Голощекиннің бұл тұрғыдан, белгілі
дәрежеде, өзінен бұрын басталған саяси бағыттың жалғастырушысы
болғанын есепке ала отырып, оған дейін-ақ жаңа
қоғамды құрудың әдістері арнайы және принципті сөз болған
облыстық III партия конференциясына тоқталу қажет. РКП(б)
Қазақ бюросының мүшесі А.И.Вайнштейн
«Қазақстандағы партия және Кеңес жұмысына
әлеуметтік база құрудың әдістері» атты
баяндамасында: «Біз осы уақытқа дейін белсенді жүргізген
жұмысымызда, әсіресе қазақ
тұрғындарының арасында, негізінен ұлттық
мәселелерді көздедік. Бұл кезең
аяқталғандықтан, енді оны екінші кезекке ығыстырып
(ұлттық саладағы бірде бір жұмыстан бас тартпай,
қатар жүргіземіз), салмақты жұмысымыздың
әлеуметтік базасы жағына аударуымыз керек» деп, ондағы
негізгі мақсат «кедейдің
әлі оянбаған
таптық инстинктін
шайқау, көтеру», тіптен «...ең дұрысы кедейді
байларға тік қарсы қою, сол
арқылы кедейлерге
кіріптарлықтан құтылу дегеніміз осы екендігін сездіру» де
баса көрсетті. [М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков «Тарих тағылымы не дейді?» А.1993,8-бет]
Бұл
іс жүзінде мүлдем жаңа кезең, яғни байлар
меншігіне «қызылгвардиялық
шабуылға» өту еді. Қоғамды Социалистік негізде қайта құрудың
алғы шарттарының бірі
есебінде қойылған бұл
күрделі және ауыр шараны
іске асыру үшін
қазақ
қоғамы
әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани кемелдік тұрғысынан даяр
ма еді? Жоқ,
даяр емес болатын. Экономикалық мешеулік,
таптық жіктелудің, еңбекші бұқараның
өзінің таптық мүддесін түйсініп, ол үшін
күресуге даярлығының
төменгі дәрежеде
болуы бұл мәселені шешуде
көлденең
тұрған негізгі кедергілер еді. 20-шы жылдардың басында
Қазақстанда
экономикалық жағдай тым ауыр
болды. Бұл арада үлкен адам
шығыны мен арты ашаршылыққа ұласқан 1916
жылғы ұлт азаттық көтерілісті, қазақ
қоғамын адам және мал шығынына ұшыратқан Азамат соғысын
айтпай кету мүмкін емес. Осы азапты оқиғалардың артын
ала келген 1921-1922 жылдардағы ашаршылық қоғамды біржола тұралатып кеткен еді. Демограф
Т.Тәтімовтың есебі бойынша 1916-1921 жылдар аралығында
аштықтан қырылған және оққа
ұшқан
қазақтардың саны 800 мыңға, ал
ата-мекенінен біржола көшіп кеткендердің саны 200 мыңға жеткен.[«Ислам
шапағаты»газеті,1991,24 мамыр,12-б]. Бұл сол тұстағы
қазақ елінің шамамен бестен бірі еді. Ауыр шаруашылық
дағдарысына ұшырап отырған қазақ шаруасына жедел
жәрдем беруге жаңа биліктің де мүмкіншілігі
жоғары еместін. Өз кезегінде бұл жағдай
кедейлердің Кеңес
өкіметіне деген сеніміне
секем түсірді.
Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздық санын күрт
өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы
үлес салмағын көбейтіп жібергендігі мәлім. Басым көпшілігі кедей және орта шаруалардан тұрған
қазақ ауылында, сондай–ақ саяси билік солардың
мүддесін қорғайтын кеңестердің қолында
тұрғанда байлармен күресті революциялық төтенше
шаралар арқылы емес, экономикалық және саяси әдістер
арқылы жүргізуге толық жағдай бар еді. Басқаша айтқанда, сол
тарихи кезеңдегі
Қазақстан жағдайында байлар мен буржуазиялық элементтерге қарсы күресте
революциялық зорлықты
жалғыз күрес құралы деп тану
жергілікті жағдайда
терең түсінбеуден туған ірі саяси қателік болатын. Сонымен, партияның Қазақ
облыстық III конференциясында қазақ ауылын
социалистік негізде қайта
құру жолдары туралы пікір алысу қызу айтысқа
ұласты. Солай болуы да заңды еді. Өйткені, қарсы
келген позициялардың арасы тым
алшақ-ты, ал олардың өмірде жүзеге асу
мүмкіншілігі де әрқилы болатын. Кейінгі уақыт оны
анық көрсетіп те берді. Осы арада түрлі себептерге байланысты
өз дәрежесінде жетерліктей көңіл
бөлінбей келе
жатқан бір мәселеге
тоқталуға тура келеді. Қазан
төңкерісі жеңісінен кейінгі кезеңде
Қазақстан үшін аса маңызды мәселелердің
бірі өлкедегі революциялық өзгерістерді басқаруға
лайықты кадрлардың тапшылығы еді. Кеңес билігі
орнағаннан кейінгі уақытта орталықтан
Қазақстанға біраз кадрлар жіберілген. Олардың арасында
революция идеяларына шын ниетімен
берілген, соған сай
өзгерістерге, өз үлесін қосуға даяр
большевиктер аз болған жоқ. Сондай–ақ, олардың қатарында жергілікті ерекшеліктермен есептесуге
аса құлықты емес, өз міндетін
орталықтың
нұсқауын
бұлжытпай, тіптен
реті келсе асыра орындау деп
түсінген солақайлар да жеткілікті еді. Өздерін бұрынғы
патша шенеуініктерінен кем сезінбеген
олар жергілікті халыққа тек бағынуға жаралған бұратаналардай, ал жергілікті ерекшеліктерге назар аударуды
талап еткен ұлттық интеллигенция өкілдеріне ұлы
революциялық өзгерістерді қабылдауға даяр емес,
білімсіз тар өрісті интеллигентсымақ «ұлтшылдар» есебінде
қарады. Өз кезегінде большевиктердің идеологиялық
күрес арсеналында реакциялық «ұлтшылдық» туралы бір
жақты пікір
қалыптастыруға ерекше еңбек сіңірген де осы топ
болды. Өз ретінде
олар жергілікті тұрғындардың және
орталық басқару
аппараты арасындағы ұлы державалық шовинизммен уланған
элементтердің
қолдауына
сүйенді. Ықпалды орындардағы осы
позициядағы
адамдардың белсенді
әрекеттерінің арқасында патшалық империя
тұсында «сепаратистер» ретінде
айыпталып, қуғын көрген А.Байтұрсынов сияқты көрнекті қайраткерлер енді Кеңес билігі
тұсында «ұлтшылдар» атанып жатты. Элементтердің
қолдауына сүйенді. Қазақстанда кеңес
өкіметі орнағаннан кейін, бірінші кезекте өз шешімін табуға тиіс бірнеше
мәселелер тұрды. Қазақ бұқарасының
тұрмыс жағдайының түбегейлі өзгеруі сол мәселелердің
тура шешілуіне тікелей тәуелді болды. Олар жерді пайдаланғанда
бұрынғы әділетсіздікті жою, жергілікті халыққа
жақын, түсінікті және
оған қызмет ететін
мемлекеттік аппаратты құру,
жаңа
қоғамды
құрудың
әдістері мен жолдары
(ұжымдастыру, индустрияландыру, мәдени революция т.б) сияқты мәселелер еді.
Бұл міндетті шешуде
«ұлтшыл-уклонистер», «ұсақ буржуазиялық-ұлтшылдар
бірінші кезекке таптық принципті емес, жалпыұлттық-жалпы
демократиялық принциптерді қойды. Қазақ шаруалары
үшін Қазан төңкерісі қарсаңында да, одан
кейінгі жылдары да егіншілікке жарамды
жер тапшылығы үлкен мәселеге айналды. Осы мәселеге байланысты патшалық билік
тұсындағы әділетсіздікті біржола жою мақсатында
бесінші өлкелік партия конференциясы жер мәселесін арнайы
қарап, қарарында «жерге
орналастыру саласында ең алдымен байырғы халық,
әсіресе олардың отырықшыланып жатқандары жөнінде
міндет қойылатын болсын» деп көрсетті. Егер, жергіліктендіру төңірегінде
қызу айтыс жүрген 20-жылдардың орта тұсына келсек,
Қазақстанда бұл міндетті іске асыру жолында
көлденең тұрған екі ірі кедергіні байқауға
болады. Біріншіден, жергілікті халықтың арасында жаңа
қалыптаса бастаған кеңестік аппаратта істей алатын сауатты
адамдардың, білгір мамандардың тым тапшылығы
болса, екіншіден, ескі мемлекеттік аппараттан қалып, жергіліктендіру
процесіне шама-шарқынша қарсы әрекет жасаған
европалық
қызметкерлердің болуы еді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығын
ұжымдастырудың сталиндік
үлгіде жүзеге асуы-жоңғар шапқыншылығынан
кейінгі екінші ұлы жұтқа әкелді. Қазақ
халқы 1 миллион 750 мың адамнан немесе халықтың 42
пайызынан айрылып, ұлт есебінде жойылып кету қауіпі туындады.
Бүгінгі таңда тарихшыларымыз бұл кезеңді «ұлт
қасіреті» этноцид, «халық қасіреті» геноцид деп
бағалайды. Бұл туралы академик М. Қозыбаев
«Қазақстандағы ұжымдастыру: шаруалар қасіреті»
деген еңбегінде көрсетті.
Пайданылған
әдебиеттер тізімі:
•
«Энциклопедия
Казахстана» Автор – К. Балапанова. Алматы, 1982г.
•
Козыбаев М. Казахстан на рубеже веков:
размышления и поиски. – В 2-х кн. - Алматы: Ғылым . – 2000г.
•
М.Қ.Қозыбаев
Ақтаңдақтар ақиқаты. А.,1992
ж.
•
Учебник «История Казахстана» Автор- М.К.
Козыбаев, И.М. Козыбаев. Алматы. 1997г.
•
«История Казахстана» Автор- Г.Укембаев.
Актобе. 2002ж.