Ахметова Л.С.
Аға
оқытушы,тарих магистрі
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қостанай
қ. Қазақстан Республикасы
АЛАШ ҚАЙРЕТКЕРІ Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ БОСТАНДЫҚ ЖӘНЕ
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ТУРАЛЫ ИДЕАЛАРЫ
Кез келген мемлекеттің
тарихы сол елдің,халықтың тәуелсіздік жолындағы
саяси күресі тарихымен өзектес келеді.Ал саяси күрестің
нәтижелі болып,алға қойған мақсаттарын
жүзеге асыруы оны басқарған қайраткерлердің
еңбегі мен басшылыққа алған саяси және
құқықтық ойларының өміршендігіне
байланысты.Осы тұрғыдан келгенде
демократиялық,зайырлы,құқықтық және
әлеуметтік мемлекет құрудағы ұлы
мақсаттарын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан
Республикасының тұтас саяси-құқықтық
тарихын жасау үшін оның мемлекеттілігінің қайнар
бастауына,әр дәуір, кезең сайын
өсіп-өркендеп,қалың бұқараның басым
көпшілігін өз соңына ерте білген,елдегі саяси күштерді,қозғалыстарды
біртұтас Алаш қозғалысына
ұластырып,ұлттық-демократиялық бағыттағы
қазақ зиялыларының өмірін және олардың
саяси,құқықтық көзқарастарын
зерттеудің маңызы ерекше.
Сондықтан,аталмыш
мақалада XIX ғасырдың соңында саяси күреске
белсене қатысқан, Алаш партиясының құрылуы мен
оның қызметіне өлшеусіз үлес қосқан
қазақ халқының бетке ұстар өкілі,Алаш
қайраткері Ә.Бөкейхановтың бостандық және
ұлттық мүдде туралы
бірқатар идеялары
қарастырылады.
Ә.Бөкейханов европалық білім алған
қазақ зиялыларының алғашқы буынының
қатарына жатады.Ол А.Байтұрсынов,М.Дулатов қазақ
халқының жанашырларымен бірлесіп Алаш қозғалысын
қазақ даласындағы бірден-бір жетекші саяси күшке
айналдырды.Міне,осы саяси күштің өз мақсаттарын
жүзеге асыру жолындағы іс-әрекетінің жиынтығы
және оның петициядан бастап,Алаш бағдарламасына дейінгі
формалары қазақ даласында қалыптасқан жаңа саяси-құқықтық
доктринаны дүниеге әкелді.
XIX ғасырдың
60-жылдарына таман Қазақ даласын Ресей империясының
отарлық аумағына түбегейлі айналдыру үшін барлық
қажетті саяси, құқықтық және
әлеуметтік алғышартгар әзірленіп, жүзеге асырылды.
1867-1868 жылдардағы реформалар Қазақстанға
отарлық саяси- құкықтық мәртебесін
заң жүзінде бекітіп, оны Ресейге біржолата байлап-матап берді.
Қазақтар дәл
осы кезден бастап жерді әділетсіз бөлуге шағымдану
құқығы мен мүмкіндігінен де айырылды.
Ә.Бөкейханов «Қажетсіз генерал-губернаторлық» деген мақаласында Дала
генерал-губернаторлығын жою туралы мәселе қойды. Дала
генерал-губернаторлығының ұйымдық жағын, құрылымы
мен қызметін талдай келіп, Ә. Бөкейханов былай деп жазады: ол
әр түрлі министрліктердің қазіргі бар мекемелері
үстінен қарайтын кымбатқа түсетін қондырма болып
табылады, сондықтан оның шенеуніктеріне атқаратын істер де
жоқ.[1]
Генерал-губернаторлар
оған бағынышты адамдарды Далада тек жазалау қызметімен
ғана айналысады »Ә.Бөкейханов, тіпті егер Дала генерал-губернаторлығын
жою туралы заң жобасын Мемлекеттік Думаға енгізетін болса,
оның қазіргі «саяси конъюнктура» жағдайында
қабылданбайтынына кәміл сенімді еді. Басқаша айтқанда,
Ә. Бәкейханов мынаны ескерген болатын: патшалық самодержавие
сақталғанша генерал-губернаторлық та өмір сүруін
төқтатпайтынын білді: оны жою үшін «саяси коныонктураны»,
яғни монархияны өзгерту керек еді. Мұндай қорытынды
Ә. Бөкейхановтың пайымдауларынан қисынды түрде
шыққан болатын. [2]
Отарлық аппараттың
төменгі буынын сайлау жүйесін енгізудің соңы
қазақ халқына береке бермеді. Болыс басшылары сайлауын
өткізудің нәтижесінде халық «партиялар» деп аталатын
бірнеше топтарға бөлінді. Әлбетте, бұлар саяси
партиялар еместі. Олардың жергілікті маңызы бола тұрса да,
өкімет билігі үшін күреске шығуды мақсат етпеді.
Қазақтардың едәуір бөлігі болыс
басқарушының билігі бәрін де жарылқайды,
қажеттісін береді немесе өздерінің ауыр өмірін
жеңілдетеді деп ойлады.
Ұлт-азаттық
козғалыстың қайраткерлері жергілікті қазақ
басқармасының ұйымы мен қызметінің бүкіл
тірек-тетігін сынға алды. Патша шенеуніктері параны көбірек берген
адамдарды қолдап, сайлау тәртібін көрінеу бұрмалап,
заңды аяққа басты. Олардың «сайланбалы» жергілікті
басқару орнықкан жарты ғасыр ішінде болыс
басқарушыларын, «халық соттарын» сайлау кезінде жасаған
былықтары туралы Ә.Бөкейханов ашына жазған болатын. Ол
қазақ қоғамындағы патша өкіметі енгізген
жергілікті басқарудың «демократиялық» жүйесі
халыққа тек бақытсыздық әкелгенін
түсіндіруді мақсат етті. Сондықтан ол, шынайы бостандыққа
жету үшін жергілікті басқару жүйесінін қабілетсіздігін,
жарамсыздығын көрсете отырып, оны басқа демократиялық
институтпен, атап айтқанда, земствомен алмастыру идеясын ойластырды.
Отарлық аппараттың
жұмысы қазақтар үшін түсініксіз, бөгде
құрылым болды. Өйткені іс кағаздарының бәрі
орыс тілінде жүргізілді. Бұл туралы Ә. Бөкейханов былай
деп жазады: «Орыстандыру саясатының ажырамас серіктері -дөрекілік,
зорлық-зомбылық, халықтың қастерлі
қасиеттерінің бәрін арсыздықпен кемсіту, далалық
облыстарда билік жүргізушілердің жергілікті халықтың
тілін білмеуі және тілмаштар аркылы тілдесуі, білім атаулыдан шеттетуі
салдарынан жағдай одан әрі ушыға түсті.XIX
ғасырдың екінші жартысынан бастап патша өкіметі
қазақтардың білімі туралы, Орта Азиядағы, соның
ішінде Қазақстандагы мұсылман діні жөніндегі
өзінің көзқарасын күрт өзгертті.
Қазақ даласындағы басқару туралы ережелер жобасын
жасаушылар қазақ балаларын оқыту діндарлық рухында, оны
басқа халықтардан оқшаулау рухында тәрбиелейтін
молдалардың қолында қалып отыр деп жазды.Патша
өкіметінің исламға қарсы саясатына
өздерінің наразылығын мұсылман дінбасыларының
өкілдері бірінші болып білдіре бастады. Ә. Бөкейханов былай
деп жазды: «1904 жылы отаршыл әкімшілік географта басылған
және далада кеңінен таратылған қазақ прокламациясымен
алғаш рет танысты. Прокламация авторлары «Алаш балаларын бір кісідей орыс
үкіметінің дінге-исламға қол сұғуына
қарсы, қазақ халқын «шаруаларға»
айналдыруға, православиелік діни сенімге жүгіндіруіне қарсы
көтерілуге шақырды...Прокламацияның осы негізгі идеясы
орыстандыру саясатының нақты мысалдарымен өрнектелді».Дін
жолындағы күрес 1905 жылы мейлінше күшейе түсті. 1905
жылы жазылған петицияда «дін және жер мәселелерін
казақтар саяси бостандық мәселелерінен бұрын
қойып отыр»,-деп көрсетті Ә. Бокейханов . [3]
Ә.Бөкейханов 1905
жылғы петицияны жазып, ұйымдастырушылардың бір ғана
болып қойған жоқ.Ол ұлт-азаттық
қозғалысының тұңғыш тарихнамашысы болды.
Осыған орай Ә. Бөкейханов казақ халқының
отаршылдықка қарсы саяси санасының қалыптасуы себептерін
көрсетіп берді, сондай-ақ екі саяси ағымның: ислам
діни- саяси ағымының және зайырлы ұлттық-саяси
ағымның пайда болуын атап көрсетті. Ә. Бокейханов діни
және зайырлы зиялы қауым ұсынған екі саяси
ағымға ғылыми сипаттама берді.
Ә.Бөкейханов
өзінің саяси қызметінің бастауында-ақ
«батысшылдар» жағында болды. Ә. Бөкейханов пен оның
серіктері кең тұрғыдағы саяси бостандық
проблемаларына ерекше маңыз бере отырып, ислам дінің
ұлттың ұйытқысы деп атап көрсетіп,оның
қоғамдық рөлінің зор екенің тақап
айтты. Саяси қайраткер ретінде ол дінді ұстану бостандығына
халықтың саяси азаттығынсыз қол жеткізуге болмайды деп
есептеді.
Ә.Бөкейханов
қазақ қоғамындағы екі саяси ағымның
пайда болуының тарихи уақытын белгілеп қана
қойған жоқ, ол бұл ағымдардың екі саяси
партияның алғышарттары болуы мүмкін деп болжай білді.
Мұндай ойды Ә. Бөкейханов 1910 жылы «Қырғыздар»
деген мақаласында айтты. Осы мақалада 1910 жылға қарай
қазақ қоғамында бірде бір саяси паргия болған
еместігін атап көрсетеді.Ә.Бөкейхановтың «діни-саяси
бағыт» ұстанған түрікшіл, исламшыл партия
құрылуы мүмкін деген жорамалы да белгілі дәрежеде
шындыққа айналды. Дін бостандығын ту ету арқылы саяси
мақсаттар көздеген «Шура-и ислам» атты саяси ұйым 1917 жылы
наурыз айының бас кезінде Ташкентте қүрылды . Оның
қүрамында Мұстафа Шоқаев, Ахметжан Темірбаев
сияқты қазақ азаматтары да болды. [3]
Қазақ даласын одан
әрі отарлау мақсатындағы патшалық Ресейдің XIX
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында
жүргізген саясаты қазақ халқының самодержавиеге,
отаршылдыққа, жергілікті шенеуніктердің озбырлығына
қарсы ашу-ызасын бүрынғысынан да өршіте түсті.
Осы кезеңде кабылданған жергілікті халықтың
құқығын аяққа басатын заң актілері
бұл наразылықты ұйымдасқан саяси күреске
ұластты. Оған патшалық Ресейдін қазақ жерін
«қазынаның меншігі» деп жариялап, оның «бос жаткан»
бөлігін озбырлықпен тартып алуы және оны қоныс
аударған орыс мұжықтарына бөліп беруі бұл
күресті одан әрі өршітіп, оның саяси сипатын
күшейте түсті. Мұның бәрі өлкеде
оқыған қазақ зиялыларынан тұратын жаңа саяси
күш- Алаш қозғалысын ұлт-азаттық күрес
сахнасына шығарып, оны қазақ даласындағы ең
беделді саяси партияға айналдырды. Алаш партиясы өз кезегінде
Алашорда үкіметін құрып және Алаш автономиясын
жариялап, тәуелсіз қазақ мемлекетін кұру қамына
кірісті. Олардың кейінгі тағдыры қайғылы
жағдаймен аяқталғанына қарамастан, Алаш
қайраткерлері,соның ішінде Ә.Бөкейханов
ұлттының қамын жеген, оның болашағын ойлаған,
саяси санасы толыққан, тәуелсіздік идеясын ту еткен
қазақ саяси қайраткерлерінің жаңа буынын
тәрбиелеп, өздерінің асқақ идеяларын
соларға аманат етті.
Әдебиеттер тізімі:
1.Бөкейхан
Ә.Таңдамалы.Энциклопедия.Алматы,1995.45б.
2.Жиренчин
К.А. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның
саяси дамуы.А.,1996.-32б.
3.КулМухаммедМ.А.БокейхановА.//Акмола.Энциклопедия.Алматы,1995.119-130б.