Омарова Нурбала Аукеновна

Казахстан Карагандинская область г.Каркаралинск ЖББОМ№28

Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытудағы ролі

 

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл - баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.

Қазақ халқының үлкен мәдени мұрасының бірі- халықтың ауыз әдебиеті. Ерте кезде-ақ ата-бабаларымызөздерінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, жаңылтпаштар, жұмбақтар, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту арқылы ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырған. Ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланыса отырып, жан-жақты суреттейді, әртүрлі бейнелеу арқылы елестетеді. Осы асыл мұра біздің заманымызда жас бүлдіршіндерді тәрбиелеу барысында өзінің мән-мағынасын жойған жоқ және де оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды пайдаланып жүрміз. Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің дүниетанымын кеңейтеді, оларды адамгершілікке, еңбекке,тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды.

Жаңылтпаш—қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыздыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Қазіргі кезде Жаңылтпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.

Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Ертегілер-қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады.

Балалардың сөйлеуін, ой-өрісін дамытуда, көзқарасын,  тәлім тәрбиесін қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің бір түрі – мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем образдысөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады.

Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын мақал-мәтелдер арқылы үлгі өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған.

Бала тәрбиесіндегі мақал-мәтелдерді тақырыптық жүйементоптап ұсынған. Мысалы: «Оқу-білім бұлағы», «Еңбек», «Достық-жолдастық» т.б.

Балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардыңтілін ширатуды көздейді. Еңбек ету, білім алу,жақсы азамат болыпөсу үшін тәрбиенің де жақсы болуы керектігі мақал-мәтелдерде толық қамтылады.  Мақал-мәтелдердің адал достық, жақсы жолдастыққа баулитын, адамгершілікке жат мінезден аулақ болуға да тәрбиелейтін тұстарыда баршылық «жаман аттан аяғым артық», «еңбек түбі зейнет» т.б.

Бала тәрбиесіндегі басты мәселенің бірі – еңбек ете білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету десек, мақал-мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған.

Баланың ақыл-ойын дамытуда танымдық қабілеттерін арттыруда, қиялын шарықтатып, тапқырлыққа тәрбиелеуде жұмбақ таптырмайтын құрал болып табылады. Балалар фольклорында жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Баланың ұшқыр ойын іс-әрекетке баулып, ой санасының қызмет етуіне серпінбереді. Жұмбақтың балаларға пайдалы жағы өз бойындағы құпияны шештіру, айтқызу арқылы оларға өмірді танытады. Жұмбақты шешуде бала ойланады, көп нәрсені есіне түсіреді, заттардың ұқсатары мен айырмашылығын іздестіреді, байқауға тырысады.

Халық ауыз әдебиетін балабақшадан бастап пайдалану - баланың тілін дамыту үшін, тілге, әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда, ой-өрісін кеңейтуде білімдік, тәрбиілік маңызы зор.