Омарбекова Гулсим
Шакаримовна
Казахстан.
Карагандинская область, Бухар-Жырауский р/н,с/з Кузнецк ЖББОМ
Интерактивті оқыту оқушылардың
пәнге деген
қызығушылығын арттыру негізі
Оқытушының
педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі –
оқушының өзіндік танымдық жұмысын
ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып,
ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу.
Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай,
жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру.
Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық
қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде
танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше
қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға
көмектесу қажет.
Шығармашылық
жұмыс жасауға қатысу, оқушылардың танымдық
деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын,
өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын
қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа,
өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына
сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Осы
дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті
оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық
қоғамның негізгі талабы – оқушыларға
ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық
құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып,
ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Сабақтағы
интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара
әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет
есепті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыру және
сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Интерактив бір
көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің
басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барасында
оқуышылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды
талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама
көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды,
пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді
қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта
жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады,
зерттеу жұмыстары, түрлі ойындар қолданылады,
құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен
жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Интерактивтік оқу
технологиясы – оқу әрекеті барысында олардың өзара
мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және
басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезінуді тудыра алатын,
оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық
қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім
мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде
ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интерактивтік оқу технологиясын қолданатын
оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді
бөліп көрсетуге болады:
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен
сараптаушыларды дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс
тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың
басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын
құрастырады.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық.
Бұл жағдайлар, нұсқаулар, қойылымдар мен
басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім
сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын
бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне түсінік береді.
Оқушылар қосмша ақпарат жинайды, мұғаліммен
ақылдасады, ойын барысын және мазмұны туралы өзара
талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын
процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін
ешкімнің оған араласуға және бағытын
өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана
қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол
бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім
ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған
қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті;
ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау
және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру,
оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініші
бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау,
талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім
талқылау жүргізеді, оның барысында сарапшылар сөйлейді,
қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз ұстанымдарын
және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, ойын
барысында туындаған қиындықтары, ой-пікірлері туралы әңгімелейді.
Интерактивтік оқу технологиясын пайдалану
әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға
(өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады:
мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар
– сынып, оқушылар-оқулықтар, топ – топ, топ – оқушы),
оның оқу әрекетін және тұлғалар
арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға
мүмкіндік береді.
Бағдарламалық – технологиялық
кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны
оқыту сабақты қызықты және динамикалық
түрде мультимедиалық құралдар көмегімен
оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай
оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға
болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта
алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне
құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын
қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске
қосу CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру,
ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы
қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді
жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды
сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше
мәселелерді шешуге көмектеседі:
· § Пән бойынша базалық білімді
меңгері;
· § Алған білімді
жүйелеу;
· § Өзін-өзі
бақылау дағдыларын қалыптастыру;
· § Жалпы оқуға
деген ынтасын арттыру;
Оқушыларға
оқу материалдарымен өздігімен жұмыс істегенде
әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны
оқу материалын қабылдау және оқушыларды ақпаратты
меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын
іске қосқанда арта түсетін қабылдау
мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп
қарауға болады.
Қорытындылай келе
бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын
қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану
керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Бұл
оқыту тәсілі әртүрлі технологиямен жан-жақты
қамтылуды талап етеді, сонда ғана технология педагогикалық
тұрғыда әсерлі болады.
Қазіргі заман
мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі
болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық
сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және
ақпараттақ сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай
білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне
еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан
болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші
тұлға ретінде ұлағатты
Ғылым мен
техниканың даму қарқыны оқу-ағарту
саласының оқыту үрдісіне жаңа технолгиялық
әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең
көлемде қолдануды қажет етеді.
Қазақстанның
тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру
жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай
халықтың, қай ұлттың болсын толығып
өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын
тірегі де, түп қазығыда – мектеп.
Мектептердің білім
деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды
пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге
көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының,
педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа
алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды
қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының
пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру
жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Оқу процесінде,
оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті
құралдарды қолдану мұғалімнің жеке
тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті
құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды
түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне
жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті
құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге
көмектеседі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
«Ақпараттық технология
және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т.
2.
Захарова
И. Г. Информационные технологии в
образовании: Учеб. пособие для студ.высш.
учеб, заведений. М.: Академия, 2003.
3.
Пидкасистый П.И,
Хайдаров Ж.С. «Технологии игры в обучении и развитии» М, 1996
4.
Суворова Н. «Интерактивное обучение: Новые
подходы» М, 2005.