Аға оқытушы Ахметова И.А., 2 курс студенті Мұхтарқызы Р.

ЖАҢА ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ

Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру, қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. «Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа  инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім мен тәрбие ажырамас егіз ұғым.Ұлы данышпан Әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң» деген сөзі осынын дәлелдесе керек. Сондықтан бүгінгі ұрпақтарға, білім-ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымыздың  тығылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игерудің маңызы зор. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тәрбиелеуші, халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата- бабалардың ісін жалғастырушы мәңгілік күш. Сол себепті жалпы білім беретін орта мектептерде бұл мәселені жолға қою, яғни егеменді елімізге қазақ қоғамын қалыптастыру –басты міндет. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияның түрін, қолдану ерекшелігін ендіруді міндеттеп отыр. Ал инновация дегеніміз- белгілі бір жүйедегі ішкі өзгерістер. Педагогикалық инновация дегеніміз- педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.[1]

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол- оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Осыған орай, оқыту барысында әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде:

Ø  Іскерлік ойын технологиясы

Ø Проблемалық және интеграциялап оқыту;         

Ø Шаталовтың интенсивті оқытуы;

Ø Дьяченконың ұжымдық технологиясы

Ø Эрдниевтің блоктап оқытуы;

Ø Деңгейлеп оқыту;

Ø Модульдеп оқыту;

Ø Дамыта оқыту технологиясы  және т.б.

          Ал енді жоғарыда айтылған оқытудың педагогикалық технологияларын оқу-тәрбие процесіне біртіндеп енгізетін болсақ, онда білім сапасын арттыруға, оқушылардың дамуына бақылау жасауға, оған сәйкес бағалауға, басқару тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік болатыны дәлелденіп отыр. Сондықтан да бірқатар мектептерде жүргізіліп жатқан тәжірибелердің басты міндеті дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын оқыту процесіне енгізу болып отыр. Ж.Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөліп отыр:

1. Репродуктивті деңгей. Жалпыға бірдей стандартты  білім негізіндегі  тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерінде және оқулықта бар мәселелерге  байланысты құрылады.

2. Алгоритмдік деңгей.  Мұнда оқушылар мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырманы орындауға оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі қажет. Іс-әркеттің ең өнімдісі- 3,4 деңгей , яғни эвристикалық, шығармашылық сатылары. Бұл технология бойынша оқышының осы шығармашылық сатыға жету жолдары тек мұғалім арқылы емес, оқушының өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады. Технологияның негізі де, тиімділігі де осында. Бала білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетелеуде дамыта оқыту, проблемалық оқытудың орны да ерекше. Дамыта оқыту технологиясын қарастыратын болсақ, ол ең алдымен «Нені дамыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздестіруіміз керек.[2]

Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру оқушылардың танымдық қызығуы мен білім сапасын арттырумен қатар, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының  бірігуіне мүмкіндік береді. Интеграция дегеніміз-пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді. Мұғалімдердің тәжірибесінде жиі кездесетін интеграцияны жүзеге асырудың жолы - сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша  біріккен сабақтар білімнің жинақталуы яғни әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу. Демек, бүгінгі мектептің мақсат-міндеті әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу болып отыр. Мұндағы бар салмақ мектеп айнасы болып есептелетін мұғалім иығына түспек. Мектеп, білім беру саласындағы мақсат, міндеттер мұғалім санасынан, мұғалім жүрегінен шықпайынша, белгілі бір нәтиже береді деп айту артық болады. Баланы дарынды, бойында күш-қуаты жеткілікті екендігіне сендіру ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса сапалы тәрбие беру- әрбір ұстаздық абыройлы борышы.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасы.

2. Ж.А. Караевтың деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушыларды бағалау.М.С. Жакманова // Шағын мектеп. - 2007.-№6. - С. 4-6