Рамазанова Кунсулу Кабиденовна

магистр биологии,

старший преподаватель кафедры биологии и химии

Болысова Салтанат

студентка 4курса, специальности биология

 

 

БIЛIМ САПАСЫН АРТТЫРУДА

ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬДЫҚ ОЙЫННЫҢ        МАҢЫЗЫ

 

Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Дидактикалық ойын - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.

         Жасөспiрiмдерде диалектикалық – материалистiк көзқарастар қалыптастырылып, олардың ғылыми және пайымдық қабiлетiн дамытып, оқытуды өмiрiмен тiкелей байланыстыруда, адамгершiлiкке, парасаттылыққа тәрбиелеуде және еңбекке, мамандыққа баулуда биология пәнi жетекшi орын алады. Сондықтан мектепте бұл пәндi оқуға зор мiндет жүктеледi.

         Шын мәнiнде, қазiргi әлемдегi экологиялық жағдай адамзаттың биологиялық заңдылықтарды дұрыс бiлiп, бағаламауынан болып отырғанын ғылым дәлелдеп отыр. Экологиялық бiлiм мен тәрбие тiкелей биология ғылымына негiзделгендiктен, бүгiнде жастардың биологиялық ойлау қабiлетiн дамытуға ерекше мән беру қажет.

         Биологиялық бiлiм берудi жетiлдiру мақсатымен “Биология” пәнiн оқытудың мынадай бағыттары айқындалады:

базалық бiлiм, бағыт беру, тереңдетiп оқыту.

Биологиялық ойындар – сыныпта жүргiзiлетiн жұмыстардың ең қызықтысы. Биологиялық ойындардың қандай түрi болса да, балаларды өзiне тартып әкететiнi белгілi. Пән бойынша әр түрлi ойындар жүргiзуге болады.

         Ойындардың қандай түрi болса да, мазмұны жағынан оқу бағдарламасына, балалардың жас ерекшелiгiне сай болуы керек. Биологиялық ойындарды ойнаудың нәтижиесiнде оқушылар өткен материалдарды қайталап өздерiнiң биологиялық бiлiмдерiн толықтырады, ой - өрiстерi дамиды, ұжым болып жұмыс iстеуге дағдыланады.

         Ойындар оқушылардың ерекшелiктерiмен танысуға мүмкiндiк туғызады, мұның өзi мұғалiм үшiн өте қажет. Биологиялық маңызы бар ойындар оқушылар арасанда саналы жарыс туғызатындай жағдай жүргiзiлуi тиiс.

Биологиялық ойындарды ұйымдастырылу жағынан көп 

     даярлылықты талап етедi.

         Соңғы жылдары оқу құралдары, программа, әдiс – тәсiлдер көптеген өзгерiске ұшырады.

         Оқу – тәрбие үрдiсiндегi (процесiндегi) негiзгi бөлiмi – оқушылардың жүйелi түрде бiлiмiн тексеру. Мектеп мұғалiмiнiң оқушы бiлiмiн бағалауы туралы әр түрлi пiкiрі бар. Бiр – бiрiне қарама –қарсы келетiндерi де аз емес. Бiрақ өзiндiк ерекшелiктерi бар бағалау жүйелерiмен жұмыс iстейтiн мұғалiмдер тәрбиесiнiң жақсы жақтарын көре бiлу де маңызды. Ең бастысы баланың  ынтасын арттыру.

Бүгiнгi күнге дейiн мектептегi оқу – тәрбие iсiнiң жас ұрпаққа жан – жақты бiлiм, тәлiмдi тәрбие беру- әрбiр мұғалiмнiң басты мiндетi. Оқушылардың биология пәнiне ынтасын арттырып, сабақты қызықты және үрдiсiнде әр түрлi әдiстердi пайдаланған тиiмдi.

Оқушылардың ойлау есте сақтау қабiлетiн дамытып, оларды еңбектенуге, iзденуге баулыйтын сабақ элементтерiнiң бiрi – ойындар.

         Ойын оқушылардың сабаққа қызығуын, белсендiлiгiн арттырып, ойлау қабiлетiн дамытуға, ұжымшылдыққа тәрбиелейдi, тапқырлыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа баулыйды. Дұрыс таңдап алынған ойын баланың қиялын, сана-сезiмiн өсiрiп, сөздiк қорын молайтып, өз бетiмен еңбектенуге дағдыландырады.

         Ойын үстiнде оқушы оқиды, үйренедi, iзденедi, дағдыланады, ынталанады, тәрбиеленедi, бiр – бiрiмен қарым – қатынасы жақсарады.

Өз  бетiнше  қорытынды жасауға үйренедi. Iскерлiк пен түрлi дағдыны меңгередi. Жаңа материалдарды меңгерiп, бекiтуге, қорытындылауға үйренедi. Оқушыларды белсендiлiкке шақырады, түрлi дағды мен шеберлiктi меңгеруге, қиындықты жеңуге, тығыршықтан шығуға, төзiмдiлiкке, сенiмдiлiкке баулыйды.

         Олардың саналылық, көрнекiлiк, жүйелiлiк, берiктiк, логикалық ойлау қабiлетiн жетiлдiру үшiн қажет. Сабаққа деген ынта – ықыласын оятып, белсендiлiктерiн арттырып отырады.

 Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
           Дидактикалық ойын сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс - әрекетті ұйымдастырып, оқушының шығармашылығын арттырады.
          Дамыта оқыту деп - ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген. Ал, ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:
           «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.
           Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
           Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді.
Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады.
Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады.
            Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді. Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер.
             Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі.

Литература:

1. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
2. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.
8. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
9. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.
10. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.