Н. Ч. Абилмажинова

Өскемен қаласы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 6М011100-«Информатика» мамандығының  2 курс магистранты

С. Н. Кубентаева

Өскемен қаласы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.

Мектеп және жоғарғы оқу орнындағы информатика курсы мазмұнының сабақтастығы.

Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша (В.И. Андреев, М. И. Махмутов, Ф.Л. Ратнер және т.б.) педагогикалық жүйені жетілдірудің басты бағыттарының бірі оның деңгейлерінің арасындағы үздіксіздікті, өзара байланыс пен сабақтастықты қамтамассыз ету болып табылады.

Қазіргі уақытта мектеп пен ЖОО – ғы білім беру мазмұнының сабақтастығына басты назар аударылады (Н. М.Гулявская, К. К. Колин, Н. М. Резина және т.б.) ЖОО – да оқытылатын пәндер мектептегі алынған білім мен іскерлікке сүйене отырып меңгеріледі, сол себепті мектептегі оқу үрдісінің жұмысы нақты анықталған бағытта, ЖОО – ның мектеп түлектеріне қоятын  талаптарына сай ұйымдастырылуы тиіс.

Бүгінгі уақытта талқылау ортасында оқытуды ұйымдастыруға арналған қадамдар табылып, зерттеліп жатыр. Информатика – білім беруді заманауи ұйымдастыруын жасайтын қоғамның сұранысына және өмірімізге толыққанды жақындап енген инновациялық және қажетті заттардың бірі. Ең маңыздысы оқу саласына қызығушылықты қалыптастыру, студенттерге оқу процесінің субъектісі болуға мүмкіндік беру болып табылады. Оқыту нәтижесі тікелей оқытудың негізгі мақсаты және әдісі ретінде не таңдалғанына, оқытушы сабақта қандай көрнекіліктер қолданғанына байланысты болады.

Жалпыға бірдей қабілеттіліктер мен дағдылардың дамуының негізгі тапсырмасы: студенттердің бәсекеге қабілеттілігін дамыту, білім беру сапасын арттыру, оқу саласын ұйымдастыруда жаңа педагогикалық қадамға көшу. Білім беру процесіне ақпараттық технологияларының енуі түбегейлі түрде оқыту процесін өзгертеді.

Информатиканы оқытудың маңыздылығы бүгінгі таңда күмән тудырмайды, дегенмен информатиканың отызжылдық тәжірибесіне қарамастан жоғары оқу орындарында бүгінгі таңға дейін осы мәселе алғашқы орында тұр. Осы мәселелерді атап өтетін болсақ:

    Оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері;

    Оқыту мәселелері;

    Білім беру үрдісін ұйымдастыруымен және берілетін пәннің мазмұнымен байланысты әдістемелік мәселелер;

Жоғары оқу орындарында «Информатика» пәні дәстүрлі түрде бірінші курстан бастап оқытыла  бастайды  және  міндетті  циклдің  пәні  болып  саналады.  Егер  жоғары мамандандырылған білім берудің мемлекеттік стандартының салыстырмалы талдауын жүргізсек, олар бір-бірінен айырмашылығы бар екенін атап кету керек. Өкінішке орай көп жағдайда жоғарғы оқу орнында «Информатика» пәнін оқыту мазмұны мектеп бағдарламасын көшірмелейді. Сол себепті информатиканы мектеп және жоғарғы оқу орнында оқытуда пәннің мазмұн сабақтастығын қамтамассыз ету басты мақсат болып табылады.

Мектеп пен ЖОО – ның арасындағы сабақтастық байланысын анықтау мақсатында информатика пәні бойынша педагогикалық ЖОО – да анализ жасалды. Жоғарғы оқу орнының оқытушысы студенттермен жұмыс бастар алдында олардың мектептен алған білімдеріне негізделе отырып өз жұмысын бастайды. Мектеп және ЖОО – ғы информатика курсының мазмұн сабақтастығының қазіргі жағдайын төмендегі суреттен (Сурет 1) байқауға болады. Педагогикалық ЖОО – ның барлық бакалавриат мамандықтарына арналған информатика пәнінің жұмыс оқу бағдарламасын мектеп информатика курсымен салыстыра отырып сабақтастықтың төмен деңгейін байқадық.


Сурет 1 –  Мектеп және ЖОО – ғы информатика курсының мазмұн сабақтастығының қазіргі жағдайы


Аталған мәселені шешу мақсатында «Информатика» пәнін педагогикалық жоғарғы оқу орнының барлақ бакалавриат мамандықтарын оқытуға арналған «Жұмыс оқу бағдарламасына»  толықтырулар ұсынылады. Толықтырулар енгізбес бұрын студенттердің информатиканы жоғарғы оқу орнында оқуға дайындығын анықтау мақсатында тестілеу жүргізілді. Тест тапсырмалары мектеп информатика курсының барлық мазмұндық желісі бойынша құрастырылған. Алынған нәтижелер келесі диаграммада көрсетілген (Диаграмма 1).

Диаграмма 1 – Студенттердің дайындық көрсеткіші

Тестілеу нәтижесі бойынша алынған көрсеткіштер: «алгоритмдеу және модельдеу» мазмұндық желісі бойынша 42% ең төменгі, одан кейінгі «ақпараттық технологиялар және телекоммуникация» мазмұндық желісі – 55%, «ақпараттық модельдеу» - 58%, «компьютер ақпаратты өңдеу құралы» – 68%, ең жоғарғы көрсеткіш «ақпарат және ақпараттық үрдістер» мазмұндық желісі – 73%.  «Информатика» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасына алынған нәтижелерге сәйкес бөлімдердің мазмұндық желісіне өзгертулер мен толықтырулар ұсынылады.

Жұмыс оқу бағдарламасының мазмұнына мектеп информатика курсының мазмұндық желілерінің негізінде сабақтастықты қамтамассыз ете отырып өзгертулер енгізілді. Жұмыс оқу бағдарламаларында пәнді оқыту көлемі ҚР ЖМБС – на сәйкес 2 семестр, дәріс көлемі – 15 сағат, зертханалық жұмыс – 30, студенттің оқытушымен өздік жұмысы (СОӨЖ)- 22,5, студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) – 67,5 сағат. Пән бойынша практикалық сабақтар қарастырылмаған.

Дәрістік курс мазмұнына келесідей толықтырулар енгізілді (Кесте 1).

 

Дәріс тақырыптарының атауы

Тақырыптың мазмұны

Бар-лығы (сағ)

1

Информатика пәні. Информатиканың негізгі ұғымдары.

1. Информатиканың пәні және міндеттері.

2. Ақпараттық үрдістер.

1

2

Сараптама жүйелері, жасанды интеллект

1. Сараптама жүйелері

2. Жасанды интеллект

3. Робототехника

1

3

Ақпараттық қауіпсіздік

1. Ақпаратты қорғау құралдары.

2. Intranet-те ақпараттық қауіпсіздік

1. Ақпаратты қорғау әдістері.

1

4

Компьютер құрылысы

1. Заманауи компьютерлер, және олардың түрлері

2. Жүйелік блок құрылымы

1

5

Компьютердің бағдарламалық жасақтамасы

1. Жүйелік БЖ;

2. Инструменталдық БЖ;

3. Қолданбалы БЖ.

1

6

Операциялық жүйе

1. Операциялық жүйе ұғымы

2. Windows 8 операциялық жүйесі

1

7

Қолданбалы бағдарламалық жасақтама.

 

1. Қолданбалы бағдарламалық жасақтама.

2. Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары. Microsoft Word мәтіндік процессоры.

3. Электрондық кестелерді өңдеу құралдары. Microsoft Excel кестелік процессоры

1

8

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (АКТ)

1. АКТ ұғымы

2. АКТ құралдары

1

9

Flash технологиясы

1. Flash бағдарламасы интерфейсі

2. Бағдарламаның мүмкіндіктері

1

10

Интерактивті тақтамен жұмыс

1. Activ Studio бағдарламасы

2. Флипчарттар құру

1

11

Есептеу желілері

1. Желі ұғымы, түрлері

2. Web қосымшалар жасау технологиясы

3. Front Page бағдарламасы

1

12

Компьютерлік грфика

1. Компьютерлік грфика ұғымы

2. Бейнемонтаж. Pinnacle Studio бағдарламасы

 

13

Ақпараттық модельдеу. 3D- модельдеу

1. Ақпараттық модельдеу ұғымы

2. 3D- модельдеу

3. 3D- презентация технологиялары

1

14

Информатиканың алгоритмдік негіздері. Бағдарламалау

1. Алгоритм ұғымы. Сипаттау тәсілдері

2. Pascal бағдарламалау тілі

1

15

«E-Learning»  электронды оқыту негізі.

1. Электронды оқыту жүйелері.

2. Оқыту жүйесіндегі «E-Learning» порталы 

1

Барлық сағат саны:

15

Кесте 1 – Дәрістік курс

Зертханалық сабақтар мазмұнына келесідей тақырыптар ұсынылады (Кесте 2).

Зертханалық жұмыс тақырыбы

Сағат саны

1

Компьютер құрылымы бойынша зертханалық жұмыстар. Виртуалды лабораториямен жұмыс.

3

2

Windows 8 операциялық жүйесін орнату

2

3

Microsoft Word мәтіндік редакторы бойынша зертханалық жұмыстар.

2

4

Microsoft Excel кестелік процессоры бойынша зертханалық жұмыстар.

2

5

Access МҚБЖ. Мәліметтер қорын құру. Кестелік режимде жұмыс. Пішім (формы) бөлімін қолдану. Сұраныс (Запросы) және Есеп беру (Отчет). Батырмалармен жұмыс.

3

6

Adobe Flash бағдарламасымен жұмыс.

3

7

Activ Studio бағдарламасында флипчарттар жасау

3

8

Microsoft Front Page бағдарламасында web-парақтар дайындау.

3

5

Pinnacle Studio бағдарламасында бейне ролик құру.

3

6

Prezi.com сайтында 3D- презентация құру.

3

7

«E-Learning»  электронды оқыту порталымен жұмыс істеу

3

Барлық сағат саны:

30

Кесте 2 – Зертханалық сабақтар мазмұны

 Пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары нақты пәннің мазмұны мен мақсатын айқындайтын негізгі құжат болып табылады. Жұмыс-оқу бағдарламалары ғылымның жеткен жаңа жетістіктеріне, техника мен технологияның дамынуына, тұрақты тұтынушылардың сұранысына, түлектердің кәсіби және әлеуметтік заманауи сұраныстарын қанағаттандыратындай мазмұнда болуы тиіс. Сол себепті педагогикалық жоғарғы оқу орнынының студенттері заманауи сұранысқа ие, ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгерген білікті маман иелері болуы, заман талабы.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткендей, «… ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды түсіну, олардың қоғамға толық интеграциясына қол жеткізу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды». Ел Президентінің бұл сөздері қазіргі уақытта білім беру жүйесінде өзекті болып табылады, олар әрекет етуге, білім берудегі тұрақталып қалған догмалар мен канондық түсініктерді және ЖОО-да ақпараттық технологияларды оқытумен байланысты пәндерді оқыту әдістерін жұмыс оқу бағдарламаларының мазмұнын қайта қарауға шақырады.

Берілген жұмыс оқу бағдарламасын өңдеу барысында мыналарды қадағаладық: дәрістік курстың мектеп бағдарламасының мазмұнын қайталамауын, сабақтастық байланыстың болуын; зертханалық жұмыстар мазмұны студенттерге болашақта оқыту үрдісін жүргізуге ең қажетті болатын ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын меңгерту мақсатында құрылды.

Ұсынылып отырған жұмыс оқу бағдарламасы қарастырылып отырған мәселелердің барлық аспекттерінің түбегейлі шешімі болмаса да, оларды шешудің мүмкін жолдарының бірі болып табылады, бірақ ізделінді дайындық оқу процесін жобалау және ұйымдастыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.   Леднев В.С. Содержание образования: Учеб. пособие.–М.:Высш.ш.,1989.

2.   Колин  К.К.  О  структуре  и  содержании  образовательной  области «Информатика»//ИНФО. 2000.№10.

3.   Оценка качества подготовки выпускников основной школы по информатике/ А.А Кузнецов, Л.Е. Самовольнова, Н.Д. Угринович. -М.: Дрофа, 2000.